МЕДИЦИНА САЛАСЫ БОЙЫНША ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ТЕРМИНДЕРДІҢ САПАСЫ

МЕДИЦИНА САЛАСЫ БОЙЫНША ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ТЕРМИНДЕРДІҢ САПАСЫ
Те́рмин (лат. terminus) шегі, шекарасы деген ұғымды беретін, қандайда болмасын ғылымда, техникада, өнерде және т.б. кейбір түсініктердің атауы болып келетін сөз немесе сөз тіркесі. Терминдер, осы салаға тән дәл белгілерімен арнайы орын алады. Терминдер мен термин емес сөздер (жалпы ұлттық сөздер) бір-біріне ауысып отыруы мүмкін.

Те́рмин (лат. terminus) шегі, шекарасы деген ұғымды беретін, қандайда болмасын ғылымда, техникада, өнерде және т.б. кейбір түсініктердің атауы болып келетін сөз немесе сөз тіркесі. Терминдер, осы салаға тән дәл белгілерімен арнайы орын алады. Терминдер мен термин емес сөздер (жалпы ұлттық сөздер) бір-біріне ауысып отыруы мүмкін.

2019 жылы 1989 жылы қабылданған «Тіл туралы» заңның жарық көргеніне 30 жыл толғаны бәрімізге аян. Яғни, жоғары медициналық оқу орнындарында мемлекеттік тілде мамандар дайындай басталғанына 30 жыл толды деп ауыз толтырып айтуға толық болады. Осы заң шыққасын 1989-1990 оқу жылында Ақтөбе мемлекеттік медицина институтында бірінші курсқа тәлімгерлер қабылданды. 1990 жылдың сәуір айында аталмыш жоғары медициналық оқу орнында, құрамына сол кезде қызмет істеп жатқан емдеу және педиатрия факультеттерінің қазақ топтары кірген, Қазақ бөлімшесі деканаты құрылды. Қазақ тілінде білім беріп, жоғары білімді медицина мамандарын дайындау оқытумен қатар оқу құралдарын дайындаумен қатар жүргізілді. Лекциялар мен тәжрибелік сабақтарға дайындықты қазақша тәлім беретін оқытушылар түнде жүргізіп, ертеңіне ауызша сабақ жүргізді немесе дәріс оқыды. Әрине, бұл өте қиын болды, мен қазақша сабақ бере алмаймын деп жылағандар да болды, бірақ ұлты қазақ азаматтар мен азаматшалардың «Мен істемесем, кім істейді деген ішкі рухы» жеңді. 1991 жылы Ақтөбе мелекеттік медицина инстутутында қазақ тілінде сабақ бойынша Республикалық оқу-әдістемелік конференция өткізіп, азды-көпті тәжрибемізді тұжырымдаған болдық. Қазақ тілінде оқытушыларға арналған алғашқы әдістемелік нұсқау (Ауру баланы клиникалық тексерудің жобасы) 1992 жылы жарық көрді. Сонымен қатар, дәрістер мен тәжрибелік сабақтар таза қазақ тілінде жүргізілуіне ерекше көңіл бөлінді. Кейбір мамандықтар бойынша басқа медициналық жоғарғы медициналық оқу орындарынан шақыртылды. Қаражаттық жағдай сол кезде өте қиын болса да сол кездегі институттың ректоры профессор Смагулов Ажмагий Смағұлұлының көрсеткен қамқорлығы күні бүгінге дейін естен шықпайды. Тағы бір ерекше айтып кететін жағдай институттың сол кездегі ректоры қазақша дәріс беру мәселесін тікелей өз басшылығында ұстап, тіптен терминология мәселесіне де араласып, оның дұрыс жолда жүруін өзі қадағалап отырды.

Республикада бірінші болып қазақ тілінде Ішкі аурулар пропедевтикасына арналған оқу құралының (дәрістер жинағы) авторыда біздің ұжымнан болды: профессор Қ.А. Жаманкулов. Бұл ғалым-оқытушы содан кейін де көптеген оқулықтарды баспадан шығарды. Сол сияқты осы өткен мерзім ішінде профессорлар Қ.Д. Дүйсенов, Қ.О. Қасенов, К.И. Исмагулов, О.Ш. Шаихиев және көптеген басқа ғалым-оқытушылар қазақ тілінде сабақ беруді әдістемелік жағынан қамтамасыз етті. Олардың бірқатары бұл дүниеден өтіп кетсе де әлі еңбектері естен шығар емес.

