Оқулықтардың мазмұнындағы терминдерді есепке алмағанда, оқулықтардың соңында орта есеппен 100-ге жуық терминдердің глоссарийі берілген. Бәріміз білетіндей, глоссарий (лат. glossarium «глосс жинағы») – білімнің қандай да бір саласындағы жоғары мамандандырылған терминдердің түсіндірмесі, кейде басқа тілге аудармасы, түсініктемелері мен мысалдары бар сөздік [1]. Ол мәтінді қабылдауды айтарлықтай жеңілдетеді, себебі адам кез-келген уақытта сөздікке жүгініп, белгілі бір терминнің мағынасын тексере алады.
Оқулықтардың глоссарийін талдау барысында әлеуметтік саланың 4 оқулығын қарастырдық. Олар: «Әлеуметтану негіздері» (авторлары Д.Бринкерхоф, Р.Уейтс, С.Ортега) [2]; «Әлеуметтік жұмыс: контексі мен практикасы» (авторлары Мэри Коннолли, Луиза Хармс, Джейн Мэйдмент) [3]; «Әлеуметтік зерттеу әдістері» (авторлары Ройс Синглтон, Брюс Стрэйтс) [4]; «Халық саны және қоғам» (авторлары Мл. Дадли, Л. Постон, Леон, Ф. Бувье)[5]. Аталған оқулықтарға эмпирикалық зерттеу элементтерін пайдалана отырып, құрылымына, тілдік құрамына, терминжасам әдіс-тәсілдеріне, терминдердің Республикалық терминология комиссияда бекітілуіне қарай сандық сараптама жасалды. 4 оқулық бойынша глоссарийде қамтылған барлық термин саны – 1157
Қазақ тіліндегі терминдердің құрылымына қарай сандық көрсеткіші:
р/с |
Құрылымына қарай |
Саны |
Пайыздық көрсеткіші |
1 |
Түбір термин |
33 |
3 |
2. |
Қосымшалы туынды термин |
86 |
7 |
3 |
Тіркесті, біріккен, құрама, қысқартылған және т.б. туынды термин |
880 |
76 |
4 |
Шеттілдік термин |
158 |
14 |
Тілдік құрамына қарай сандық көрсеткіші:
р/с |
Тілдік құрамына қарай |
Саны |
Пайыздық көрсеткіші |
1 |
Ұлт тілі терминдері |
522/82 |
45/38 |
2. |
Гибрид (будан) терминдер |
477 |
41 |
3 |
Шеттілдік терминдер, оның ішінде: |
|
13.6 |
|
ағылшын тіліндегі терминдер |
14 |
1.2 |
|
Орыс тіліндегі терминдер |
144 |
12.4 |
Терминдердің Республикалық терминология комиссиясында бекітілуіне қарай сандық көрсеткіші:
р/с |
Бекітілуіне қарай |
Саны |
Пайыздық көрсеткіші |
1 |
Бекітілген терминдер |
156 |
13 |
2 |
Бекітілмеген терминдер |
910 |
79 |
3 |
Басқа нұсқада бекітілген терминдер |
9 |
1 |
|
Басқа сөз тіркесті терминдер құрамында бекітілген терминдер |
82 |
7 |
4 |
Бекітуге ұсынылатын терминдер |
489 |
42 |
Әлеуметтік сала оқулықтарындағы қазақ тіліндегі терминдердің құрылымындағы сандық көрсеткіштен көрінгендей, түбір терминдер саны аз және олардың көбі термин ретінде де, күнделікті сөз қолданыстағы атау ретінде де қолданылады. Мысалы: әулет, бедел, деңгей, дін, ереже, заң және т.б. қосымша арқылы, яғни синтетикалық тәсіл арқылы жасалған туынды терминдер негізінен тіліміздегі белсенді терминжасам жұрнақтары арқылы жасалған. Атап айтқанда, -у жұрнақты термин саны – 31; -лық, -лік,-дық, -дік, -тық, -тік жұрнақты термин саны – 30; -шылық, -шілік жұрнақты термин саны – 5 болса, бұдан басқа -ғыш,-гіш, -ма, -ме жұрнақты туынды терминдер аз мөлшерде кездеседі, яғни әлеуметтік сала оқулықтарын аудару барысында аудармашылар бұрын да қолданыстағы терминдерді қолданумен бірге –у жұрнақты, -лық, -лік,-дық, -дік, -тық, -тік сөзжасам жұрнақтарын аудармада жиі қолданған және сол арқылы көп жағдайда гибрид терминдер жасалған. Мысалы, макдональдтандыру, субурбандалу, концептуалдау, андроцентристік, гетеронормативтік және т.б.
Дегенмен сапалық деңгейіне қатысты мынадай пікір айтуды жөн көріп отырмыз:
Әлсіз байланыстар – қарқыны төмен, жақындасуы аз қатынастар
Бірге тұру – романтикалық/жыныстық серігімен некелеспей жұптасып өмір кешу
Білім беру – ресми оқу жүйесіне жауапты институт.
