БАҚ ЖӘНЕ ТІЛ МӘДЕНИЕТІ

БАҚ ЖӘНЕ ТІЛ МӘДЕНИЕТІ
Қазіргі ақпараттық технологиялар заманында БАҚ-тың рөлі ерекше. Тіліміздің қолданыс аясын кеңейту мен тіл мәдениетінің сақталуы тұрғысынан қарағанда да бұқаралық ақпарат құралдарының ықпалы қоғамдық санаға әсер етуде. Сол себептен де қазақ тілінде ақпарат тарататын БАҚ-тың санын да, олардағы хабарлардың сапасын да арттыру - маңызды мәселе.

Қазіргі ақпараттық технологиялар заманында БАҚ-тың рөлі ерекше. Тіліміздің қолданыс аясын кеңейту мен тіл мәдениетінің сақталуы тұрғысынан қарағанда да бұқаралық ақпарат құралдарының ықпалы  қоғамдық санаға әсер етуде. Сол себептен де қазақ тілінде ақпарат тарататын БАҚ-тың санын да, олардағы хабарлардың сапасын да арттыру - маңызды мәселе. Бүгінгі таңда ақпараттық кеңістігімізден өз орнын алып, қызметтерін белсенді атқарып жатқан БАҚ-тардың саны жылдан жылға көбейіп келеді. Әсіресе қазақ тілінде ақпарат тарататын телеарналар мен сайттардың, порталдардың арта түсуі қуанышты жағдай. Екінші жағынан, бүгінгі барымызды бағалап, жетістіктер мен жақсы тәжірибеден үлгі алып, кеткен кемшіліктерді уақтылы түзетіп отыруымыз да қажет. Бұл тұрғыдан келгенде, жалпы көпшілік, қалам ұстаған қауым, әсіресе, біз – журналистер БАҚ тілінің мәдениетіне баса назар аударып, оны сараптап-зерделеп, жақсысын үлгі етіп, кемшіліктерін атап көрсетіп, түзетіп отыруға міндеттіміз. Сонда ғана ана тілімізде жазу, сөйлеу мәдениеті жоғарылайды, тілбұзарлық, сөзқолданыстағы жауапсыздық пен талғамсыздық өрістемейді.

Өздеріңізге белгілі, республикалық «Егемен Қазақстан», «Қазақ әдебиеті», «Айқын», «Ана тілі», «Жас Алаш», «Түркістан» сияқты және көптеген облыстық, қалалық газет- журналдарымыздың «Хабар», «Қазақстан», «Балапан», «Астана» және басқа да телеарналарымыздың, «Қазақ радиосы», «Шалқар» сияқты радиоларымыздың, бірқатар қазақтілді сайттарымыздың ұлттық тіліміздің дамуына, елімізде қазақ үнінің үстем шығуына қосып келе жатқан үлесі зор. Тіліміздің өзекті мәселесін көтеретіндер де, мұң-зарын айтатындар да осы ақпарат құралдары.

Алайда, өкінішке орай, кейбір БАҚ-тардың айтар, жазар тілінде кемшіліктер кездесіп жатады. Біз газет-журналдарымыз бен теле-радио тілінде жиі кездесетін сондай кемшіліктерге қалам ұстаған қауым, журналистер назарын аударту мақсатымен солардың бірқатарын атап көрсетуді жөн санадық. БАҚ-та жиі ұшырасатын кемшіліктің бірі – сөздің мағынасына (семасиология) мән бермеу. Қазақ тілінде сөздің тура мағынасы, ауыспалы мағынасы болатынын білеміз. Ана тіліміздегі сөздердің көп бөлігі түрлі мағынаны береді. Солардың арасынан айтқан ойды, мағынаны дәл жеткізетінін таңдап алу, мағыналық реңктерді ажырату тілді жетік білуді қажет етеді. Егер сөздің дұрыс таңдалғандығына, тиісті мағынада жұмсалғандығына күмән келген жағдайда қажетті әдебиеттерді, сөздіктерді қараған дұрыс. Олай етпесе, қателіктерге жол беріледі. Сөз бұзылса, бірте-бірте ұлттың санасы бұзылады. Біз тілді жасанды жолмен бұзу арқылы ұлттың санасын бұзып келеміз. Ғылым мен техника пайда болғалы, онлайн аудармаға көшкеніміз жасырын емес. Мен гугл аудармашыны айтып отырмын. Оның тілдік қоры өте аз, бұрмаланған, үйлесімсіз сөздер көп. Соның салдарынан аударма сапасы да құлдырайды. (гугл-аудармашы туралы айту).