2002 жылы Денсаулық министрлігінің ұсынысымен баспадан шығып, жарық көрген «Балалар ауруларының пропедевтикасы» оқулығы Қазақстан жоғары оқу орындар Қауымдастығы ұйымдастырған байқауда «Саңлақ автор» атанып, білім стандартына сай оқулық жазудағы нәтижелі еңбегі үшін А.Байтұрсынов атындағы медальмен марапаталды. Осы оқулықтың биыл 2019 жылы екінші басылымы қазақ және орыс тілінде жарық көрмекші. ДСМ республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығында сараптамадан өтіп, оқу-әдістемелік орталықтың Республикалық оқу-әдістмелік кеңесінің отырысында мақұлданды. Қолымыз жетсе Білім және ғылым министрлігінен тіркеуден өтеміз деген үмітіміз бар. Біздің тәжрибемізде алғаш рет қазақша дайындалған оқулық орыс тіліне аударылып, баспадан шығарылмақшы. Бұдан бұрын қолданылған Ресей оқулықтарын тікелей қазақ тіліне аудару болшағы жоқ әдіс болды деп есептеймін. Жол түссе осы оқулықты ағылшын тіліне аударсақ деген ойымызда жоқ емес. Осылай бола тұрса да әлі қазақ тіліндегі оқулықтармен қамтамасыз етілмеген мамандықтар жоқ емес. Бұндай пәндер бойынша Ресей оқулықтарын қазақшаға аударып, уақытша пайдаланған дұрыс шығар.

Осылай бола тұрса да «Тіл туралы заңның» 30 жылдық мерекесін тойлап өтсек те қазақ тіліндегі, оның ішінде медицина сласындағы терминдер жасау мәселесі бір жолға қойылмай отыр. Бұл бағытта А.Р. Рақышев дайындаған «Қазақша-орысша-латынша анатомиялық терминдер сөздігі» 1 бөлімі 1963 жыл, екінші бөлігі 1966 жыл, «Анатомия терминдерінің сөздігі» Алматы, 1994 жыл маңызды орын алғаны белгілі.

Әрине, 2009 жылы Алматыда «Дайк-Пресс» баспасынан жарық көрген, 40 мыңға жуық терминдерді қамтитын Ахметов Мухамедия дайындаған орысша-қазақша-ағылшынша медициналық терминдер сөздігінің көрсеткен көмегін ешқандай марапатпен өлшеу мүмкін емес.

Медицина саласында қызмет істеп, дәріс беріп жүрген азаматтар мен азаматшалардың алғысы шексіз деп ойлаймын. Себебі 1989 жылы бастап қазақ тілі мемлекеттік тіл статусын алып, дәріс бере бастап, оқу-әдістемелік құралдар дайындау кезінде біздің көрген қиындықтарымыз деңгейі бір алланың өзіне аян. Әрбір адам өз деңгейінде қазақ тілінде дәріс беріп, тіптен орыс-қазақ тілін қалай ажырататынымызды да білмей қалған уақыттарымыз болды. Міне осындай өте ауыр қиын көріп жатқанымызда, 20 жылға жуық кезеңнен соң жоғарыда көрсетілген Ахметов Мухамедия сөздігі жарық көріп, арқамызды кеңге салғандай  болдық. Міне бүгін ол сөздіктің өмірге келгеніне де 10 жыл уақыт өтіп кетті. Демек, кейбір медициналық терминдерді қайта қарайтын мезгіл жеткен сықылды. Әрине тас түскен жеріне ауыр дегендей, оңай шаруа емес, бірақ бұл өмірдің талабы. Осы тұжырымыма мысалдар келтірейін.

