Ана тіліміздің мәртебесі өзінің деңгейіне көтеріліп, қоғамның барлық саласында белсенді түрде қолданылуы үшін оның ғылым саласындағы қолданысының айтарлықтай маңызы бар. «Қазақ тілі ғылым тілі болғанда ғана оның бұдан әрі өсіп-өркендеуіне жол ашылмақ» [1; 22]. Ғылым тілінің негізгі арқауы болып табылатын терминдердің, жалпы бекітілген терминдердің «жағдайы» қандай (қолданылып жатыр ма, қолданыс жиілігі қандай) деген мақсатта бірнеше терминдерге Google Trends веб-қосымшасы арқылы сұрау салып көрдік. Мысалы, «тамшуыр» (медицина саласында) термині: вакуум-пипетка – вакуум тамшуыр, 2006 ж.; аптечная пипетка – дәріханалық тамшуыр, 2021ж. ретінде бекітілген. Оның Қазақстан аумағында 2008 ж.-дан қазіргі уақытқа дейінгі жалпы қолданысы бойынша мынадай картинаны көруге болады:
Жылдар, айлар |
2008, ақпан |
2010, қараша |
2011, маусым |
2012, ақпан |
2017, маусым |
2022, шілде |
Тіркелген саны |
83 |
100 |
14 |
5 |
4 |
1 |
Сурет 1. «Тамшуыр» терминінің 2008-2022 ж. танымалдылық динамикасы
Сурет 2. Веб-іздестіру бойынша (денсаулық сақтау саласында) қолданысы
«Тамшуыр» термині 2006 жылы ресми түрде бекітілгенімен, денсаулық саласындағы оған дейінгі мәліметтерде кездесетіндігін, тіпті қазіргі уақытқа қарағанда жиі қолданыста болғандығын байқауға болады (Сурет 2): 2004 – 93, 2005 – 100, 2008 – 19, 2008 (мамыр) – 19, 2010 -12, 2013 – 1, ... – 2022 – 0. Бұған қарағанда «Тамшуыр» терминінің тауар ретінде іздестірулі әлдеқайда жоғары болып келеді:
Жылдар, айлар |
2008, наурыз- 2010 қыркүйек |
2018, қазан |
2019, маусым |
2022, маусым |
Тіркелген саны |
100 |
98 |
100 |
100 |
Сурет 3. «Тамшуыр» терминінің тауар ретінде іздестірілуі
Сонымен қатар осы терминнің жаңалықтарда, Ютубте және суреттік-бейнелік қорлардағы кездесу жиілігіне де талдау жасап көрдік:
Жылы |
Жаңалықтарда |
Ютубте |
Суреттерде |
|||
2008-2022 (13,5 жыл) |
жылдар, айлар |
жиілігі |
жылдар, айлар |
жиілігі |
жылдар, айлар |
жиілігі |
2008, қаңтар |
41 |
2008, қаңтар |
100 |
2008, мамыр |
100 |
|
2009, шілде |
29 |
2009, қаңтар |
63 |
2008, қазан |
80 |
|
2010, маусым |
100 |
2009, қараша |
54 |
2009, қараша |
81 |
|
2010, қыркүйек |
52 |
2010, қыркүйек |
23 |
2011, тамыз |
16 |
|
2022, ақпан |
1 |
2022, маусым |
1 |
2022, қаңтар |
1 |
|
Жиілігі |
223/16,5 |
241/17,8 |
278/20,5 |
Кесте 1. «Тамшуыр» терминінің басқа да мәлімет көздерінде кездесуі
Осы салыстырулардың негізінде «тамшуыр» терминін термин ретінде қолдануды қойып (Қараңыз: Веб-іздестіру бойынша (денсаулық сақтау саласында) қолданысы), оның бекітілуі жайында мәліметтен Ғаламтор пайданушылары, ғалымдар т.б. мүдделі адамдар бейхабар деген қорытынды жасауға болады; аталған терминнің ең жиі қолданысы оның тауар ретіндегі қолданысы, дегенмен мұнда да 2010-2018 жылдар аралығында жиілігінің төмендігін байқаймыз. Ал бұл термин бойынша Google Trends веб-қосымшасының мүмкіндігін пайдаланып, еліміздің қай аумағында көбірек іздестірілді деген сұраққа жауап ала алмадық, өйткені қолданысы тым төмен.