Айталық, «Құрметті дөңгелек үстелге қатысушы ханымдар мен мырзалар» деген сөзді талдайын. Неге «құрметті дөңгелек үстел?» дейміз, «Дөңгелек үстелге қатысушы құрметті ханымдар мен мырзалар» деп айтқан дұрыс. Бірақ біз орыс тіліне сүйеніп «Құрметтіні» бірінші кезекке шығарып қойдық. Немесе «Өзбек ұшағы аспанымызда неге тайраңдай ұшты?» (С.Асанов. «Қазақстан-Zaman», 1 наурыз 2012 жыл) деген сөйлемде де «тайраңдау» сөзі дұрыс қолданылмаған. Яғни, еркінсіген ебедейсіз қимылмен, жүріспен байланысты, көбінесе адамға қатысты қолданылады. Ұшақ тайраңдайтын түйе емес, ол самғайды, зымырайды. Газет бетінен «Қарағанды қаласындағы орыс мектебінің 8-сыныбында оқитын зіңгіттей қызбала өз мұғаліміне айқайлаған» («Жас Алаш», 2 қараша 2010 жыл) деген сөйлемді оқыдық. Біріншіден, «қыз бала» бөлек жазылады. Екіншіден, қазақ қыз балаға қатысты «зіңгіттей» сөзін айтпаған.

Журналист Эльмира Мәтібаева «Жастардың отау құруға неге құлқы жоқ?» («Айқын», 10 желтоқсан 2011 жыл) деген мақаласында «Санақшы Мақаш Тәтімов сүрбойдақтардың саны 150 мыңнан асып кетті» деп жазыпты. Мұндағы «санақшы» деген сөз «демограф» сөзінің мағынасын мүлде бермейді. «Санақшы» тілімізде «бір нәрсенің есебін алушы, санаушы» деген мағынаны білдіреді. «Санақшы» сөзі демографтан гөрі «счетовод» пен «переписчик» сөздерінің баламасы болуға лайық. Ал профессор Мақаш Тәтімов санақшы да есепші де емес, белгілі демограф ғалым. Сол себепті кірме сөздердің, терминдердің орнына тілімізде бар сөздерді дайын күйінде немесе оларды аударып, балама ұсынып қолданғанда да абай болу қажет. Екінші бір кемшілік - сәтсіз сөз тіркестерді пайдалану. Ана тілімізде қолданысы әбден жүйеленген көптеген сөз тіркестері бар. Осыларды білмей, ал кейде тың қолданыс, тосын тіркес іздеген журналистер дұрыс емес сөз тіркестерін туғызып жатады. Сол себептен де ақпарат жеткізуде шығармашылық, импровизаторлық таныту талап етілмейді. Тың тіркестер белгілі бір қажеттіліктен, жаңа ұғымды, бұрын болмаған құбылысты білдіру мақсатымен туындап жатса, бір сәрі. Ал ондай болмаса, «жаңашылдыққа» тым әуестенбеген абзал. Журналист Гүлмира Әбіқай «Алтын жатырлы аналардың әр келінінен бүгінде 7-8 немере бар» («Жас қазақ», 24 желтоқсан 2010 жыл) деп жазыпты. «Алтын құрсақты аналар» деген әп-әдемі тіркесіміз тұрғанда, оны «алтын жатыр» деп анайыландыру, естір құлаққа ерсі. Айта берсек, тізе берсек, мұндай мысалдар көп-ақ. Жоғарыдағы секілді кейбір сөз тіркестері өз тіліміздегі сөздерді сәтсіз тіркестіру арқылы жасалған болса, кейінгі жылдары орыс тіліндегі сөз тіркестерін тікелей көшіріп аудару арқылы пайда болған «аударма тіркестер» саны арта бастағаны байқалады.Мұндай қазақ ұғымына жат, жаңа тіркестердің пайда болуы орыс тілінің ықпалы деуге негіз бар. БАҚ-та жиі кездесетін кемшіліктің бірі – терминдер қолданысындағы бірізділіктің сақталмауы. «Қазақ радиосынан берілетін «Еңбек адамы» хабарының 2012 жылғы 20 қарашадағы (сағат – 14.45) шығарылымында осы хабарды жүргізген журналист Гүлназ Сайлауқызы «Мейірбике мамандығы оңай мамандық емес десе, хабарға қатысушы Гүлімай Базарбайқызы «Менің мамандығым – мейіргер» деді. Тыңдаушыға екеуі екі мамандық туралы айтып отырған сияқты түсінік тудырады. Осы бір дәрігерлік мамандық иесінің қазақ тіліндегі атауының тілде толық орнықпауы өкінішті ақ жағдай. Мемтерминком 2011 жылы 9 желтоқсандағы отырысында «медсестра» мен «медбрат» атауларының қазақша баламасын «мейіргер» деп бекітті. Алайда 2014 жылы осы комиссия мақұлдауымен жарық көрген 30 томдық терминологиялық сөздікте «мейірбике» деп беріледі. А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты шығарған үлкен бір томдық (2013) және 15 томдық түсіндірме сөздіктерде (2011) «медбике» нұсқасына басымдық берілген. Мемлекеттік органдар мен ғылыми мекемелер осындай ретсіздікке жол беріп отырса, сонда қалың жұртшылық кімге сеніп, қайсысын қолдануы керек? Бұл бір ғана мысал. Мұндай мысалдарды әр саладан келтіруге болады. Неге солай? Себебі – терминдерді біріздендіру, үйлестіру жұмыстары өз деңгейінде жүргізілмейді. Сонымен қатар, түрлі себептермен ресми бекітілген, сала мамандары мен көпшілік қабылдаған терминдер орнына жаңа термин ұсынатындар, мақұлданбаған нұсқаны қолданатындар да бірізділіктің сақталуына, терминнің тұрақтауына кедергі келтіреді.

