Биология және зоология саласында жиі қолданылатын кейбір терминдердің қазақ тіліндегі баламалары (таксондық дәрежелер қатары мен дәрежелер атаулары бойынша)

Биология және зоология саласында жиі қолданылатын кейбір терминдердің қазақ тіліндегі баламалары (таксондық дәрежелер қатары мен дәрежелер атаулары бойынша)
Мақалада қазіргі кезде биология ғылымы бойынша мектептерге, ЖОО-на арналған оқулықтар және әртүрлі басылымдардан шығып жатқан ғылыми еңбектер мен мақалалардағы тірі организмдерді жіктеу жүйесінде қолданыстағы таксондық дәреже қатарына және дәреже атауларына сараптама жасалынып, олардың жасалу жолдары мен ғылыми негізделген таксондық дәреже қатарының және таксондық дәреже атауларының қазақша жасалуы туралы мәселелер талданды. Терминология саласында осы күнге дейін жете зерттелмей келген қазақша биологиялық (жануарлар, өсімдіктер) жіктеу жүйесіндегі негізгі таксондық дәрежелер мен қосымша (аралық) дәреже қатарларының және дәрежелер атаулары қарастырылды.

Биноминалді (екіатау = түр атауы) атаудан жоғары тұратын қазақша таксондық дәрежелер қатарының орналасуы бойынша «туыстас» және «тұқымдас» атауларының мәні мен мағынасы таксондық дәрежелер қатарының қисынды орналасуы мен олардың атаулары нақтыланды: «түр = species = вид»; «тұқымдас = genus = род»; «туыстас = family = семейство»; «топ = ordо = отряд»; «тап = clasiss = класс»; «тек = phylum = тип»; «патшалық = kingdom = царство». Сонымен қатар, қолданыста жүрген биологиялық нысандардың ғылыми атаулары мен халықтық атаулардың (жәндіктер, көбелектер, қоңыздар және т.б.) ғылыми тілде қолдану ерекшеліктері көрсетілді.

Биология ғылымындағы тірі организмдердің жіктелу жүйесінде қолданылатын негізгі жалқы (униноминалды) таксондардың (тұқымдас, туыстас, топ, тап, тек және т.б.), морфологиялық ұқсастықтарына қарай біріктірілген, негізгі таксондық дәреже қатарынан жоғарғы тұратын, «жоғарғы аралық» (қосымша) және айырмашылықтарына қарай негізгі таксондық дәреже қатарынан төмен тұратын «төменгі аралық» (қосымша) дәреже қатарларының атаулары анықталды. Латын және орыс тілдерінде аралық (қосымша) жоғарғы дәреже қатарының атаулары super- (супер-), sub- (суб), над-, под- «предлогтарымен» жасалса, қазақ тілінде жоғарғы (қосымша) таксондық дәреже қатарының және негізгі дәреже қатарының атауына «ұластыруыш» элементтердің  – есімдіктен сын есім жасайтын -дас/-дес/-тас жұрнақтарын және -лар/-лер/-дар/-дер/-тар/-тер көптік жалғауларын жалғау арқылы зат есім жасалатыны; ал төменгі аралық (қосымша) таксондық дәреже қатарының және негізгі дәреже атауына -тармақ «құрастыруыш» сөзін қосу арқылы жасалатыны айқындалды.

Таксондық дәрежелердегі нысандардың атаулары «-өсімдік», «-жарнақ», «-тыныс-» (зат есімдер), «-мұртты», «-қанатты», «-аяқты», «-құйрықты», «тік-», «-қысқа» (сын есімдер), «-тәрізді» (модаль сөз) және т.б. «құрастыруыш» сөздермен бірге жазылатыны, -ты/-ді, -ші/-шы жұрнақтармен жасалатыны және қазақ тіліндегі жануарлар мен өсімдіктердің негізгі жоғарғы таксондық дәреже қатарларының, жоғарғы және төменгі аралық (қосымша) қатары атауларының құрылу ерекшеліктері нақтыланды.

Түйін сөздер: биология, атау, термин, таксондық дәрежелер.

 

Кіріспе

Бүгінгі күні биология ғылымының әртүрлі салалары бойынша (медицина, ботаника, зоология, микробиология және т.б.) сөздік қорымызға жаңа атаулар, терминдер көптеп қосылып отыр. Көп жағдайда, бұл атау (термин) ретінде қолданып жатқан тілдік бірліктердің этимологиясы зерттеліп, сараланып жатқан жоқ. Жалпы биология ғылымындағы іргелі және қолданбалы зерттеулерде қолданылатын, жануарлар мен өсімдіктерге қатысты жазылған оқулықтарда, сөздіктерде, монографияларда, анықтамалықтар мен мақалаларда «термин» деп аталып жүрген көптеген атаулар, биологиялық нысанның атуы ғылыми жағынан толық сипатталмай, жалпы халықтық атауларды (жәндіктер, қоңыздар, көбелектер және т.б.) жөн-жосықсыз ғылыми атау ретінде пайдаланып [1, 2, 3, 4, 5, 6] және орысша терминдерді (отряд, класс, тип, насеком және т.б.) қолдануды жалғастырып келеміз.

Көптеген биологиялық атаулардың (терминдердің) құрылымы мен жасалуында латын немесе қазақ тілдерінің терминжасам қағидаттары мен ұстанымдары, оған қоса «Халықаралық зоологиялық (ботаникалық) номенклатура кодексінің тәртібі» де сақталмағандығы «тайға таңба басқандай» көрініп тұрады. Мысалы, қазақ тіліндегі таксондық дәреже қатарының реттігінде, таксондық дәреже атауларын қолданылуында ғылыми қисынды бірізділік жоқ деуге болады: таксондық дәрежелер атауларының мәні мен мағынасына қарамай, реттік таксондық дәреже қатарының орындарын (туыстас = тұқымдас және т.б.) ауыстырып қолданып келеміз.

