ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ БУДАН ТЕРМИНДЕРДІҢ ЗЕРТТЕЛУІ

ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ БУДАН ТЕРМИНДЕРДІҢ ЗЕРТТЕЛУІ
Мақалада қазіргі қазақ тіліндегі будан терминдердің зерттелу деңгейі мен олардың тілдік жүйедегі рөлі талданады. Будан терминдер – бір тілдің төл элементтері мен шет тілдік кірме компоненттерден құралған аралас құрылымдар. Қазақ тілінің ғылым, техника, мәдениет салаларында шет тілдік ықпалдың күшеюі будан терминдердің кеңінен қолданылуына әкелді. Зерттеуде будан терминдердің жасалу үлгілері, олардың түрлері мен қалыптасу жолдары қарастырылып, қазақ тіліндегі қолданыс ерекшеліктері көрсетіледі. Сонымен қатар, будан терминдерді зерттеуге қатысты әртүрлі ғылыми көзқарастар мен олардың анықтамасындағы қарама қайшылықтар сараланады. Түйін сөздер: кірме сөздер, тілдік будандастыру, будан термин, терминология.

Қазіргі қазақ тілінің сөздік құрамымен терминологиялық жүйесі будан терминдермен күн сайын толығуда. Ғылым мен техниканың дамуы, жаңа ұғымдармен атаулардың шет тілінде пайда болуы қазақ терминологиясының гетерогенді сипат алуына алып келді. Қазіргі инновациялық технологиялар байланысты терминдік атаулар шет тілінде жасалатындықтан, ол ұғымдар қазақ тіліне енгенде лексикологияның не кірме қабатын, не будан қабатын толықтырады. Ғалым Ә. Қайдар «Терминдерді қазақ тілінде жасау және енгізу көбінесе мерзімді баспасөз, мектептермен жоғары оқу орындарына арналған оқулықтар, терминологиялық сөздіктер, арнайы және ғылыми әдебиеттер арқылы жүзеге асырылады. Қазақ сөздерінің негізінде жасалған ғылыми терминдердің көпшілігі белгілі бір дәрежеде орыс тілінің терминологиялық модульдерінің ізін қалдырады», - деп бағалайды [1; 174]. Сонымен қатар Ә. Қайдар префикстар мен термин бөлшектері жайлы: егер халықаралық терминдер болса, дәл сол күйінде (орыс тілдегі нұсқасы, мысалы: реконструкция, синхрония, контрреволюция), ал орыс тілімен келсе, орыстілді бөлігінің қазақ тіліне аударылатындығын айтады (мысалы, автотиегіш «автогрузовик», автосауыт «автопоилка», авторучка «автоқалам».

-изация, -ация суффикстері қазақтың -лау/-леу, -дау/-деу, -тау/-теу және - ландыру/-лендіру, -тандыру/-тендіру беріледі: амальгамалау «амальгамация», коагуляттау «коагуляция», автоматтандыру «автоматизация», газдандыру «газафикация», электрлендіру «электрофикация» және т.б.; Кейбір халықаралық және орыс кірме терминдері қазақ жұрнақтарымен келтіріліп қолданылады. Мысалы, алгебралық символика «алгебраическая символика», бинантты электрометр «бинантный электрометр», совет мемлекеті «советское государство» және т.б. Осы тұста бір бөлігі кірме, бір бөлігі төл морфемадан тұратын будан сөздер туралы А.Р.Кошекова: «Будан сөз жасау – қазіргі тілдердегі нағыз тренд», – деген пікір айтады [2; 91]. Құрамында кірме бөліктің болуына қарамастан, будан терминдердің жасалуы – тілдің өзінде болатын ішкі процесс. Сондықтан олар тілде өзінше дамып, өздігінше қалыптасқан. Сәйкесінше, будан терминдердің қайсыбір тілде болмасын өзіндік ерекшеліктері болады. Бұл ерекшеліктер будан терминдер құрамындағы екі тілдің генеологиялық, типологиялық сипатына да, графикалық ерекшеліктеріне де, тарихи дамуында да байланысты. Сол себепті қазақ тіліндегі будан терминдердің өзіндік бағытымен сипатының болуы – заңды.

2014 жылдардан бастапқазақ терминологиясындабудан терминдер мәселесі өз алдына жеке зерттеу нысанына айнала бастағанын айтуымыз керек. Будан терминдер туралы зерттеулер едәуір қарқынды түрде жүрді.

