"
▶️Бекітілген, мақұлданған терминдерді сөздік етіп шығару – қазақ терминологиясында бұрыннан қалыптасқан дәстүр. Сол дәстүр сабақтастағымен өткен 2020 жылы бекітілген терминдердің екі жинағы баспадан шығарылды. Ұсынылып отырған жинақ 1971-2011, 2012-2019 Толығырақ ...жж. барлық ғылым салаларына қатысты бекітілген терминдерді қамтыды.

▶️ Аталған еңбекте ҚР Үкіметі жанындағы Республикалық терминология комиссиясының әр жылдары өткізілген отырыстарында қаралып бекітілген терминдердің, сөздер мен сөз тіркестерінің толық берілген нұсқасы хронологиялық тәртіппен, бекітілген мерзім жылдары мен ай-күні бойынша жинақталды.

▶️ Бекітілген терминдер жинағы екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде «Бекітілген терминдер жинағы» деген атпен 2012 жылы баспадан шыққан басылымның материалы берілді. Мұнда 1971-2011 жылдар аралығына бекітілген терминдер берілген. Екінші бөлім 2012-2019 жылдар аралығында Терминком тарапынан бекітілген терминдермен толықтырылып шығарылды.

▶️ «Бекітілген терминдер» еңбегінің бірінші бөлімі 9100-ден аса терминнен, сөз тіркесі мен қысқарған сөзден тұрады. Барлығы 40 сала қамтылған. Ал екінші бөлімде 48 саладан тұратын 20700-ден астам термин, сөз тіркесі мен қысқарған сөз қамтылған.

▶️ Мұндай сөздіктерді шығарудағы мақсат – Республикалық терминолгия комиссиясы мақұлдаған терминдерді сала мамандары мен көпшілік қауымға таныстырып, олардың бірізді қолданылуына мүмкіндік туғызу, ресми мақұлданған терминдердің саны мен сапасын анықтау.

▶️ Бұл басылым арқылы түрлі ғылым саласының мамандары мен көпшілік қауым ресми мақұлданған атауларды бір сөздіктен тауып танысуына, оларды кәсіби қызметінде, күнделікті жұмыс барысында пайдалануға мүмкіндік алады. Сөздіктегі ғылыми ұғым мазмұнын қамти отырып ұтымды жасалған, көптеген жаңа атаулар сол қажеттілікті өтейді. Әрине, бекітілген терминнің бәрі қолданысқа еніп, қоғам жұртшылығы тарапынан қолдау тауып жатыр деуден аулақпыз. Терминкомның қазіргі уақытқа дейін бекіткен терминдерінің түгел жинақталып берілуі оның сандық, сапалық деңгейін анықтап, олқылықтарды айқындап, терминдерді бекітуде жаңаша көзқарас туындатады деген ойдамыз.

Аружан Аль-Айдар, Orazgul Makhsut, Итеғұлова Сая Ағанасқызы және 1
  • Бекітілген терминдерді қолдану ғылым тілін, ресми тілді біріздендіруге мүмкіндік береді. Осы электрондық алаңның "Термин" бөлімінде де бекітілген терминдерді іздеп табу мүмкіндігі бар. Бірақ соны басшылыққа алушылар аз. Қазақ тілі бойынша Толығырақ ...бір сөздің жазылу емлесі туралы сұрақ туындағанда басшылыққа соңғы шыққан орфографиялық сөздікті алатынымыз белгілі. Сол сияқты терминдерді қолдану барысында да ҚР ҮКІМЕТІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТЕРМИНОЛОГИЯ КОМИССИЯСЫ бекіткен терминдерді басшылыққа алған жөн болар еді.

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.

Барлық қатысушылар

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.