Биологиялық жоғарғы таксондардың дәреже қатарын анықтайтын ең кіші бірлік – түр (spesies) болса, осы «түр» бинарлы таксон бірлігін өзінен жоғары тұрған «туыстасқа» не «тұқымдасқа» жатқызамыз ба? Былайша айтқанда, «түрге» тұқымдас жақынба не туыстас жақынба? «Түр» аналық пен аталықтың тұқымынан пайда болмай ма? Олай болса, сөздің мағынасына қарай «түрден» жоғары «тұқымдас» таксондық дәреже қатары орналасу керек емеспе? Қазіргі шығып жатқан оқулықтар мен ғылыми әдебиеттерде көптеген халықтық атаулармен қатар, басқа да атаулардың қате қолданысы толып жатыр: «жәндіктер», «бунақденелілер», «Жетісу аяқтыбалығы» және т.б. (дұрысы: «Буынаяқтылар», «Бөжектер», «Жетісу мертікбалығы»). Осыған байланысты таксондық дәрежелердің қатары мен олардың атаулары мектепке және жоғарғы оқу орындарына арналған оқулықтарымызда, басқа тілде беріліп келеді: «тип» «отряд», «класс» және т.б. Бұл үрдіс жалпы тіліміздің шұбарлануы мен ғылыми тіліміздің жұтаңдануына әкеледі, сондықтан, атаулардағы сөздің мағынасына қарай қолдану арқылы биологиялық ғылыми тіліміздегі таксондық дәреже қатары мен дәреже атауларын қисынды (логикалық) бірізділікке келтіретін уақыт жетті және осы мәселеге байланысты зерттеулерді, филология және биология мамандары бірігіп, кеңінен жүргізгені дұрыс деп санаймыз. Биологиялық термин ретінде жоғарыда аталған атауларды, соңғы жылдары шыққан оқу құралдарының, сөздіктер мен ғылыми еңбектер мен мақалалардың мәтіндерінен көптеп кездестіруге болады [7, 8, 9, 10, 11, 12, 14, 15, 16]. Осы ретте жоғарыда аталған мәселелер бүгінгі күнде биология және филология ғылымдарындағы, терминология саласы бойынша өз кезегін күтіп тұрған өзекті мәселе деп есептейміз. Осы зерттеулеріміз арқылы болшақ ұрпақ  «Биологиялық жіктеу жүйесі» туралы білімін жетілдірілетіне сенімдеміз.

Зерттеу әдістері мен тәсілдері.

Биологиялық жіктеу жүйесіндегі тірі организмдердің таксондық дәрежелердің қатары және дәреже атауларын жасалу жолдарын зерттеу үшін латын және орыс тілдеріндегі жіктеу жүйесіндегі негізгі таксондық дәрежелер қатары мен жоғарғы және төменгі аралық (қосымшы) дәреже қатарының атауларының жасалу жолдарын [17, 18, 19, 20], олардың қазақ тіліндегі баламасын табу жасау үшін қазақ тілінің лексика-грамматикалық ерекшеліктерін негізге аламыз. Сонымен қатар биология ғылымындағы бүгінге дейін шыққан мақалалар, оқулықтар мен ғылыми жинақтардағы жануарлар мен өсімдіктердің жіктелу жүйесіндегі қолданылып жүрген негізгі таксондық дәреже қатары мен таксондық дәрежелердің атаулары жинақталып, олардағы атау ретінде қолданылған сөздің мағынасы, термин-сөздің этимологиясы мен жасалу жолдары ғылыми түрде зерделенді. Қазіргі кездегі қолданыстағы қазақша таксондық дәрежелердің қатары мен қосымша дәреже қатарының қисынды орналасуы, олардың ғылыми сипаттағы атаулары басты назарда болды. Тақырыпқа қатысты, латын және орыс тілдеріндегі таксондық дәрежелердің қатары мен қосымша дәреже қатарының атауларының этимологиясын зерттеу арқылы, қазақ тіліндегі көптеген дұрыс қолданылмай жүрген атауларды, сөздің мағынасы мен мәніне қарай, ғылыми түрде аудару және қолдану жолдары қарастырылды. Зерттеу қазақ тілінде ұсынылған негізгі және аралық (қосымша) таксондық дәрежелер қатарының атауларын латын және орыс тілдеріндегі атаулармен салыстыра отырып жүргізілді

Нәтижелер мен талқылаулар.

Кез келген өсімдік немесе жануар өзіндік болмыстық белгілері бойынша міндетті түрде биологиялық жіктеу жүйесіндегі таксономиялық дәреже қатарының біріне жатқызылып, сыртқы құрылысын ғылыми сипаттау арқылы жасалған халықаралық латын және ұлттық тілдердегі ғылыми атауға ие болуға тиіс. Жер шарындағы өсімдіктердің, жануарлардың, микроорганизмдердің және жойылып кеткен организмдердің құрылысының ерекшеліктеріне байланысты және бір-біріне ұқсастығына қарай, жоғарғы таксондық дәрежелердің жеті қатары (тұқымдас, туыстас, топ, тап, тек, патшалық, домен) анықталып, оларды халықаралық латын тілінде униноминалды (жалқы) және түрді екі атау (биноминалды) атаумен қабылданған [17, 18, 19]. Халықаралық «Биологиялық жіктеу жүйесінде» биологиялық жоғарғы таксондарды жіктеу жүйесін қалыптастыру, таксондық дәрежелер қатарын түзу ең кіші бірлік немесе түрді (species = вид) сипаттау және анықтау арқылы жүргізіледі. Жоғарғы және аралық таксондық қатар атаулары бас әріппен, түр атауы курсивпен жазылды.

Түр атауының жасалуы.