Жасы шамалас топ – жасы және әлеуметтік мәртебесі тең адамдар
Жоғары мәдениет – жоғары таптың мәдени артықшылықтары
Шабуылдау адамдар немесе топтар өздерінің сәтсіздіктері үшін басқаларды айыптаған кезде болады.
Ажырасқаннан кейін де зорлық-зомбылық көрсету - әйелін қайта қосылуға мәжбүрлі түрде көндіру үшін ажырасқаннан кейін де жәбірлеушінің зорлық-зомбылық көрсетуін үдете түсуі.
Азаматтығы жоқ адам -- ешқандай елдің азаматтығын алмаған адам.
Марқұм-өлген адам
Заңсыз- заң жүзінде тыйым салынған психобелсенді заттар.
Бала тапқан әйелдер-бір немесе бірнеше бала тапқан әйелдер және т.б. глоссарийге енгізіп, түсініктеме бермесе де түсінікті сөздер мен сөз тіркестері.
Травмаға (жан-тән жарақатына) негізделген практика – бұрынғы зорлық-зомбылық пен травмалар адамның денсаулығына, саулығына, оған қоса, осы екі ұғымға қатысты интервенцияларды қабылдап, түсінуіне әсер етеді деп есептейтін практикалық және ұйымдастыру тәсілі.
Эквиваленттік (баламалық) шкала – отбасындағы үй шаруашылығының түрлі көлемі мен құрамын салыстыруға мүмкіндік беретін, кедейлік көрсеткіштерін түзетіп отыруға арналған статистикалық құрал.
Ассимиляция – адамдардың өз құндылықтарынан азды-көпті бас тарта отырып, басымдыққа ие топтың құндылықтары мен әлеуметтік тәжірибелерін үйреніп, қабылдау процесі. «Әлеуметтану негіздері» Ассимиляция – қоғамға жаңа келген топтардың сол қабылдаушы қоғамның мәдениеті мен құндылықтарын қабылдап, өзінікін біртіндеп ұмытуы туралы әлеуметтану концепциясы. «Халық саны және қоғам»
Гипотеза – теорияның дұрыс екендігін анықтайтын қарым-қатынастар туралы тұжырымдама. «Әлеуметтану негіздері»
Гипотеза – екі немесе одан да көп айнымалы арасындағы күтетін, бірақ әлі расталмаған байланыс. «Әлеуметтік зерттеу әдістері»
Иммиграция – адамдардың өзге елге қоныс аударуы
Иммиграция – адамдардың бөгде елге тұрақтап қалу үшін көшуі.
Иммиграция – адамдардың басқа елге қоныс аударып, тұрақтап қалуы.
Саясат – қоғамдағы биліктің әлеуметтік құрылымы.
Саясат – үкімет қабылдап, жүзеге асыратын іс-әрекеттер жиынтығы.
Терроризм – үрей туғызып, адамдарды құқығынан айыру үшін зорлық-зомбылық және қорқыту тәсілдерін қолдану.
Терроризм – саяси-әлеуметтік себептерге байланысты адамдарға қасақана жасалатын зорлық-зомбылық. негізгі мақсаты: азаматтардың өмірі мен денсаулығына, сыни инфрақұрылым объектілеріне, табиғи ортаға, ақпараттық ортаға, мемлекеттік басқару органдарына, мемлекет және қоғам қайраткерлеріне қол сұғушылықпен көрінетін қоғамдық қауіпсіздікті бұзу болып табылатын қылмыс.
Босқын – БҰҰ анықтамасына сай, азаматтығы бар, өз елінен жырақта нәсілі, діні, ұлты, саяси сенімі немесе нақты бір топқа мүше болғаны үшін қудаланғандықтан өз еліне қайтқысы келмейтін немесе қайта алмайтын адам.
Босқын – өз елінде қуғын-сүргінге ұшырауы мүмкін болып, қатты қысымға байланысты басқа елге қоныс аударған адам.
Қорыта айтқанда, терминдерді біріздендіру, терминжасам жүйелілігін сақтау үшін оқулықтарда глоссарийді сапалы әзірлеу аса қажет. Түпнұсқа тіліндегі глоссарийді аударғанда барынша танымдық тұрғыдан, қолданыстық тұрғыдан қабылдауға қолайлы аударма жасауға назар аударылса. Әрине, жобаны игеруде уақыт тығыздығы, аудармашы маман тапшылығы жұмыстың сапалы орындалуына бөгет болатынын бәріміз де мойындаймыз. Сондай-ақ, ұлттық ғылым тілін дамыту үшін жоғары оқу орындарында салалық аудармашыларды дайындау осы уақытқа дейін қолға алынбай келеді. Болашақта салалық аудармашыларды даярлау үшін тіл білушілерден іріктелген 2-3 жылдық қарқынды курс ұйымдастырылғаны тиімді болмақ.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: