Салалар тізімі

Алаң

Пән сөздерін жасауда А. Байтұрсынұлының мына бір сөзін қаперде ұстағанымыз дұрыс шығар деп ойлаймын:

Тіл тазалығы дейтініміз - ана тілдің сөзін басқа тілдің сөзімен шұбарламау. Басқа тілден сөз тұтыну қажет болса,  Толығырақ ...жұртқа сіңіп, құлақтарына үйір болған, мағынасы халыққа түсінікті сөздерді алу. 
Орыстың жақсы жазушыларын алсақ, олар көбінесе мынау түрлі сөздерден қашқан:
 
а. Ескірген сөздерге жоламаған. 
ә. Жаңадан шыққан сөздерден қашқан. 
б. Өз тілінде бар сөздің орнына басқа жұрттан сөз алудан қашқан. 
в. Жергілікті сөздерге, яғни бір жерде айтылып, бір жерде айтылмайтын сөздерге жоламаған. 

Қазақ әдебиеті қатып - пісіп жетпеген уақытта біз қазақ сөзін ескі, жаңа деп талғамаймыз, жергілікті сөз екен деп, ол жағынан 
қатал қарап, қашып тұрмаймыз. Жалғыз-ақ біздің мықтап қашатынымыз жатшылдық (жат сөзшілдік). 
Біз сияқты мәдениет жемісіне жаңа аузы тиген жұрт өз тілінде жоқ деп мәдени жұрттардың тіліндегі даяр сөздерді алғыштап, ана тілі мен жат тілдің сөздерін араластыра-араластыра ақырында ана тілінің қайда кеткенін білмей айрылып қалуы ықтимал. Сондықтан мәдени жұрттардың тіліндегі әдебиеттерін, ғылым кітаптарын қазақ тіліне аударғанда ПӘН СӨЗДЕРІНІҢ даярлығына қызықпай, ана тілімізден қарастырып сөз табуымыз ке­рек. Сонда біздің әдебиетіміздің тілі таза болып, жоғарыда айтылған талғау салтының шарты орындалған болады.

(Әдебиет танытқыштан алынды)
Сайауышұлы Абдулазиз Пән сөздерін жасауда А. Байтұрсынұлының мына бір сөзін қаперде ұстағанымыз дұрыс шығар деп ойлаймын: Тіл тазалығы дейтініміз - ана тілдің сөзін басқа тілдің сөзімен шұбарламау. Басқа тілден сөз тұтыну қажет болса, Толығырақ ...жұртқа сіңіп, құлақтарына үйір болған, мағынасы халыққа түсінікті сөздерді алу. Орыстың жақсы жазушыларын алсақ, олар көбінесе мынау түрлі сөздерден қашқан: а. Ескірген сөздерге жоламаған. ә. Жаңадан шыққан сөздерден қашқан. б. Өз тілінде бар сөздің орнына басқа жұрттан сөз алудан қашқан. в. Жергілікті сөздерге, яғни бір жерде айтылып, бір жерде айтылмайтын сөздерге жоламаған. Қазақ әдебиеті қатып - пісіп жетпеген уақытта біз қазақ сөзін ескі, жаңа деп талғамаймыз, жергілікті сөз екен деп, ол жағынан қатал қарап, қашып тұрмаймыз. Жалғыз-ақ біздің мықтап қашатынымыз жатшылдық (жат сөзшілдік). Біз сияқты мәдениет жемісіне жаңа аузы тиген жұрт өз тілінде жоқ деп мәдени жұрттардың тіліндегі даяр сөздерді алғыштап, ана тілі мен жат тілдің сөздерін араластыра-араластыра ақырында ана тілінің қайда кеткенін білмей айрылып қалуы ықтимал. Сондықтан мәдени жұрттардың тіліндегі әдебиеттерін, ғылым кітаптарын қазақ тіліне аударғанда ПӘН СӨЗДЕРІНІҢ даярлығына қызықпай, ана тілімізден қарастырып сөз табуымыз ке­рек. Сонда біздің әдебиетіміздің тілі таза болып, жоғарыда айтылған талғау салтының шарты орындалған болады. (Әдебиет танытқыштан алынды)
15.11.2024 01:24 | 0 | 0