1. | адсорбер | адсорбер | адсорберадсорберСаласы Этимологиясы Дефинициясы1. Адсорбер – адсорбция процесі өтетін газдарды, буларды немесе ерітінділерді қатты сорбентке сіңіру үшін қолданылатын құрылғы. 2. Этимологиясы: адсорбер (лат. ad және sorbeo) – "жұтылу". 3. Өзбек: adsorber 4. Түрік: adsorban 5. Ағылшын: adsorber 6. Неміс: Adsorber 7. Бекітілген нұсқасы: адсорбер – адсорбер (2018) 8. Заңнамадағы қолданысы: Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 18 маусымдағы № 294 бұйрығы. ... адсорберге қолжетімділікті ... .
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 1202 қаулысы. ... аз адсорбер ... .
Қарағанды облысы әкімдігінің 2016 жылғы 18 тамыздағы № 61/01 қаулысы. ... адсорберлер, бөлгіштер, ... . 9. Ұсыныстар: сөз мағынасын, анықтамасын негізге ала отырып, ұсынылған терминді қолдаймыз. 10. Қолданылу саласы: Химия
| +11 |
2. | антиклинальный купол | антиклиналды күмбез | антиклинальный куполантиклиналды күмбезСаласы Этимологиясы Дефинициясы1. Антиклиналды күмбез – жер қыртысының қатпарлануынан пайда болатын геологиялық құрылым. Ол қабаттардың жоғары қарай иіліп, күмбез тәрізді пішінге ие болуымен сипатталады. Мұндай құрылымдар әдетте тау жыныстарының ішкі күштер әсерінен (мысалы, тектоникалық қысым) қалыптасады. 2. Этимологиясы: антиклинал (еж. грек. ἀντι-+κλίνω) – "қарсы" + "қисаю, жантаю" 3. Өзбек: – 4. Түрік: antiklinal kubbe 5. Ағылшын: anticlinal dome 6. Неміс: antiklinale Kuppel 7. Бекітілген нұсқасы: купольная акробатика – күмбезді акробатика (2019) 8. Заңнамадағы қолданысы: Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 18 мамырдағы № 342 бұйрығы. ...антиклиналдық емес...
Алматы облысы әкімдігінің 2021 жылғы 25 қазандағы № 394 қаулысы....купол экстра... 9. Ұсыныстар: заңдағы қолданыстары мен аудармаларын негшізге ала отырып осы нұсқаны ұсынамыз. 10. Қолданылу саласы: Геология, геодезия және география, Кен ісі және металлургия, Химия
| +11 |
3. | бентос | бентос | бентосбентосСаласы Этимологиясы Дефинициясы1. Бентос – теңіздер мен мұхиттардың түбінде, сондай-ақ тұщы су қоймаларының түбінде тіршілік ететін организмдерге қатысты қолданылады. Бентосқа әртүрлі микроорганизмдер, балдырлар, моллюскалар, шаян тәрізділер және басқа да түптік организмдер жатады. Олар су түбіндегі шөгінділерде немесе қатты беткейлерде өмір сүреді. Геологияда бентос зерттеуі маңызды, себебі бентос қалдықтары ежелгі теңіз түбіндегі экологиялық жағдайлар туралы ақпарат береді. Теңіз түбіндегі шөгінділерде сақталған бентос қалдықтары палеонтология мен стратиграфияда қолданылады, мұнда олар шөгінді жыныстардың жасын анықтау мен ежелгі экожүйелерді зерттеуге көмектеседі. 2. Этимологиясы: бентос (еж.гр. bénthos βένθος) – «тереңдік». 3. Өзбек: bentos 4. Түрік: bentik 5. Ағылшын: benthos 6. Неміс: benthos 7. Бекітілген нұсқасы: – 8. Заңнамадағы қолданысы: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 11 мамырдағы № 197 бұйрығы
.... Бентос рекультивация жасалғаннан кейін ...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 29 желтоқсан N 1429. .... және бентосын айқындау ...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 28 наурыздағы N 302 қаулысы. ... шельф аймағы бентостық организмдердiң жүздеген ... 9. Ұсыныстар: термин бұрын бекітілмеген. Терминдік тіркес құрамында да кездеспеді. Басқа тілдегі аудармаларын, заңнамалық құжаттардағы қолданысын қарастыра келе, «бентос» терминін бекіту ұсынылады. 10. Қолданылу саласы: Геология, геодезия және география, Биология
| +11 |
4. | берег | жағалау | берегжағалауСаласы Этимологиясы Дефинициясы1. Жағалау – құрлық пен теңіз (көл, өзен жөне т.б.) арасындағы жер бедерінің қазіргі және ежелгі замандардағы нысандар таралған шекаралық жолақ. 2. Этимологиясы: – 3. Өзбек: qirg'oq 4. Түрік: kıyısı 5. Ағылшын: coast 6. Неміс: Ufer 7. Бекітілген нұсқасы: берег левый - 2005 – сол жағалау (көлік және қатынас жолдары) (2015), берег наветренный – жел жаға (су шаруаш) (2005) 8. Заңнамадағы қолданысы: Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 14 мамырдағы N 160-IV Заңы. ... Каспий жағалауы газ құбырын салудағы ынтымақтастық ...
Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 29 желтоқсандағы N 722 Жарлығы. ... "Есіл өзенінің сол жақ жағалауында," ...
