Қазіргі кезде қазақ терминологиясының ғылыми-теориялық мәселелері біршама зерттеліп, айтарлықтай нәтижелерге жетіп отыр. Алайда термин мәселесі тек ғылыми зерттеулермен ғана шектелмей, практикалық қолданбалы тұрғыдан қоғамның әртүрлі салаларына, өндіріске енгізуді қажет етеді. Осы тұрғыдан алғанда, қазақ терминологиясында қалыптасқан қағидаттарға сүйене отырып, мемлекеттік тілде білім берудің терминологиялық жүйесін біріздендіріп, мектептің терминологиялық қорын қалыптастыру бүгінгі күні тілшілердің де, сала мамандарының да, оқытушылардың да, әдістемешілердің де, жалпы қоғамның алдында тұрған «күн тәртібіндегі» шұғыл міндет деп білеміз.
Білім беру жүйесінің терминологиясы арнаулы зерттеу нысаны ретінде қарастырылмағанымен, бұл жайлы мақала деңгейінде айтылған пікірлер бар. Мысалы, «100 жаңа оқулық»: тарихи еңбектерді қазақ тіліне аударған ғалым аударма кезіндегі қиындықтар туралы айтты» атты мақалада тарих саласындағы оқулықтарды аудару ісіне қатысқан ғалым негізгі қиындықтың бірі терминдер мен түсініктерді аудару екенін айта келіп, аудармада ұстанған қағидаттарды былайша көрсетеді: «егер термин орыс тіліндегі нұсқасының калькасы болса, оны таза қазақшаға аударып береміз; егер термин латын, грек немесе басқа ежелгі және ортағасырлық тілден алынып, халықаралық түсінікке айналып кетсе, оны аудармай қалдырамыз. Сондай-ақ, кейбір терминдер мен түсініктердің мектеп оқулықтарына және тексеру тестеріне еніп кеткенін де ескердік. Осының барлығын ғылыми-категориялық аппаратқа қойылатын жалпы талаптарды сақтай отырып, сонымен қатар қазақ тіліне бейімдей отырып, аудару керек болды. Біз, авторлар ұйымы, осы тұрғыдан алғанда өте ауқымды жұмыс істедік ‒ терминдер мен түсініктердің ескісін жаңарттық, дұрысын сақтадық та мазмұнын байыттық, жаңа терминдерді енгіздік». [1].
Сондай-ақ «Математика саласындағы терминдерді аудару ерекшеліктері» атты мақалада математика саласындағы терминдерді дұрыс, жартылай дұрыс, бейтарап және бұрыс терминдер деп бөлініп, оларға төмендегіше түсініктеме беріледі. «Дұрыс терминдер. Ұғым туралы толық мағлұмат бере алатын терминдерді дұрыс терминдер дейміз. Жазықтық (плоскость), доға (дуга), жанама (касательная), жанасу нүктесі (точка касания) терминдері – дұрыс терминдер. Олар көбіне төл сөзімізді тура не ауыспалы мағынада қолданудан жасалады. Жартылай дұрыс терминдер. Евклидтік емес геометрия (геометрия Лобачевского), шаршы, текше, үшбұрыш, көпбұрыш (многоугольник), куб теңдеу (кубичное уравнение) сияқты терминдерді жартылай дұрыс терминдерге жатқызуға болады, себебі олар өздері белгілейтін ұғым мазмұны мен көлеміне толық сәйкес келмейді. Бейтарап терминдер. Матрица рангі (ранг матрицы), сайтан сатысы (чертова лестница), алидада, вронскиан, интеграл терминдері ұғымның негізгі қасиеттері туралы ешбір мәлімет бермейді. Терминдердің мұндай тобын бейтарап терминдер дейміз. Әрине, мұндай терминдер математиктерден басқаға бейтарап болғанымнг, олардың қасиеттерімен таныстарға бейтарап бола алмайды. Өйткені, термин еске түссе, оның қасиеті,ал қасиеті айтылса, терминнің өзі еске түседі. Бұрыс терминдер. Қазіргі қолданып жүрген сөздіктерімізде, математикалық әдебиетіміз бен ғылыми методикалық журналымызда жорамал сан (мнимое число), қиялдағы геометрия (воображаемая геометрия), бөлгіш группа (продгруппа), терминдері кездеседі. Бұл топтағы терминдердің элементтері артық немесе терминнің өзі терминделіп отырған ұғым мазмұнына қайшы болып келгендіктен, немесе ұғым реляциясын сипаттамайтындықтан бұрыс терминдер дейміз. Бұрыс терминдердің оқу процессінде қолданылуы оқушыларда бұлыңғыр және теріс түсінік беруі мүмкін. Әрі терминнің тұрақсыздығына соқтырады [2]. Мақала авторының көрсетуінше, математика терминдерін қолдануда бірмәнділік қағидаты ұстанылғанымен, практикада бір ұғымды екі не бірнеше термин арқылы беру сөздіктерде, оқулықтарда, баспасөз бетерінде кездесіп жатады. Мысалы, система, жүйе – система; есептеуіш, есептегіш – счетчик терминдері бір ғана ұғымды сипаттап, синонимдік қатарды тудырып отыр. Синонимдік терминдердің бірқатарының түпкі мағынасы нақты мағынасына сәйкес келсе, екіншілеріне бұлар жартылай сәйкес келуі мүмкін. Мысалы, текше – куб, шаршы – квадрат синонимдері мазмұны жағынан бере алмайды. Ал шешу (процесс), шешім (нәтиже) синонимдері ұғымның мағынасын дәлме-дәл жеткізеді [2].
Т.Қ. Зайсанбаев пен Г.У. Ахметалиеваның «Аударма медициналық оқулықтар тілі туралы» атты мақаласында С.Т. Қизатованың «Жаңа туған нәрестелердің сарғаюы» («Желтухи новорожденных» (учебно-методическое пособие (М. Изд. «Литтера», 272 стр. 2015 г. Мәскеу «Литтера» б. 2015 ж. 272 б.) атты оқу-әдістемелік құралында кеткен кемшіліктер былайша санамалап көрсетілген:
Бұл сөйлемді: Гипербилирубинемияның нәрестелердегі орталық жүйке жүйесінің кейіннен зақымдалуымен қосарланып жүруі, кейін IQ-дің төмендеуі, нейросенсорлық кереңдік пен балалардың церебралды салдануы сияқты асқынулардың дамуы бұл мәселенің маңыздылығын айқындайды деп қолданса, әлдеқайда қазақы және түсінікті болар еді.
Сөйлем дұрыс құрылмағандықтан, әрі автордың не айтқысы келгені түсініксіз болғандықтан, орысша нұсқасына жүгінуге тура келген тағы бір сөйлемге тоқталайық. Орысшасы: Ввиду снижения функции захвата печеночных клеток часть уробилиногена попадает в общий кровоток и выделяется с мочой. Қазақшасы: Бауыр жасушаларының қармап алу қызметінің төмендеуін ескере отырып, уробилиногеннің бір бөлігі жалпы қан айналымына түсіп, зәрмен бірге бөлінеді деп аударылыпты. Бұл сөйлемдегі Ввиду снижения функции захвата печеночных клеток деген сөз тіркесі дұрыс аударылмаған. Бұл сөйлем қазақша былай құрылуы тиіс деп есептейміз: Бауыр жасушаларының қармап алу қызметінің төмендеуі салдарынан уробилиногеннің бір бөлігі жалпы қан айналымына түседі де, зәр арқылы сыртқа шығарылады.
Кейде жұрнақтың дұрыс жалғанбауынан сөйлем түсініксіз болып шығады. Мысалы: ... мұнда кейіннен билирубин дигюкуронидке айналуы мына кесте бойынша жүреді. Бұл сөйлемдегі жатыс септігіндегі сілтеу есімдігіне (мұнда) -ғы жұрнағы жалғануы тиіс еді. Яғни, ... мұндағы билирубиннің кейіннен диглюкуронидке айналу мына кесте бойынша жүреді болуы тиіс. Ал ... өтпен ішекке түседі деген сөз тіркесінде көмектес септігінің жалғауы емес емес, атау септігінің шылауы қолдануы керек еді, яғни өт арқылы ішекке түседі болуы керек.
Орыс тілінің үлгісімен құрылған, яғни баяндауышы сөйлемнің соңында келмеген тағы бір сөйлемге тоқталайық.
«Қауіпті сарғаюдың» ерте белгілерін анықтау үшін нәрестені мұқият бақылап отыру керек:
қанталаулар мен кефалогематомалардың бар-жоғын қарау. Дұрысы:
Қауіпті сарғаюдың белгілерін ерте анықтау үшін:
Біз https://termincom.kz/ сайтының «Мектеп терминологиясы» айдарын қарастыра отырып, мектеп оқулықтарындағы терминдердің қолданысына талдау жасадық.
Диминуэндо – музыкалық термин: дыбыс күшінің бірте-бірте әлсірегенін көрсетеді, белгісі «>» (музыка, 2-сынып).
Крещендо – музыкалық термин: дыбыс күшінің бірте-бірте күшейгенін көрсетеді, белгісі – «<» (музыка, 2-сынып).
Ксилофон – ұрмалы музыкалық аспап, ол дыбыстары әртүрлі биіктікте қатар-қатар тізілген ағаш пластиналардан қүралған, дыбысы балғашықпен соғу арқылы шығады (музыка, 2-сынып).
Сюита – бірнеше қысқаша музыкалық шығармалардан тұратын аспаптық музыканың түрі (музыка, 2-сынып).
Террариум – қосмекенділер мен бауырымен жорғалаушы жануарларды ұстауға арналған орын (жаратылыстану, 2-сынып).
Пуантилизм – әртүрлі түстегі нүктелер мен ұсақ дақтарды пайдалану арқылы жасалатын кескіндеме өнерінің бағыты (көркем еңбек, 3-сынып).
Хлорофилл – өсімдік жапырақтарын жасыл түске ендіретін пигмент. Онсыз фотосинтез үдерісі жүзеге аспайды (жаратылыстану, 3-сынып).
Импрессионизм – түс пен жарықтың құбылуы басты назарға алынатын, 19 ғасырдың аяғында пайда болған өнердегі жаңа бағыт (көркем еңбек, 4-сынып).
Реактейбл – (reactable) сенсорлық беткейі бар дөңгелек үстел пішіндес аспап. Бетіне арнаулы дыбыс генераторлары орналасқан. Бұл аспапта бір адам немесе бірнеше адам қатар ойнай алады (музыка, 4-сынып).
Террикон – пайдалы қазбаларды өндіруден қалған бос тау жыныстарының үйіндісі (жаратылыстану, 4-сынып).
Импрессионизм (французша impressionnisme, impression – әсер) – ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басында өнерде пайда болған ағым (музыка, 6-сынып).
Консументтер – (лат. сопзито – тұтынамын) тұтынушылар қоректік тізбекте фотосинтез жүргізетін өндіргіштер (продуценттер) түзетін дайын органикалық заттарды пайдаланатын ағзалар. Консументтер тобына барлық адам, жануарлар түрі, микроағзалардың біраз тобы, паразит және жәндік жегіш өсімдіктер жатады (жаратылыстану, 6-сынып).
Митохондрия – (грек. митос – жіп және хондрион – түйіршік) жіпше және түйіршік тәрізді органоид. Митохондриялардың көлемі тұрақсыз, сондықтан да олардың сыртқы пішіні өзгермелі келеді. Көп жасушаларда олардың қалыңдығы тұрақты (0,5 мкм), ал ұзындығы тұрақсыз (жіпше тәрізді митохондриялар) 7- 10 мкм-ге дейін жетеді.
Фенолфталеин – химиялық индикатор. Бейтарап және қышқылды ортада түссіз, ал сілтілі ортада қоңыр қызыл түске өзгереді. Сонымен бірге бояу ретінде де қолданылады (жартылыстану, 6-сынып).
Суверенитет – мемлекеттің ішкі және сыртқы саясаттағы саяси тәуелсіздігі (Дүниежүзі тарихы, 11-сынып) – бекітілгені «егемендік».
Этникалық репрессиялар – (КСРО-да) күштеп қоныс аударуды (депортацияны), жала жабуды, геноцидті, ұлттық-мемлекеттік құрылымдарын жоюды, арнаулы қоныстану жерлерінде террор мен күш көрсету режимін орнатуды қосқанда, жекелеген этникалық топтарға қатысты саяси қуғын-сүргіндер (Қазақстан тарихы, 11-сынып) – бекітілгені «қуғын-сүргін».
Этникалық репрессиялар – (КСРО-да) күштеп қоныс аударуды (депортацияны), жала жабуды, геноцидті, ұлттық-мемлекеттік құрылымдарын жоюды, арнаулы қоныстану жерлерінде террор мен күш көрсету режимін орнатуды қосқанда, жекелеген этникалық топтарға қатысты саяси қуғын-сүргіндер (Қазақстан тарихы, 11-сынып) – дұрысы «этностық қуғын-сүргін». [4].
Қазақ тіліндегі мектеп оқулықтарындағы қолданылатын терминдерді қарастыра келе, білім беру жүйесі терминологиясын біріздендірудің төмендегідей мәселелеріне көңіл бөлеміз:
- біріншіден, білім беру, оның ішінде мектеп терминологиясының ғылыми-теориялық, қолданбалы-практикалық, әдістемелік және үйлестірушілік негізін қалыптастыру қазақ тілін ғылым тілі ретінде дамыту үшін қажет, өйткені қоғамдағы ғылым салаларының, оның ішінде мектепте оқтылатын пәндерді қазақ тілінде «сөйлеуін» қамтамасыз ету мемлекеттік тілді қолдану мен дамытудың алғышарттарының бірі болып табылады;
- екіншіден, білім беру жүйесінің, оның ішінде мектеп терминологиясының ғылыми-теориялық, қолданбалы-практикалық, әдістемелік және үйлестірушілік негізін қалыптастыру қазақ тілін ана тілі және шет тілі ретінде сапалы оқыту үшін қажет, өйткені білім беру, оның ішінде мектеп терминологиясының ғылыми-практикалық негізін қалыптастыру ортақ мәдениетті, біртұтас халықты қалыптастырудың қазіргі заманғы қуатты инновациялық құралдарының болып табылады.
Мектеп терминологиясын қалыптастыру мен дамытудың негізгі тәсілдері:
1) ғылыми-теориялық негізін қалыптастыру:
- мемлекеттік тілде білім беру терминологиясының ғылыми-практикалық негізін қалыптастыру мен дамыту бойынша арнаулы ғылыми-теориялық зерттеулер жүргізу;
- мектеп оқулықтарын мемлекеттік тілге аударудың ғылыми негізін дамыту бойынша ғылыми-теориялық зерттеулер жүргізу;
- мектеп терминографиясын қалыптастыру мен дамыту бойынша ғылыми-теориялық зерттеулер жүргізу;
2) қолданбалы-практикалық негізін қалыптастыру:
- мектепке оқулықтарында кездесетін (бастауыш, орта және жоғарғы сыныптар) терминдер кешенін жинақтау, іріктеу және жүйелеу; эмпирикалық қорға қажетті талдау жасау;
- мектепке оқулықтарында кездесетін пәнаралық полисемиялар мен ғылымаралық терминологиялық омонимдердің аражігін ажырату;
- мектепке оқулықтарында кездесетін салалық терминдердің варианттылығын анықтау;
- мектепке оқулықтарында кездесетін терминдерді біріздендіру;
- мектепке арналған сыныпаралық және пәнаралық терминологиялық сөздіктер әзірлеу;
- мектеп терминологиясына арналған жеке дербес сайт ашу;
3) әдістемелік негізін қалыптастыру:
- мектепке терминологиясын оқытудың әдіснамасы мен әдістемесін зерделеу;
жоғары оқу орындарына терминология пәнін міндетті пән ретінде енгізу;
4) үйлестірушілік негізін қалыптастыру:
- мектеп мұғалімдерінің терминологиялық біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру;
- мемлекеттік тілде білім беру терминологиясының ғылыми-практикалық, әдістемелік негізін қалыптастыру бойынша іс-шаралар, атап айтқанда, халықаралық семинарлар, конференциялар, басқосулар, онлайн конференциялар және т.б. ұйымдастыру;
- мектеп терминологиясын ретке келтіру және оларға терминологиялық сараптамалар жасау бойынша жұмыстарды қамтамасыз ету.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: