Лингвистикалық терминдерді түрік тіліне аударудағы терминдік элементтердің семантикалық сипаты

Лингвистикалық терминдерді түрік тіліне аударудағы терминдік элементтердің семантикалық сипаты

«Термин» сөзі түрік сөздігінде “terim” деген атаумен «бір ғылымға, өнерге, кәсіпке немесе пәнге, нақты ұғымға сәйкес келетін сөз» ретінде қолданылады.

«Terim» сөзі араб тіліндегі «ıstılah» сөзінің «ter-» етістігіне «-im» жұрнағының жалғануы арқылы жасалған түрікше баламасы. «Istılah» сөзінің өзі түрік ғалымдардың еңбектерінде Түркия Республикасының алғашқы жылдарына дейін қолданылып келген [1]. Жалпы түрік тіл білімі ғылымындағы ізденістер мен зерттеулер өте ертеректен басталған. Араб тілі түрік зиялыларына ғылым тілі, ал парсы тілі әдебиет тілі ретінде танылып, осы тілдерде түрлі еңбектер жазылып, түрік тіліне аударылып келді. Уақыт өте келе медицина, математика, астрономия, шариғат және ислам туралы жазылған еңбектерде кездесетін терминдер ғылымның дамуына жол ашты.

ХІХ ғасырдың 20-жылдарында түрік зиялыларының арасында түрік грамматикасындағы шетелдік сөздерден тазарту туралы пікірлер айтылып, кейіннен бұл көзқарас ұлттық сипатқа ие болған.

Түркия Республикасының негізін қалаушы, тұңғыш президент Кемал Ататүрктің бастамасымен түрік тілін жетілдіре түсетін лингвистикалық ғылыми қоғам құрылып, түрік тілін көптеген кірме сөздерден тазартып, жергілікті тіл ерекшелігінен алынған көне түрік сөздерін енгізіп, туыс тілдердегі сөздермен алмастырған. Осылайша мемлекет бақылауымен түрікше қосымшалар жалғану арқылы жаңа терминдер түзіле бастаған.

1937 жылдан бастап жаңа терминология жасау жұмыстары қызу қарқынды жүріп отырды. Ұсынылған жаңа терминдерге қарсылықтар болғанымен, бұл мәселелер тым көп талқыланбады. Іске асыру жұмыстары да мектеп оқулықтарынан басталып, басқа білім салаларында, зерттеулерде кеңейтіле түскен.

Терминдерге топтама жасаған ғалым Пеями Сафа «atom, demokrasi, vitamin, elektrik сияқты терминдердің түрік тіліне орнығып, сіңісіп кеткендіктен өзгертілуі мүмкін емес дей келе, екінші топтамаға жататын analoji, objektif, primitif, sosyoloj сияқты т.б. терминдерге түрік тілінің дыбыстық ерекшеліктері мен емлесіне сай баламалардың берілгені əбден орынды болар еді», – дейді. [2].

Түрік терминологиясының даму тарихын 5 кезеңге бөліп қарастыруға болады:

  1. Классикалық кезең (1100-1839 ж.). Селжук және Османлы мемлекеттері кезіндегі терминология;
  2. Танзимат кезеңі (1839-1876 ж.). Араб тілінен алынған жаңа терминдерден туынды терминдер жасау кезеңі, құқықтық терминдерінің қалыптасуы кезеңі;
  3. Бірінші Конституциялық кезең (1878-1908 ж.). Араб тілінен жаңа туынды терминдер жасау кезеңі мен түрікше терминдерді қолданысқа енгізу кезеңі;
  4. Екінші Конституциялық кезең (1908-1923 ж.). Өтпелі кезең. Араб тілінен термин жасауды шектеп, түрікше түбірлерден немесе шетелдік түбірлерден түрік тіліндегі жұрнақтар арқылы термин жасау кезеңі;
  5. Ұлттық терминология кезеңі (1923-2000 ж.). Бұл кезең – барлық терминдердің түрікше түбірден арнаулы жұрнақтар арқылы жасалған жаңа терминдер кезеңі [3].

 Ғалым Мехмет Каплан – терминдерді таза түрік тілінде түзуді жақтаушы ғалым. Оның «Kültür ve Dil» атты кітабында: «Жаңа ұғымдар үшін жаңа сөздердің жаңалығын, түрік тіліне еніп қалыптасып кеткен шет ел сөздерінің жоққа шығарылуымен шатастырмау керек. Қазіргі кезеңде біз ғылым, техника, əдебиет, өнер, философия салаларында мыңдаған сөзге мұқтажбыз. Бұлардың түбірі төл тілімізде жасалса, əрине, орынды болар еді. Түрік тілінде болмаған бір ұғымға түрікше балама таба алсақ, оны түрік мəдениетіне жаратсақ мақтанарға тұраралық үлкен іс болары хақ» [4].

