Тіл – адамның туабітті, басқалармен қарым-қатынасына жол ашатын, өзгеріп тұратын, көпқырлы, қоғамдық құбылыс. Әртүрлі себептерге тәуелді түрде бір қауымдастықтың басқа қауымдастық шоғырларымен байланыс құруы қаншалықты табиғи түрде өрбісе, бір тілдің байланысқа түскен қауымдастықтардың тілдерінен әсерленуі де соншалықты табиғи сипатқа ие. Ғасырлар бойы әлемнің бірқатар аймақтарында қолданылған және көптеген халықтардың негізгі тіліне айналған түрік тілінің де тарихи тұрғыдан қарағанда көршілес бірнеше тілмен байланыс орната алғанын көреміз. Қоян-қолтық өмір сүру, саясат, соғыстар, сауда-саттық, мәдени қарым-қатынас және бірдей дін ұстану сияқты факторлар негізінде тілдер арасында сөздік қор бойынша лингвистикалық айырбастар жүріп отырған.
Бір тілдің сөздік қоры аясына ол тілге тиесілі сөздіктер, тұрақты сөз тіркестері, таптаурын сөздер, мақал-мәтелдері, әртүрлі баяндау үлгілері мен терминдер кіреді. Шет тілдерден түрік тілінің сөздік қорына енген элементтер бұл тілдердің тарихи кезеңдері бойынша зерделеніп келді. Бұл кезеңдерде қай тілдерден, қандай себеппен, қаншалықты дәрежеде әсерленгені анықталған және шет тілдерден түрік тілінің сөздік қорына енген мысалдар келтірілген. Аталмыш мысалдар арасында терминологияның зерттеу тақырыбын құрайтын терминдер (ғылым және техника терминдері, теңізшілік терминдері, діни терминдер, ауылшаруашылық терминдері, спорт терминдері т.б.) де орын алады. Бұл мақалада халықаралық терминдерді аударудағы Түркия елінің тәжірибесі, оның ішінде тарихы мен қазіргі кездегі жағдайы сараланады.
Термин кез келген елдің ғылым, білім, өнер, заң т.б. қоғамдық-әлеуметтік өмірінің әр саласында қолданылатын маңызды ұғымдар. Бұл ұғымға ғалымдар түрліше анықтама берген. Мәселен, орыс ғалымы О.С.Ахманова: «Термин дегеніміз арнайы ұғымдар мен арнайы заттарды дәл белгілеу үшін жасалған тілдегі арнайы (ғылыми, техникалық т.б.) сөздер мен сөз тіркестері» [1; 474] десе, В.Н.Прохорова: «Термин – бұл арнаулы қолданыс саласындағы ғылыми немесе өндірістік – технологиялық ұғымның атауы болып табылатын және дефинициясы бар сөз немесе сөз тіркесі» [2; 401] деген.
Д.Н.Ушаковтың айтуынша да «термин» – нақты анықталған ұғымның атауы болып табылатын сөз. /Әлде бір ортада әлденені, мамандықты белгілеу үшін қабылданған арнайы сөз немесе сөз тіркесі [3; 689].
Тарихи тұрғыдан, терминдер көне замандардан бері жасасып келе жатыр. Түркі халықтарының басқа елдермен байланыс жасау барысында кейбір ұғымдардың тілдік қорға енуі – мәлім құбылыс Түркілердің алғашқы жазба ескерткіштері Орхон-Енисей бітіктерін зерделегенде мәтіндердегі шет тілінен енген сөздердің аз көлемде болса да бар екенін байқауға болады. Түркі тілдеріне қытай тілінен кірген «кунчуй» («ханшайым»), «сенун» («генерал»), «тоток» («әскери басшы») және т.б. дәреже және кейбір жер атауларынан басқа тек қана «талуй» («теңіз») сөзі және кей зерттеушілердің қытайша деп санайтын бірқатар сөздері берілген [4; 126].
Түрік ғалымы Доған Аксанның көне түрік тіліне қатысты зерттеуінде Күлтегін және Тоныкөк жазбаларындағы шет тіліндегі сөздердің үлесі 1%-ден төмен екені көрінеді [4; 345].
