Severity: Warning
Message: filemtime(): stat failed for /var/www/admin/data/www/termincom.kz/assets/img/articles/201911/d9b208614500b6f80739755fd29fad52.jpg
Filename: modules/article-full-item.php
Line Number: 13
Backtrace:
File: /var/www/admin/data/www/termincom.kz/application/views/modules/article-full-item.php
Line: 13
Function: filemtime
File: /var/www/admin/data/www/termincom.kz/application/views/modules/articles-list.php
Line: 7
Function: include
File: /var/www/admin/data/www/termincom.kz/application/views/index.php
Line: 225
Function: include
File: /var/www/admin/data/www/termincom.kz/application/controllers/Articles_page.php
Line: 53
Function: view
File: /var/www/admin/data/www/termincom.kz/index.php
Line: 319
Function: require_once
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің тапсырмасымен Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы 2019 жылғы 12 қарашада termincom.kz сайтындағы электрондық алаңда «Банк саласы терминдерін аудару барысындағы қордаланған мәселелер» тақырыбында онлайн-семинар өткізеді.
Ұлттық терминология мәселесі – халқымыздың ғылым мен техника, мәдениет пен экономика салаларындағы жетістіктерін байқататын рухани және саяси маңызы зор факторлардың бірі. Соның ішінде банк саласы терминдерінің алар орны ерекше. Салалық терминдерді бірізге түсіру мәселесі ғылыми ізденістерді қажет етеді. Банк саласы терминдерінің сәтті, сәтсіз баламалары, олардың ұлттық таным мен мәдениетке сай аударылуы, банк саласы терминдерін бірізге түсіру, қолданыстағы және бекітілген терминдерді одан ары жетiлдiру мәселелері онлайн-семинардың мақсаты болып табылады.
Белгілі лингвист-ғалымдар және банк саласы мамандары қатысатын бұл онлайн-семинарда салалық терминологиядағы банк саласы терминдерінің қордаланған мәселерін талқылау көзделіп отыр.
Тermincom.kz сайтының барша тіркелушілерін, тіл жанашырларын аталған сайтта өтетін онлайн-семинарға қатысуға шақырамыз.
Байланыс телефоны: 8(7172) 27-30-42, 8775-541-09-89.