"
Қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздіктің Медицинаға арналған 14-томындағы кейбір сөздерге түсініктеме :
-Мышца отводящая – «әкететін бұлшықет» деп берілген
(419-бет),
ал дұрысы; «Алшақтатқыш бұлшықет» Толығырақ ...(М.Ахметов.)

- Мышца приводящая – «әкелетін бұлшықет» деп берілген
(419-бет),
ал дұрысы; «Жақындатқыш бұлшықет» (М.Ахметов.)

- Мышца остистая – «қылқан бұлшықет» деп берілген
(419-бет), ал дұрысы; «Қылқандық бұлшықет» (М.Ахм.)

- Прикус – «тістем» деп берілген (460-бет) ал дұрысы;
«Тістүйіс» (М.Ахм.)

- Привычный вывих – «үйреншікті буын таю» деп берілген (460-бет)
ал дұрысы:«Буынның ойнамалы шығып кетуі» (М.Ахм.)
*(Вывих = буынның шығып кетуі;
*Буынның тайып кетуі = подвывих.

- Конечный мозг – «соңғы ми» деп аударылған(415-бет) ?????

- Покрышка среднего мозга – «ортаңғы ми жамылғысы» (455-бет) ??????

- Латентный период реакции – «әсерленістің жасырын кезеңі» деп берілген (398-бет), ал осы сөздіктің 470-бетінде реакция сөзі – серпіліс деп берілген. Дұрысы: «Функцияның жасырын кезеңі»

- «Реберно-шейный ствол» дегенді – «қабырға-мойын сабауы» деп аударған (470-бет), ???????
Ал «Стволовая клетка» дегенді – «бағаналық жасуша» деп берген (492-бет), кей сөздіктерде
«дің жасуша», немесе «бастауыш жасуша»; деп жүр...

- «Стопа полая» дегенді– «Қуыс аяқ басы» деп аударған (494-бет),
ал дұрысы: «Ойыстабан» болу керек. (М.Ахметов.)

- Сөздікте «Функция» – «Қызмет» деп берілген, ал дұрысы: функция қалу керек.

- Мозговая рвота – ми тітіркенісінен құсу;

-Немая почка – «үнсіз бүйрек» (функциясыз бүйрек);

-Немое легкое – «үнсіз өкпе» (функциясыз өкпе);

* Партнерские роды – серіктесіп босандыру (толғақсерік)

-Сестра-хозяйка – «шаруашылық бикесі» деп жазыпты
электрондық сөздікте, дұрысы: – «шаруа мейіргері;
Мұрат Оспанов, Aizhan Aizhan, Дана Мұратбекқызы және 1
  • AidosQnp 1 жыл бұрын

    Ассаламу ғалейкүм, аға! Сіз құрастырған сөздік бар ма? Бар болса, қай жерден алуға болады?

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.

Барлық қатысушылар

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.