Жаңадан табылған, бірақ табиғатта бар, ғылымға атауы белгісіз болып келген организмдердің таксондық дәрежесінің ең кіші бірлігінің немесе түрдің атауын беру оның құрылысының ерекшелігіне қарай ғылыми сипаттама жасалғаннан кейін халықаралық зоологиялық (ботаникалық және т.б.) номенклатураның ережелеріне сай екі сөзден (биноминалді), бірінші тұқымдас атауы, екінші түрдің латын тілінде атауы немесе ұлттық тілдегі сөздер латын грамматикасына сәйкестендіріп беріледі. Түрдің атауынан кейін, сол түрді сипаттаған және атауды берген ғалымның аты немесе тегі жазылып, жылы көрсетіледі. Түр атауы әрқашан курсивпен латын тілінде жазылады (Pica pica Linnaeus, 1758 = Кәдімгі сауысқан) және халықаралық атау ғылыми тіл болып есептелінеді. Ұлттық тілде берілген атаулар халықаралық ғылыми тіл ретінде қолданылмайды және курсивпен жазылмайды.

Ботаникада «түр эпитеті», ал зоологияда «түр атауы» деп қабылданған. Ботаникалық және зоологиялық түр атауы атрибутты (анықтағыш) сөз тіркестерінен тұрады, бірінші болып, атау септігіндегі зат есімнің жекеше түрі немесе субстантивтелген сын есімнен (сын есімнің зат есімге айналған түрі) құралады. Түр атауы, әдетте, зат есім болады, кейде сын есім де болатын жағдайлар кездеседі және түр атауын латын тілінен қазақ немесе орыс тіліне аударғанда түрдің атауы тікелей сөзбе-сөз аударылып, қазақ тіліндегі түрдің атауына сәйкес келе бермейді, сондықтан төмендегі ерекшеліктерді есте сақтау керек:

1) nominatīvus (атау) септігіндегі Ctenocephălus canis түр атауын сөзбе-сөз аударғанда «Иттің бүргесі»,  қазақша түр атауының дұрысы «Ит бүргесі»; Dilīna tiliae – «Ымыртшы жөкенің» болып аударылса – «Жөке ымыртшысы» болып айтылады;

2) genetīvus (ілік) септігіндегі Panthēra leo түр атауын аударғанда сөзбе сөз «Қабылан арыстан», дұрысы   «Кәдімгі арыстан»; Rhinolŏphus rex – «Тағатұмсық король» болғандықтан, қазақ тілінің грамматикалық ерекшеліктеріне сәйкестендіріп, «Король тағатұмсығы» деп айтылуы керек.

Кейде түр атауын латын тілінен қазақ тіліне аударғанда, сол атаудың мағынасы берілмейді. Мысалы: түрдің атауы латыннан тікелей аударылғанда: мысалы, Hypoderma bovis атауының бірінші (тұқымдас ) сөзі Hypoderma«тері асты», екінші сөзі bovis – «сыйыр не бұқа» деген мағынаны білдіреді, сонда осы түр атауын латыннан сөзбе сөз қазақ тіліне аударғанда «тері асты бөгелек» болады, ал түрдің атауы қазақ тілінде – «Сиыр бөгелегі». Латынша тұқымдас атауы «hypoderma, ătis n» сөздік формасында берілсе, екінші тұрған, түр атауы ілік септігіндегі зат есімнен тұрады: «– bos, bovis m, – бұқа, сиыр. Түр латынша атауында, бірінші болып зат есім немесе сын есімнен зат есімге айналған (транслитерацияланған) тұқымдас атауы жазылады (Hypoderma – «тері асты») соңынан «bovis», түр атауымен аяқталады, қазақша екі сөзде зат есімнен, кейде – сын және зат есімнен тұрады, мысалы, «Кәдімгі қарағаш» (Ulmus laevis).

Латын тілінде кейбір түр атауларында «тұқымдас» сөзі қайталанады: Rattus rattus; сөзбе-сөз аударсақ – «егеуқұйрық – егеуқұйрық», ал қазақша түрдің нақты ғылыми атауы басқаша айтылады: «Қара егеуқұйрық»; сол сияқты Canis lupus сөзбе-сөз – «ит – қасқыр», қазақшалағанда «Кәдімгі қасқыр» болып түр атауына айналады. Сондықтан терминдерді латын тілінен аударғанда қазақ тілінің заңдылығы қатаң сақталуы керек.

Түр қасиеттерінің бірі – белгілі бір тіршілік жүйесіне қалыптасып тіршілік етуі. Негізгі жүйедегі түр формаларына: түрше (subspecies), экотүрше және олардың популяциясы жатады. Түрдің таралу (ареалы) аймағының әртүрлі бөлігіндегі тіршілік жағдайларына, абиотикалық және биотикалық әсерлеріне байланысты, олар морфологиялық немесе биологиялық (өсіп-өнуі мен маусымдық дамуы) өзгеріске ұшырағандықтан, «түр» сөзіне «-ше» жұрнағы жалғанып, «түрше» «подвид = subspecis) дәреже қатарының атауы жасалады. Оны кейде географиялық «нәсіл» деп те атауға болады.

Түршелер бір-бірінен тұрақты, бірақ көбінесе онша анық емес морфологиялық өзгеріске ұшыраған белгілері арқылы ажыратылады. Ал кейде олардың жылдық даму циклінде жақсы білінетін абиотикалық жағдайлардан болатын өзгерістерден де ажыратуға да болады. Түршенің дәреже атауын анықтау үшін «триналды» номенклатура немесе «үштік атау» пайдаланады. Мысалы, Кәдімгі қарағайдың Pinus silvestris L., 1753 30 астам экотүршесі: P. sylvestris var. Iapponica, P. sylvestris var. mongolica Litv.; Ұшпа шегірткенің (Locusta migratoria L.) бірнеше түршесі бар: Азиялық ұшпа шегіртке L. migratoria migratoria L., Орта ресейлік ұшпашегіртке – L. migratoria rossica Uv.et. Zol, Шығыс ұшпа шегіртке – L. migratoria manilensis Mey және т.б.

