"
«Қазіргі терминология: ұлттық немесе жаһандық»
атты әдістемелік онлайн-семинар өтті
2019 жылғы 26 қараша Нұр-Сұлтан қаласы. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің тапсырмасымен Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы Толығырақ ...«Қазіргі терминология: ұлттық немесе жаһандық» тақырыбында әдістемелік онлайн-семинарын өткізді.
Қазақ терминологиясындағы ұлттық сипат пен жаһандық мәселелердің аражігін ашу, шеттілдік терминдерді игерудегі сәтті тәжірибемен бөлісу онлайн-семинар баяндамашыларының басты тақырыбына айналды. Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің профессоры, Ресей табиғаттану академиясының академигі, м.ғ.д. Б.Түсіпқалиев Медицина саласы бойынша қазақ тіліндегі терминдердің сапасына қатысты баяндама жасады. Баяндамашы жоғары медициналық оқу орнындарының студенттеріне арналған мемлекеттік тілдегі оқу-әдістемелік құралдарға шолу жасай келіп, салалық терминдердің әркелкілігін атап өтті. Кейбір сөздіктердегі жекелеген терминдердің баламалары ұғымды дәл аша алмайтындығын айтып, медициналық терминдерді қайта қарайтын мезгіл жеткен сықылды деп қорытты. Сонымен қатар, медицинаның «Педиатрия», «Терапия», «Акушерлік пен гинекология» және басқа да салалары бойынша сала мамандары мен тіл мамандарының басын біріктіріп, сөздік жасайтын кез келгендігін баса көрсетті.
Ал жазушы-аудармашы, филология ғылымдарының кандидаты К.Әлпейісова «Телевизия – тіл дамыту құралдарының бірі» тақырыбында баяндама жасап, теледидардан берілетін көркемдік құны төмен, тілі сақау, тәрбиелік мәні жоқ ақпараттың орасан зор зияны барына тоқталды. «Хабар жасаушылар көнермендердің білімді, көрген-түйгені көп бөлігінің деңгейіне бағдарланса, эфирден айтылар сөзде олқылықтар да аз болар еді»,- дей келіп, теледидардан берілетін ақпараттарда сауатсыз сөйлеу, түрлі жиындардың тақырыбын, халықаралық ұйымдардың, қабылданған заңдардың атауын дұрыс айтпау сияқты жайлардың жиі кездесетінін сынға алды.
ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы оқытушысы Болат Жексенғалиевтің «Қазақ фонетикасы терминологиясындағы игі дәстүр және халықаралық терминдерді қолдану мәселесі» тақырыбындағы баяндамасында қазір қазақ фонетикасындағы терминжасам мәселелеріне тоқталды.
Онлайн-семинардың баяндамашылары нақты салалардағы жекелеген терминдердің әртүрлі баламада қолданылу фактілеріне тоқталып, авторлық қолданыстағы сөздер мен терминдерді ең дұрыс нұсқа деп есептеудің ұлттық терминологияны жетілдіруге тигізетін әсері мен салдарын талқылады.
Bakhytzhamal Esimseit, Айгерим Маденова
  • Ахметов Мұхамбедия 4 жыл бұрын

    ҚАЗАҚ СӨЗДІГІНЕ (2013 ж. шыққан) көз жүгіртіңіздерші.. "ТҮСІК" деген ай-күніне жетпей, шала-жансар немесе өлі, түсіп қалған шарана, шақалақ. ТҮСІК -- имя существительное, орысша -- НЕДОНОСОК дейді. Аборт -- етістік, түсікті Толығырақ ...түсіру әрекетін, немесе түсіп қалу процесін бейнелейтін сөз.
    Неге қазақша медициналық оқулықтарыңызда, мақалаларыңызда "жасанды түсік" деп жазасыздар? Кім ол "өлі шарананы" қолмен жасапты ? Орыстардың "искусственный аборт" дегенін аударғандарыңыз ба ? Ал, "қылмысты түсік" дегенді қалай түсінеміз.? Орысша "крминальный аборт" дегеннің аудармасы ма? Өзі шала-жансар түсіп қалған шарана-шақалақ, яғни "недоносок-- т.е. ---түсік" қандай қылмыс жасап қойыпты.? Атау сөздерді, ғылыми ұғымдарды шатастырмау үшін "ҚЫЛМЫСТЫ АБОРТ" деп жаза беріңіздерші.

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.

Барлық қатысушылар

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.