"
набор - жыйма, коллекция - жыйда, коллекционер - жыйдашы, совокупность - жиынтық, сгруппированная (вещь) - топтама.
Бұның ішіндегі жыйда мен жыйдашы қазақта бұрыннан бар сөз және ол диалект емес, архаизмге айнала Толығырақ ...жаздаған жалпылама сөзжасамға бағынышты сөздер.
Бал+та, қолам+та, барым+та, сырым+та ... жый+да
Аружан Аль-Айдар, Ai-kerim Qojahmet
  • "Ғылыми, әдеби тілдік және тарихи тұрғыдан қарағанда қазақ тілі - түркі тілдерінің ішіндегі өте әсем, өте бай тілдердің бірі" деген қанатты сөз тегін айтылмаса керек. Бұл ретте айтқым келгені набор Толығырақ ...сөзін бір ғана жыйма аудармасымен беру жеткіліксіз. Мәселен, набор рабочей силы → жұмысшы жинау десек, набор студентов в институт → институтқа студенттер қабылдау болады. Ал компьютерный набор → компьютерлік терім, пояс с серебряным набором → күміс әшекейлі белдік, набор бессмысленных слов → мағынасыз сөздердің тізбегі болады. жиын мағынасында "набор данных → деректер жиыны" түрінде алынады. Сондықтан "набор - жыйма" нұсқасы тіліміздің байлығын көрсететін бір үлгі ғана

  • Енді коллекция - жыйда, коллекционер - жыйдашы сөзіне келейік. Ғ.Қалиев, О.Нақысбеков, Ш.Сарыбаев, А.Үдербаев авторлығымен «Арыс» баспасынан 2005 жылы жарық көрген "Қазақ тілінің аймақтық сөздігінде": Шығыс Қазақстанның Күршім, Тарбағатай Толығырақ ...өңірінде бұрынғы кезде алым-салық жинаушы адамды жыйдашы дегені, ал Алматы облысының Кеген, Нарынқол аудандарында Жыйдашы адам деп ұқыпты, жинақы адамды айтқаны жазылған. ф.ғ.д. Жанна Тектіғұл апайымыздың "Эволюция общетюркских аффиксов в казахском языке" атты монографиясында да" жыйдашы" деп алым-салық жинаушыны атағандығы туралы мәлімет бар. Коллекционердің бойында өз ісіне деген ұқыптылық та, жинақылық та бар екенін, сондай-ақ оның жыйған-тергені ерекшеленетінін ескерсек, көне сөзді жаңғыртып, жаңа мағына бергеннің артықтығы жоқ екені байқалады. Керісінше тілімізді байыта түседі.

  • Ai-kerim Qojahmet 3 жыл бұрын

    Терминнің түбірі қазақтікі болуы маңызды. Коллекция дегенше жыйдамыз дұрыс

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.

Барлық қатысушылар

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.