"
Лингвистердің өздері баламадан қателеспесін!
Айтып отырған себебім, мына скансуретте берілгендей, Ақжібек есімді тілбілімші докторант өзінің «Терминологиялық хабаршы" журналындағы, №1 2021 ж мақаласында "Будан терминдердің өмір сүруінің тілдік деңгейі" деген Толығырақ ...сөйлемді келтіреді. Шамасы терминдердің "существованиесін" әңгіме еткісі келген де, олардың "жизнінен» бір шыққан.
Жастарды тұқыртқанды өз басым жек көрем, бірақ ұлттық мүддеге келгенде жасты да, ақсақалды да аямау керек! Себебі Ұлттық мүдде кез келген ұрпақтан да, жеке тұлғадан да биік, аяулы тақырып.
Существование - жансыз да, жанды үшін де - оның бар болуы, өмір сүруі емес; өмір сүру адамға ғана тән! Сондықтан докторлар мұншалықты дөрекі қате жібермегені абзал. Оның үстіне ол терминші болса, оған талап тіпті жоғары!
  • Дұрыс айтасыз. Орысша ойлап, калька аударма арқылы қазақшалау әбден сіңіп кеткені сонша, кейде дұрыс нұсқаның өзін бұрыс деп қабылдайтын күйге жетіп отырмыз.

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.

Барлық қатысушылар

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.