«Будан терминдерге» анықтама беріліп, оларға мысалдар келтіріліп, талданады. Мысалы, «Будандастыру» және «будан термин» ұғымдарына келетін болсақ, көптеген отандық ғалымдар, олардың ішінде Ш.Құрманбайұлы [3], Г.Н.Күзембаева [4; 155], А.Р.Кошекова [2; 91], Ж.К.Нурмахова [5; 73] будандастыруды төл және кірме элементтердің қосылуынан тұратын сөзжасам әдісі деп санайды, ал будан терминдер – бұл екі тілдің компоненттерінің қосылуынан туындайтын бірліктер, немесе басқаша айтқанда номинация деген анықтама ұсынады. Ш. Құрманбайұлы:

«Будан атаулар санының бірден артуының лингвистикалық, экстралингвистикалық себептерін анықтап, олардың жасалу жолдарын, мағыналық және құрылымдық ерекшеліктерін көрсету өте маңызды іс» екендігін айтады [3; 766] Ал Б.Момынова будан терминдер санының артуын келесідей себептермен түсіндіреді: «Олар: а) ғылым мен техникалық жаңалықтардың өзге елдерде ашылуы, көп болуы; ә) тілдері донорлық дәрежеге жеткен елдерде қоғамдық-саяси өзгерістердің болуы және қоғамдық-саяси жаңалықтардың сол елдердің үлгі-моделіне салынуы, үлгіге алынуы; б) сол елдердің экономикалық басымдығының болуы; в) жазудың және жазудың негізгі қаруы саналатын әдеби тіл рөлінің артуы; г) жазудың көмегіне сүйенетін жазба коммуникацияның күшіне енуі» [6; 16]. Сонымен қоса ғалым будан терминдердің келесідей модельдерін ұсынады:

1.       Кірме түбір + төлтілдік қосымша,

2.       Төлтілдік түбір + кірме қосымша. Күрделі сөздер құрылымы бойынша:

1.       Кірме түбір + төлтілдік негіз,

2.       Төлтілдік түбір + кірме түбір,

3.       Кірме негіз + кірме түбір [6; 18].

Біз бұдан қазіргі қазақ тілінде пайда болып, қолданыста жүрген будан терминдердің үлгісін көре аламыз. Мұндай үлгілерді этимологиялық-құрылымдық тұрғыдан талдасақ, мұнан да ауқымды нәтижелерге қол жеткізуге болады. Ал А.Р.Кошекова өз зерттеуінде будан терминдердің қазіргі қазақ тілінде екі негізгі түрінің бар екендігін айтады. Олар: туынды будандар және будан композиттер. Сондай-ақ контаминанттар, дериваттардың да тілде жиі кездесетінін айтады [2; 91].

С. Құлманов будантерминдердің 2014 жылғы терминологиялық сөздіктер топтамасының сапалық, сандық-пайыздық көрсеткішін анықтайды [7].

 

Сөздіктің атауы

гибрид терминдер, пайыз

барлығы, пайыз

<!-- [if !supportLists]-->1.      <!--[endif]--> 

Физика және астрономия

2592 (15,20%)

17055 (100%)

<!-- [if !supportLists]-->2.      <!--[endif]--> 

Математика

118 (0,50%)

23781 (100%)

<!-- [if !supportLists]-->3.      <!--[endif]--> 

Информатика және есептеуіш техника

407 (1,97%)

20619 (100%)

<!-- [if !supportLists]-->4.      <!--[endif]--> 

Механика және машинатану

240 (1,27%)

19035 (100%)

<!-- [if !supportLists]-->5.      <!--[endif]--> 

Энергетика

370 (1,79%)

20702 (100%)

<!-- [if !supportLists]-->6.      <!--[endif]--> 

Электроника, радиотехника және байланыс

2421 (9,67%)

25034 (100%)

<!-- [if !supportLists]-->7.      <!--[endif]--> 

Машинажасау

225 (1,42%)

15243 (100%)

<!-- [if !supportLists]-->8.             <!--[endif]--> 

Көлік және қатынас жолдары

256 (1,36%)

18813 (100%)

<!-- [if !supportLists]-->9.             <!--[endif]--> 

Сәулет және құрылыс

1290 (5,98%)

21585 (100%)

<!-- [if !supportLists]-->10.      <!--[endif]--> 

Статистика, стандарттау және зияткерлік меншік

352 (1,47%)

24106 (100%)

<!-- [if !supportLists]-->11.      <!--[endif]--> 

Әскери іс

405 (1,44%)

28240 (100%)

<!-- [if !supportLists]-->12.      <!--[endif]--> 

Химия

650 (2,85%)

22789 (100%)

<!-- [if !supportLists]-->13.      <!--[endif]--> 

Биология

213 (0,80%)

26598 (100%)

<!-- [if !supportLists]-->14.      <!--[endif]--> 

Медицина

121 (0,49%)

25100 (100%)

<!-- [if !supportLists]-->15.      <!--[endif]--> 

Ауыл шаруашылығы

218 (1,07%)

20321 (100%)

<!-- [if !supportLists]-->16.      <!--[endif]--> 

Су шаруашылығы

228 (0,99%)

23026 (100%)

<!-- [if !supportLists]-->17.      <!--[endif]--> 

Экология

234 (1,14%)

20613 (100%)

<!-- [if !supportLists]-->18.      <!--[endif]--> 

Кен ісі жәнеметаллургия

870 (4,38%)

19888 (100%)

<!-- [if !supportLists]-->19.      <!--[endif]--> 

Геология, геодезия және география

3462 (13,50%)

25634 (100%)

<!-- [if !supportLists]-->20.      <!--[endif]--> 

Жеңіл және тоқыма өнеркәсібі

146 (0,77%)

18860 (100%)

<!-- [if !supportLists]-->21.      <!--[endif]--> 

Тамақ өнеркәсібі және тұрмыстық қызмет

215 (0,81%)

26804 (100%)

<!-- [if !supportLists]-->22.      <!--[endif]--> 

Философия және саясаттану

120 (0,61%)

19768 (100%)

<!-- [if !supportLists]-->23.      <!--[endif]--> 

Тарих

47 (0,27%)

17620 (100%)

<!-- [if !supportLists]-->24.      <!--[endif]--> 

Педагогика және психология

209 (0,87%)

24021 (100%)

<!-- [if !supportLists]-->25.      <!--[endif]--> 

Мәдениет және өнер

706 (2,85%)

24764 (100%)

<!-- [if !supportLists]-->26.      <!--[endif]--> 

Әдебиет және лингвистика

18 (0,07%)

28536 (100%)

<!-- [if !supportLists]-->27.      <!--[endif]--> 

Экономика және қаржы

164 (0,63%)

23080 (100%)

<!-- [if !supportLists]-->28.      <!--[endif]--> 

Ісжүргізу және мұрағат ісі

185 (0,77%)

23306 (100%)

<!-- [if !supportLists]-->29.      <!--[endif]--> 

Заңтану

146 (0,50%)

29659 (100%)

<!-- [if !supportLists]-->30.      <!--[endif]--> 

Дене тәрбиесі және спорт

170 (0,65%)

26135 (100%)

 

Барлығы

16798 (2,47%)

680745 (100%)

 

Сонымен қатар С. Құлманов будан терминдерге құрамын төмендегідей терминдерді жатқызады:

•        а) шет тілінің сөзімен орыс тілі сөзінің бірігуі арқылы жасалған күрделі терминдер: газ-разрядтық, нөл-заряд, разрядты-модульді, фактор- пространство, автопойыз, фабрика-зауыт, креп-сәтен, жирочек, жирошот, контршот, меморандум-шот және т.б.;

•        ә) шет тілінің сөзімен қазақ тілі сөзінің бірігуі арқылы жасалған күрделі терминдер: автобелсендіру, электр қозғалтқыш, альфа-бөлшек, амплитудалық-жиілікті, атомдық-күштік, атомтәрізді, газ сіңіргіш, радиобөгеуіл, детектор-қармағыш, наноаспап, ультракүлгін, псевдосызықты, саналымды-аддитивтік, фактор-өлшем, әріпті- цифрлық, кулисалы-сырғақты, автомобиль-тонна-күн және т.б.;

•        б) қазақ тілінің сөзімен шет тілінің сөзінің бірігуі арқылы жасалған күрделі терминдер: ұзақ периодты, асқын галактика, ауа-реактивті, бейстанционарлық, бір компоненттік, сұйық фазалық (жидкофазный), төрт тактілі, шартты-периодты, іш алгебра (подалгебра), коммутаторлы-үлестіру, жиіліктік-импульстік, кернеу-деформация, талшықты-оптикалық, бейстационар, бейполярлы және т.б.;

•        в) қазақ тілінің сөзімен орыс тілінің сөзінің бірігуі арқылы жасалған күрделі терминдер: бір зарядтық, бір өстік, айнымалы-токтық және т.б.;

•        г) орыс тілінің сөзімен шет тілінің сөзінің бірігуі арқылы жасалған күрделі терминдер: шот-фактура және т.б.;

•        ғ) орыс тілінің сөзімен қазақ тілінің сөзінің бірігуі арқылы жасалған күрделі терминдер: төлкелі-дөңгелекті, ми нағыздығы, атаславян, славянтану және т.б.;

•        д) орыс тілінің сөзімен орыс тілінің сөзінің бірігуі арқылы жасалған күрделі термин: тепловоз, тепловизор және т.б. [7; 57-58].

Көрсетілген мысалдардан байқағанымыздай, ғалым будан терминдерде төл тілдік элемент тұрғысынан емес, генотиптері тұрғысынан қарайды. Осы көзқарастың бір көрінісін қазіргі жас ғалымдардан да байқауға болады. Б. Кеңес кірме сөздердің енген тілдеріне қарай типологиялық тұрғыдан будан терминдерді түрлерге жіктеу болатындығын, грек-латын, грек-латын-қазақ, ағылшын-қазақ, француз-қазақ, араб-қазақ, грек-араб, грек-араб-қазақ, парсы- грек-қазақ, парсы-латын-қазақ, грек-парсы, латын-парсы, парсы-қазақ түбірлерінің және жалғауларының бірігуі арқылы будан терминдер жасалатындығын айтады [8; 179].