Қорыта айтқанда, кез келген халық ана тіліндегі әрбір сөзді, басқа тілден қабылдаған терминді өзінің мәдениеті, өзінің рухани құндылығы ретінде қастерлейді. Қай халықтың болсын тіл ілімінің терминология саласында халықаралық терминдерді қабылдау үлкен мәселе екендігі шындық. Алайда, әлемдік тәжірибеде кез келген ұлт өзге халықтан сөз қабылдауда ең алдымен өз тілінің әлеуетіне жүгініп, өзіндік терминжасам тәсілдерін басшылыққа алуы тиіс деп ойлаймын.

«БАҚ кеңістігіндегі терминдер: тәжірибесі және теориясы» тақырыбында әдістемелік онлайн-семинарда берілген

ҰСЫНЫСТАР:

<!-- [if !supportLists]-->1       А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты жанынан терминологиялық зертхана ашу. Ғылымның барлық салаларындағы  терминдер бойынша жұмыс істеп, балама сөз таба алмай жатқандар зертханадағы ғалымдардан – лингвистер, соцлингвистер, психолингвистерден кеңес алу керек.

<!-- [if !supportLists]-->2.       <!--[endif]-->Тіл мәдениеті жөнінде том-том кітаптар шығып жатыр. Журналист ақпаратты жазып отырған кезде сол томдықтарды пайдалана алмайды, оған уақыты да жоқ. Ол кітаптарды басып шығарып, жан-жаққа таратуға қаншама уақыт пен қаржы кетеді. Одан гөрі журналистерге арнап электрондық сөздік шығару керек деп ойлаймын.Транскрипциялық, транслитерациялық, орфографиялық, орфоэпиялық сөздіктерді сапалы етіп дайындаса, сол пайдалырақ болар еді.

<!-- [if !supportLists]-->3.       <!--[endif]-->Бұқаралық ақпарат құралдарында: Мерзімді баспасөзде «Тіл сақшысы» айдарын құру, осы тақырыпта телеарналарда арнайы бағдарлама жасап термин сөздерді бұзып жүргендермен ашық күресу.

<!-- [if !supportLists]-->4.       <!--[endif]-->Термин сөздерді аудару немесе терминдік қорды құру барысында терминдерді, ұғымдар жүйесінің ерекшелігін, әр ұғымның айрықша белгісін жақсы білетін салалық мамандар дайындау.

<!-- [if !supportLists]-->5.        <!--[endif]-->Тіліміздің сөздік қоры мен сөзжасам тәсілдерін ұтымды, орынды жүмсау арқылы ана тіліміздің ішкі мүмкіндігін барынша тиімді пайдалану.