Әр мектеп мұғалімінің білім беру мақсаты: физиканы оқыту сапасын, нәтижесін, ғылыми деңгейін және оқушылардың физикалық сауаттылығын дамыту.
Физикалық термин – физикалық ұғымның атауы болып табылатын сөз немесе сөз тіркесі. Физикалық ұғым – физикалық обектілер мен физикалық құбылыстар бейнесі. Физика терминдерін дұрыс ұғып, қолдану деңгейі физика ғылымын меңгерудің маңызды көрсеткіші. Физика ғылымында қазақша терминдерін жасау және қалыптастыру 1925 жылдан бастап қолға алынған.Терминдерді толықтыруда Хасен Әбішев жасаған 1-сөздігі 1974 жылы Елден Аққошқаровтың авторлығымен жетілдірілді. 1981 жылы Қалқатай Мұқамбетқалиевна Атамұратованың физика терминдерінің орысша-қазақша сөздігінде 21 мың термин қамтылған.
Жаңа буын оқулықтарында терминдерді, мән-мағынасын түсіндіруде пәндік мазмұнға сәйкес міндетті түрде шығармашылықты дамытуға арналған тапсырмалардың көп болуы, терминдерге берілген анықтамаларымен ерекшеленеді. Мысалы, жаңа буын оқулығы 11 сынып физикасында (авторлары: Б.А.Кронгард, Д.М.Қазақбаева, О.Имамбеков, Т.Қыстаубаев) 101 термин анықтамасы берілсе, 10 сынып физикасында қарастырылмаған.
Мысалы, әртүрлі ортадағы электр тогы тарауында, «Металдардағы электр тогы» тақырыбында «электрондар дрейфі» термині кездеседі. Бұл процесс статистикалық өрістің әсерінен зарядталған бөлшектердің реттелген қозғалысы. Электрондардың дрейфінің жылдамдығы. Бұл термин география, оптика және анатомия салаларында қолданылады.
Ғаламторда дрейфтің бірнеше түрлері айтылады. Ал, осы термин тараудың ең маңыздылары бетінде де айтылмаған. Менің ойымша, 10 сынып жаңа буын оқулығына да терминдер түсінігін орнату қажеттігі туындайды.
Ғылыми әдебиеттермен жұмыс кезінде, ғаламтор арқылы материал жинақтағанда терминдерді дұрыс ұғынып, меңгеру физиканы оқудағы күрделі мәселенің бірі. Пән ерекшелігіне байланысты тақырып мазмұнында кейбір терминдердің қосымша түсінігінің болмауы да оқушының білімін тиянақтауға өз қиындығын тигізеді. Мысалы, 10-сыныпта «Сұйықтар мен газдар механикасы» тарауындағы Бернулли теңдеуі тақырыбында үш биіктік теңдеуінде пьезометриялық биіктік туралы айтқанда пьезометрдің өзіне түсінік беру қажет. Ол гидростатикалық қысымды өлшеу үшін жердің деңгейінен төмен орнатылған ашық не жабық түтік.
Мысалы, бұрынғы кітаптардағы «нить», «қыл сым» не «қыл», «сетка» - «тор», аударылмай келген еді. Қазіргі жағдайда жаңа буын оқулықтарына түзетумен енгізілгені қуантады. Физиканы білу ең алдымен физикалық шаманың мағынасын және тілін түсіну. Физикалық өлшем бірліктерді білу, тарата алу, түрлендіру. Физикалық шамаларды бекіту үшін менің өз басым қосымша дәптер бастатып, өздерінің сабақта пайдаланғанын қалап тұрамын. Неге? Шаманың енгізілгенін, оның енгізілу тәсілінің мәнін, шаманың негізін, шаманы енгізу нені білдіретінін түсіндіруде оқушылар жиі қиналады.
Олардың көбі оқулықтардағы және оқу құралдарындағы физикалық шамалардың талқылануының жеткіліксіздігінен туындайды. Оқушылардың физикалық шамаларды меңгерудегі жетіспеушіліктері қатарына төмендегілерді жатқызуға болады.
1. Физика ғылымының терминдерінің тілдік ерекшеліктері, құрылымының толық ашып көрсетілуі оқулықта және көмекші оқу-құралдарында, қазіргі жаңа мазмұндағы кабинет жүйесіндегі таблицаларда болмауы;
2. Физикалық шаманы сипаттауының жеткіліксіздігі;
3. Физикалық шамалардың сол құбылыстағы қатысы бар шамамен арақатынасының ашылмауы.
