"
Өрт сөндіру құралдарының бөліктері туралы

Алаңда қазақшасы «өрт сөндіру сақиналы су құбыры", "өрт сөндіргіш айналма су құбыры" (1999), "сақиналы өрт сөндіру Толығырақ ...су құбыры" деп, орысшасы "водопровод пожарный кольцевой» (1-термин) деп ұсынылған, 2-ші термин "тұйықталған өрт сөндіру су құбыры", "өрт сөндіргіш тұйық су құбыры"(1999) - "водопровод пожарный тупиковый" деген терминдерге қатысты бірнеше материал зерделенді. Мәселен,
Термиология комиссиясы бекіткен суқұбырға қатысты мынадай терминдер анықталды:
1) айналымды суқұбыр - водопровод оборотный (2021 ж.);
суқұбыр жүйесі - водопроводная сеть (2021).
Сонымен қатар арнаулы әдістемелік құралда құбыр желісінің суреттері мен сипаты келтірілді. Оған сәйкес өрт сөндірудің 1-ші суқұбырын айналмалы етіп ажырату сипаты - сыртқы магистралдық құбыржеліден Өрт сөндірудің ішкі суқұбырына (ӨІС) екі құбыр жүргізіледі. Ал 2-шісін тұйықтап ажырату сипаты - сыртқы магистралдық құбыржеліден ӨІ суқұбырына бір ғана құбыр жүргізіледі.
Өрт сөндірудің ішкі суқұбыры бойынша оқыту әдістемелік құралда берілген осы құбырлардың орналасу сызбасы төменде ұсынылды.
Зерделенген материалдарды негізге алып, "өрт сөндірудің тұйық суқұбыры" - "водопровод пожарный тупиковый", "водопровод пожарный кольцевой" - "өрт сөндірудің айналма суқұбыры" деген баламаларын бекіткен орынды.
  • Физикалық географияда суретіне қарасаңыздар, осы айналма су құбырының іс жүзіндегі бейнесін дәл көрсететін «айналма ағыс» деген ұғым бар. «Айналма» нұсқасымен қалдырған жөн.

  • Бақытгүл Ысқақова 1 ай бұрын

    Айгүл Көбейсінқызы, шынымен де "сақиналы өрт сөндіру су құбыры - водопровод пожарный кольцевой" калька аударма болғандықтан, жасанды термин пайда болған. Сол себепті ол қолданысқа енбей қалып қояды. "өрт сөндірудің айналма суқұбыры" термині қолдау табатыны сөзсіз.

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.

Барлық қатысушылар

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.