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі N 481 Кодексі. ... жағалау жиегінен ені жиырма метр құрлық белдеуі ... 9. Ұсыныстар: терминдік тіркес құрамында бекітілген нұсқаларын, басқа тілдегі аудармаларын, заңнамалық құжаттардағы қолданысын қарастыра келе, «жағалау» терминін бекіту ұсынылады. 10. Қолданылу саласы: Су шаруашылығы, Геология, геодезия және география, Экология
| +11 |
5. | биогерм | биогерм | биогермбиогермСаласы Этимологиясы Дефинициясы1. Биогерм – су қоймасының түбіндегі әк өсіндісі, әк түзетін және өлгеннен кейін тіршілік күйін сақтайтын ағзалар. 2. Этимологиясы: биогерм (гр. bίος+γερμα) – «өмір»+ «су астындағы қатпар-төбе». 3. Өзбек: biogerm 4. Түрік: biyogerm 5. Ағылшын: biogerm 6. Неміс: bioherm 7. Бекітілген нұсқасы: – 8. Заңнамадағы қолданысы: – 9. Ұсыныстар: терминнің бекітілген нұсқасы, заңнамадағы қолданысы кездеспеді. Басқа тілдегі қолданысына сәйкес «биогерм» деп бекіту ұсынылады. 10. Қолданылу саласы: Геология, геодезия және география, Химия
| +11 |
6. | биолиты | биолиттер, биолит | биолитыбиолиттер, биолитСаласы Этимологиясы Дефинициясы1. Биолит – тірі организмдердің тіршілік әрекеттерінің нәтижесінде қалыптасқан немесе олардың қалдықтарынан құралған шөгінді жыныстар. Биолиттерге органикалық материалдар, мысалы, көмір, әктас, шымтезек және мұнай көздері жатады. Олар өсімдіктердің, жануарлардың, немесе микроорганизмдердің қалдықтарынан жиналып, уақыт өте келе шөгінді қабаттарға айналады. Биолиттер шөгінді жыныстардың маңызды категориясы, өйткені олар ежелгі органикалық өмірдің іздері мен қалдықтарын сақтайды, бұл палеонтология мен геохимияда өткен замандардағы экологиялық және климаттық жағдайларды зерттеуге мүмкіндік береді. 2. Этимологиясы: биолит (грек. bίος + lithos) – «өмір» + «тас». 3. Өзбек: biolitlar 4. Түрік: biyolitler 5. Ағылшын: bioliths 6. Неміс: biolite 7. Бекітілген нұсқасы: – 8. Заңнамадағы қолданысы: – 9. Ұсыныстар: терминнің бекітілген нұсқасы, заңнамадағы қолданысы кездеспеді. Басқа тілдегі аудармаларына сәйкес «биолиттер» деп бекіту ұсынылады. 10. Қолданылу саласы: Геология, геодезия және география, Кен ісі және металлургия, Биология
| +11 |
7. | битуминизация | таушайырлану,
битумдену | битуминизациятаушайырлану,
битумденуСаласы Этимологиясы Дефинициясы1. Битум – 1) жер асты суларын оқшаулау үшін тау жыныстарындағы жарықтарды балқытылған мұнай битумымен жасанды толтыру; 2) көміртегі мен сутегі мөлшері артып, парафиндер мен нафтендер түзілетін органикалық заттардың ыдырауы. 2. Этимологиясы: битум (лат. bitūmen) – «тау шайыры». 3. Өзбек: bituminizatsiya 4. Түрік: bitüminizasyon 5. Ағылшын: bituminization 6. Неміс: bituminisierung 7. Бекітілген нұсқасы: битум – битум (2023) 8. Заңнамадағы қолданысы: Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 13 қыркүйектегі № 334 бұйрығы. ... гидрооқшаулағыш материалдар мен битуминизирленген қағазды дайындау процесін ...
Қазақстан Республикасының Заңы 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 187-V ҚРЗ. ... табиғи битумның, мұнай битумының, минералды шайыр ...
Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 30 мамырдағы № 574 Жарлығы. ... Битум және табиғи асфальт... 9. Ұсыныстар: терминнің бекітілген нұсқасы жоқ. Заңнамалық құжатта «бутиминизерленген» термині ұшырасқанымен, айтуға да, қолданысқа ауыр, сәтсіз калька аударма деген ойдамыз. Мамандар келіссе, «битумдену» терминін бекітуге ұсынамыз. «Таушайырлану» қазақы ұғымға жақын болғанмен, термин ретінде белсенді қолданысқа ие болу мәселесін мамандармен кеңесу қажет. 10. Қолданылу саласы: Геология, геодезия және география, Кен ісі және металлургия
| +9 |
8. | битуминозный, битуминозная (порода) | таушайырлы, битумды, битуминозды (жыныстар) | битуминозный, битуминозная (порода)таушайырлы, битумды, битуминозды (жыныстар)Саласы Этимологиясы Дефинициясы1. Таушайырлы, битумды – құрамында битумдар бар; B-жыныстар - қатты немесе сұйық табиғи битумдарды қоршайтын шөгінді тау жыныстары (құмдар, құмтастар, тақтатастар, әктастар, доломиттер). 2. Этимологиясы: битуминозды (лат. bituminosus) – «шайырға бай» 3. Өзбек: bitumli 4. Түрік: katranlı 5. Ағылшын: bituminous 6. Неміс: bituminös 7. Бекітілген нұсқасы: битум – битум (2023), магматическая порода – магмалық жыныс (2023) 8. Заңнамадағы қолданысы: Қазақстан Республикасының Заңы 2016 жылғы 24 ақпандағы № 461-V ҚРЗ. ... Битуминозды жыныстардан алынған шикі мұнай ...
Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 10 тамыздағы № 134 Жарлығы. ... көмірді немесе битуминоздық тақтатастарды ...
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 13 қыркүйектегі № 334 бұйрығы. ... битуминозды орамды жабын ... 9. Ұсыныстар: терминнің бекітілген нұсқасы жоқ. «Битумды-битумный» - битумы бар мағынасында, ал «битуминозный-битуминозды» этимологиясы бойынша «битумға бай» дегенді білдіреді, яғни мағыналық реңкте айырмашылық бар. «Битуминозды» сындық мағынаны білдіргендіктен, «битуминозды (жыныстар)» деп бекіту ұсынылады. 10. Қолданылу саласы: Геология, геодезия және география, Кен ісі және металлургия
| +9 |
9. | битуминология | таушайыртаным,
битуминология,
таушайыртану | битуминологиятаушайыртаным,
битуминология,
таушайыртануСаласы Этимологиясы Дефинициясы1. Таушайыртаным, битуминология – табиғи тау шайырын зерттейтін ғылым. 2. Этимологиясы: битуминология (лат. bitūmen+logos) – «тау шайыры» + «оқу, ілім». 3. Өзбек: bituminologiya 4. Түрік: bitminoloji 5. Ағылшын: bituminology 6. Неміс: bituminologie 7. Бекітілген нұсқасы: битум – битум (2023) 8. Заңнамадағы қолданысы: Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 355 бұйрығы ... люминесценттік битуминологиялық сараптау; ...
