"
ОФЛАЙН КОНФЕРЕНЦИЯ

Беделді етіс, шағыс етіс, дүркінді етіс, өсіңкі етіс. Етістің осындай түрлерін есітуіңіз бар ма?
Ереуіл рай, реніш рай, мұң рай, қайрау рай, азалы рай. Райдың бұндай түрлері де болғанын Толығырақ ...білдіңіз бе?
Морфология саласының бұл терминдерін ұсынған қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым – Ахмет Байтұрсынұлы.

Қазір академиялық еңбектердің барлығында етістің 4 түрі бар деп оқытылады. А.Байтұрсынұлы етістің 10 түрін ұсынған. А.Байтұрсынұлының еңбегінде септіктің 6 түрі көрсетілсе, А.Ысқақовтың еңбегінде көмектес септігі қоса берілген.

Ахмет Байтұрсынұлы:
АТАУ
ІЛІК
БАРЫС
ТАБЫС
ЖАТЫС
ШЫҒЫС

Ахмеди Ысқақов:
АТАУ
ІЛІК
БАРЫС
ТАБЫС
ЖАТЫС
ШЫҒЫС
КӨМЕКТЕС

Міне, осындай морфология саласы терминдерінің шығу төркіні, олардың пайда болу жолдары туралы айтылатын дәрісімізді termincom.kz сайтында Алаң бөлімінде «Морфология саласы терминдерінің ұлттық сипаты» атты офлайн-конференцияны қарауға шақырамыз.
Дәрісті оқушы: Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ғылыми қызметкері, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 1-курс докторанты Айгерім Қожабекқызы Қожахмет.

Дәріс 19 сәуір 2021 жылы termincom.kz сайтында, ютуб каналда, әлеуметтік парақшаларда жарияланады.

Тіл білімі саласында білім алып, ізденіп жүрген оқырмандар мен ғалымдарды, осы салаға қызығушылық танытатын баршаны офлайн-конференцияны қарауға шақырамыз. Өз ой-пікірлеріңізді ортаға салып, пікір қалдыруларыңызға болады. Сіздерден кері байланыс күтеміз.
Итеғұлова Сая Ағанасқызы
  • Тақырыбы тартымды екен. Көп мағлұмат болады деп сенемін

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.

Барлық қатысушылар

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.