«БЕШПАРМАК« ТУРАСЫНДА
Құрметті әріптестер! «Бешпармакқа" қатысты мәселе маңызды болып тұр. Осыған қатысты ұсыныс: талдай келе "бешпармакты» ығыстыратын тек жаңа сөз - неолог екен. Басқа амалы жоқ. Осыған қатысты нақты ұсыныс бар. Толығырақ ...Соны қолдасаңыздар, қарсы болсаңыз - қарсы аргумент ұсынып көріңіз.
Балама сөз ретінде »АСАМЫҚ» сөзін ұсынып отырмыз. Бұл турасында арнайы файлға материал салынды - танысуға болады.
Аталмыш тағам атауына түрлі сөздер ұсынылуда, алайда, олар төмендегі критерийлерді қанағаттандыруы шарт:
бас тағамның бастапқы қалпын білдіретін «ас» сөзіне қатысы болуы;
тағамның басты ерекшелігін ашатын мазмұны болуы – «асап жейтін ас» секілді;
қазақ тілінің сөзжасам қабылетіне сәйкес болуы;
айтылуы жеңіл әрі қабылдауға сіңімді болуы;
басқа қосалқы ұғымды қабаттастырмайтындай, семантикалық анық мазмұнның болуы.
Асамықты рестораторлар мен аспаздарға шығып одан әрі енгізуді қолға аламыз. Әуелгі шаруа - тілшілер мен лингвистердің мақұлдауы керек
«Бешпармақ» қазақтың бас тағамының орыс тілінен ауысып қалыптасқан атауы. ХІХ ғ. қазақ арасына орыстарға тілмаш боп келген татар- башқұрттардың қамыр қосып тартқан етті қолмен алып қабылдауын білдіретін «беш бармак» деген Толығырақ ...атаумен байланысты қалыптасса керек. Шынтуайтында, қазақ даласындағы патшалық әкімшіліктің жергілікті шенеуніктерінің ет тағамын кемсітіп атауы. Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. 1-том. – Алматы: DPS, 2011. – 738 б.
Осы тағамның атауын қайта қарауды қолдаймын. Термин ретінде бекітілгенімен, оның халық арасында қолданысқа енгізу жолы туралы ойыңызбен келісемін. Кейбір жағдайда терминдер бекітіліп, журнал бетінде шаң басып қала береді. Сіздің «рестораторлар мен аспаздарға шығып одан әрі енгізуді қолға аламыз» деген ойыңыз дұрыс.
Бірақ «асам» деп алсақ, закуска сияқты қабылдануы мүмкін. Мәселен, Тағамтану сөздігінде (Алматы: «Ой-сана» баспасы, 2013. – 216 бет., Рахимбердиева Б.М.) осыған ұқсас термин берілген. Закуска – бірасам, асам, асарлық.
Мынадай нұсқаларды қарастырсақ: «Жайма ет», «Турама», «Қамыртабақ», «Жайма тамақ».
Жайма – етке салатын нан. Қазақ тілінің аймақтық сөздігі /Құраст. Ғ.Қалиев, О.Нақысбеков, Ш.Сарыбаев, А.Үдербаев және т.б. – Алматы: «Арыс» баспасы, 2005. - 824 б.
Турама – туралған ет, бесбармақ. Қазақ әдеби тілінің сөздігі. Он бес томдық. 14-том. / Құраст.: М.Малмақов, Қ.Есенова, Б.Хинаят және т.б. – Алматы, 2011. - 800 б.
Қамыр – суға, сүтке илеген ұн, шикі нан. Қазақ дәстүрлі мәдениетінің энциклопедиялық сөздігі. - Алматы: "Сөздік-Словарь". 1997.- 368 б.
"Бешбармақ"ты қазақша ет деген дұрыс. Оған жаңа ат табу қаншалықты қажет. Асамық деген термин мағынасын ашпайды. Менің ойымша асап жеу деген мағынаны беретін сияқты.