Ауропа сөздеріне келгенде де жоғары да көрсетілген өзгеру заңдарынан пайдалану керек. Жалпы құрылысына қарағанда араб – парыс сөздеріне пішкен заңдарымыз ауропа сөздеріне де жарайды, десек үлкен жаңылыс болмайды. Ауропа сөздеріне алғанда, қазақ тілінің ыңғайына қарай заң қою керек қой! Жат сөздің қайдан, қайсы елден , қайсы тілден келген болса да, мәселенің ең қиын жері де қазақ тілінің қисынын табу. Жат сөздердің тексерілуі қазақ тілінің қисынын табуға жәрдем береді. Жат сөздер бұл іске үлкен пайда беретүн материел. Бұл себептен біз мұнда жат сөздер мәселесіне үлкен мән беріп қарастырдық. Темемізге келіп, ауропа сөздеріне де араб -парыс қойылған принсіптерді қоймақ болfмыз. Ауропа сөздері де араб –парыс сөздеріндей өзгеруге тиіс. Бұл да қазақшаға қарай қойылған принсіп емес, барлық тілдерде жалпы заң. Пырансоздың «la station» деген сөзін түрік «стасион» деп орыс станция деп, қазақ ыстанса деп алып отыр.
Осылай болған соң аударма сөздері де белгілі бір жобамен өзгертіліп алынуы тиіс. Ауропа сөздерінің өзгеруі турасында сөз айтудан бұрын ауропа сөздерінің керек – керек еместігі турасында екі ауыз сөз айтып өту пайдалы болар. Ауропа сөздерінің керек болуы шамалы деген бір сыпыра жұрт бар. Бұлар өздері аз болса да ойлары залалды болған соң олардың жолын тексеру керек.Олардың сөзінің қорытындысы 1924 жылдың жазында Орынборда білім иелерінің жалпы жиналысында Міржақыптың айтқан тезистерінде қарағанды мынау болады: «Біз сөз іздегенде ең алдын қазақшаның өзінен іздейміз. Қазақшада керек мәнге сөз табылмаса бізге жақын тілдес түрік елдерінен іздейміз. Оларда табылмаса, ауропа сөзін аламыз». Бұл тезіске қарсы біз мынау тезісті қоямыз: «Біз термин іздегенде ең әуелі қазақшадан іздейміз. Қазақшада бізге керекті термин табылмаса, бізге жақын тілдес түрік елдерінен (араб-парыс емес) түрікше сөз іздейміз. Онан соң барып ауропасынан аламыз.
Жаңылыс болуына екі себеп бар: біздің мәдениет кеңес мәдениетімен бірге кетпек. Біздің алдымыздағы 50-60 жыл ішінде қазақ баласы орыс мектебін көрмей, жоғары білімді ала алмайды. Қазақ ауропаның өнер, білімін Мәскеу, Берлінсіз үйрене алмайды.
Арабта тума сөз жасау заңы қазақшаға еш жақын келмейді. Сондықтан бізде араб сөзінің көбеюінен қазақ тілі байымайды. Жаңа келген араб сөзінен жаңа сөз жасау қазақ тілінде өте қиын. Ауропа сөзін тілгенімізше бұзып,
жаңа сөз жасау жеп жеңіл. Оның үстіне тілдес елдереге барғанда араб –парыс сөзінен басқа сөз таба алмауымызға көзіміз жеткеннен осы жолды, осы принсіпті ұсұнып отырмыз. Сөздің қысқасы: білім ордасы ауропа терминдеріне араб –парысқа қарағанда кеңірек жол ашсын. Ауропа терміндеріне кеңірек жол ашылсын дегенде барлық ауропа елдеріне ортақ терміндерді ойлап айтамыз. Әйтпесе Абайдың өлеңдерінде ұшырайтын каталашка, здрау, мслешші сықылдылырына қазақшаның өзінде де әдемі сөз табылар.
Біздің ойлағанымыз: ентернасионал терминдер, ауропалық ортақ сөздері. Бөтен елдердің историесінде мұндай тәжірибелер қылынған болса да, біз мәдениеті жас қазақ сол тәжірибеден үлгі алалмай жүрміз. Бұл мәселеде ой , сана бір жерге келіп біріккен жоқ.