Оқушылардың ғылыми жұмыспен айналысуына көмектескен кезде анық көзге түскен проблемалар:
1. Терминдер аударма түсініктерін физикалық тарау бойынша өзара бір-бірімен тығыз байланысқан терминдер жинағы ретінде қарастыру керек деп ойлаймын;
2. Ол үшін физикалық түсініктер жүйесін құру;
3. Алынған терминнің басқа да құбылыстармен байланысын көрсету;
4. Ұғымдардың анықтамамен қатар жазылуы;
5. Ұлттық сөз қорын пайдалану;
Физикалық терминдерді меңгерту әдістері.
І. Жаңа термин мағынасын анықтау.
Электр заряды – физикалық шама. Мысалы, электр заряды – дене электрлену кезінде өзара әрекеттесу қабілетіне ие болуы.
ІІ. Мағынасының түсінікті болуын бақылау.
Денелердің үйкелу нәтижесінде пайда болған зарядты, яғни электрлік әрекеттесу қабілетін көрнекі құралдар арқылы көрсетіп барып сұрақтар қою.
ІІІ. Жаңа терминді оқушыға таныс сөздер, құбылыстар арқылы салыстыра түсінуге жетелеу.
Бір аттас, әр аттас зарядтардың пайда болуын, зарядтардың бөлінуі. Электроскоп құрылғысымен танысу. Барлық денелердің молекуладан тұратынын, молекуланың атомдарға бөлінетінін еске түсіру, атомның құрылысын аша отырып, элементар заряд шамасын түсінуі.
V. Ана тілінде қандай мағына беретінін түсіну, дәптерге жазу.
Электр – материя бөлшектерінің қозғалысынан пайда болатын қуат күшінің бірі. Заряд – белгілі бір денедегі электр қуаты. Янтарь – грек сөзі «электрон». Осы сөзден «электр» сөзі шыққан. Біздің заманымызға дейінгі 600-жылдары ертедегі гректер қатты шайыр күйіндегі құрғақ, сары янтарьдың теріге немесе жүнге үйкегенде шашты, жапырақты т.б. өзіне тартатындығын анықтап, шайырды «электрон» деген.
V. Басқа терминдермен және пәнаралық байланысын ашу.
Мысалы:
Нүктелік заряд – өлшемдері өзара әрекеттесетін денелердің арақашықтығынан бірнеше есе кіші болатын денеде орналасатын заряд.
Элементар заряд – электронның электр заряды. Өзара әрекеттесу кезінде электрондарын жоғалтса, онда атомның оң заряды артады. Ондай күйде атом оң ион деп аталады. Керісінше, атомға артық электрондар келіп түссе атом теріс зарядқа ие болып, теріс ион деп аталады.
VІ. Кейбір физикалық шама өлшем бірліктері жаңалық ашқан ғалымдар құрметіне аталады. Өлшем бірлік адамның есімі болғандықтан жазылу ерекшелігін білу. Кулон – өте үлкен заряд. Денелер электрленуі тәжірибесінде 1 Кулонға қарағанда миллион, миллиард есе кіші зарядтар алынған. ХБЖ да электр зарядының өлшем бірлігіне француз ғалымы Ш.Кулон құрметіне бір кулон алынды. Жазылуы: 1Кл
VІІ. Ұғым мағынасын білдірмейтін терминдердің ерекшелігін түсіндіру. Мұндай терминдердің қысқаша шығу тарихы, алғашқы кездегі қолдану аясы. Куаттың бірліктен тыс өлшемі: Ат күші. Кезінде Уатт жасаған машинаның бірін насосты жүргізіп тұрған атпен алмастыру қажет болады. Келісім бойынша мұндай машина аттың бір күнде істейтін жұмысын өндіруге тиіс еді.
VІІІ. Терминдерді меңгерту жұмысында қосымша әдебиетті пайдалануға үйрету.
Оқушының жас ерекшелігіне және қарастырып отырған терминнің сипатына қарай ұсынатын әдебиеттер әртүрлі. Мысалы, терминнің этимологиясына байланысты жұмыстарда «Словарь иностранных слов», «Физика терминдерінің орысша-қазақша сөздігі» және «Қазақ тілінің сөздігі» энциклопедиялары қолданылады. Ғылыми терминдердің байланысын ашуда ғылыми-көпшілік әдебиеттер мен журналдар пайдаланылады.
ІХ. Физикалық диктант жазу, АҚТ пайдалану арқылы бекіту.