Түрдің сыртқы құрылысының ерекшелігін дәйекті түрде сипаттау арқылы олар жоғарғы таксондық дәрежелер қатарына біріктіріледі: түрлер – Тұқымдас (Genus = Род), бірнеше тұқымдас – Туыстас (Familia = Семейство), бірнеше туыстас – Топ (Ordo = Отряд (Порядок бот. = Қатар), бірнеше топ – Тап (Classis = Класс), бірнеше тап – Тек (Phylum = Тип (Divisio = Отдел = Бөлім бот.*), тектер – Патшалық (Regnum = Царство), патшалықтар Домен = Domen таксондық дәреже қатарын құрайды. Осы дәрежелерге жататын биологиялық нысанның атауы беріледі, мыс.: Қаттықанатылар = Coleoptera = Жесткокрылые (топ атауы); Гүлдіөсімдіктер = Magnoliophyta = Цветковые және т.б. Бұл жүйені жер шарын мекендейтін тірі организмдердің биологиялық жіктелу жүйесі деп атаймыз. Осылайша түр арқылы олардың жоғарғы таксондық дәрежесінің қатары анықталады.

Өздерінің құрылымы жағынан түрлер өзара тең емес. Түр күрделі кешенді тіршілік формалары бар популяция құрады және жер шарында кең тараған түрлерді кең таралған политиптік деп, ал таралуы шамалы ғана ареалмен шектелген, тек бірнеше, кейде бір ғана популяциясы бар, таралуы шектеулі монотиптік түрлер деп аталады. Политиптік түрге жоғарыда аталған Ұшпа шегірткені (Locusta migratoria L.), ал монотиптік түрге қанатсыз Дала арғымағы = Saga pedo (Тікқанаттылар = Orthoptera) түрін атауға болады.

Жоғарғы таксондық дәрежелер қатары және дәрежелер атаулары.

Табиғаттағы кез келген өсімдіктер, жануарлар немесе басқада организмдер, өздерінің дене құрылысының (морфологиялық) ерекшеліктеріне байланысты бір біріне ұқсастығы бойынша қисынды (логикалық) таксондық дәрежелер қатарын түзеді және олардың таксонық дәреже атаулары болады. 20-шы ғасырдың басында организмдердің түр құрамын және жіктелу жүйесін зерттеуші ғалымдар латын және орыс тіліндерінде биологиялық организмдердің сыртқы ұқсастығына байланысты биологиялық жіктеу жүйесінің, негізгі таксондық дәрежелердің қатары (regnum = царство, phylum = тип (divisio = отдел бот.*) classis = класс, ordo = отряд (порядок бот.), familia = семейство, genus = род), жоғарғы және төменгі аралық дәреже қатарлары: superphylum =  надтип, subphylum = подтип нақтыланды. Таксондық дәреже қатарларын анықтайтын организмдердің атаулары анықталды. Униноминалдық (жалқы) дәреже қатарының ең кіші дәрежесі тұқымдас (genus = род) [20, 21].

Тұқымдас (genus=род) атауы негізгі дәреже қатарының ең кіші дәрежесі, қазақ тілінде зат есімнің (лат. Nomen substantīvum) атау септігінің жекеше түрінде (nominatīvus singulāris) немесе сын есімнен (Nomen adjectīvum) зат есімге айналған сөздерден «Көк+нәр = Papaver, ĕris n»; немесе бірікке зат есімнен: «Алма+ағаш = Malus, i f»; зат есімнен, зат есім тудыратын жұрнақтардан: «Күн+бағ+ыс = Helianthus, i m» тұрады. Зат есімнен болған тұқымдас атауы: «Quercus, us f = Емен; Betŭla, ae f = Қайың», қазақ тіліндегі түр атауларында «субстантивтенген» сын есімнен кейін жазылады: Кәдімгі емен = Quercus robur = Дуб обныкновенный.

Латын тіліндегі термин жасаудың ережесі бойынша жануарлар мен өсімдіктердің тұқымдас атауы «feminīnum (f) = женский род» болады, қазақ тілінде біріккен сөздерден тұрады, мысалы: Алма + ағаш = Malus, i f; Ciconia = Ақ + құтан. Егер зат есімдегі, бірінші сөз дауысты дыбысқа аяқталса, екінші сөз дауысты дыбыстан басталса, онда екі дауысты бірігіп, бір дауысты болып айтылады және жазылады: Алма + ағаш = Алмағаш және т.б.

Көп жағдайда зат есімнен болған тұқымдас атауы түр атауында қайталануы кездеседі: Luscinia luscinia = «Бұлбыл бұлбыл» ал қазақша Кәдімгі бұлбұл, Pica pica = «Сауысқан сауысқан» Кәдімгі сауысқан. Бұндай атаулар «тавтонимдар» (грекше: to auto onyma – сол атау, аты сол, дәп өзі) деп аталады және тек зоология терминологиясында қолданылады. Тұқымдас және басқа да таксондық дәреже атауы әрқашан бас әріппен жазылады.

Біздің зерттеуміздің негізгі мақсаты бойынша, жануарлар мен өсімдіктердің жаңадан ұсынылып отырған биологиялық жіктеу жүйесіндегі жоғарғы таксондық дәреже қатарлары атауларының қазақ тілінде қисынды орналасуы мен олардың дәреже атауларын нақтылау үшін Жануарлардан (Animalia) Буынаяқтылар (Arthropoda) тегіндегі (Phylum=Тип) Бөжектер (Insecta=Насекомые) табынан (Classis = Класс) Ұшпа шегірткенің (Locusta migratoria L.) және Өсімдіктерден (Plantae) Гүлдіөсімдіктер (Magnoliophyta = Цветковые) бөліміндегі (Divisio = Отдел), Даражарнақтылар (Liliopsida) табына жататын Жұмсақ бидайдың = Triticum aestivum L. жіктелу жүйесінің келтірілді. Жалпыға түсінікті болу үшін үш тілдегі таксондық дәрежелер қатары мен таксондық дәрежедегі организмдердің атауы салыстырмалы түрде беріліп отыр (1-кесте).