Кастрация – піштіру (кастрация) - деп ұсынылады (Ахметов М. Медициналық терминдер сөздігі, Алматы, 2009). Кастрация (лат. castratio-оскопление, кастрация) деп жазылған. В большом энциклопедическом словаре медицинских терминов под редакцией профессора Э.Г.Улумбекова (Москва «ГЭОТАР-Медиа», 2012) написано, что кастрация, воздействие, вызывающие полное необратимое прекращение функций гонад, стерилизация, эмаскупяция. Кастрация деген піштіру қалай болатыны түсініксіз. Піштіру (Обрезание) деген сүндетке отырғызу деген сөздің баламасы ғой. Немесе бронхит – бронх қабыну деп берілген. Бронхит-бронхтың ішкі шырыш қабатының қабынуы болу керек. Бұндай сөздерді қазақша жазғанда ерекше көңіл аударылуы керек. Ал острый бронхиттің (acute bronchitis) жіті бронхит деп аударылуы тіптен миға симайды.

Гнойник – іріңдік, гнойничковый іріңді бөртпелі, іріңбөртпелі, гнойничок –іріңді бөртпе, пустула. Бұл жерде қайсысы дұрыс, қайсыс бұрыс айтудың өзі қиын.

Катеризация - катетрлеу, катетр салу, түтік сүңгі салу, катеризациялау. Катетрлеу мен катетеризация екеуі неге бірдей берілген. Неге катетр салу болады, неге катетр енгізу болмайды.

Ал, сонымен қатар аортаны қолқа деп атау туралы да ойлану керек. Қазақта қолқасы қабынған деген сөз тіркес бар. Мен Алшынбай Рақышевичті өте қатты силаймын, құрметтеймін. Мұны айтып отырған себебім менің тапқан мәліметім бойынша қолқа деп тыныс жолдарының құрамына кіретін мүшені айтады. Медициналық сөздіктерде аортаны қолқа деп алғаш рет жазған Алшынбай Рақышевич. Аортаны аорта деп қалдырып Қолқаның атауын тыныс жолдарына берген жөн.

ДИАРЕЯ-10 қайта қаралған Халықаралық Аурулар Жіктелісі (МКБ-10)бойынша осылай аталады. Ахметовтің сөздігі бойынша-диарея,ішөтпе (бұл сөзге мен түсінбедім), іш өтуі , тышқақ деп аударылған.

Қазіргі кезде біздің еліміз Дүниежүжілік десаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) мүшесі болып келеді ДДҰ декларацияларын біз орындауға міндеттіміз. Себебі бұл декларацияларға біздің үкімет басшылары қол қойған. Ал  Диарея Халықаралық термин. Сондықтан бұндай терминді қалай болса солай аударуға болмайды. Жақында бір отырыста диареяны – қатты іш өту деп аудару ұсынылды. Сонда жұмсақ? Жеңіл диарреялар да болу керек болама? Бұлай шеттен шықпайық ағайын.

Міне осыған орай және басқада көптеген өзгерістер енгізуді талап етеді, сондықтан аталған сөздікті қайта қарап, толықтырып  қайта шығаратын мезгіл жеткен сықылды.

Сонымен қатар, медицинаның салалары бойынша сөздік шығару мәселесін көтеретін мезгілде жеткен сықылды. Ол үшін Медицина салалары бойынша; Педиатрия; Терапия; акушерлік пен гинекология тб. Сөздікті салалық мамандар бірігіп, тіл мамандарымен тіл тауып жасауы керек шығар.

Ал, сонымен қатар аортаны қолқа деп атау туралы да ойлану керек. Қазақта қолқасы қабынған деген сөз тіркес бар. Мен Алшынбай Рақышевичті өте қатты сыйлаймын, құрметтеймін. Мұны айтып отырған себебім менің тапқан мәліметім бойынша қолқа деп тыныс жолдарының құрамына кіретін мүшені айтады. Медициналық сөздіктерде аортаны қолқа деп алғаш рет жазған Алшынбай Рақышевич. Аортаны аорта деп қалдырып Қолқаның атауын тыныс жолдарына берген жөн.