Терминдердің қолданысы бойынша біздің назарымызға іліккен мәселенің бірі – отандық ғылыми журналдардағы мемлекеттік тілде жарық көретін мақалалардың санының аз екендігі. Мақала ғылыми еңбектердің ішіндегі көлемі жағынан шағын жанрларының бірі болғанымен, ғылыми ізденістердің, ғылыми еңбектің негізгі нәтижелерін жариялау, ғылыми ортаның талқысына салу үшін жазылатын таза ғылыми еңбектердің бірі болып табылады. Яғни, мақала маманнан маманға арналатындықтан, онда терминдер молынан қолданылатыны белгілі. Сондықтан біз Ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті (ҒССҚК, 2021 жылғы 28 қаңтардағы №52 бұйрығы) бекіткен [2] журналдардағы мемлекеттік тілде жарық көрген мақалалардың үш тілдегі санын түгендеп шықтық. Жоғарыда аталған Комитет басшысының бұйрығына сәйкес барлығы 121 журнал бекітілген. Оның ішінде тек қана ағылшын тілінде мақала қабылдайтын журнал саны – 19; түрік және ағылшын тілінде 1 журнал («Білік»), орыс және ағылшын тілінде 2 журнал (ҚазҰУ хабаршысы. Химия сериясы), басқасы үш тілде де мақала қабылдайды. Кейбір журналдардың қай тілде мақала қабылдайтындығы нақты жазылмаған, алайда журналдың жарық көрген сандарындағы мақалаларға қарап отырып, ағылшын және орыс тілінде қабылдайтындығын топшылауға болады. Мысалы, Т.Қ. Жүргенов ат. Қазақ ұлттық өнер академиясының «Central Asian Journal of Art Studies» халықаралық журналының 2022 ж., № 1(7) санында 6 мақала жарық көрсе, оның – 3 орыс, 3-і ағылшын тілінде. Төменде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің үш тілде мақала жариялауға болатын ҒСҚК бекіткен журналдарына жасалған талдауды беріп отырмыз.
№ |
Басылымның атауы |
қаз |
ор |
ағ. |
бар |
қ.т.% |
1 |
ҚазҰУ хабаршысы. Заң сериясы |
4 |
3 |
9 |
16 |
25 |
2 |
ҚазҰУ хабаршысы. Физика сериясы |
1 |
3 |
6 |
10 |
10 |
3 |
ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы |
- |
7 |
6 |
13 |
0 |
4 |
ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы |
10 |
1 |
5 |
16 |
62,5 |
5 |
Педагогика ғылымдары сериясы |
6 |
9 |
4 |
19 |
31,5 |
6 |
Психология және социология сериясы |
9 |
11 |
4 |
24 |
37,5 |
7 |
ҚазҰУ хабаршысы. Дінтану сериясы |
3 |
1 |
6 |
10 |
30 |
8 |
ҚазҰУ хабаршысы. Тарих сериясы |
12 |
6 |
4 |
22 |
54,5 |
9 |
ҚазҰУ хабаршысы.География сериясы |
6 |
3 |
- |
9 |
66,6 |
10 |
ҚазҰУ Хабаршысы. Шығыстану сериясы |
9 |
4 |
- |
13 |
69 |
11 |
ҚазҰУ Хабаршысы. Философия, мәдениеттану, саясаттану сериясы |
3 |
4 |
6 |
13 |
23 |
12 |
ҚазҰУ Хабаршысы. Биология сериясы |
2 |
6 |
4 |
12 |
17 |
13 |
ҚазҰУ хабаршысы. Журналистика сериясы |
5 |
5 |
2 |
12 |
42 |
14 |
ҚазҰУ Хабаршысы. Экология сериясы |
- |
7 |
3 |
10 |
0 |
15 |
Қаз ҰУ Хабаршысы. Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық сериясы |
- |
4 |
5 |
9 |
0 |
16 |
Chemical Bulletin of Kazakh National University |
- |
1 |
5 |
6 |
0 |
Барлық саны, пайыздық үлесі |
70 |
75 |
69 |
214 |
32,7 |
Кесте 2. ҚазҰУ Хабаршысы сериялық журналдарында (№2; 3, 2022ж.) жарық көрген мақалалардың қазақ тіліндегі үлесі.
Зерттеу университеті болып табылатын ұлттық университеттің қазақ тілінде жарық көретін мақалаларының пайыздық үлесі 50%-дан төмен болуы оның ғылым тілі ретінде белсенді емес екендігін көрсетеді. Егер де филология, тарих, география, шығыстану серияларын алып тастасақ, басқа сериялардағы мемлекеттік тілде жарық көрген мақалалардың пайыздық көрсеткіші 21,4%-ды құрайды. Тіпті қазақ тілінде бір де бір мақала жарияланбаған журнал сериялары да кездеседі.
Төменде басқа да университеттің Хабаршыларында (Университет еңбектері) [1] мемлекеттік тілде жарық көрген мақалалар бойынша жасалған талдауды ұсынып отырмыз.