 

1-кесте – Жануарлар мен өсімдіктердің негізгі жоғарғы таксондық дәрежелерінің қатары және дәрежедегі организмдердің атаулары

 

Таксондық дәрежелер қатарының атауы

Таксондық дәрежедегі организмдердің атауы

латынша

орысша

қазақша

қазақша

латынша

орысша

Domen

Домен

Домен

Эукариоттар

Eucaryota

Эукариоты

Regnum

Царство

Патшалық

Жануарлар

Animalia

Животные

Өсімдіктер

Plantae

Расте́ния

Phylum

Divisio

Тип жан.*

Тек жан.*

Буынайақтылар

Arthropoda

Членистоногие

Отдел бот.*

Бөлім (бот.)*

Гүлдіөсімдіктер

Magnoliophyta

Цветковые

Classis

Класс

Тап

Бөжектер

Insecta

Насекомые

Даражарнақтылар

Liliopsida

Однодольные

Ordo

Отряд жан.

Топ жан.

Тікқанаттылар

Orthoptera

Прямокрылые

Порядок бот.

Қатар бот.

Гүлдідәнділер

Poales

Злакоцветные

Familia

Семейство

Туыстас

Шегірткелер

Acrididae

Саранчовые

Дәнділер

Poaceae

Злаки

Genus

Род

Тұқымдас

Локуста

Locusta

Локуста

Бидай

Triticum

Пшеница

Species

Вид

Түр

Ұшпа шегіртке

Locusta migratoria

Перелетная саранча

Жұмсақ бидай

Triticum aestivum

Пшеница мягкая

 

*Ескерту: бот. – ботаникада, жан. жануарларда

 

Көптеген жануарлар мен өсімдіктердің таксондық дәрежелерінің ғылыми атаулары көптеген «құрастыруыш» (-аяқ, -қанат, -өсімдік, -дәнді, -қорек және т.б.) және «ұластыруыш» элементтердің (-ді/-ды/-ты/-ті; -дас/-дес/-тас/-тес, лық/-лік/-тық/-тік; -лар/-лер/-дар/-дер/-тар/-тер) қатысуымен жасалып, жоғарғы токсондық атаулар көпше түрінде айтылады (1-кесте).

Осы жерде мақалада қолданылып отырған «құрастыруыш» және «ұластыруыш» терминдеріне түсініктеме бере кетуді жөн көрдік. Филология ғылымдарының докторы, профессор Қ.Күдеринова біріккен сөздер жасауда жұмсалатын -ар/-ер (азызашар, күнбағар), -лық (дүниежүзілік, тұқымқуалаушылық), -лар (ағашкеміргіштер, қосмекенділер), -қыш (өнертапқыш, дәнтазалағыш), -ты (жұмысбасты, шаруабасты), -ма (жолжазба, сөзтізбе), -ыс (беталыс, көкөніс), (қанұйық, сақинасалмақ), -қы (ауақыздырғы, суқашыртқы) қосымшаларын «ұластыруыштар» деп, лексикалық бірліктер жасаушы сөздерді «құрастыруыштар» деп атап, оларды былайша жіктейді: аффиксоидтар (-хана, -қой, -кеш, -қор, -құмар, -жай, -тану, -жанды), стандарт құрастыруыштар (басы, хат, гүл, жегі, ақы, балық, қап, ауру, той, хат, қап, шөп, от(ы), жинақтаушы құрастыруыштар (бас, ағаш, құрт, тамыр, тікен, жапырақ, аяқ, тас, сөз).  [22, 43-71-бб.].

Қазақ тілінде жалқы («униноминалды) жоғарғы таксондық дәреже қатарының атауы негізінен төмендегідей формуламен анықталады:

- зат есімнен тұратын: түр (species = вид), топ (ordo = отряд), тек (phylum-тип) таксондық дәреже қатарының атаулары;

- зат есім + «ұластыруыш» элементтер: -дас, -лық: тұқым + дас (genus = род), туыс + тас (familia = семейство) таксондар қатарының атаулары құрылады.

Жоғарғы аралық таксондық дәреже қатары: зат есім + «ұластыруыш» элементтер (-тас/-дас + -лар/-лер): тұқымдастар (supergenus + надрод), туыстастар (superfamilia = надсемейство), топтастар (superоrdo=надотряд), таптастар  (superclassis = надкласс), тектестер (superphylum = надтип), ал төменгі таксондық дәреже қатарларына «тармақ» «құрастыруыш» сөзін қосу арқылы жасалады.

Таксондық дәрежелер қатарындағы нысандар атауларының жасалуы:

<!-- [if !supportLists]-->-                       <!--[endif]-->зат есім + «құрастыруыш» сөз + «ұластыруыш» элементтер (-ты, -ды + -лар/-лер): Буын + аяқ + ты + лар (Arthropoda = Членистоногие); Сүт + қорек +ті + лер, (Mammalia = Млекопитающие және т.б.);

<!-- [if !supportLists]-->-                       <!--[endif]-->зат есім + «ұластыруыш» элемент (-ты, -ды) + «құрастыруыш» сөз + «ұластыруыш» элемент (-лар/-лер): Гүл + ді + өсімдік + тер (Magnoliophyta = Цветковые);

<!-- [if !supportLists]-->-                       <!--[endif]-->сын есім + «құрастыруыш» сөз + «ұластыруыш» элементтер (-ты/-ды + -лар/-лер): Дара + жарнақ + ты + лар (Liliopsida = Однодольные), Қатты + қанат + ты + лар (Coleoptera = Жесткокрылые);

Жануарлар мен өсімдіктердің қазақ тіліндегі жоғарғы таксондық дәреже қатарларының атауы -дас, -лық «ұластыруыш» элементтерін жалғау арқылы жасалады. Мысалы, «тұқым+» және «туыс+» сөздеріне «-дас», «-тас» «ұластыруыш» элементтері жалғанғанда, сөздің құрылымы мен мағынасы кеңейіп, «тұқымдас» және «туыстас» таксондық дәреже қатарының атауы жасалады. Зат есімнің жекеше түріндегі «патша» сөзіне «-лық» «ұластыруыш» элементі жалғанғанда лексика-семантикалық тәсіл арқылы бүкіл жануарлар не өсімдіктер әлімінің жоғарғы таксондық дәреже қатардың атауы – «Патшалық» пайда болады.

Аралық (қосымша) таксондық дәреже қатарлары және атаулары.

Биологиялық жіктеу жүйесінде, негізгі таксондық дәреже қатарынан жоғары не төмен тұратын аралық (қосымша) таксондық дәрежелер қатары қолданылады. Латын немесе орыс тілдерінде аралық дәреже қатарларының атауларын жасау үшін сөз алдында келетін «предлогтар» қолданылады. Негізгі таксондық дәрежеден жоғары тұратын, жоғарғы аралық (қосымша) таксондық қатар атауына сөз алдына келетін «предлогтарды» қосу арқылы құрылады. Мысалы: а) негізгі таксондық дәрежеден жоғары тұратын, жоғарғы аралық (қосымша) таксондық қатарының атаулары: латынша «super: Superphylum, Superclassis, Superоrdo, Superfamilia, Supergenus; орысша «над-»: Надтип, Надкласс, Надотряд, Надсемейство, Надрод; ә) негізгі таксондық дәрежеден төмен тұратын, төменгі аралық (қосымша) таксондық қатарының атаулары:  латынша «sub-», «infra-»: Subphylum, Subсlassis, Subоrdo, Subfamilia, Subgenus; орысша «под-, инфра-»: Подтип, Подкласс, Подотряд, Подсемейство, Подрод (2-кесте).

 

2-кесте. – Зоологиядағы жіктеу жүйесіндегі негізгі және аралық таксондар дәрежесінің қатары мен олардың дәреже атаулары

 

<!-- [if !supportMisalignedColumns]--> <!--[endif]-->

Негізгі таксондық дәрежелер қатары мен аралық таксондық қатардың атауы

Таксондық негізгі және аралық  дәрежелердің атауы

Латынша

Орысша

Қазақша

Қазақша

Латынша

Орысша

Superphylum

Надтип

Тектестер

Түлеушілер

Ecdysozoa

Линяющие

Phylum

Тип

Тек

Буынаяқтылар

Arthropoda

Членистоногие

Subphylum

Подтип

Тектармақ

Кеңірдектынытылар

Tracheata

Трахейноды́шащие

Superclassis

Надкласс

Таптастар

Алтыаяқтылар

Hexapoda

Шестиногие

Сlassis

Класс

Тап

Бөжектер

Insecta

Насекомые

Subсlassis

Подкласс

Таптармақ

Қанаттылар

Pterygota

Крылатые

Superоrdo

Надотряд

Топтастар

Тікқанаттәрізділер

Orthopteroidea

Прямокрылообразные

Оrdo

Отряд

Топ

Тікқанаттылар

Orthoptera

Прямокрылые

Subоrdo

Подотряд

Топтармақ

Қысқамұрттылар

Brachycera.

Короткоусые

Infraordo

Инфраотряд

Инфратоп

Шегірткелер

Acridoidea

Саранчовые

Superfamilia

Надсемейство

Туыстастар

Шегірткелер

Acrididea

Саранчовые

Familia

Семейство

Туыстас

Нағыз шегірткелер

Acrididae

Настоящие саранчовые

Subfamilia

Подсемейство

Туыстармақ

Одиподалар

Oedipodinae

Одиподини

Supergenus

Надрод

Тұқымдастар

Акридидинә

Acrididinae

Акридидина

Genus

Род

Тұқымдас

Локуста

Locusta

Локуста

Subgenus

Подрод

Тұқымтармақ

-

-

-

Species

Вид

Түр

Азия ұшпашегірткесі

Locusta migratoria

Перелетная саранча

             

 

Қазақ тіліндегі биологиялық ғылыми тілдегі негізгі таксондық дәреже қатарынан жоғары және төмен тұратын аралық (қосымша) таксондық дәрежелер қатарының атауын оқулықтар, мақалалар мен жариялымдардан кездестіре алмадық. Осы мәселеге байланысты, қазақ тілінің жұрнақты, жалғамалы тіл ерекшелігін ескере отырып, аралық (қосымша) таксондық дәреже қатарының атауларын жасалу жолдарын қарастырамыз.

Аралық (қосымша) таксондық дәрежелер қатары, әсіресе, Буынаяқтылар (Arthropoda = Членистоногие) тегінің (Phylum=Тип) жіктеу жүйесінде көп кездеседі. Яғни бірнеше ұқсас негізгі дәрежелер қатары (тек, тап, топ, туыстас, тұқымдас) бірігіп, олардан жоғары тұратын жоғарғы аралық таксондық дәреже қатарын құрайды. Олардың негізгі аралық дәреже қатарының атауларына -тес/-тас/-дас/-дес және -тар/-дер/-дар/-лар/-лер «ұластыруыш» элементтерін жалғау арқылы құрылатына көз жеткіздік. Мысалы, бірнеше тек (phylum = тип) негізгі дәрежелер бірігіп «тек + тес + тер» (superphylum = надтип), бірнеше тап (classis = класс) бірігіп «тап + тас + тар» (superclassis = надкласс), бірнеше топ (оrdo = отряд) қосылып «топ + тас + тар (superоrdo = надотряд), бірнеше туыстас (familia = семейство) бірігіп «туыс + тас + тар» (superfamilia = надсемейство), бірнеше тұқымдас (genus = род) – «тұқым + дас + тар» негізгі дәрежелер қатарынан жоғарғы тұратын аралық дәреже қатарының атауы жасалады (2-кесте).

Атлаған негізгі таксондық дәреже қатарынан төмен тұратын, төменгі аралық қатарының атауына «-тармақ» «құрастыруыш» сөзін қосу арқылы төменгі аралық дәреже қатарының атауы жасалады, мысалы: Тек (phylum = тип) тармақталып тектармақ (subphylum = подтип); тап (classis= класс)   «таптармақ» (subclassis = подкласс); сол сияқты топ – топтармақ; туыстас – туыстармақ; тұқымдас – тұқымтармақ төменгі аралық таксондық дәреже қатарын құрайды. Мысалы, Буынаяқтылар (Arthropoda = Членистоногие) тегінің 4 тармағы бар: Шаянтәрізділер (Ракообразные=Crustacea), Кеңірдектыныстылар (Tracheata=Трахейные), Қармалауыштылар (Хелицеровые=Chelicerata6 Трилобиттәрізділер (Трилобитообразные =Trilobitomorpha).