Отырықшы дәуірде түріктер буддизм, манихейлік, христиандық сияқты діндерді қабылдады. Ол кезден бүгінгі күнге дейін көптеген деректер сақталған. Ұйғырлардан діни мәтіндер, ертегілер, дәрілік шөптер мен болжау кітаптары сияқты әртүрлі мазмұнға ие жазбалар бүгінгі күнге дейін сақталған. Бұл мәтіндерде санскрит, қытай, соғды және басқа тілдерден енген сөздер кездеседі. Ақсанның өз зерттеуінде жүргізген санағы бойынша, шетел сөздерінің көрсеткіші 2%-дан 5%-ға дейін өзгеріп, кей жерлерде 12%-ға дейін артады [4; 345].
Түріктер Ислам дінін қабылдаған кезеңде араб және парсы тілдерінің түрік тіліне әсер еткені байқалады. Осыған сәйкес Ақсан Қараханидтер дәуіріндегі түрік шығармаларының бірі «Құтты білік» (XI. ғ.) құрамындағы араб тілінен енген сөздердің орташа көрсеткіші 1,9% дейді. Сондай-ақ ол «Құтты білік» шығармасынан шамамен 2 ғасыр өткен соң жазылған «Ақиқат сыйы» еңбегінде кірме сөздердің бірден 20%-ға, кей жерлерде 26%-ға дейін артқанын жеткізеді [4].
Сонымен қатар Аксан Батыс түрік тілінің Солтүстік тармағы қарастырылғанда «Кодекс Куминкусте» 10% кірме сөздер бар екенін және кейде 15%-ға дейін артатынын айтады [4; 345].
Ескі Анадолы түрік кезеңіне жататын алғашқы шығармаларында кірме элементтер саны айрықша көп емес. Сұлтан Веледтің «Ибтиданамесінде» 13%, Юнус Эмренің «Диуанында» 13%, Ашық Пашаның «Ғаріпнаме» кітабында 20%. Дегенмен, Ахмет Факихтің «Чархнамесінде» және Юнус Эмренің «Диуанының» кей жерлерінде бұл көрсеткіш 28%-ға (22% және одан да көп) жетіп отырады. Құл Месуттің «Қалилә мен Димна» аудармасында орта есеппен 16% кірме сөздер кездеседі. «Қорқыт Ата кітабында» кірме элементтердің саны тек діни тақырыптар мен дұғаларда басымырақ; ажал, бейіш, әмин сияқты ұғымдарды қамтитын шығарманың соңғы бетінде кірме сөздер көрсеткіші 17% болса, хикаяларды баяндауда бұл көрсеткіш орта есеппен 5,3%-ға дейін төмендейді (Aksan 1977: 345). Селжүктер дәуірінде араб тілі түрік тіліне негізінен діни және ғылыми еңбектер арқылы әсер етті. Парсы тілі болса, әдеби саладан бөлек, бірге тұру, тығыз қарым-қатынас орнату сияқты себептерге байланысты түрік тіліне өз ықпалын тигізді. Анадолыда Бейліктер кезеңінде екі тілдің де ресми тіл ретінде қолданылуы осы әсерлерді арттыратын фактор ретінде қарастырылады. Қараманоғлу Мехмет Бейдің 1278 жылы түрік тілін қолдану туралы жарлығы бұл жағдайды дәлелдеп, түрік тіліне қажетті мән берілмегенін көрсетеді.
Османлы түрік дәуірі, XV. аяғы мен XVI ғасырдың. ғасыр басын қамтиды. Бұл кезеңде Түркияда жазылған әдеби шығармаларға араб, парсы элементтері көбірек енді. Диуан поэзиясы араб және парсы поэзиясын басты өлшем ретінде белгіледі; бұл өлеңнің тақырыбын, формасын, ұғымын, дәстүрін қабылдағанын көрсетеді. Османлы тілі ретінде сипатталған жоғары дәрежелі тіл прозада және ресми хат алмасуда кең қолданылғандықтан, бұл тіл мен халықтың сөйлеу тілі арасында алшақтық пайда болды. Сүлеймен Челебидің «Мәулідіндегі» кірме сөздер көрсеткіші 26% шамасында. Араб-парсы сөздік қорына тән ұғымдар ХХ ғасырдың атақты ақыны Бакиде 65%, Нефиде 60%, Нәбиде 54%-ға дейін артып отырады [4; 128].