Қазақстан Республикасының Заңы 2021 жылғы 30 желтоқсандағы № 96-VII ҚРЗ. ... жол битумын қоспағанда, мұнай өнімдерінің ...
Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 1 тамыздағы № 607 Жарлығы. ... жол битумын өндіретін ... 9. Ұсыныстар: заңнамадағы қолданысына, басқа тілдегі қолданысына сәйкес «битуминология» деп бекіту ұсынылады. Ал «таушайыртаным" немесе "таушайыртану» терминінің қолданысқа түсу мүмкіндігі туралы мамандардың пікірі қажет. 10. Қолданылу саласы: Геология, геодезия және география, Кен ісі және металлургия
| +9 |
10. | битумогены | таушайыртектер,
битуминогендер | битумогенытаушайыртектер,
битуминогендерСаласы Этимологиясы Дефинициясы1. Таушайыртектер, битуминогендер – хлороформ және басқа да ұқсас еріткіштер шығаратын битуминозды заттардың сингенетикалық категориясы. 2. Этимологиясы: битумогены (лат. bitūmen + еж.гр.γένος) – «тау шайыры» + «тұқым, тек». 3. Өзбек: bitumogenlar 4. Түрік: bitüminojenler 5. Ағылшын: bituminogens 6. Неміс: bituminogene 7. Бекітілген нұсқасы: битум – битум (2023), дрейф генов – гендердің дрейфі (2024) 8. Заңнамадағы қолданысы: Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 25 қазандағы № 46-V Заңы. ... Мұнай битумы ...
Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 13 қыркүйектегі № 1008 Жарлығы. ... битуммен іркіліссіз қамтамасыз ету ...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 28 мамырдағы № 517 қаулысы. ... негізіндегі битумды қоспалар ... 9. Ұсыныстар: терминнің бекітілген нұсқасы, заңнамадағы қолданысы кездеспеді. Басқа тілдегі қолданысына сәйкес «битумогендер» деп бекіту ұсынылады. Ал «таушайыртектер» терминінің қолданысқа түсу мүмкіндігі туралы мамандардың пікірі қажет. 10. Қолданылу саласы: Геология, геодезия және география
| +8 |
11. | битумоиды | таушайыр тектестері,
битумоидтар | битумоидытаушайыр тектестері,
битумоидтарСаласы Этимологиясы Дефинициясы1. Таушайыр тектестері, битумоидтар – шөгінді жыныстардан экстракция әдісімен алынатын органикалық заттардың жиынтығы. 2. Этимологиясы: битумоиды (лат. bitūmen + еж.гр. εἶδος) – «тау шайыры» + «түр, бейне, образ. 3. Өзбек: bitumoidlar 4. Түрік: bitümoidler 5. Ағылшын: bitumoids 6. Неміс: bitumoide 7. Бекітілген нұсқасы: битум – битум (2023) 8. Заңнамадағы қолданысы: Қазақстан Республикасының Заңы 2014 жылғы 30 маусымдағы № 215-V ҚРЗ. ... мұнайлық битум ...
Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 19 шілдедегі № 718 Жарлығы. ... битум тақтатастарды газдандыруға ...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 30 қазандағы № 809 қаулысы. ... Битумдарға арналған тебен – 10 дана ... 9. Ұсыныстар: терминнің бекітілген нұсқасы, заңнамадағы қолданысы кездеспеді. Басқа тілдегі қолданысына сәйкес «битумоидтар» деп бекіту ұсынылады. Ал «таушайыртектестер» терминінің қолданысқа түсу мүмкіндігі туралы мамандардың пікірі қажет. 10. Қолданылу саласы: Геология, геодезия және география, Химия
| +10 |
12. | битумоиды остаточные | қалдық таушайыр тектестері,
қалдық битумоидтар | битумоиды остаточныеқалдық таушайыр тектестері,
қалдық битумоидтарСаласы Этимологиясы Дефинициясы1. Қалдық таушайыр тектестері – мұнайдың немесе басқа да органикалық заттардың ыдырауынан қалған табиғи органикалық заттар. Битумоидтар мұнайдың толықтай немесе жартылай ыдырауы және миграциясы нәтижесінде шөгінді жыныстарда жиналады. Олар құрамында шайыр, асфальт, битум және басқа да органикалық компоненттер бар тығыз және тұтқыр заттар. Қалдық битумоидтар, әсіресе, мұнайдың ашық жерлерге таралып, ұшпа компоненттерінің буланып кетуінен қалыптасады. Олар мұнайлы шөгінділердің ескіруін және уақыт өте келе мұнай кен орындарының қасиеттерінің өзгеруін көрсетеді. Сонымен қатар, қалдық битумоидтар мұнай геологиясында мұнай миграциясының бағыттарын, қайнар көздерін және кен орындарының қалыптасуын зерттеу үшін қолданылады. 2. Этимологиясы: битумоиды (лат. bitūmen + еж.гр. εἶδος) – «тау шайыры» + «түр, бейне, образ. 3. Өзбек: qoldiq bitumoidlar 4. Түрік: artık bitümoidler 5. Ағылшын: residual bitumoids 6. Неміс: rest-Bitumoide 7. Бекітілген нұсқасы: битум – битум (2023), водоем остаточный – қалдық суайдын (2024), остаток – қалдық (2021) 8. Заңнамадағы қолданысы: Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 1 тамыздағы № 607 Жарлығы. ... қалдықтарды кешенді қайта өңдеу ...
Қазақстан Республикасының Заңы 2021 жылғы 30 желтоқсандағы № 96-VII ҚРЗ. ... жол битумын" деген ...
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Автомобиль жолдары комитеті Төрағасының 2019 жылғы 22 қаңтардағы № 20 бұйрығы. ... тау жыныстарын уақтау қалдықтарынан алынған ... 9. Ұсыныстар: «қалдық таушайыр тектестері» терминінің қолданысқа түсуін мамандармен кеңесу керек. Басқа тілдердегі аударманы басшылыққа ала отырып, «қалдық битумоидтар» терминін бекіту ұсынылады. 10. Қолданылу саласы: Геология, геодезия және география, Кен ісі және металлургия, Химия
| +9 |
13. | битумоиды паравтохтонные | паравтохтондық таушайыр тектестері,
паравтохтондық битумоидтар | битумоиды паравтохтонныепаравтохтондық таушайыр тектестері,
паравтохтондық битумоидтарСаласы Этимологиясы Дефинициясы1. Паравтохтондық таушайыр тектестері – битуминозды заттардың ерекше генетикалық категориясы, "микромұнай" оқшаулануының алғашқы кезеңдеріне жауап береді. 2. Этимологиясы: паравтохтон (гр. autos + chtōn ) – "сол сияқты, дәл сондай» + «жер, ел»; битумоиды (лат. bitūmen + еж.гр. εἶδος) – «тау шайыры» + «түр, бейне, образ. 3. Өзбек: paraavtoxton bitumoidlari 4. Түрік: paraotokton bitümoidler 5. Ағылшын: paraautochthonous bitumoids 6. Неміс: bitumoide paraautochthone 7. Бекітілген нұсқасы: битум – битум
(2023) 8. Заңнамадағы қолданысы: Қазақстан Республикасының Заңы 2014 жылғы 30 маусымдағы № 215-V ҚРЗ. ... мұнайлық битум ...
Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 19 шілдедегі № 718 Жарлығы. ... битум тақтатастарды газдандыруға ...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 30 қазандағы № 809 қаулысы. ... Битумдарға арналған тебен – 10 дана ... 9. Ұсыныстар: басқа тілдердегі аударманы басшылыққа ала отырып, «паравтохтондық битумоидтар» терминін бекіту ұсынылады. 10. Қолданылу саласы: Геология, геодезия және география, Химия
| +8 |
14. | битумы асфальтовые | шайыртасты таушайырлар,
асфальт битумдер,
асфальт битумдар | битумы асфальтовыешайыртасты таушайырлар,
асфальт битумдер,
асфальт битумдарСаласы Этимологиясы Дефинициясы1. Шайыртасты таушайырлар, асфальт битумдер – сұйық, тұтқыр, жартылай қатты және қатты қосылыстар жоғары молекулалы көмірсутектердің күрделі қоспасынан (негізінен гибридті құрылым) және асфальт-шайырлы заттардан тұрады, олардың құрамына көміртегі мен сутектен басқа оттегі, күкірт, азот тұрақты элементтер ретінде, ал кейбір жағдайларда әртүрлі металдар (V, Ni, Fe, Ca, Cr, Mg және т.б.) кіреді. 2. Этимологиясы: асфальт (гр. asphaltos) – «шайыр»; битум (лат. bitūmen) – «тау шайыры». 3. Өзбек: asfalt bitumlari 4. Түрік: asfalt bitümler 5. Ағылшын: asphalt bitumen 6. Неміс: asphalt-Bitumen 7. Бекітілген нұсқасы: битум – битум (2023), асфальт природный – табиғи асфальт (көлік және қатынас жолдары) (2015) 8. Заңнамадағы қолданысы: Қазақстан Республикасының Заңы 2016 жылғы 24 ақпандағы № 461-V ҚРЗ. ... Табиғи асфальт, табиғи битум ...
Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 30 мамырдағы № 574 Жарлығы. ... асфальтиттер мен асфальтты жыныстар ...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 14 қазандағы N 943 Қаулысы. ... асфальттан немесе соған ұқсас материалдардан (мысалы, мұнай битумынан немесе тас көмір піспесінен ... 9. Ұсыныстар: басқа тілдердегі аударманы, заңнамалық құжаттардағы қолданысты басшылыққа ала отырып, «асфальт битумдар» терминін бекіту ұсынылады. 10. Қолданылу саласы: Геология, геодезия және география
| +10 |
15. | бифенил (дифенил) | бифенил (дифенил) | бифенил (дифенил)бифенил (дифенил)Саласы Этимологиясы Дефинициясы1. Бифенил (дифенил) – органикалық қосылыс, молекулалық формуласы ????12????10. Ол екі бензол сақинасынан (фенил сақиналарынан) тұрады, олар бір-бірімен көміртек-көміртек байланысы арқылы жалғасқан. Бифенил түссіз кристалды зат түрінде болады, суда ерімейді, бірақ органикалық еріткіштерде жақсы ериді. 2. Этимологиясы: бифенил (дифенил) (гр. bi+лат. phenyl) – «қос»+ «бензол туындысы». 3. Өзбек: bifenil (difenil) 4. Түрік: bifenil (difenil) 5. Ағылшын: biphenyl (diphenyl) 6. Неміс: biphenyl (Diphenyl) 7. Бекітілген нұсқасы: – 8. Заңнамадағы қолданысы: Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2022 жылғы 11 қаңтардағы № 8 шешімі. ... дифенилдер (ПХД) (полихлорирленген бифенилдер ...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 11 наурыздағы № 159 қаулысы. ... полихлорланған бифенилдер (ПХБ шығарындылары) ...