Көптеген жануалар мен өсімдіктерде, олардың түрлерінің аздығынан кейбір токсондық аралық дәреже қатары болмайды (2-кесте). Латын және орыс тілдеріндегі зоология мен ботаникада қолданылатын биологиялық жіктеу жүйесінде аралық (қосымша) таксондық дәрежелер қатарының атауларында өзгешелік кездеседі:

зоологияда: superphylum – надтип – тектестер, subphylum – подтип – тектармақ болса, ботаникада: superdivisio – надотдел – бөлімдестер subdivisio – подотдел – бөлімтармақ (3-кесте).

Латын тіліндегі аралық таксондық дәрежелердің атауларына «құрастыруыш» немесе «ұластыруыш» элементтерді қосу жалғау арқылы организмнің (жануар, өсімдік және т.б.) қай таксондық дәрежеде тұрғанын білуге болады. Мысалы: организмдердің жіктеу жүйесіндегі жоғарғы таксондар атауларына қарай:

– дәрежесі топтан (ordo) жоғары тұрған тап (clasis) таксондық дәрежесінің атауына: зоологияда -opsida, ал ботаникада – -phyceae, тап тармағына (subclasis) – -idae, ал ботаникада тап тармағына -phycidae, қатарларға -ales, қатар тармағына -ineae «жұрнақтары» («ұластыруыштар») мен «құрастыруыштар» жалғанады;

– дәрежесі туыстастан (familia) жоғары тұрған таксондық дәреже топ (ordo), оның атауы сөз жасайтын «құрастыруыш»  элементтерді қосу арқылы жасалады. Мысалы: ботаникада топ атауына: -өсімдік «-phyta» (Chlorophўta), ал зоологияда: -құйрық (-nura) (Thysanura – Қылқұйрықтылар), -жақ (-gnatha) (Archaeognatha – Байырғыжақтылар), -қанат (-ptĕra) (Heteroptĕra – Жартылайқаттықанаттылар (топ атауы), топ тармақтарының атауына:  -phaga (қоректену, жеу) Polyphaga – Көпқоректі) (топ тармағы) және т.б.;

– топтан төмен туыстас (familia) дәрежесінің атауына – -асеае, туыстас тармағына – -oideae, трибаға (бұтақ) – -еае және триба тармағына – -inae.

Жоғарғы таксондардың қосымша дәрежелерінің атауы латын тілінде «приставкалар», ал қазақ тілінде «ұластыруыштар» арқылы жасалады:

– дәрежесі топ (ordo) атауынан жоғары тұрған, бірнеше топтың біріккен, топтастар таксон атауына – лат. -oidea, ал қаз. -тәрізділер «құрастыруыш» сөзі қосылады, мысалы, топ атауы – Orthoptera – Тікқанаттылар (топ атауы), ал топтастар атауы OrthopteroideaТікқанаттытәрізділер болады.

Әртүрлі таксондық дәрежедегі атауларға төмендегідей «жұрнақтар» («ұластыруыш» элементтер) жалғанады: -acea, -psida, -idae, -aceae, -inae, -oideae. Мыс.: лат. дәрежесі supraorda (топтастар) болса, онда оның атауыMecopteroidea қаз. Мекоптеройдтәрізділер, лат.: familiaPoaceae   қаз. Қоңырбастар туыстасы (Liliopsida, Picidae, Salicaceae, Drosophilinae), қазақша – «-тәрізді», «-ұқсас» немесе сөзжасаушы элементтер: лат. -pŏda (-аяқ), -ptera (-қанат), -phўton (-өсімдік), -petălus (-саусақ), -ptĕryx (-қанат) және т.б. (Hexapoda, Lepidoptera, Diptera) сөздің алдында не соңында (Arthropŏda, Plecoptera) орналасады. Сөйтіп, латын тілінде қосымша таксондық дәрежелерді, сөз алдына келетін қосымшамен  (приставкамен) (super- , sub-) белгілесек, ал қазақ тілінде әрізді, -тармақ және зат есімнен сын есім тудырып, заттандыратын -дас/-тас және т.б. және көптік жалғауларды (-лар/-лер) және сөз жасаушы элементерді (-аяқ, -қанат, -өсімдік, -тәрізді, -ұқсас және т.б.) қосу арқылы жасалады: Тікқанаттытәрізділер = Orthopteroidea (топтастар атауы), топ атаулары: Екіқанаттылар – Diptera, Қаттықанаттылар – Coleoptera, Алтыаяқтылар – Hexapoda т.б.

Қорыта келгенде, организмдердің, оның ішінде жануарлар мен өсімдіктердің жіктелу жүйесіндегі, негізгі немесе базисті бірлік – түр (лат. specis) арқылы жоғарғы таксондық дәрежелердің негізгі және аралық қатарлары түзіледі. Сонымен, тірі организмдердің биологиялық жіктелу жүйесінің таксондық дәрежелерінің қисынды қатары төмендегідей болады: түр (species, ēi f), одан жоғары – тұқымдас (genus, ĕris n), туыстас (familia, ae f), одан жоғары жануарларда – топ (ordo, ĭnis m), өсімдіктерде – қатар (ordo, ĭnis m), содан кейін жануарларда – тап (classis, is f), өсімдіктерде – бөлім (divisio, ōnis f), одан әрі – тек (phylum, i n), патшалық (regnum), домен (domen), өмір (life, vita) болып келеді. Бұдан басқа, аралық қосымша таксондық дәрежелер де қолданылады (әсіресе, бөжектердің жіктелу жүйесінде көп кездеседі), мысалы: түрше, экотип. Осы ретте бұл аталған таксондар қатары бөжектердің (насекомое, жәндіктер) түрлерін ғылыми түрде жіктеуге жеткіліксіз екендігін айта кеткіміз келеді. Сондықтан бөжектердің таксондық дәрежелердің арасындағы ұқсастықтары толық көрсету үшін бірқатар аралық (қосымша) таксондар пайдаланылады. Жалпы алғанда бөжектердің қазақша жіктелу жүйесінің униноминалды (жалқы) таксондық дәрежелер қатары төмендегідей болады: өмір (life, vita) →домен (domain) патшалық (regnum) → патшалық тармағы (subregnum)→ тектестер (supertype) → тек (type) → тектармақ (subtype) → таптастар (superclass) → тап (сlassis) → таптармақ (subclasis) → инфратап (infraclass) → топтастар (superordо) → топ (ordo) → топтармақ (subordо) → туыстастар (superfamily) → туыстас (family) → туыстармақ (subfamilia) → тұқымдастар (supergenus) → тұқымдас (genus) → тұқымтармқ (subgenus), триба (tribus) және биноминалды (екі атау) түр (species), түрше (subspecies) таксондық дәрежелерге бөлінеді.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