Бүгінде ақпараттық-технологиялық заманда будан терминдер электрондық базасына жасақталды. Атап айтсақ, ғаламтор желісіндегі «Termincom.kz» ғылым, білім, техникамен экономика, қоғамдық-әлеуметтік өмірдегі термин сөздердің бірыңғай республикалық терминологиялық электронды базасында мониторинг бөліміне будан терминдердің тізбесі (батырмасы) берілген. Әрине, бұл тізім әлі де өңдеуді қажет етеді. Десе де, қазіргі қолданыстағы будан терминдерді іріктеп, теріп, олардың әр ғылым саласындағы қолданысын қарастыру осы бағыттағы жұмыстардың қолға алынып жатқандығын білдіреді. Аталған мониторингте терминдердің қай салада қолданылатындығы, құрылымы, шығу тегі, бекітілген жылы бойынша таңдалым берілген. Қазіргі таңда 1971-1981 жылдары бекітілген терминдер енгізілген [9].

Құрылымы бойынша түбір, туынды, күрделі, қысқартулар, тіркесті терминдермен қатар сипаттамалы, ұлт тілін негізінде, гибрид (будан), кірме, жалғау жұрнағы ғана ұлттық, ұлт тіліне икемделіп алынған деп жіктеледі.

Біз зерттеу жұмысымыздың негізінде осы ізді жалғай отырып, будан терминдерді іздеуге арналған телеграм-бот жасадық. Бұл – сұралған будан терминдер жайлы ақпарат беруге арналған «Телеграм» әлеуметтік желісіндегі авторлық чат-бот (құрастырған және жасаған А.Н.Ахмет) [10]. Қазіргі таңда будан терминдер тізбесі енгізіліп, толықтырылуда. Кірме бөлігінің этимологиясы туралы ақпарат берілген және мысалдар келтірілген.

Қорытындылай келе, бір топ ғалымдар будан терминдерді екі немесе одан да көп тілдің элементтері қосылған сөздер ретінде қарастырады, ал басқалары будан терминдерді тек бір тілдің негізінде жасалған кірме элементтермен байланысқан сөздер деп түсінеді. Бұл будан терминдерді түсіндіруде ортақ критерийлердің болмауы ғылымда қарама-қайшылықтарға алып келеді. Осыдан, будан терминдерді анықтауда және жіктеуде әртүрлі көзқарастарды талдап, олардың бірізді моделін жасау қажет. Ортақ ғылыми ұстанымның қалыптасуы будан терминдердің тілдік жүйедегі орнын нақтылап, олардың зерттелуіне бірегей әдістемелік негіз болады.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.       Қайдар Ә. Қазақ тілінің өзекті мәселелері: Актуальные вопросы казахского языка. - Алматы: Ана тілі, 1998. - 304 бет.

2.       Кошекова А.Р. Современные словообразовательные тенденции казахского языка / Весник Кокшетауского государственного университета им. Ш.Уалиханова. Серия Филологическая. – 2018. – №1

(1). – С. 89-94.

3.       Құрманбайұлы Ш. Қазақ терминологиясы: зерттеулер, оқулық, сөздік, библиография. Алматы, 2014. - 952 бет

4.       Кузембаева Г.Н. Проблемы заимствованных слов в казахском языке / Вестник Института законодательства и правовой информации Республики Казахстан, – 2018. – №4 (53). – С.151-154

5.       Нурмахова Ж.К. Вопросы терминообразования / Global Science and Innovations: Central Asia. – 2021. – № 3(9). – С. 71-76

6.       Құрманбайұлы Ш. Қазақ терминологиясы: зерттеулер, оқулық, сөздік, библиография. Алматы, 2014. - 952 бет

7.       Момынова Б., Әнесова Ү. Қазақ тіліндегі гибридтік сөздер (массмедия материалдары негізінде) / А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының «Тілтаным» журналы. 2019 №4.-14-20 бб.

8.       Құлманов С. Қазақ тілі терминологиялық қорының әлеуеті (сандық және сапалық көрсеткіштерді талдау) / Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы № 3(136)/2021. 50-62 бб.

9.       Кеңес Б. Қазақ тілінің ақпараттық технологиялар терминологиясындағы будан терминдер / Торайгыров университеті хабаршысы. ISSN 2710-3528 Филологическая серия. №3. 2023. - 169-180 бб.

10.     https://termincom.kz/

11.     https://t.me/Budan_termin_bot