Танзимат дәуірінің жазушыларының бірі Намык Кемалда кірме сөздер 62%, Шемсеттин Самиде 64%, Ахмет Митхатта 57% кірме элементтердің үлесі бар. Араб және парсы тілдерінің түрік тіліне әсері Республика дәуіріндегі Тіл төңкерісінен (Dil İnkilâbı) бастау алады.
Түркияның Еуропамен қарым-қатынасында француздардың рөлі үлкен. 1839 жылғы Танзимат жарлығынан кейін барлық салалармен бірге әдебиет саласында Франциямен орнаған қарым-қатынастарға байланысты ғылыми терминдерден күнделікті ьұрмыс ұғымдарына дейін көптеген сөздер француз тілінен түрік тіліне еніп отырды. Түрік тіліне латын және грек тектес көптеген ғылыми-техникалық терминдер француз тілі арқылы енген. Мәселен: federasyon (федерация), hipertansiyon (гипертония), kapitülasyon (капитуляция), meteoroloji (метеорология), ütopik (утопия), veteriner (ветеринария).
Ағылшын және түрік тілдерінің тілдік байланысы II. Екінші дүниежүзілік соғыстың соңына дейін жоғары деңгейде болмады, тек кейбір теңіз терминдері мен спорттық ұғымдар (әсіресе футбол саласындағы) ғана кірді. Бұған мысал ретінде fayrap (fire up), bot (boat) gibi denizcilik ve futbol (footbal), gol (goal), korner (corner) сияқты спорт терминдерін келтіруге болады.
Ағылшын тілі, ІІ дүниежүзілік соғыстан кейін дүние жүзінде кең тараған шет тіліне айналып, Түркия мен Батыс елдері арасындағы қарым-қатынаста да бірінші орынды иеленді. АҚШ-пен жасалған келісімдер, орнаған қарым-қатынастар, кино өнеркәсібі, радио мен теледидардың таралуы және Түркиядағы білім мен тәрбиедегі осы тілдің маңызының артуы ғылым терминдерінен бастап күнделікті өмірдегі көптеген ұғымдарға дейін көптеген элементтердің кірігуіне әкелді. Ғылым, техника және өнер салаларында тікелей алынған немесе тәржімаланған ұғымдардан бөлек күнделікті өмірде қолданылатын сөздердің көпшілігі, әсіресе, соңғы жылдары ағылшын тілінің бірден артып келе жатқан ықпалын көрсетеді. Төменде жиі қолданылатын заттардың кейбірі берілген:
Tişört (T-shirt), çekap (check-up), baypas (by-pass), koç (coach, ‘баскетбол бапкері’), miting (meeting), stres (stress), spiker (speaker), şov (show)…
Ал немістің ықпалы І дүниежүзілік соғыстан кейін ауыл шаруашылығы саласында көбірек байқалды. Тіл мәселесіне келгенде ескеретін жайттар көп. Бұл элементтердің ішінде бірдей жер, тіл, дін, нәсіл, ортақ мәдени белгілер, т.б. ескеріледі. Түрлі этникалық (ұлттық) ерекшеліктер өмір сүргендіктен, Осман империясынан қалған көп ұлтты халықты түріктендіру өте қиынға соқты. Бұл жағдай Республика кезеңінде де жалғасын тапты. Сондықтан, ұлттық біріктіру тұрғысынан Ататүрік ұлт жобасы қостілділік/көптілділікті проблема ретінде қарастырды. Сонымен қатар, Ататүріктің жалғыз мақсаты – ұлт құру немесе ұлттандыру емес, Батыс өркениетіндегі ұлттық бірегейлік пен қоғамды қамтитын жаңа түсінік қалыптастыру болды. Осы тұрғыда Тіл төңкерісінің алғашқы кезеңін құрайтын әліпби ауыстыру қолайлы жағдай туғызды. Түрік Тіл Қауымдастығы (Türk Dil Kurumu) жүргізген «арылту» жұмыстары жазба тілін шетелдік сөздерден толығымен тазартуды мақсат етті [5; 294-295].
