"
КЛАВИШ - ТЕРУІШ, КЛАВИАТУРА - ТЕРМЕКІЛ, ПЕРНЕ - ЛАД

Клавишті «перне» сөзімен баламалау мүлдем дұрыс болмайды. Осыдан шыққан клавиатураны - пернетақтау деу де өзін өзі ақтамайтын калька. Клавиш - теруіш, клавиатура Толығырақ ...- термекіл. Перне - лад, клавиш бола алмайды
Аружан Аль-Айдар, Ai-kerim Qojahmet
  • Сіздің сөзіңіздің жаны бар. Клавиш - теруіш дегеніңізге келісемін. Бірақ "пернетақта" сөз қолданысымызда тым жақсы кірігіп, сіңіп кетті. Қолданысқа енген терминдерді қазбалағаннан не ұтамыз? Кезінде ұшақ терминін де бірсыпыра Толығырақ ... мамандар қаншама сынаған. Десек те, уақыт бұл терминнің өміршеңдігін көрсетті. Бір өкініштісі, әнұран, мұрағат сияқты ұлттық реңкі мен мағынасы айқын терминдеріміз осындай әрі тарт та бері тарттың салдарынан қайтадан гимн, архив болып өзгеріп шыға келді. Сондықтан мектеп бағдарламасына еніп, құлаққа сіңіп қалған терминдерді қозғамаған дұрыс.

  • Серік Ерғали 3 жыл бұрын

    Сая, бұрыс сөз қанша кіріксе де дұрыс балама болса, ығыстырады. Осы комплекстен арылу керек. Көптеген сөздерді зорлап тыққылап енгізгені аян. Мысалы конкурс - байқау, не деген талғамсыздық еді?.. Конкурс байқау Толығырақ ...емес, екшеу әрекетінен туындайтын нәтиже. іріктеу... Енді наблюдениені де байқау деп бас шайқап жүрміз

  • Серік Ерғали 3 жыл бұрын

    "Ұшақ" сөзі ұшуға қатысты дефиницияны бергенімен самолетті бере алмайды. Самолет - самғауыр. Самғап ұшады. Ал вертолетты әбден зорлады - тікұшақ деп

Басқа пікірлерді көрсету

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.

Барлық қатысушылар

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.