"
СЕКЕ, мені біресе кәрі атанға теңеп , біресе менен ақ жолыңызға бата тілегендей Толығырақ ...болсаңыз, біресе «5 жыл жасаған зерттеуіңізге» мадақ айтпады деп қызуыңыз көтерілсе не істейін.
*Өткен аптада ФБ парақшама жазып тіл мамандарына сұрақ қойған едім. Мазмұны мынау.
*ФБ бетінен «БЕСБАРМАҚ» атауының орнына «АС ПЕН АСАМЫҚ» деп атайық деген ұсынысты оқыдым.
«АС ПЕН АСАМЫҚ» деген қандай қиялдан туған ТАМАҚТЫҢ атауы ? ... Астың АС екенін әсірелеу үшін «АСАМЫҚ» сөзін қосақтап айтпаса болмай ма ? Мазақтан туған «БЕСБАРМАҚ» атаудың орнына «АСҚАН ЕТ» десек, оны ҚУЫРДАҚТАН (қуырылған еттен), КӘУАПТАН (отқа қақтап пісірген еттен,) БҰҚТЫРҒАН еттен, қозға көміп пісірген қақпыш сүр еттен, сыламакөмбе етіп пісірген еттен, жаубүйрек тәсілмен пісірген еттен, т.с.с. әртүрлі әдіспен пісірілген ЕТТЕРДЕН айырмашылығы суға қайнатып пісіргендіктен «АСҚАН ЕТ" болып айқындалса, "неблагозвучный" "АСАМЫҚ " сөзі айтылмас еді...
Названия блюд должны быть благозвучными..... «АСАМЫҚ» -- аппетит портит...... деп жазғам.
*Бар өткір сұрағым «АС ПЕН АСАМЫҚ» деген қандай қиялдан туған ТАМАҚТЫҢ атауы ? дегенім.
Бір апта бойы пікірсайыс жалғасты. Комменттерді көргісі келген ФБ достар менің парақшама кіріп оқыр.
* Секеңді өкпелетейін деген ойым болған жоқ . Өрем жеткенінше жауаптастым. АСАМЫҚТАН гөрі «благозвучный» атау табыңыз дегенім болмаса... Өз құлағым ЧЕЧЕВИЦА ның да қазақшасын ұната қоймайды... ФБыдағы пікір алмасудың соңында мына төмендегі комментімді жаздым да шығып кеттім.
** Қарапайым қазақтың миын шаршататын «лексема", "лексикология", "семасиология" деген сияқты "лингвотерминдерді" дәлел ретінде персеверациялап, "жерден жеті қоян тапқандай" "жаңа термин таптық" деп ұсына беруді азайту керек.

Бүгінгі Қазақ, баяғы Қазақ емес. Баяғы Ахмет Байтұрсынұлына жету үшін, кешегі Іслам Жарылғаповтың талантын тануымыз керек. Лингвистикалық палеонтологияның арқасында мыңдаған жылдар бұрын, тілдік айналымда болған екен деп, "осындай да осындай сөз таптық" деп бүгінгі миымызға »жүктейміз» деу --- қиянат.
Ал, енді Termincom.kz/alan талдасын...
Мольдир Сарбалиева, Лаура Даумаляева, Улбосын Шайхслам және 1
  • Улбосын Шайхслам 3 жыл бұрын

    Ата-бабаларымыз айтып кеткендей "БЕСБАРМАҚ" атауы дұрыс, ата-бабаларымыз қате атау қоймайды ғой. Лексикологиялық тілдік айналымда да қолданылуда.

  • Ян Макар 3 жыл бұрын

    Иә, дұрыс айттыңыз! Жаңа терминдердің кейбірі құлаққа жағымсыз, қолдануға қолайсыз келеді!!

  • Мольдир Сарбалиева 3 жыл бұрын

    Ғылыми ой-пікірді дәл білдіру үшін сөздің мағынасы тұрақты,айқын болу қажет.Сондықтан сөздің мағыналық шегін дәл белгілеп,нақты қолдану маңызды.Алдағы уақытта жаңа терминдер қазақи мағынамен айналымда болады деп сенеміз.

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.

Барлық қатысушылар

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.