Ғылым, өнер және кәсіптің әртүрлі салаларына тән сөздер ретінде анықталатын терминдер ғылыми зерттеулерде жиі қолданылады. Салауатты әрі түсінікті қарым-қатынас орнауы үшін ортақ терминология қолданылуы керек еді. Ғылым мен өнерге, медицинаға, математикаға, философияға, астрономияға, лингвистикаға және т.б. салаларға қатысты түріктер термин мәселесімен бетпе-бет келді. Ислам өркениетінің тілі араб тілі болғандықтан, терминдерді тудырған тіл де араб тілі еді. Терминдердің араб тілінде келуі түрік тілінің ғылыми тіл ретінде дамуына, сондай-ақ түрік тілінде ойлау мен сөйлеуге кедергі болды.
Ататүрік жоғарыдағы жағдайдан бастап Түрік Тіл Қауымдастығы құрғаннан кейін түрік тілін қиындықтан құтқару үшін 1932, 1934 және 1936 жылдары үш үлкен түрік тілі құрылтайын шақырды. 1933 жылы «Лұғат-Термин тармағы» құрылып, терминдер тиесілі ғылым салаларына қарай бағаланып, он алты бөлімге бөлінді. Екінші түрік тілі құрылтайында (1934) терминдердің көптігі мен таралуына қарай термин саласы сөздік саласынан бөлініп, құрастырылған шетел терминдерін түрік тіліне аударып, олқылықтарды түзеу үшін оқытушыларға, мамандарға, профессорларға кезегімен жіберілді [6; 90].
Түрік тілін ғылым мен мәдениет тіліне айналдыруды мақсат еткен алғашқы екі құрылтайдан кейін 1936 жылы Үшінші түрік тілі құрылтайы өткізіліп, терминге қатысты екі ұстаным күн тәртібіне қойылды:
Тіл төңкерісінен кейін жаңалықтар тілінде үлкен конвергенция байқалады. 1930-31 жылдары түрік сөздері 35-40% болса, 1959-60 ж. 50-57%-ға дейін өсті [7; 180].
Республикалық кезеңде бүгінгі күнге дейін өзекті болып отырған терминге қатысты түрлі зерттеулер жүргізіліп, бұл жұмыстарға баса назар аударылды. 1932 жылы Түрік тілі бірлестігі құрылғаннан бері түрік тіліндегі сөз түбірлеріне морфемалар қосу арқылы көптеген терминдер жасалды. ІІ Түрік тілі құрылтайында ғылыми терминдер орта білім беру терминдері және орта мектептерде қолданылатын терминдер ретінде екі бөлімге бөлінді. Бес айдың ішінде араб және парсы тілдерінен құралған 1382 шетелдік сөздің баламасы табылды. Бұл шетелдік сөздердің түрікше баламалары әртүрлі сөздіктерден, жазылған/басылған көне еңбектерден алынған, көпшілігі диалектілерден құрастырылған. Ұсынылған сөздердің 1100-і сауалнамалық комиссиядан өтті. Бұл баламалар 1934 жылы «Османлы түрікшесінен түрікшеге алмасқан сөздерді шолу журналы» (“Osmanlıcadan Türkçeye Söz Karşılıkları Tarama Dergisi”) деген атпен екі том болып жарық көрді.
1939 жылы 6 мыңға жуық ғылыми термин түрік тіліне аударылды. V конгрессте барлық терминдерді түрік сөздерімен үйлестіру, қалған терминдерді түрікше ету, тек мамандар арасында қолданылған және жұртшылыққа қатысы жоқ терминдерді сақтау, грек-латын тілінен енген терминдерді толығымен айту сияқты ойлар қозғалды. Осындай ұсыныстарды алға тарта отырып, көптеген пәндерге жататын терминдер сөздігі де жарық көрді: «Ауыл шаруашылығы терминдері» (1949), «Техникалық терминдер» (1949), «Түрлер терминдері» (1948), «Биология терминдері» (1948).
1951-1970 жылдар аралығында шетелдік сөздерге ұсынылған баламалар «Түрік тілі» журналында «Түрікшесі, дұрысы бола тұра, кірмелерін қолданбайық. Тіл жайлы» деген атпен жарияланды. Мәселен: antant: anlaşma, dispanser: bakımevi, filtre: süzgeç, kroki: taslak, lider: önder, profil: yanay т.б. Кейбір араб және парсы сөздеріне балама ретінде батыс тілдерінен түрік тіліне енген сөздер ұсынылды: arşiv (evrak), direktör (müdir), ekonomi (iktisat), identik (aynı), enerji (irade), bodrum (mahzen) т.б. [8; 62-63].
Кей кезеңдерде кірме сөздердің баламасын табу үшін зерттеулер жүргізіліп, түрлі жолдар іздестірілді. Батыс тілдерінен енген сөздер түрік тілінде бұрыннан келе жатқан араб тіліндегі сөздерді ауыстыру үшін алынды. ТТҚ kâtip, müdir, nazariye, timsal сияқты араб, парсы тектес сөздер sekreter, direktör, teori, sembol ұғымдарымен берілді. Бұл жағдай түрік тілінде батыстық дәйектемелердің көбейгенін көрсетеді [9; 77].
1970-1980 жылдар аралығында батыс тектес сөздерді түрік тіліне аудару бойынша зерттеулер жүргізілді. Бұл кезеңде түрік тіліне батыс тілдерінен енген 1850 сөз түрікше сөздермен ауыстырылды. Батыс тектес сөздерді ғалымдар түрік тілінің өз сөздік қорының ішінен термин таңдай отырып, ауыстыруға тырысты. Осы себепті туынды сөз әдісі ең таңдаулы тәсілге айналды: adres: bulanak, afiş: ası, alarm: uyandırıcı / tetikdur, aspiratör: emmeç, despot: buyurgan, doktrin: öğreti, eko: yankı, ajans: haber kurumu, ameliyat: işlemce, anestezi: uyuşturma, atmosfer: hava tuvarı, buhar: buğu, bürokrasi: genörgüt, cetvel: çizelge, cezaevi: suçlularevi, dedüksiyon: tümdengelim, demografi: nüfusbilim, diyet: besidüzen, dublör: yedek oyuncu, edebiyat: yazın, enfeksiyon: bulaşma, fıtrat: yaradılış, fiksiyon: imge, fosil: taşıl, genosit: soykırım, hicviye: yergi / taşlama, ırkçı: anasoycu, ipnotizma: uyutmaca, jeneratör: üreteç, kafiye: uyak, kapitalizm: anamalcılık, kozmetik: sürümlük, kriminoloji: suçbilim, lahika: ek, metafizik: doğaötesi / fizikötesi, mitoloji: söylencebilim, nazariyat: kuramlar, nihilizm: hiççilik, noktalama: duralandırma, observatuvar: gözlemevi, paleografi: eskiyazı bilgisi, pedagog: eğitimci, pragmatizm: yararcılık, radikalizm: köktencilik, sıfat: önad, şair: ozan, şerh: açımlama, talimat: yönerge, tansiyon: kan basıncı / gerginlik, virgül: çeke, zaviye: açı / köşe. Батыс тілдерінен түрік тіліне енген сөздердің барлығы дерлік бір сөзден құралған және оларды бір сөзбен атауға тырысқан.
Түрік тіл мекемесі зерттеулерін жалғастыра отырып, 1980 жылдан кейін «Шетелдік сөздердің сәйкестігі» деп аталатын тағы екі шағын кітап шығарды. Бұл кезеңде батыс тектес 1000-ға жуық сөздің түрікше баламасы табылды. Қарастырылып отырған кезеңді 1970-1980 жылдар аралығынан ерекшелейтін ерекшелік – батыс тектес сөзді іздеу кезінде тілге бұрын енген батыс тектес тағы бір сөз қолданылған: kokpit: pilot köşkü, raportör: rapor yazıcı, ekspertiz raporu: uzman raporu т.б. 1980 жылдан кейін түрік тіліндегі туынды сөз әдісі азырақ қолданылды [8; 68-71]. (Сары 2008: 68-71).
Түрік тіл мекемесі ғылымның әртүрлі салаларына жататын терминдер сөздіктерін шығарады. Бұл жарияланған сөздіктер www.tdkterim.gov.tr/?kategori=yenisozluky сайтында қолжетімді. Сонымен қатар, әртүрлі терминдік сөздіктерден пайда алу үшін http://www.tubaterim.gov.tr/ интернет мекенжайына жүгінуге болады.
Түрік тілі қауымдастығы шығарған термин сөздіктері: Ағаш өңдеу терминдерінің сөздігі; Паразитология терминдерінің сөздігі; Жеңіл атлетика терминдерінің сөздігі; Футбол терминдерінің сөздігі; Жарықтандыру терминдерінің сөздігі; Биология терминдерінің сөздігі; Лингвистикалық терминдер сөздігі; Қылмыстық іс жүргізу құқығы терминдерінің сөздігі; Гимнастика терминдерінің сөздігі; География терминдерінің сөздігі; Нейрология (биология) терминдерінің сөздігі; Философия терминдерінің сөздігі; Физика терминдерінің сөздігі; Астрономия терминдерінің сөздігі; Авторлық құқық терминдерінің глоссарийі; Заң тілінің сөздігі; Геология терминдерінің глоссарийі; Әдебиеттану терминдерінің сөздігі; Зоология терминдерінің сөздігі
Термин сөздіктерінде шетел сөзінен енген терминге бір емес бірнеше түрікше баламаның ұсынылғаны көрінеді. Осыған байланысты мысал ретінде көрсетуге болатын терминдер төменде келтірілген: izafiye / relativisme > görecilik, bağıntıcılık, mürebbi / educateur > eğitmen, öğretmen, bisexuel > ayrıeşemli, ikieşemli, nüve / noyau > çekirdek, özek, niyet, kast / intention > yasan, yasanlama, hüzme / corymbe > pürcük, yelpaze, üfule / fonction > görev, işlev.
Осы жағдайға сүйене отырып, егер кірме термин үшін бірнеше түрік баламасы ұсынылса, термин шатасуы пайда болады және сөз болып отырған кірме терминнің түрік тілінің сөздік қорында орнығу ықтималдығы жоғары болады деп айтуға болады. Өйткені қай түрік терминін таңдайтындығы туралы шешім қабылдау кезеңінде өткен уақыт пен туынды түрік терминдерін білмеу мүмкіндігіне байланысты шетелдік терминді қолданатындар саны артады және нәтижесінде бұл шетелдік термин тілде орнығады. Бұл жағдайдың алдын алу үшін шетелдік терминдерге жауап ретінде бір ғана термин ұсынылуы керек; дегенмен, бұл ұсынылған термин сөзді терминге айналдыру үшін барлық мүмкіндіктерге ие болуы керек және терминнің тілде болу ықтималдығы жоғары болуы керек.
Шетелдік терминдерді түрікше терминдермен алмастыру барысында туындайтын мәселелердің бірі – грамматикалық ережелерге қарсы туынды сөздер жасау. Терминдік сөздіктерде мұндай қате аудармалардың болуы таң қалдырады: tasavvuf / mysticisme > gizemcilik (giz+em+cilik, грамматикалық қағидаларға кереғар аударма; өйткені -Am етістік түбіріне жалғанатын морфема (kuram, tutam vb.))
ictimaiyat / sociologie > toplumbilim (top+lu+m / bil-im)
bisexuel > ayrıeşemli, ikieşemli (ay(ı)r-ı / eş+em+li, iki / eş+em+li)
bürhan / démonstration > belgitleme (EDPT, belgüt- See belgürt- (s. 340b), belgürt- ‘to make manifest, display’ (s. 341a)), (belgi(r)-t-leme)
Шетел тілінде дербес морфемамен (сөзбен) немесе тәуелді морфемамен берілетін болымсыз мағына да осы шетел терминдерін орнықтыру үшін жасалған түрік терминдерінде тәуелді морфемалармен немесе тәуелсіз морфемалармен (сөз) беріледі:
gayri irade / non volontaire > iradedışı.
invoice > sessiz
aton / inaccentué > vurgusuz
lâahlâki / amoral > töredışı
tenakür / antipathie > karşıtduygu
athermane > ısıalmaz
Қолданылу жиілігі жағынан бағаланғанда, сөз туындысында аз жиілікте болатын морфемалар жаңа терминдердің туындысында қолданылуы мүмкін. Осылайша өлі морфемалар ретінде сипатталатын бұл морфемалар қайта жанданып, түрік тіліне енетін кірме сөздердің қарқынының төмендеуіне ықпал етуде. Сондай-ақ, мәдени құндылықтардың дүниеге келуіне зор ықпал ететін тілді, түрік тілін ұлттық сипатқа айналдыруға жол ашылып, тіл арқылы түрік ұлтының болмысын сақтап қалуға тағы бір қадам жасалды деп бағаланады.