Түрік әдеби тіліне енген ғылым мен техникаға қатысты шеттілдік терминдердің көпшілігі өзгеріссіз алынған. Соңғы жылдары интеграциялану мен жаһандану процесіне байланысты кірме сөздер түрік тілінде еуропа тілдерінен көптеп енген.

Түрік тіліне шет тілдерінен енген терминдер негізінен төмендегіше жіктеледі:

1) ғылым мен техника саласының терминдері:

а) медицина саласындағы өзгеріссіз алынған терминдер: amnezi (amnesia) – амнезия (гр. Ἀμνησία): жадының жартылай немесе толық жоғалуы; anemi (anemia) – анемия (гр. αναιμία): қысқаша айтқанда, халық арасында анемия деп аталатын қызыл қан жасушаларында гемоглобин деп аталатын заттың аз болуы; bakteri (bacteria) – бактерия (гр. βακτηρία):  тек микроскопта ғана көрінетін аса ұсақ жасушалар және олар көптеген әр алуан аурулар туғызатын бірақ көбінесе нейтралды қызмет атқарушылар; stres (stress) – стресс (ingstress)қатты күйзелу, абыржу, мөлшерден тыс ширақтылық деген сияқты бірнеше мағынаны қамтитын жалпылама сөзбен айтылған адамның ерекше күйі; narkoz (narcosis) – наркоз (гр. narkosіs): орталық жүйке жүйесіне арнайы дәрілер жіберу арқылы организмде жасанды түрде шақырылған терең ұйқы; narkotik (narcotic) – есірткі ((гр. nαρκωτικός) – есті жоғалту))БДСҰ-ның (Бүкіләлемдік Денсаулық Сақтау Ұйымы) анықтауы бойынша, ауру сезгіштікті жоятын химиялық есірткі.

ә) түрік тілінің дыбыстық ерекшеліктеріне сай жасалған медициналық терминдер: radikülit (radiculitis) – радикулит: жүйке жүйесінде жиі кездесетін ауру. Бұл ауруды қазақтар құяң деп атайды; rezeksiyon (resection) – резекция (фр. résection < лат.)дене мүшесінің ауруға шалдыққан бөлігін кесіп алып тастау; respirasyon (respiration) – тыныс алу (лат. respiratio): ағза мен қоршаған орта арасындағы газ алмасу үдерісі.

2) діни терминдер: bayram (holiday) – мейрам (үнді-ир. Rāma)ұлттық немесе діни мәні бар, қасиетті болып саналатын және ұлттық деңгейде тойланатын күн; «Гөктүрік және ұйғыр мәтіндерінде «bayram» ұғымы үнді-иран тілдерінен алынған rāma сөзімен кездеседі. Санскрит тіліндегі rāma сөзінің мағынасы «қуаныш, тыныштық, бақыт» дегенді білдіреді. Бұл сөз санскрит тілінен иран тілдеріне өткен. Санскрит тіліндегі rāma сөзінің соңындағы -а дауыстысы артикль жұрнағы болып табылады. Бұл сөзді түрік тіліне аударылғанда  жұрнағы түсіп қалады. Өйткені түрік тілінде артикльдің баламасы болмағандықтан, rām формасы ғана алады. Бұдан кейінгі түрік мәтіндерінде baz-ram немесе bez-rem > bad-ram, d > y дыбыстарының өзгеруімен bayram формасы кездеседі. Екінші буындағы rām сөзі түрік тілінде r-дауыссыз дыбысынан басталмайтындықтан, rām сөзінің алдына а - протезі алынады» [5].

Dindar (religious) – діни (парс. dīndār): қандай да бір көзқарасты, ілімді дәйектілікпен ұстанушы; dua (prayer) – дұға (ар. دعاءАлла тағаланың құдіретінің, ұлылығының алдында құлдың өз әлсіздігін сезініп, оған шынайы ниетпен бет бұрып мұң-мұқтажын өтеуге жәрдем, көмек сұрауы дегенді білдіреді; felsefe (philosophy) – (гр. φιλοσοφίαphilosophia): белгілі бір болмысқа, танымға, құндылықтарға, ақиқатқа, парасат пен тілге қатысты абстрактылы, жалпы және іргелі мәселелер бойынша жүйелі зерттеулер.

Түрік тіліне аударылған лингвистикалық терминдер: abece – әліпби (нем. alphabet, фр. alphabet, ағыл. alphabet): белгілі бір ретпен орналасқан тілдің дыбыстық таңбаларынан  тұратын жол; adsayma – атау (нем. antonomasie, фр. antonomase, ағыл. antonomasia): шешендік өнерде атақты жалқы есім сапа белгісі ретінде пайдалану; argo – жаргон (нем. argotgaunersprache, фр. argoty, ағыл. argot, slang):  қоғамдағы ортақ тілден басқа, бірақ - одан туындайтын, белгілі бір ортада қолданылып, әркім түсінбейтін, идиосинкратикалық сөздер мен идиомалардан тұратын ерекше тіл; bağımsal dilbilgisi – тәуелді грамматика (нем. dependenzgrammatik, фр. grammaire de dependances, ағыш. dependency grammar): сөйлемді талдауда етістіктерге негізделген абстрактілі сөйлем құрылымдарын анықтауды мақсат ететін лингвистикалық қозғалыс; ilgeç - көмекші сөздер (нем. prâposition, фр. preposition): қатынас орнату үшін қолданылатын, мағынасы сол контексте басқа бірліктермен айқын көрінетін толық лексикалық мағынасы жоқ қосымша мән үстейтін функционалдық морфемаişteş eylem – ортақ етіс (нем. reziproke, фр. verbe reciproque, ағыл. reciprocal verb); орындаушылары көп бірлесіп атқарылған жұмыс; iyelik eki – тәуелдік жалғау (нем. possesivsuffıx, фр. suffixe possessif, ағыл. possessive suffbc):  бір заттың басқа бір затқа тәуелді екенін білдіретін қосымша. Түрік тіліндегі тәуелдік жалғаулар: -(i)m,-(i)n, -i, -(i)miz,-(i)niz, -leri; yüklem - баяндауыш (нем. prâdikatsatzaussage, фр. predicat, ағыл. predicate): сөйлемнің негізін құрайтын, талдауда сөйлемге сәйкес қызметін анықталады; lehçe - диалект (нем. dialelct, фр. dialecte, İng. dialect): тілдің тарихи, әлеуметтік, мәдени себептерге байланысты уақыт немесе кеңістіктегі айтылым, грамматикалық және лексикалық жағынан сараланған түрі; özne -бастауыш (нем. subjekt, satzgegenstand, фр. sujet, ағыл. subject): грамматикада етістікпен белгіленген іс-әрекетті орындайтын немесе субъектісі болып табылатын элемент; ses -дыбыс 1. (нем. laut, phon, фр. son, phone, ағыл. sound/phone): 1. Құлақпен қабылданатын діріл. 2. Өкпеден келетін ауаның әсерімен дауыс байламдарындағы діріл; sıfat – сын есім (нем. adjektiveigenschaftswort, фр. adjectif, ағыл. adjective): зат есімнің сипатын білдіретін немесе анықтайтын сөз [6].

Ғалым Мехмет Кахраман жалпы ғылымның термин шығармашылығында сөз болып отырған тәсілді пайдалану арқылы жасалған терминдерді өз алдына екіге бөлуге болатындығын сөз етеді. Біріншісі – жалпы қолданыстағы сөздердің мағынасын метафоралау жолымен, екінішісі – сөз мағынасын нақтылау арқылы терминдік мағына жүктеу жолымен жасалған терминдер. Бұл термин жасау тәсілі бойынша ұғымдарды ұқсату арқылы сөздің бастапқы мағынасы метафоралау жолымен жасалған: çekim (рай), kök (түбір), satır (тармақ), pekiştirme (шырай), hece (буын),  bağlaç  (шылау) т.б. терминдерді атап көрсетуге болады.

Түрік тілінде терминжасам көздері осы айтылғандармен ғана шектеліп қоймайды. Олардың бұлардан басқа көбінесе қолданылатын сөзге  жұрнақ жалғау, сөздерді біріктіру, тіркестіру сияқты тәсілдері де бар. Олардың ішінде ұлт тілінде  термин жасауда -an/-en жұрнақтары арқылы мынадай терминдер қалыптасты: ботаника терминдері: böcekkepan (зиянкес аулаушы), kalboğan (қырларда кезедесетін өсімдік аты), domalan (жер саңырауқұлағы), kardalen (көктемде ерте шығатын бәйшешек гүлі); зоология терминдеріağaçdelen (ұя салу үшін ағаштарды кесетін жәндік), bağkesen (жәндік түрі), çobanaldatan (құс түрі), математика терминдері: bilinen (белгілі болған сандық мөлшер), bilinmeyen (белгісіз сандық мөлшер); bölünen (бөлінген сан), kalan (қалдық), грамматика терминдері: belirten және belirtilen (айқындауыш мүшелер), benzeyen (үндестік); медицина терминдері: ağrıkesen (ауруды басатын дәрі),  saçkıran (тері ауруы); әлеуметтану терминдері: düzen (мемлекеттің негізгі принциптері, басқару нысаны, режим бойынша басқару тәсілі); анатомия терминдері: kaldıran (бұлшық еттерге берілген атау); география терминдері: kıran (бір-біріне параллель келген екі ағынсу арасындағы жота) [7].

Түрік тілінде -an/-en жұрнақтарынан басқа –а (-e) (yara)-ak (-ek, -k) (oynak)-am (-em-ım) (sağlam, ünlen)-cı (-ci), - cu, - çi (otacı ); -cık (-cik, -cuk, -cük, -çık, -çik, -çuk, -çük) (kızamıkçık)-сıl (-cil, -cul, -cül, -çıl, -çil, -çul, -çül) (ölümcül)-gı (-gi, -gu, -gü, -kı, -ki, -ku, -kü) (sargı, yargı) (-i, -u, -ü) (aşı); -lık (-lik) (kansizlik, nicelik)-mak (öksürmek)-mık (kızamık)-sız (sonuçsuz) – тұлғалары арқылы жасалалатын терминдер де көптеп кездеседі. 

Түрік тілінде терминжасауда қосымшалар арқылы терминжасау тәсілінің өзіндік алар орны айрықша. Түрік тілінде қосымшалар арқылы көптеген терминдердің қалыптасып, қолданысқа енуі осының айғағы.

Ғалым Мехмет Каплан «Хисар» атты журналда былайша толықтырады: «Қазіргі кезеңде көптеген түрік ғалымдарының кітаптары мыңдаған батыс тілдерінен енген кірме сөздерге толы. Əрине, мен бұған аса қарсымын дей алмаймын, əйтсе де қолымыздан келгенше жаңа терминдердің төл тілімізден болғандығын қалар едім. Өйткені Түркия ғылым, техника салаларында күннен-күнге дамуда, ал мұндай мəселе дер кезінде қолға алынбаса, тура арабша, парсыша сөздер сияқты тілімізді шұбарландырып жібереді. Ғылым, техника салаларынан мəдени тілімізге, одан ауызекі тілге орныққын терминдер, түрік тілінің сапасын бұзады, оның кірленуіне жол ашады» [8].

Қорыта келгенде, термин сөздердің жақын, ұқсас келуі адамдардың бір-бірімен түсінісуіне де жеңіл болады. Термин жасаудағы тілдік бірліктер ұқсас, жақын, туыстас болып келсе, адамдардың қарым-қатынасында да оң өзгерістер мол болады. Жаңа терминдер бағалау, тану, таңдау кезеңдерінен өтіп барып, ұзақ ізденістер нәтижесінде пайда болады. Тілдер арасындағы өзара сөз алмасу, термин алмасу – қашан да болып отырған табиғи құбылыс. Түрік тілінде де сөз алмасу, термин алмасу құбылыстары да назардан тыс қалмаған. Түрік тілдеріндегі терминдердің қалыптасуында, жасалуында, термин алмасуында өзіндік зерттелу тарихы бар. Түрік тілінде терминжасам мәселесі әлі де жалғасып, күнделікті өмірде жаңа терминдермен толығып келе жатыр. Түрік тіліндегі қазіргі таңдағы басты мəселе – шетел тілінен еніп жатқан көптеген терминдерді аудару мəселесі.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Demır Türkçe dil bilgisinde terminoloji. Belleten 2006 – I.
  2. Бегимова Г.А. Түрік терминологиясының зерттелуі. KazNU Bulletin. Oriental series. №3 (60). 2012.
  3. Kahkraman Türk Dilinin Terimsel Gelişim Sürecine Tarihî Bakış. Medeniyet ve Toplum / Bahar 2017 Cilt 1 Sayı 1.
  4. Agakay Mehmet AliKelime yapı yolları. – İstanbul. – 300 s.
  5. Osman Fikri Sertkaya. “Bayram” kelimesi üzerine. Türk dili. Mayis 2021
  6. Berke Vardaı. Açıklamalı Dilbilim Terimleri Sözlüğü. İstanbul. 2007
  7. Mehmet Kara. Terim Türetmeye Elverişli Bir Ek: -an/-en. Türk Dili. 1996
  8. Baskan Ö. Terimlerde özleşme sorunu. Türk Dili Araştırmaları Yıllığı. 1973. – 184 s.