Тағы бір айтатын және талас тудырып отырған жағдай ол бір ұғымның атауын білдіру үшін бір ғана терминді (сөзді ) қолданамыз деген пікір. Бұл пікірдің айтарлықтай болашағы бар деп айта алмаймын. Біз бір жарық сәуле түсіру ұғымымен байланысты: шырағым, шырақ, жарығым, сәулем, сәулетай, сәулетайым, сәулеш, сәулешім, жарық дүнием, айым, күнім, күнтайым, жұлдызым деп жүрген қазақ халқы емеспіз бе? Осы тұрғыдан қарағанда аорта (aorta) деген сөздің біз қазақша баламасы деп жүрген «қолқа» деген сөздің пайдаланылуы. Бір жерде аорта деп атасақ бір жерде қолқа деп айтуға неге болмайды. Сол сияқты травматология-жарақаттану (жарақат туралы ілім) және т.б. көптеген сөздер осылай болса керек. Тіптен орысша, қазақша немесе ағылшын тілінде дайындалған медицина мамандары бір-бірін түсінуіне да жеңіл болар еді. Әрине, «жарақаттану «деген ұғым көп жағдайда талас тудырады. Себебі жарақаттану (бұл жерде жарақат алу туралы емес, сол жарақатты емдеуші маман туралы айтылып тұр) мамандықты қалай атауымыз керек екенін келісіп алғанымыз жөн. Қазір сөздердің баламалар (синоним) санын шектеу керек деп жатқан терминжасаушыларменде келісе алмаймын, әсіресе әртілдегі. Олар медицина саласындағы терминдерді байыта түсер еді, бізің тілімізіді басқа ұлт тіл өкілдеріне де түсінуге жағдай жасар еді.

Сонымен қатар, медицинаның салалары бойынша сөздік шығару мәселесін көтеретін мезгілде жеткен сықылды. Ол үшін Медицина салалары бойынша; Педиатрия; Терапия; акушерлік пен гинекология т.б. сөздікті салалық мамандар бірігіп, тіл мамандарымен тіл тауып жасауы керек шығар.

Тоқ етерін айтсам, Қазақстанда медицина саласы бойынша термин жасау мәселесі жүріп жатыр, оған ақысыз-пұлсыз жұмыс жасап жатқан ұлты қазақ азаматтар мен азаматшалар аз емес. Олар ешкімнен марапат та күтіп отырған жоқ. Тек кемшілік, осы терминдерді жасау әртүрлі жағдайда жүріп жатыр. Әсіресе, оқулықтар жазып жатқан оқытушы–ғалым бір-бірімен толық байланыс жоқ. Ал, әртүрлі медицина жоғары оқу орындарындағы жұмыс жасап жатқан терминологиялық топтар тиісті деңгейде бұл мәселені шеше алмай отыр. Себебі олар сол ЖОО қызметкерлері болғандықтан өздерінің лауазымдық міндетін атқару керек, оқулықтар мен оқулықтарды, диссертацияны түгел ақысыз пұлсыз тексеріп, түзетіп шығу мүмкін емес. Сондықтан әрбір МЖОО-да осыған жауапты ресми орган болуы керек.

Әсіресе, оқулықтар жазып жатқан оқытушы–ғалымдар бір-бірімен толық байланыс жоқ. Ал, әртүрлі медицина жоғары оқу орындарындаға жұмыс жасап жатқан терминологиялық топтар тиісті деңгейде бұл мәселені шеше алмайды. Себебі олар сол ЖОО қызметкерлері болғандықтан өздерінің лауазымдық міндетін атқару керек, оқулықтар мен оқулықтарды, диссертацияны түгел ақысыз пұлсыз тексеріп, түзетіп шығу мүмкін емес. Бұны Министрліктерге құлақ қағыс ретінде айтып отырмын. Бұл жұмыстар, оның ішінде ұлт үшін өте қымбат жұмыс, неге тегін жасалуы керек.

ҰСЫНЫСТАР:

1. Медицинаның салалары (терапия, хирургия, педиатрия, акушерия, гинекология және т.б.) бойынша салалық медициналық сөздік жасау қолға алынуы керек.

2. Жоғары оқу орындарында терминология және қазақ тілінде сабақ жүргізуді қадағалайтын орган қалыптастыру қарастырылуы қажет.

3. Ғылыми зерттеу мекемелерінде және жоғары оқу орындарындағы диссертациялық кеңестердің, диссертацияларды алдын-ала талдау комиссиялар құрамына терминологиялық комиссияның мүшелерін енгізу қарастырылуы керек.

4. Медицина саласы бойынша қолданудағы сөздікті (Медициналық терминдер орысша-қазақша-ағылшынша сөздігі. Ахметов М., Алматы, 2009 ж.) қайта қарап, толықтырып, түзетіп қайта шығару ұсынылуы қажет.