«Герметизация устья скважины», «герметические двери» терминдері жайлы бірер сөз
Алаңда көрсетілген осы екі терминнің біріншісі қазақ тілінде «ұңғыма сағасын герметизациялау», «ұңғыма сағасын герметиктеу» деп ұсынылса, соңғысының «герметик есіктер», «ауа өткізбейтін есіктер Толығырақ ... (2016)» деген баламалары берілген. Бұл жерде «герметизация» мен «герметичный» деген сөздердің баламаларын бірізді етіп ретке келтіру мәселесі туындайды. Өйткені олардың түбірі бір болғанымен, аудармалары «герметизациялау», «герметиктеу», «герметик», «ауа өткізбейтін» деп әртүрлі алынған.
Олардың этимологиясы бойынша «герметичный» (hermeticus) сын есімінің тарихы түтікшені тұмшалап жауып, бітеп тастайтын мөрді ойлап тапқан мысырлық данышпан Герместің (лат. sigillum Hermētis,) есімінен бастау алады (Происхождение слова герметический в этимологическом онлайн-словаре Крылова Г.А.).
«Герметичный» – газ бен сұйықтық өтпейтіндей етіп тығыз, тас қылып бекітіп жабылған (Словарь русского языка: В 4-х т. / РАН, Ин-т лингвистич. исследований; Под ред. А. П. Евгеньевой. – 4-е изд., стер. — М.: Рус. яз.; Полиграфресурсы, 1999; (электронная версия): Фундаментальная электронная библиотека) деген мән береді. Ал «герметизация» процесінің сипаттамасы бойынша мұнай және газ ұңғымаларының сағасын бітеуге арналған қондырманы (герметическая вставка) орнату негізінен элеваторларды орнату, тығыздағыш қондырманы бұрап салу операцияларынан тұрады (Устройство герметизации устья скважины. <a href="https://yandex.ru/patents/doc/RU2272124C1_20060320)." target="_blank">https://yandex.ru/patents/doc/RU2272124C1_20060320).</a>
«Терминком.кз» алаңындағы әртүрлі баламаларының арасынан электроника, радиотехника және байланыс саласындағы түріне тоқталған жөн:
герметизация стеклом – шынымен бітеулеу;
герметичная батарея – бітеу батарея. Сонымен қатар «Сөздікқор.кз» порталында:
«бітеу» сөзі «біте» етістігінің қимыл атауы; жабу, бекіту (Қазақ әдеби тілінің сөздігі. Он бес томдық. 4-том./ Құраст.: Н.Әшімбаева, Қ.Рысбергенова, Ж.Манкеева және т.б. – Алматы, 2011. 752 б.);
«бітеуле», е т і с т і к. Саңылау қалдырмай қымтап, тұмшалап жабу (Қазақ әдеби тілінің сөздігі. Он бес томдық. 4-том. / Құраст.: Н.Әшімбаева, Қ.Рысбергенова, Ж.Манкеева және т.б. – Алматы, 2011. 752 б.).
Өзбек тілінде «герметизация устья скважины» – «quduq boshini muhrlash», «герметические двери» - «muhrlangan eshiklar» (терминком.кз) деген баламалары қолданылады.
Негіздемелерге сүйене отырып, анықтамасы мен сипаттамасына сәйкес «бітеу», яғни «саңылау қалдырмай қымтап, тұмшалап жабу» деген етістік осы терминнің баламасы ретінде мағынасын ашады. Сондықтан
«герметизация устья скважины» деген тіркесті «ұңғыма сағасын бітеу», ал «герметические двери» – «бітеу есік» немесе «бітеуленген есік» деп алу ұсынылады.
Бітеуленген сөзі тавтологиялық сипатта болып тұр. Бітеулі есік, бітеусіз есік десе болмай ма? Бітеу - герметик. Негізі бітеу - тек қана қимыл етістік емес, зат есім де бола алады. Бітеуі Толығырақ ...жоқ деген сөйлемде зат есім рөлінде.
Қайырлы күн! Ұсынысыңыз орынды. Ескеріледі. Рақмет!
Жыл өте келе терминдер әртүрлі бекітіліп, қолданыла бермеуі үшін Қазақстан Республикасындағы тiл туралы Заңға бірыңғай терминологияны қолдану мәселесін реттеу жөніндегі өзгеріс енгізу қажет.
Мысалы, Грузияның Тіл туралы Заңының 30-бабына сәйкес Толығырақ ...Техникалық құжаттамада, сондай-ақ іс қағаздарын жүргізуде бірыңғай терминология қолданылады. Терминологияны белгілеу және қолдану нормалары Мемлекеттік тіл жөніндегі сараптама комиссиясымен белгіленеді.