Қазіргі кезде шет тілдегі кірме терминдер көбінесе түрікшеге бейімделіп қолданылады. Мысалы, ағылшын тіліндегі station : istasyon, abacus :abaküs, abnormal :anormal, absurd :absürt, acacia :akasya, academic :akademik, accent :aksan, accessory :aksesuar, acetone :aseton, acid :asit, acne :akne, acoustic :akustik, activitiy :aktivite, agenda :ajanda, aggressive :agresif, agitation :ajitasyon, alarm :alarm, antithesis :antitez, antivirus :antivirüs, authentic :otantik, autobiography :otobiyografi, copy :kopya, corner :korner, corridor :koridor, cosmetic :kozmetik, cube :küp, cure :kür, cylinder :silindir, dance :dans, dancer :dansçı, data :data, declaration :deklarasyon, diplomacy :diplomasi, document :doküman, duplex :dubleks, ecology :ekoloji, eczema :egzama, editor :editör, effect :efekt, emblem :amblem, embryo :embriyo, encyclopedia :ansiklopedi.
Қорыта келгенде, әлеуметтік құбылысқа жататын тілдер өмір сүре отырып, бір-біріне әсер етеді. Бұл жерде маңызды мәселе - бұл әсердің деңгейі. Бір тілдің екінші тілге әсері сөз ауқымында немесе дыбыс, морфология және синтаксис өлшемінде болуы мүмкін. Түрік тілі пайда болғаннан бері кейбір тілдердің ықпалында болғанымен, кейбір тілдерге өзі де әсер етті. Терминдерді жаңа өнертабыс үшін сала мамандары шығарады. Аталған терминдердің қолданылу аясы ауызша немесе жазбаша коммуникация құралдарына байланысты кеңейеді. Терминдер құрылымы оңай өзгеретін тілдік бірлік болмағандықтан, ғылымға қызығушылық танытқан адамдардың барлығы термин туындысын білуі керек және бұл адамдар түрік тілінде білім алуы керек. Өйткені, ғылым саласына маманданатын адамдар сол ғылым саласына тән негізгі терминдер мен ұғымдарды толық меңгеруі керек. Бұл тұрғыдан алғанда, Түркия елі ғалымдарының шетел терминдерін аударудағы және бейімдеудегі ұстанымы зерттеуге тұрарлық қағида.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Ахманова О.С. Словарь лингвистических терминов. – Москва: Сов. Энциклопедия,1966. - 607 с.
2. Прохорова В.Н. Актуальные проблемы современной русской лексикологий. – Москва: Издательство МГУ, 1973.
3. Ушаков Д.Н. Толковый словарь русского языка. –Москва: Астрель, 2000. T. IV. - 752 c.
4. Doğan. Türkçenin Sözvarlığı, 3. Basım. - Ankara: Engin Yay. 2004.
5. Sadoğlu Hüseyin. Türkiye’de Ulusçuluk Ve Dil Politikaları. - İstanbul: İstanbul Bilgi Üniversitesi Yay., 2003.
6. Hatiboğlu Vecihe. “Atatürk ve Terim Devrimi”. Türk Dili, - Ankara: TDK Yay., Kasım 1971, C: XXV, S: 242.
7. İmer Kâmile. “Türk Yazı Dilinde Dil Devriminin Başlangıcından 1965 Yılı Sonuna Kadar Özleşme Üzerine Sayıma Dayanan Bir Araştırma”, Türkoloji Dergisi, V / 1, 1973.
8. Sarı Mustafa. Türkçenin Batı Dilleriyle İlişkisi. - Ankara: TDK Yay., 2008.
9. Heyd Uriel. Language Reform In Modern Turkey, The Israil Oriental Society, Jerusalem, 1954.