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 24 қарашадағы № 717 бұйрығы.. ... дифенилдер (полихлоридті дифенилдер) ... 9. Ұсыныстар: басқа тілдердегі аударманы, заңнамалық құжаттардағы қолданысты басшылыққа ала отырып, «бифенил (дифенил)» терминін бекіту ұсынылады. 10. Қолданылу саласы: Тамақ өнеркәсібі және тұрмыстық қызмет, Химия
| +10 |
16. | блок висячий | аспалы беткей,
аспалы блок | блок висячийаспалы беткей,
аспалы блокСаласы Этимологиясы Дефинициясы1. Аспалы беткей, аспалы блок – бұрғылау процесінде қолданылатын жабдықтың бір бөлігі. Ол әдетте бұрғылау құралы мен құбырларды ұстауға және басқаруға көмектесетін бұрғылау жүйесінің құрамдас бөлігі. 2. Этимологиясы: блок (фр. bloc) – «блок, бірігу, масса». 3. Өзбек: osilgan blok 4. Түрік: asılı blok 5. Ағылшын: hanging block 6. Неміс: block des Hanging 7. Бекітілген нұсқасы: блок – блок (2018), блок-схема – блок-сызба (2022), висячие пешки – аспалы сарбаздар (2020) 8. Заңнамадағы қолданысы: Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 29 қыркүйектегі № 476 бұйрығы. ... аспалы арқан жолдарын орнату және ...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 28 қаңтардағы N 74 Қаулысы. ... аспалы көпiрдi пайдалануға ...
Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 3 желтоқсандағы № 432-V ҚРЗ. ... блоктар немесе жалпы кен орны ... 9. Ұсыныстар: «блок» термині бұрын бекітілгендіктен, сонымен бірге басқа тілдердегі аударманы ескере отырып, «аспалы блок» терминін бекіту ұсынылады. 10. Қолданылу саласы: Механика және машинатану, Геология, геодезия және география, Кен ісі және металлургия
| +10 |
17. | блок геологический | геологиялық блок | блок геологическийгеологиялық блокСаласы Этимологиясы Дефинициясы1. Геологиялық блок – көп немесе аз бірдей геологиялық және өндірістік параметрлермен сипатталатын кен өрісінің, кен орнының учаскесі. 2. Этимологиясы: блок (фр. bloc) – «блок, бірігу, масса». 3. Өзбек: geologik blok 4. Түрік: jeolojik blok 5. Ағылшын: the block is geological 6. Неміс: geologischer Block 7. Бекітілген нұсқасы: блок
– блок (2018), блок-схема – блок-сызба (2022), запас геологический – геологиялық қор (көлік. қатынас.) (2015) 8. Заңнамадағы қолданысы: Қазақстан Республикасының Кодексі 2017 жылғы 27 желтоқсандағы № 125-VІ ҚРЗ. ... жер қойнауын геологиялық зерттеуге ...
Қазақстан Республикасының Кодексі 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ. ... геологиялық барлау жұмыстарын ...
Қазақстан Республикасының Заңы 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 271-V ҚРЗ. ... бір блок шегінде орындалуы ... 9. Ұсыныстар: басқа тілдердегі аударманы, бекітілген нұсқаларды, заңнамалық құжаттардағы қолданысты ескере отырып, «геологиялық блок» терминін бекіту ұсынылады. 10. Қолданылу саласы: Геология, геодезия және география, Кен ісі және металлургия
| +10 |
18. | блок лежачий (крыло лежачее) | аспалы қаптал,
жатаған блок | блок лежачий (крыло лежачее)аспалы қаптал,
жатаған блокСаласы Этимологиясы Дефинициясы1. Аспалы қаптал, жатаған блок – кран бетінің астында орналасқан, ілулі-араластырғыштың үстінде орналасқан блок түрі. 2. Этимологиясы: блок (фр. bloc) – «блок, бірігу, масса». 3. Өзбек: yotgan blok (yotgan qanot) 4. Түрік: yaslanmış blok (kanat yaslanmış) 5. Ағылшын: recumbent block (recumbent wing) 6. Неміс: block liegend (Flügel liegend) 7. Бекітілген нұсқасы: блок – блок (2018), блок-схема – блок-сызба (2022), висячие пешки – аспалы сарбаздар (2020), стeлющаяся культура – жатаған дақыл (2022) 8. Заңнамадағы қолданысы: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2024 жылғы 21 ақпандағы № 4 бұйрығы. ... аспалы дестелегіштерден басқа ...
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 6 қаңтардағы № ҚР ДСМ-4 бұйрығы. ... Жатаған пальма препараты ...
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2020 жылғы 30 қаңтардағы No 10 шешімі. ... блоктарға біріктіріледі және олардың ... 9. Ұсыныстар: басқа тілдердегі аударманы, бекітілген нұсқаларды, заңнамалық құжаттардағы қолданысты ескере отырып, «жатаған блок» терминін бекіту ұсынылады. 10. Қолданылу саласы: Механика және машинатану, Геология, геодезия және география, Кен ісі және металлургия
| +10 |
19. | блок-диаграмма | блок-диаграмма,
блок диаграммасы | блок-диаграммаблок-диаграмма,
блок диаграммасыСаласы Этимологиясы Дефинициясы1. Блок-диаграмма – жер қыртысының геологиялық қимасымен бірге жер бетінің қандай да бір учаскесінің перспективалық бейнесі. Ол негізінен рельеф пен геологиялық құрылымның байланысын зерттеуде қолданылады. 2. Этимологиясы: блок (англ. block) - "бөгет жасау, бұғаттау"; диагра́мма (еж. гр. Διάγραμμα (diagramma) – "бейне, кескін, сурет". 3. Өзбек: blok diagrammasi 4. Түрік: blok diyagramı 5. Ағылшын: block diagram 6. Неміс: blockdiagramm 7. Бекітілген нұсқасы: блок – блок (2018), диаграмма – диаграмма (2016), круговая диаграмма – шеңбер диаграмма (2022) 8. Заңнамадағы қолданысы: Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 10 шілдедегі N 1149 Жарлығы. ... блокты ұйымдастыру ...
Қазақстан Республикасының Заңы 2016 жылғы 24 ақпандағы № 461-V ҚРЗ. ... блок- полистиролдың ...
Қазақстан Республикасының Кодексі 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V ҚРЗ. ... диаграммалық дискiлермен немесе бұрын ... 9. Ұсыныстар: басқа тілдердегі аударманы, заңнамалық құжаттардағы қолданысты ескере отырып, «блок диаграммасы» терминін бекіту ұсынылады. 10. Қолданылу саласы: Геология, геодезия және география, Кен ісі және металлургия
| +10 |
20. | болото | батпақ | болотобатпақСаласы Этимологиясы Дефинициясы1. Батпақ – шамадан тыс ылғалмен, ылғал сүйгіш тірі жер жамылғысымен сипатталатын ландшафт аймағы. 2. Этимологиясы: – 3. Өзбек: botqoq 4. Түрік: bataklık 5. Ағылшын: swamp 6. Неміс: Sumpf 7. Бекітілген нұсқасы: болото – ми батпақ (көлік және қатынас жолдары) (2015) 8. Заңнамадағы қолданысы: Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 желтоқсандағы N 94 Заңы. ... батпақты алқаптар туралы конвенцияға ...
Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 19 шілдедегі № 718 Жарлығы. ... сулы-батпақты алқаптар туралы ...
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі N 481 Кодексі. ... сортаңданған, батпақты, артық ылғалды ... 9. Ұсыныстар: термин бұрын «ми батпақ» түрінде бекітілгенмен, «ми батпақ» пен «батпақтың» мағыналық реңкінде сәл де болса айырмашылық бар. Сол себепті басқа тілдердегі аударманы, заңнамалық құжаттардағы қолданысты ескере отырып, «батпақ» сөзін термин ретінде бекіту ұсынылады. 10. Қолданылу саласы: Геология, геодезия және география, Экология, Биология
| +10 |
21. | бораты | бораттар | боратыбораттарСаласы Этимологиясы Дефинициясы1. Борат – бор қышқылының тұзы, суды жұмсарту үшін, кір жуғыш заттардың бөлігі ретінде шыны өнеркәсібінде қолданылады. 2. Этимологиясы: борат (лат. borax, араб. بورق, бӯрак) – «минерал,борат». 3. Өзбек: boratlar 4. Түрік: boratlar 5. Ағылшын: borates 6. Неміс: Borate 7. Бекітілген нұсқасы: – 8. Заңнамадағы қолданысы: Қазақстан Республикасының Кодексі 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ. ... Бораттар, оның ішінде бор ангидриті ...
Қазақстан Республикасының Заңы 2016 жылғы 24 ақпандағы № 461-V ҚРЗ. ... бораттардан басқа, табиғи бораттар ...
Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 9 қазандағы № 185 Жарлығы. ... борат рудаларының, жанғыш сланецтердің ... 9. Ұсыныстар: басқа тілдердегі аударманы, заңнамалық құжаттардағы қолданысты ескере отырып, «бораттар» терминін бекіту ұсынылады. 10. Қолданылу саласы: Тамақ өнеркәсібі және тұрмыстық қызмет, Химия
| +10 |
22. | брахиантиклиналь | брахиантиклин | брахиантиклинальбрахиантиклинСаласы Этимологиясы Дефинициясы1. Брахиантиклин – ол қысқа әрі симметриялы күмбезге ұқсас қатпарлы құрылымды білдіреді. Бұл құрылымда жыныс қабаттары дөңгеленіп немесе күмбез тәрізді көтеріліп, орталық бөліктен шетке қарай еңістенеді. Мұндай құрылымдар көбінесе мұнай мен газ жинақталған орындарда кездеседі, себебі олардың күмбез тәрізді пішіні мұнай мен газдың жоғары қарай көтерілуіне және жыныс қабаттарының жоғары бөлігінде шоғырлануына ықпал етеді. 2. Этимологиясы: брахиантиклин (гр. brachs + anti + klinein) – «қысқа» + «қарсы» + «еңкейту». 3. Өзбек: braxiantiklinal 4. Түрік: brakiantiklinal 5. Ағылшын: brachianticline 6. Неміс: brachiantiklinal 7. Бекітілген нұсқасы: – 8. Заңнамадағы қолданысы: – 9. Ұсыныстар: терминнің бекітілген нұсқасы, заңнамалық құжаттағы қолданысы кездеспеді. Басқа тілдегі аудармалардың негізінде «брахиантиклин» терминін бекіту ұсынылады. 10. Қолданылу саласы: Геология, геодезия және география, Кен ісі және металлургия
| +4 |
23. | брахисинклинорий | брахисинклинорий | брахисинклинорийбрахисинклинорийСаласы Этимологиясы Дефинициясы1. Брахисинклинорий – геологиялық құрылым, ол бірнеше кішірек синклинальдардан тұратын, төмен қарай еңістенген кең ауқымды қатпарлы құрылым. Бұл құрылымда жыныс қабаттары орталық бөлікке қарай ойысып, төмен түседі. Брахисинклинорий құрылымы жер қабаттарының синклинальды (ойыс) қатпарлануымен сипатталады, бірақ «брахи-» префиксі оның салыстырмалы түрде қысқа, шағын ауқымда болатынын көрсетеді. 2. Этимологиясы: брахисинклинорий (гр. brachs+ synclinus) – «қысқа»+ «көлбеу». 3. Өзбек: braxisinklinoriy 4. Түрік: brakisinklinori 5. Ағылшын: brachysynclinorium 6. Неміс: brachisinclinum 7. Бекітілген нұсқасы: – 8. Заңнамадағы қолданысы: – 9. Ұсыныстар: терминнің бекітілген нұсқасы, заңнамалық құжаттағы қолданысы кездеспеді. Басқа тілдегі аудармалардың негізінде «брахисинклинорий» терминін бекіту ұсынылады. 10. Қолданылу саласы: Геология, геодезия және география, Кен ісі және металлургия
| +10 |
24. | брахискладки | брахиқатпарлар | брахискладкибрахиқатпарларСаласы Этимологиясы Дефинициясы1. Брахиқатпарлар – жер қабаттарының шағын, қысқа қатпарлары немесе күмбез тәрізді құрылымдары. «Брахи-» префиксі грек тілінен аударғанда «қысқа» деген мағынаны білдіреді, сондықтан бұл термин салыстырмалы түрде шағын және ауқымы үлкен емес қатпарлы құрылымдарды сипаттау үшін қолданылады. Брахиқатпарлар әдетте жер қабаттарының көлденең бағытта сығылуы немесе қысымға ұшырауы нәтижесінде пайда болады. 2. Этимологиясы: брахискладки (гр. brachs) – «қысқа». 3. Өзбек: braxikatlar 4. Түрік: brahikatlar, brakiyal kıvrımlar 5. Ағылшын: brachyfolds 6. Неміс: brachy Falten 7. Бекітілген нұсқасы: складка – қатпар (жер ғылымы) (1995) 8. Заңнамадағы қолданысы: Қазақстан Республикасының Заңы 2016 жылғы 24 ақпандағы № 461-V ҚРЗ. ... қолданумен алынған, қатпарлары бар ...
Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 31 мамырдағы № 583 Жарлығы. ... бөлігі қатпарлары бар ...
Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шiлдедегi № 360-VI ҚРЗ Кодексі. ... қатпарларының семуіне ... 9. Ұсыныстар: аналитикалық тәсіл арқылы жасалған туынды терминнің бекітілген нұсқасы, заңнамалық құжаттағы қолданысы кездеспеді. Тек терминнің «қатпар» бөлігі бекітілген және заңнамалық құжаттарда бар. Басқа тілдегі аудармалардың негізінде «брахиқатпарлар» терминін бекіту ұсынылады. 10. Қолданылу саласы: Геология, геодезия және география, Кен ісі және металлургия
| +9 |
25. | брекчии внутриформационные осадочные | формацияіштік шөгінді брекчиялар,
формацияішілік шөгінді брекчиялар | брекчии внутриформационные осадочныеформацияіштік шөгінді брекчиялар,
формацияішілік шөгінді брекчияларСаласы Этимологиясы Дефинициясы1. Формацияіштік шөгінді брекчиялар, формацияішілік шөгінді брекчиялар – шөгінді бассейннің ішінен материалдың эрозиясы, тасымалдануы және шөгуі нәтижесінде пайда болатын тау жынысы. 2. Этимологиясы: брекчия (итальян. breccia) – "бұзылу, бұзу". 3. Өзбек: intraformatsion cho'kindi breccias 4. Түрік: formasyon içi tortul breşler 5. Ағылшын: intra-formation sedimentary brecchias 6. Неміс: intraformative Sedimentbrekcia 7. Бекітілген нұсқасы: брекчия – жентек тас (кен ісі) (1971), формация – формация (2018), внутривидовая борьба – түрішілік күрес (2023), осадок – шөгінді, тұнба(хим) (2006), осадочные горные породы – шөгінді тау жыныстары (2022) 8. Заңнамадағы қолданысы: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы N 1402 Қаулысы. ... Кендену магмалық брекчияларға ...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы N 1402 Қаулысы. ... аллювийлік-проллювийлік шөгінділермен ...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы N 1224 Қаулысы. ... өнімдердің формациялық жүйесін ... 9. Ұсыныстар: терминдік тіркестің бекітілген сыңарларын, сондай-ақ заңнамалық құжаттардағы қолданылғандарды ескере отырып, «формацияішілік шөгінді брекчиялар» терминін бекіту ұсынылады. 10. Қолданылу саласы: Геология, геодезия және география, Кен ісі және металлургия
| +10 |
26. | брекчии осадочные | шөгінді брекчиялар,
шөгінді брекчия | брекчии осадочныешөгінді брекчиялар,
шөгінді брекчияСаласы Этимологиясы Дефинициясы1. Шөгінді брекчия – бұл шөгінді жыныстар, олардың құрамында ірі, өткір бұрышты сынықтар мен ұсақ бөлшектер (топырақ, құм, саз) болады. Шөгінді брекчия негізінен, басқа жыныстардың механикалық үгілуі, жарықтануы және тозуы нәтижесінде пайда болады, сондай-ақ, су, жел немесе мұз сияқты күштердің әсерінен тасымалданған. 2. Этимологиясы: брекчия (итальян. breccia) – "бұзылу, бұзу". 3. Өзбек: breccia cho'kindi 4. Түрік: tortul breşler 5. Ағылшын: sedimentary breccias 6. Неміс: sedimentäre Brekcia 7. Бекітілген нұсқасы: брекчия – жентек тас (кен ісі) (1971), осадок – шөгінді, тұнба (хим) (2006), осадочные горные породы – шөгінді тау жыныстары (2022) 8. Заңнамадағы қолданысы: Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 29 мамырдағы № 402 бұйрығы. ... Кварцты цементпен кварцты брекчилер ...
Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ Кодексі. ... су түбіндегі шөгінділердің физикалық ...
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 7 маусымдағы N 259 Заңы. ... сулар қалдықтары мен шөгінділерін ...
Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 2 ақпандағы № 121 Жарлығы. ... Шөгінділерді өңдеуге және кәдеге жаратуға ... 9. Ұсыныстар: терминдік тіркестің бекітілген сыңарларын, сондай-ақ заңнамалық құжаттардағы қолданылғандарды ескере отырып, «шөгінді брекчиялар» терминін бекіту ұсынылады. 10. Қолданылу саласы: Геология, геодезия және география, Кен ісі және металлургия
| +10 |
27. | брекчии соляных куполов | тұз күмбездерінің брекчиялары,
тұз күмбездер брекчиясы | брекчии соляных куполовтұз күмбездерінің брекчиялары,
тұз күмбездер брекчиясыСаласы Этимологиясы Дефинициясы1. Тұз күмбездерінің брекчиялары, тұз күмбездер брекчиясы – тұз күмбездерін (сабақтарын) қалыптастыру процесінде пайда болатын эпигенетикалық брекчияның бір түрі. 2. Этимологиясы: брекчия (итальян. breccia) – "бұзылу, бұзу". 3. Өзбек: tuzli gumbazli breccia 4. Түрік: tuz kubbeli breşler 5. Ағылшын: breccias of salt domes 6. Неміс: breccia Salzkuppeln 7. Бекітілген нұсқасы: брекчия – жентек тас (кен ісі) (1971), соли – тұздар (2023), купольная акробатика – күмбезді акробатика (2019) 8. Заңнамадағы қолданысы: Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2023 жылғы 29 наурыздағы № 113/НҚ бұйрығы. ... еритін тау жыныстарында - тас тұздарында ...
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 1 қыркүйектегі № 364 бұйрығы. ... тұз құрамы және өзге де ...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 28 наурыздағы N 302 қаулысы. ... тұзды күмбездi құрылымдарды белгiлеуге ... 9. Ұсыныстар: терминдік тіркестің бекітілген сыңарларын, басқа тілдердегі аудармаларын, сондай-ақ заңнамалық құжаттардағы қолданылғандарды ескере отырып, «тұз күмбездер брекчиясы» терминін бекіту ұсынылады. 10. Қолданылу саласы: Геология, геодезия және география, Кен ісі және металлургия
| +3 |
28. | брекчии сопочные (сопочная брекчия) | шоқылық брекчиялар,
шоқылы брекчиялар | брекчии сопочные (сопочная брекчия)шоқылық брекчиялар,
шоқылы брекчияларСаласы Этимологиясы Дефинициясы1. Шоқылық брекчиялар – балшық-алеврит массасындағы әртүрлі уақытта пайда болған тау жыныстарының өткір бұрышты сынықтарынан тұратын балшық жанартауларының өнімі. 2. Этимологиясы: брекчия (итальян. breccia) – "бұзылу, бұзу". 3. Өзбек: tepalik brechcias 4. Түрік: tepe breşleri 5. Ағылшын: hill breccias 6. Неміс: Hügelbrekzien 7. Бекітілген нұсқасы: брекчия – жентек тас (кен ісі) (1971), сопка
– шоқы (геог.) (1998) 8. Заңнамадағы қолданысы: Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 29 мамырдағы № 402 бұйрығы. ... Кварцты цементпен кварцты брекчилер ...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 8 қарашадағы № 726 қаулысы. ... ұсақ шоқылы аумақта шығыстан ...
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 5 желтоқсандағы № 729 бұйрығы. ... Баян-Қарқаралы оңтүстік ұсақшоқылы ... 9. Ұсыныстар: терминдік тіркес бекітілмеген, заңнамалық құжаттарда қолданыста кездеспеді. Басқа тілдегі аудармаларды негізге ала отырып, «шоқылы брекчиялар» терминін бекітуді ұсынамыз. 10. Қолданылу саласы: Геология, геодезия және география, Кен ісі және металлургия
| +9 |
29. | брекчии тектонические | тектоникалық брекчия | брекчии тектоническиетектоникалық брекчияСаласы Этимологиясы Дефинициясы1. Тектоникалық брекчия(лар) – ақаулы аймақтарда тау жыныстарының сынғыш бұзылуы кезінде пайда болған брекчия. 2. Этимологиясы: тектоника (гр. τεκτονικός) – «құрылыс өнері»; брекчия (итальян. breccia) – "бұзылу, бұзу". 3. Өзбек: breccia tektonikasi 4. Түрік: tektonik breşler 5. Ағылшын: tectonic breccias 6. Неміс: tektonische Brekcia 7. Бекітілген нұсқасы: брекчия – жентек тас (кен ісі) (1971), архитектоника – архитектоника (2018) 8. Заңнамадағы қолданысы: Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 29 мамырдағы № 402 бұйрығы. ... Кварцты цементпен кварцты брекчилер ...
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 29 мамырдағы № 402 бұйрығы. ... Альбитофирлер туфобрекчилер ...
Қазақстан Республикасының Заңы 1999 жылғы 11 мамыр N 381. ... сипатты тектоникалық құрылымдар ... 9. Ұсыныстар: бекітілген «жентек тас» термині дефинициясына толық сәйкес келмейді. Заңнамалық құжаттарда терминдік тіркес кездеспеді, терминдік тіркес сыңарлары қолданыста бар. Басқа тілдегі аудармалардың негізінде «тектоникалық брекчия» терминін бекіту ұсынылады. 10. Қолданылу саласы: Геология, геодезия және география, Кен ісі және металлургия
| +10 |
30. | брекчии эпигенетические | эпигенетикалық брекчия | брекчии эпигенетическиеэпигенетикалық брекчияСаласы Этимологиясы Дефинициясы1. Эпигенетикалық брекчия – негізгі жыныстарға қарағанда кеш пайда болған брекчиялар. Олар шөгінді жыныстардың әртүрлі химиялық түрленуі кезінде пайда болады (гидратация, ангидриттің гипске ауысуы, доломитизация, қайта кристалдану және басқалар). 2. Этимологиясы: эпигенетика (гр. ἐπί+γένεσις) – «үстінде, жоғары»+ «пайда болуы, бастапқы көзі, бастапқы»; брекчия (итальян. breccia) – "бұзылу, бұзу". 3. Өзбек: epigenetik breccia
Түрік: epigenetik breşler Ағыл epigenetic breccias Нем. epigenetische Brekcia 4. Түрік: epigenetik breşler 5. Ағылшын: epigenetic breccias 6. Неміс: epigenetische Brekcia 7. Бекітілген нұсқасы: брекчия – жентек тас (кен ісі) (1971), эпигенетический – эпигенетикалық (2019) 8. Заңнамадағы қолданысы: Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 29 мамырдағы № 402 бұйрығы. ... Кварцты цементпен кварцты брекчилер ...
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 25 қаңтардағы № 29 бұйрығы. ... эпигенетикалық факторлардың рөлін анықтаумен ...
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 15 маусымдағы № 239 бұйрығы. ... эпигенетикалық кен орындары ... 9. Ұсыныстар: бекітілген «жентек тас» термині дефинициясына толық сәйкес келмейді. Заңнамалық құжаттарда терминдік тіркес кездеспеді. Басқа тілдегі аудармалардың негізінде «эпигенетикалық брекчия» терминін бекіту ұсынылады. 10. Қолданылу саласы: Геология, геодезия және география, Кен ісі және металлургия
| +10 |