№ |
Басылымның атауы |
Ғылыми бағыты |
Қаз. |
Ор. |
Ағ. |
Бар. |
% |
1 |
«Ғылым мен Денсаулық Сақтау» |
Cемей медицина университеті |
4 |
13 |
14 |
32 |
12,5 |
2 |
«Проблемы агрорынка» Қазақ аграрлық-өнеркәсіптік кешенінің экономикасы және ауылдық аумақтарды дамыту ғылыми-зерттеу институты |
Экономика ғылымдары |
7 |
10 |
4 |
21 |
33 |
3 |
«Тұран» университетінің хабаршысы |
Экономика ғылымдары |
8 |
15 |
17 |
30 |
27 |
4 |
«Университет еңбектері» Қарағанды техникалық университеті |
Машинажасау, Энергетика және автоматика, Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, Жоғары мектеп педагогикасы
|
13 |
29
|
13 |
55 |
17 |
5 |
Алматы технологиялық университетінің хабаршысы |
Тамақ өндірісі |
18 |
13 |
10 |
41 |
44 |
Кесте 3. ҒСҚК бекіткен кейбір журналдардағы (№2, 2022ж.) мемлекеттік тілдегі мақалалар үлесі.
Мемлекеттік тілдің ғылымның барлық саласында үстемдік құруы үшін қазақ тіліндегі терминдердің жүйеленіп, бірізділендірілуі маңызды мәселенің бірі екені сөзсіз. Осы орайда «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының мамандары әзірлеген Терминком сайтының https://termincom.kz/termins базасында да 379 465 термин тіркелген, оның 31 611 термині Мемлекеттік терминология комиссиясының 1971-2020 жылдар аралығында бекіткен терминдер мен атаулар болып табылады. Терминдерді бекіту аталған зерттеу орталығы Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Республикалық терминология комиссиясында қаралатын терминдерді қалың көпшілік қауымға сайт арқылы талқылауға ұсынылады; Мемлекеттік комиссия мүшелері оған өз пікірлерін білдіріп, дауыс береді және талқылау негізінде бекітіледі. Оған дейін сайтта сол терминнің толық сипаттамасы мен басқа тілдердегі баламалары және нақты ұсыныс беріледі. Мысалы, «герметикалық» деген термин жөнінде мынадай мәліметтер ұсынылады: Саласы: Этимологиясы; Дефинициясы 1. Қымтаулылық – қабықтың (корпустың), оның жекелеген элементтері мен қосылыстарының қымтаулылығы, қабілеттілігі осы қабықпен бөлінген орталар арасындағы газ немесе сұйықтық алмасуына кедергі жасайды. Басқа да тілдердегі баламалары: 2. Әзербайжан: germetiklik; 3. Қырғыз: мүнөздүү импеданстар; 4. Өзбек: sızdırmazlık; 5. Түрік: sızdırmaz; 6. Ағылшын: tightness; 7. Испан: estanqueidad; 8. Неміс: Dichtheit; 9. Француз: étanchéité. 10. Бекітілген нұсқасы: герметичность – қымтаулылық (2015 жылғы 6 қазан); 11. Заңнамадағы қолданысы: герметикалық; 12. Бұл термин 1995 жылы «герметичность – қымтаулылық» деп бекітілген. Заңнамада «герметикалық» деген қолданысты кездестіреміз. Берілген мағынасын, бекітілген терминді негізге ала отырып, «герметикалық» деген нұсқаны ұсынамыз [3]. Демек бір терминнің өзі осы салада қызмет етіп жүрген мамандардың тынбай ізденіп, оның дефинициясын анықтап, туыстас түркі тілдерімен қатар басқа да үндіеуропа тілдеріндегі баламаларын көрсетіп қана қоймай, оның салалық қолданысына назар аударып, осыған дейін де бекітілген нұсқасын негізге ала отырып, комиссия мүшелеріне және салалық терминдерге қызығушылық танытатын мамандарға және көпшілікке ұсынып отыр. Осылайша әрбір термин орасан зор еңбек, ізденістің арқасында, осы саланың ғалымдарының қызу талқылап, бір шешімге келуінің арқасында бекітіледі. Бірақ акад. Ш. Құрманбайұлы айтқандай, «Ғылым мен техниканың сан түрлі салаларында еңбек етіп жүрген білікті ғалымдарымыздың өз еңбектерін ана тілінде жазбауы ғылым тілінің өркендеуіне, қазақ терминологиясының ұлттық сипатқа ие болуына көмектесіп отырған жоқ» [4; 41]. Мұндай жағдайда мемлекеттік тілдегі терминдердің қолданысы, қазақ тілін ғылым тіліне айналдыру мәселесі бос сөз ретінде қала бермек. Сондықтан осы мәселе бойынша нақты нәтиже шығару Ғылым және жоғары білім министрлігі тарапынан мынадай талаптар қойылуы керек деген ұсынысымыз бар:
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: