"
Самокатты самокат деп қалдырайық. Бытовой сөздерді талқылай бермей, халық қолданып жүргенін алып, ғылыми және кәсіби сөздерге көбірек көңіл бөлейік.
Оразгүл Жәдігерқызы
  • Қарлығаш Қабай 1 күн бұрын

    Түрік тілінде самокат "tekerlekli kızak" деп аталады. Бұл "дөңгелекті шана" деген мағына береді. Кейіннен scuter (scooter) деген сөз де пайда болды. Бірақ халық көбіне ұлттық танымына жақын ұғым ретінде дөңгелекті Толығырақ ...шана мағынасындағы атауды кеңірек қолданып жүр. Ал самокат орыс тілінен келеді. Егер жоқ болмайды жастар осылай қолданып жүр дейтін болсаңыздар мұны самокат түрінде емес "самакат" деп жазу керек. Түркі тілдерінің барлығында сөз қалай оқылса солай жазылады. /о/ мен жазып /а/ мен оқу системі орыс тілінен келген. Осы ережеден Латынға көшу барысында құтылып алсақ әрі терминдерді соған қарай ыңғайласақ жөн болар еді. Алаш ғалымдары "жат сөздер" тілімізге енетін болса оларды тым құрығанда өзіміздің дыбыстық системімізге ыңғайлауымыз керек деген ережені бостан босқа алға тартқан жоқ қой.

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.

Барлық қатысушылар

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.