Бекітілген терминдерге шолу

Бекітілген терминдерге шолу

Бекітілген терминдер материалдарының жалпы сипаттамасы: Ұсынылған терминдер реттік нөмір қойылып, әр жылдарға бөлініп көрсетілген. Әр жылдары бекітілген терминдер ішінара тақырыптық топтарған бөлінген.

Бекітілген бірліктердің үлес салмағы: 1971-2017 жылдар аралығында Республикалық мемлекеттік терминологиялық комиссиясы жалпы саны 21000 лексикалық бірлікті бекіткен. Олардың ішінде термин сөздермен бірге сөз тіркестері, Министрлік құрылымдары мен басқа да Республикалық немесе халықаралық ұйымдардың атаулары және қысқарған сөздер бар. Нақтырақ айтқанда, терминдер мен сөз тіркестерінің саны – 21000, Министрлік құрылымдары мен басқа да Республикалық немесе халықаралық ұйымдардың атаулары – 332, қықарған сөздер – 372.

Бекітілген бірліктердің пайыздық көрсеткіштері

Бекітілген бірліктердің жылға шаққандағы саны: 1971-1981 жылдар аралығында – 2748, 1990 жылы – 79, 1991 жылы – 0, 1992 жылы – 48, 1993 жылы – 0, 1994 жылы – 0, 1995 жылы – 486, 1996 жылы – 0, 1997 жылы – 2, 1998 жылы  – 377, 1999 жылы – 391, 2000 жылы – 113, 2001 жылы – 0, 2002 жылы – 103, 2003 жылы – 1009, 2004 жылы – 588, 2005 жылы – 816, 2006 жылы – 2114, 2007 жылы – 281, 2008 жылы – 60, 2009 жылы – 22, 2010 жылы – 44, 2011 жылы – 49, 2012 жылы – 0, 2013 жылы – 342, 2014 жылы – 164, 2015 жылы – 3160, 2016 жылы – 5004, 2017 жылы –  терминдер (терминдер деп көрсеткеніміз шартты). Жоғарыда айтып өткеніміздей бұл көрсетілген сандардың ішінде жай сөз тіркестері мен қысқарған сөздер және Министрлік құрылымдары мен басқа да Республикалық немесе халықаралық ұйымдардың атаулары да қамтылған) бекітілген.

Талдау материалдары негізінде 1991, 1993,1994,1996, 2001, 2012 жылдары терминдер мүлдем бекітілмегендігін байқаймыз. Терминологиялық комиссия жұмыс жасаған жылдар аралығындағы жоғарғы көрсеткішті 2006 жыл құраса (2114 бірлік), ең төменгі көрсеткіш 1997 (2 бірлік) жылда байқалады.

Сала терминдерінің үлестік пайызы: Талдау жасауға ұсынылған бірліктер ішінара төмендегідей тақырыптық топтарға бөлінген: Медицина; Физика; Математика; Жер туралы ғылымдар және металлургия; Жалпы техника және инженерлік ғылымдар; Ісқағаздары; Әскери терминдер; Заң; Астрономия; Геология және Тау-кен ісі;  Химия; Биология; География; Ауылшаруашылығы; Әдебиет, тіл білімі, өнер; Экономика; Тарих; Құқықтану; Мемлекеттік сатып алу саласындағы қызымет бабында қолданылатын терминдер; Өртке қарсы қызмет бабында қолданылатын терминдер; Тіл білімі; Әдебиеттану; Қазақстан теміржолы ұлттық компаниясы акцонерлік қоғамы ұсынған терминдер; Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ұсынған терминдер; Кредит; Банк; Сақтандыру; Бұхгалтерлік есеп және есеп-қисап; Қаржы бақылау және аудит; Халықаралық қаржы және валюта-несие қатынастары; Сыртқы экономикалық қызмет; Кәсіптік бағалау; Ақпараттық технологиялар саласындағы терминдер; Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті терминдері; Телекомуникация және байланыс саласында қолданылатын терминдер; Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің терминдері; ҚР Президент Әкімшілігі Жалпы бөлімі ұсынған терминдер; Кеден саласы терминдері; Нотариалдық мәмілелерді жасау кезінде жиі қолданылатын терминдер; Статистика саласы терминдері; Индустрия, инновация саласындағы терминдер; Әртүрлі салада қолданылатын шеттілдерінен енген терминдер; Әскери бөлімшелер мен мекемелерінің атауы; Министрлік құрылымдары және басқа да Республикалық, халықаралық ұйымдар атаулары; Негізгі халықаралық, өңірлік және үкіметтік емес ұйымдардың атаулары; Қысқарған сөздер және т.б. Дегенмен де терминдер ғылымда бұлай жіктелмейтіндігі анық. Ең алдымен терминқордағы терминдер техникалық, жаратылыстану, қоғамдық деп бөлінетіндігі белгілі. Әрине жоғарыда келтірілген біршама тақырыптық топтар, мысалы, Медицина, Физика, Математика, Ісқағаздары, Заң, Астрономия, Химия, Биология, География, Ауылшаруашылығы, Әдебиет, Тіл білімі, Экономика, Тарих және т.б осы ірі-ірі 3 топтың құрамына енеді. Бұл тақырыптық бөлініс дұрыс. Ал терминқорды мынадай тақырыптық топтарға жіктеу орынсыз. Мысалы, Қазақстан теміржолы ұлттық компаниясы акцонерлік қоғамы ұсынған терминдер, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ұсынған терминдер, Ақпараттық технологиялар саласындағы терминдер, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті терминдері, Телекомуникация және байланыс саласында қолданылатын терминдер, Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің терминдері, ҚР Президент Әкімшілігі Жалпы бөлімі ұсынған терминдер, Кеден саласы терминдері, Нотариалдық мәмілелерді жасау кезінде жиі қолданылатын терминдер және т.б. Бекітілген терминқордағы терминдерді сұрыптау кезінде көрестілген тақырыптық топтардың шеңберіне сыймайтын, мүлдем өзге салаға қатысты терминдер легін жиі ұшырастырдық. Мысалы, 2006 жылғы 31 наурыздағы мәжілісінде «Ақпараттық технологиялар саласының терминдері» деген атаумен бекітілген терминдер тобы азатжол (тіл білімі), анимация (мәдениет және өнер), тұсқағаз (құрылыс), пернетақта (информатика) және т.б. секілді әртүрлі ғылымдардың төл терминдерінен құралған. Айтайын дегеніміз, сала терминдерінің үлестік пайызын көрсету қиындық туғызды. Дегенмен де біз берілген материалдардың әрқайсына жекелей тоқталып, шамамен мынадай қорытынды шығардық:

Бекітілген сала терминдерінің сандық көрсеткіштері

Ғылым саласы

Бекітілген бірліктер саны

1

Экономика

3672

2

Ісқағаздары және мұрағат ісі

2344

3

Заң және құқықтану

2223

4

Көлік және қатынас

2183

5

Медицина

2065

6

Электроника, радиотехника және байланыс

906

7

Химия

710

8

Тіл білімі

683

9

Механика және машинатану

682

10

Философия және саясаттану

628

11

Геология, геодезия, география

469

12

Әскери іс

462

13

педагогика-психология

450

14

Әдебиет

422

15

Математика

422

16

Инновация, индустрия

411

17

Ауылшаруашылығы

246

18

Баспа және кітапхана ісі

182

19

Информатика және есептеуіш техника

181

20

Физика және астрономия

164

21

Энергетика

177

22

Биология, зоология

145

23

Тарих

144

24

Мәдениет және өнер

143

25

Сәулет және құрылыс

74

26

Тамақ өнеркәсібі және тұрмыстық қызмет

36

27

Статистика

30

28

Дене тәрбиесі және спорт

23

Жақын салаларға ортақ терминдердің сандық көрсеткіші 

Салааралық терминдер

162

Бекітілген бірліктердегі халықаралық терминдер мен төл терминдердің саны: Талдау жасауға ұсынылған материалдарда түбірі халықаралық терминдер немесе түбіргеқазақ тіліндегі жұрнақтар жалғану арқылы жасалған терминдер мен сөз тіркестері және ұйым атаулары біршама кездеседі. Сол себепті біз ұсынылған материалдарды халықаралық терминдер, құрамында бір немесе оданда көп халықаралық терминдері бар бірліктер және төл терминдер деп 3 топқа топтадық. Халықаралық терминдер: Абордаж, абсолюттік монархия, агностикалық позитивизм, акромонограмма, ареалдық лингвистка, библиография, машинка бюросы, волюнтаристік идеализм, генетикалық градация және т.б. Мұндай бірліктердің жалпы саны – 1163.

Құрамында бір немесе одан да көп халықаралық термин бар бірліктер: есептелетін функциялар, геометриялық кеңістік, транзитив етістік, радиобелсенді атом, атомдық сутек, полимердің төзімділігі, полимердің төзімділігі және т.б. Осы құрамдас бірліктердің саны – 2126. Төл терминдер: жанарғы, күйдіру аймағы, тотығу тежегіштері, ақсаз, жүзім қышқылы, мысты теміртас, белсенді бояғыштар, сүтсағыз және т.б. Олардың саны – 6547 бірлік.

Осы жерде бір ескерте кететін жайт жоғарыда халықаралық деп көрсетіп отырған бірліктердің көпшілігі шартты. Негізінен олар таңбалануы жағынан дәнекер тіл арқылы орыс тілінің стандартына салынып тілімізге енген терминдер. Олай дейтініміз, абстракция – латын тілінде abstractio, лекция – латын тілінде lectio, литота грек тілінде – litotes, актер латын тілінде – actor, баритон латын тілінде – baritono,    глоссарий латын тілінде – glossarium, идентификация латын тілінде – identifico, компьютер ағылшын тілінде – computer және т.б. деп таңбаланады. Егер осы терминдер дәнекер тілсіз  түпкі тілдегі түбір негізге сүйеніп, қазақ тілінің заңдылығына сәйкес таңбалау тетіктерін ескере отырып ұсынылса, тіліміздің мәртебесі артар еді деген ойдамыз. Өркениетті елдерде солай.

Бекітілген терминдердің қолданыс жиілігі: Заман талабына сай тәуелсіздік кезеңіне дейін бекітілген кейбір терминдер 1991 жылдан бастап қайта бекітілгендігін және осы сипаттағы басқа да себептердің әсерінен бүгінгі таңда терминдердің қолданыс жиілігі 85 пайызды құрайды деп шамалаймыз.

Бекітілген терминдердің актив және пассив қолданысы

Бөлімнің презентациясы