<!-- [if !supportLists]-->1.   <!--[endif]-->Тілменбаев Ә.Т., Жармұхамедова Г.Ә. Энтомология. Алматы, «Қайнар», 1994. 336 б.

<!-- [if !supportLists]-->2.   <!--[endif]-->Шайдаров М., Ахметов М. Анықтамалық сөздік (латынша-орысша-қазақша). Словарь-справочник (латинско-русско-казахский). Шайдаров М.– Астана: 2015. – 479 б.

<!-- [if !supportLists]-->3.   <!--[endif]-->«Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы. –  Алматы: Қазақ энциклопедиясының редакциясы, 1998. 10 томдық.

<!-- [if !supportLists]-->4.   <!--[endif]-->Дәуітбаева К.Ә. Омыртқасыздар зоологиясы. 4-бөлім. Алматы: Қазақ университеті, 2000. 217 б.

<!-- [if !supportLists]-->5.   <!--[endif]-->Сағитов А.О., Ашықбаев Н.Ш., Бектілеуова А.М. Бунақденелілерді жүйелеу және жіктеу. Алматы, ҚазҰАУ, 2002. 75 б.

<!-- [if !supportLists]-->6.   <!--[endif]-->Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Экология және табиғат қорғау. Жалпы редакциясын басқарған А.Қ. Құсайынов. Алматы, «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002. 456 б.

<!-- [if !supportLists]-->7.   <!--[endif]-->Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология. Жалпы редакциясын басқарған профессор Е. Арын. Павлодар, С.Торайғыров атындағы МПУ 2007. 1028 б.

<!-- [if !supportLists]-->8.   <!--[endif]-->Олжабекова К.Б., Есжанов Б. Омыртқалылар зоологиясы. 1, 2 бөлім. Алматы, ҚазҰУ, 2007. 215 б.

<!-- [if !supportLists]-->9.   <!--[endif]-->Торыбаев Х.Қ., Ашықбаев Н.Ж. Өсімдік карантині. Алматы, 2007. 114 бет.

<!-- [if !supportLists]-->10.   <!--[endif]-->Торыбаев Х.К. Энтомофаг насекомдар [Текст]: оқу құралы. Алматы: КазУАУ, 2009. 222 б.

<!-- [if !supportLists]-->11.   <!--[endif]-->Қазақ әдеби тілінің сөздігі. Он бес томдық. 3-том.  Алматы, 2011. 744 б.

<!-- [if !supportLists]-->12.   <!--[endif]-->Сағитов А.О., Ашықбаев Н.Ш., Б.Ә. Дүйсембеков Б.А., Төлеубаев Қ.М. Жалпы энтомология. Алматы, 2012. 220 б.

<!-- [if !supportLists]-->13.   <!--[endif]-->Торыбаев Х.Қ., Зияева Г.К. Қатты қанатты жыртқыш бөжектер. Алматы: ҚазҰАУ, 2012. 229 б.

<!-- [if !supportLists]-->14.   <!--[endif]-->Тілменбаев Ә.Т., Жармұхамедова Г.Ә., Тұрғанбаев Т.А., Садыков Б.С., Сүлейменова З.Ш., Бекенова Ш.Ш. Энтомология. Оқулық. Астана, С.Сейфулин атындағы АТУ, 2016. 280 б.

<!-- [if !supportLists]-->15.   <!--[endif]-->Тулеева, Б. Жексенбай Ауылшаруашылық энтомология оқуәдістемелік кешен. Астана, 2014. 160 б.

<!-- [if !supportLists]-->16.   <!--[endif]-->Қазақстан «зоология хабаршысы» журналындағы мақалалар. 2020-2023 жж.

<!-- [if !supportLists]-->17.   <!--[endif]-->Линней К. Система природы. Царство животных. Ч. 1-2. СПб., 1804-1805.

<!-- [if !supportLists]-->18.   <!--[endif]-->Международный кодекс зоологической номенклатуры. Издание четвертое. International Code of Zoological Nomenclature. Fourth Edition / Принят Международным союзом биологических наук: пер. с англ. и фр. И. М. Кержнера. - Изд. 2-е, испр. М.: Товарищество научных изданий КМК, 2004. 224 с.

<!-- [if !supportLists]-->19.   <!--[endif]-->Международный кодекс ботанической номенклатуры (Венский кодекс, принятый Семнадцатым международным ботаническим конгрессом. Вена, Австрия, июль 2005 г. / Пер. на рус. яз. Т. В. Егоровой и др. на основании письм. разрешения проф. Т. Ф. Стьюсси, секретаря Межд. асс. по таксономии растений; Учреждение РАН Ботан. ин-т им. В. Л. Комарова РАН. 2006.

<!-- [if !supportLists]-->20.   <!--[endif]-->Павлинов И. Я. Основные подходы в биологической систематике // Электронная газета «Биология». М., 2010. № 17-19.

<!-- [if !supportLists]-->21.   <!--[endif]-->Society of Australian Systematic Biologists https://www.systbio.org/uploads /5/5/4/4/ 55449489/ ssb-logo-web.png

22. Күдеринова Қ. Бірге және бөлек жазылатын сөздердің орфографиясы. –Алматы, 2005. – 144 бет.