АКАДЕМИК Ә.ҚАЙДАР ЖӘНЕ МЕКТЕП ОҚУЛЫҚТАРЫНДАҒЫ ТЕРМИНДЕР (ACADEMICIAN А. КAIDAR AND TERMINOLOGY IN SCHOOL TEXTBOOKS)

АКАДЕМИК Ә.ҚАЙДАР ЖӘНЕ МЕКТЕП ОҚУЛЫҚТАРЫНДАҒЫ ТЕРМИНДЕР (ACADEMICIAN А. КAIDAR AND TERMINOLOGY IN SCHOOL TEXTBOOKS)
Ұғымға дұрыс анықтама беру – оны ғылыми дәрежеге көтеру. Сөйлеудегі ұғымның өкілі – бұл термин. Демек, термин сөздің анықтамасын бейнелейтін сөз. Белгілі бір тұжырым жаңа қасиеттерге, белгілерге толы болып, жетілген кезде, оны жаңа атпен көрсету керек пе деген заңды сұрақ туындайды. Осындай мәселелерге келгенде ғылыми ұстанымдар мен зерттеулердің орны ерекше болмақ. Академик Ә.Қайдар – қазақ терминологиясының мәселелері туралы маңызды еңбектер жазған. Бұл мақалада сол еңбектердің маңыздылығын ескере отырып, мектеп оқулықтарындағы терминдерді зерделеубасты назарға алынады. Түйін сөздер: термин, терминология, мектеп оқулықтары, салалық терминология

Кіріспе

Қазақ тіл білімінің бір саласы терминологияның дамуы мен қалыптасу тарихы бар. Оны ғылым мен техниканың өркендеуінен, қоғам өмірінде болып жатқан саяси, экономикалық, рухани, мәдени, тарихи және әлеуметтік өзгерістерден толық ажыратуға болмайды. Білім беруде терминдерді меңгерту мектептен басталады, мектепте арнайы терминдерді оқыту бағдарламасы енгізіледі. Әр сыныпта меңгерілетін терминдер оқушы жас ерекшелігіне байланысты қамтылады. Мектепте қазақ тіліндегі терминдерге арнайы сағат арналған. Мысалы, қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінің ғылымның басқа салалары сияқты өзіндік тілдік ұғымдары мен терминдері бар. Мектепте оқушылар қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша терминдер ұғымын қалыптастырады.Терминдердің негізгі сипаттамалары, қасиеттері, терминдердің мағынасы мен түсінігі қарастырылады. Ұғымға дұрыс анықтама беру – оны ғылыми дәрежеге көтеру. Сөйлеудегі ұғымның өкілі – бұл термин. Демек, термин сөздің анықтамасын бейнелейтін сөз. Белгілі бір тұжырым жаңа қасиеттерге, белгілерге толы болып, жетілген кезде, оны жаңа атпен көрсету керек пе деген заңды сұрақ туындайды.

Терминологиялық ұстанымдар

Қазақ тілі терминдерін меңгертуде А. Байтұрсынов еңбегін ерекше деп атаған жөн. Ғалымның термин жасаудағы еңбегі зор. Тіл мен әдебиетке және жалпы мәдениетке қатысты жүздеген терминдерді жасап, қолдана отырып, қазақ тілінде термин жасаудың үлгісін жасап кетті [1].

А.Байтұрсынұлы метафоризация әдісімен жасаған терминдердің ішінде абстрактілі ұғымдардың шaқ, рaй, шырaй атауларын да кездестіруге болады. Терминтануда ғалымның жалпы көзқарасын қолдана отырып, туындайтын терминдерді екі жолмен іштей жіктеуге болады: олардың бір тобы - жалпы қолданыстағы сөздердің мағынасын метафоралау арқылы, екіншісі - тудыру. Ғалым қазақ тілінің фонетикасы мен грамматикасына қатысты категориялардың әрқайсысына қазақша термин ұсынды: зaт eciм, сын eciм, eтiстiк, eciмдiк, одaғaй, үстey, шылay, бaстayыш, бaяндayыш, сөйлeм, қaрaтпa сөз, қыстырмa сөз, лeп бeлгiсi, сұрay бeлгiсi дeгeн т.б. терминдер бүгінгі күні белсенді қолданыста. Олардың барлығы дерлік қазақ сөзінің байырғы мағынасын жаңғырту (түрлендіру) арқылы немесе жаңа тұлғада сөз жасау арқылы пайда болған есімдер, олардың көпшілігі жасанды сөздер. Термин бұл олардың әрқайсысы сілтеме жасайтын лингвистикалық категорияға қатысты, оның жасандылығы мен жасандылығына нұқсан келтірмей. Бұлардың өте сәтті жасалғаны бүгінгі күнге дейін қолданылып келе жатқан өміршеңдігімен дәлелденеді. А.Байтұрсыновтың пікірінше, тілді қолдана білу, сөзден сөз жасай білу-бұл кез-келген адамның қолынан келетін жұмыс емес.

Ахмет Байтұрсынұлы: «Пән сөздері жағынан басынан-ақ қазақ басқалардан бөлек жол тұтынды. Қазақ жат сөзге әуестенбей, пән сөздерін өз тілінен жасауға тырысты. Әдебиет тілі ауылдағы қазақтың қайсысына да (хат білетін, яки білмейтін) болса түсінікті болуын көздейді. Тіл арасына жік түсіп айырылмас үшін жат сөздерді амалсыз болған жерде ғана алатын тәртіп қолданды», - [1] деп жазады. Тіл білімінің атасы А.Байтұрсынов ұсынған терминжасау принциптерімен ғалым Ә.Қайдар көзқарасы ұштасып жатыр. Ғалым қазақ тілі терминологиясын жаңаша көзқараспен қарай отырып, өзінің принциптерін ұсынады: Егеменді ел, тәуелсіз мемлекет аталып отырған Қазақстанның бүгінгі жағдайында мемлекеттік тілдің негізгі тірегінің бірі – терминологияны жан-жақты дамытудың, реттеудің, қалыптастырудың алғы шарттарының бірі – оған деген мемлекеттік қамқорлық.

1.       Қазақ тілі терминологиясының жақсы дәстүрлерін жалғастыра, өскелең өмірдің биік талғамына сай жүз беріп отырған бұқаралық үрдістің ұлттық тіл үшін тиімді де қажетті жақтарын орынды пайдалану.

2.       Салалық (ғылыми-техникалық, табиғаттық, қоғамдық, саяси әлеуметтік) терминдер мен атауларды жаңадан жасауда, өзгертуде, ауыстыруда ең алдымен қазақ тілінің төл және бұрыннан қалыптасқан байырғы лексикалық байлығын сарқа пайдалану.

3.       Термин шығармашылдығында бұдан кейін туысқан түркі тілдерінің (әсіресе терминология дәстүріне бай жазба тілдердің) озық тәжірибелерінен, термин жасаудың өрнек-үлгілерінен, оңтайлы да үйлесімді сөз жасау модельдерінен мүмкіндігіне қарай пайдалану.

4.       Тіліміз үшін қажет, бірақ дәл баламасы жоқ, аударуға келе бермейтін интернационалдық терминдер мен атауларды қазақ тілінің фоно- морфологиялық ерекшеліктеріне икемдеп қабылдау.

5.       Орыс тілінен (жалпы славян тілдерінен) енген терминдік атауларды мүмкін болғанынша қазақшаға аударып қолдану; аударуға келмейтіндерін бұрынғыдай сол қалпында емес, қазақ тілінің фоно- морфологиялық ерекшеліктеріне үйлестіре қабылдау.

6.       Салалық күрделі терминдер мен атаулар қазақ тілінің өз негізінде алғашқы әріптері мен буындары бойынша (жекелей де, сөз араластырып та) кеңес-интернационалдық термин-атаулардың үлгісімен қысқартылып пайдалануды заңдастыру.

7.       Күн сайын толассыз туындап жатқан жаңа терминдік ұғымдарға тілімізден дәл балама іздеуде де, термин-атауларды жаңадан жасауда да жалпы терминге тән талаптарды сақтай отыра, дәстүр мен шарттылық заңдылығын мойындау.

8.       Тілімізге қабылданған терминдер мен атауларды мағыналық, тұлғалық жағынан жақындарын өзара топтастырып, салыстыра отырып, лексикалық байлығымызды салалық жүйе бойынша жіктеп, саралап пайдалану.

9.       Тіліміздегі ұлттық және интернационалдық термин-атаулардың сандық, сапалық салмағын табиғи қалпында сақтаудың жолдарын іздестіру [2].

Терминдер мен атаулардың емлесін тіл заңына, жазу дәстүріне сәйкес реттеу; бұл әдетте әліпби мен емле принциптерінің өзгеруіне байланысты қарастырылатын күрделі мәселе, бірақ бұдан былай қоғамның санасын соған дайындап, бейімдеу қажет [2]. Дегенмен, салалық терминологияда осы принциптерді елемеу мен білмеуден бас тартатын кемшіліктер әлі де аз. Тәжірибесіздік пен кәсіби дағдылардың жетіспеушілігі салалық терминдерді тұжырымдауда кездеседі. Бұлар салалық терминологияда ұйымдаспауды тудырады.

Мектеп оқулықтарындағы терминдік қолданыстар

Мектеп оқулықтарына терминдерді енгізудің белгілі бір мақсаты бар. Оқушылар мектепте ғылыми тіл мен ғылыми стильді меңгереді. Ғылымның қай саласын алсақ та, қалыптасқан ғылыми тілі бар. Бұл ғылыми тіл қолданысқа түскен кезде ғана күшіне енеді. Ғылыми тілдің ерекшелігі - оған ойдың тереңдігі, тілдің өткірлігі мен логикасы қажет. Ойдың дәлелділігіне сүйене отырып, пікір де тұжырымды болады. Сондықтан ғылыми тілді қолдануда ойды нақты, дәлірек білдіру көзделеді. Ғылыми тілде көркем шығармада бейнелеу, суреттеу сияқты әдеби тілге тән әдістер қолданылмайды.

Қазақ тіліндегі оқулықтарда көптеген терминдер бар. Атап айтқанда, 5- сыныптың қазақ тілі оқулығында тіл білімі саласына қатысты терминдер: әдeби тiл, мәтiн, лeксикa, сөз, мaғынa, сөздiң тyрa мaғынaсы, сөздiң ayыспaлы мaғынaсы, көп мaғынaлы сөздeр, омонимдeр, aнтонимдeр, тaбy, эвфeмизм, дисфeмизм, тұрaқты тiркeстeр, мaқaл-мәтeл.

Қазақ тілі пәніне қатысты терминдерді олардың қалыптасуына қарай, яғни қоса берілген қосымшалардың құрамы бойынша топтастыруға болады:

1)      туынды терминдер (бір жұрнақты): буын, кідіріс, сегізтармақ, жақсыз, демеулік, септік т.б.;

2)      туынды терминдер (сыңары туынды сөз): жіңішкелік белгі толымсыз сөйлем, толымды сөйлем, атаулы сөйлем;

3)      туынды тіркесім терминдер: болымсыздық есімдік, сүйірлену, анықталғыш, түйдекті тіркес;

4)      түбірге төрт-бес жұрнақ жалғануы арқылы жасалған туынды терминдер: толықтауыш, сабақтастырушы, салғастырмалы.

Терминдердің сөзжасамында сөз тудырушы қосымшалардың қолданылуы бірдей емес. Осыған байланысты қазақ тіліндегі қазақ тілі мен әдебиеті терминдерінің жасалуына қатысатын жұрнақтарды өнімді және өнімсіз жұрнақтарға бөлуге болады.

6-сыныптa тeрминдeрдi aнықтaп, қaй ғылым сaлaсынa жaтaтындығын aжырaт дeгeн тaпсырмaлaр ұсынылaды. Әлeyмeттiк жaғдaйғa, мeмлeкeттiк aрaлық қaтынaстaрғa бaйлaнысты қaзaқ тiлiнe eнгeн тeрминдeр бeрiлгeн. 18-жaттығy, 20-жaттығyлaрдa рeспyбликa, грaммaтикa, лaборaтория, формyлa дeгeн көнe грeк, рим мәдeниeтiнeн кeлe жaтқaн тeрминдeр; бюллeтeнь, симфония, кaссир, опeрa, кaссa, гaзeт – итaльян тiлiнeн eнгeн сөздeр; гeомeтрия, физикa, экономикa, тeрмомeтр, тeлeгрaф, тeлeфон, т.б. грeк, лaтын тiлдeрiнeн eнгeн сөздeр; чeмпион, рyль, рeльс, клyб, вокзaл – нeмiс тiлiнeн eнгeн сөздeр ұсынылғaн. Бeрiлгeн тeрминдeр қaзiргi yaқыттa қaзaқшa бaлaмaсы қолдaнылып жүрсe дe, оқyлықтa хaлықaрaлық тeрмин рeтiндe бeрiлгeн. Чeмпион, aвтовокзaл – қaзiргi тaңдa жeңiмпaз, сaпaржaй болып қолдaнысқa eнгiзiлyдe.

Тіл білімі терминдері сөз қосу әдісімен жасалады, яғни екі немесе одан да көп түбір сөздер бір дыбыстық құрамға біріктіріліп, бір лексикалық мағына береді. Мысалы: орфография, морфология, этнографизм, т.б.

9-сынып оқулығында стиль, ғылыми стиль, ауызекі сөйлеу стилі, ресми стиль, пунктуация, нүкте, сызықша, қос нүкте, үтір, көп нүкте, т.б. лингвистикалық терминдер оқытылады.

Ғылыми стильді меңгерту барысында жаттығу жұмыстары орындатылады. Жаттыңу жұмыстарында химия, биология терминдерінің мағыналары түсіндіріледі. Осы сыныпта химия пәні оқытылады. Сондықтан оқулықта кездесетін химия ғылымының терминдерінің кездесуі пән аралық байланыс болып табылады. Терминдер оқушы ұғымына қиын болмайды. Мысалы, оқулықтағы стильді ажырата білу мақсатында 86 - жаттығуда әдебиеттану ғылымының терминдері: образ, әдеби тек, эпикалық образ, лирикалық образ, драмалық образ, юморлық, трагедиялық, фантастикалық, геройлық образ, т.б. бар. 88 және 89 – жаттығуларда халықаралық химия ғылымының терминдерін кездестіреміз. Мысалы, период, жасуша, цитоплазма,ядро, прокариоттар, эукариоттар, бактерия, т.б.

Мектеп оқулықтарындағы, оның ішінде 5-сыныптағы қазақ тілі оқулығындағы терминдерді қарастыра отырып, терминдердің көпшілігін Кеңес дәуіріндегі оқулықтарда қолданылған терминдерге қарағанда қазақ тіліндегі баламаны ұсынудың ұтымды жағы деп санауға болады.. Мысалы, 5-сыныпта «Жаңа Сөздер» тақырыбы бар. Бұрынғы оқулықтарда "неологизмдер" терминін "жаңа сөздер" ретінде ұсынған жөн. 5-сынып оқyлығындa кiрмe сөздeр жeкe тaқырып рeтiндe оқытылaды. Бұл тaқырыпқa қaтысты дa тeрминдeр молынaн кeздeсeдi. 172-жaттығyдa обсeрвaтория, тeлeскоп, aстрономия дeгeн сөздeр кeздeсeдi. Бұл тeрминдeрдi оқытy бaрысындa сөздiктeр aрқылы мaғынaсын түсiндiрy қaжeт.осы сынптaғы оқyшылaрдың жaс eрeкшeлiгi eскeрiлyi қaжeт.

Морфологиялық тұрғыдан қалыптасқан терминдер қазіргі қазақ тіліндегі филологиялық терминдер жүйесінде маңызды орын алады. Бұл сөзжасам терминдік шығармашылықтың негізгі қайнар көзі болып табылатындығымен түсіндіріледі, сондықтан ол қазақ тілінде филологиялық терминдерді құрудың ең өнімді тәсілдерінің бірі болып табылады. Филологиялық фразалық терминдер екі буынды, үш буынды, төрт буынды, бес буынды, алты буынды. Фразалық терминдердің құрамындағы ерекшеліктерді анықтау үшін әрқайсысына жеке тоқталу қажет.

1.       Байырғы қазақ сөздерінен жасалған лингвистика саласының терминдері: көп нүкте, қолжазба, дауысты дыбыстар, дауыссыз дыбыстар, бітеу буын.

2.       Бір сыңары кірме сөз болып келетін терминдер: қолданбалы лингвистика, шырай категориясы, көптік категориясы, сөзжасамдық тип, т.б.

3.       Екі сыңары да кірме сөздер болып келген тіркесті терминдер: универсалдық грамматика, аналитикалық (грамматикалық) форма.

4.       Үш сыңары да қазақ сөзінен тұратын терминдер: сөз тіркестерінің түрлері, сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері, дыбыстардың түсіп қалуы, тіл дамуының заңы, буынның түсіп қалуы, құрамды зат есім, жануарлар туралы ертегілер, он бір буынды өлең, қиял ғажайып ертегілер, үйлену-салт өлеңдері, т.б.

5-сыныпта кездесетін лингвистикaлық тeрминдeрдiң кірме сөздерден болған тeрминдeр кездеседі: эвфeмизм, дисфeмизм, тeрмин, орфогрaфия, орaфоэпия, лeксикa, т.б. 5-сыныптa кәсіби сөздер, диaлектизмдер оқытылaды. Кәсіби сөздер мен диaлектизмдерді оқыту бaрысындa терминдер қaмтылaды.

Терминдер қатарын толықтыратын лексикалық қабаттардың бірі-кәсіби сөздер. Терминдерге ұқсас кәсіби сөздердің аспектісі мынада: екі топтың сөздік қоры белгілі бір кәсіппен, арнайы саламен шектеледі. Осы ұқсастықтарға сәйкес, олар тек бір арнайы лексика аясында қарастырылады. Арнайы лексиканың бір бөлігі екендігі оларды жалпы қолданыстағы сөздерден, аймақтық лексикадан, жаргоннан ерекшелендіретін белгі болып саналады.

Қорыта келгенде, терминдер өз алдына жеке тіл емес, мамандардың пікірінше, тілдің сөйлеу заңдылығына бағынатын сөздер. Терминдер тілдегі сөздерден, тілдік басқа да бірліктерден жасалып, белгілі мағынада қарым-қатынас құралы қызметін атқарады. Терминдер – сөз мағынасының нақтылығын қалыптастырады. Терминдердің жүйелі болуы, тілдің жалпы заңдылығына байланысты.

 

Пайдаланылған әдебиеттер

1.       Бaйтұрсынов А. Тiл тaғылымы. – Aлмaты, 1992. – 445 б.

2.       Қaйдaров Ә. Қaзaқ тeрминологиясынa жaңaшa көзқaрaс. – Aлмaты.– 1993.