Алаң
Мақалалар
Кітаптар
Библиография
Бұл еңбекте қазақ терминтанымының лексикалық құрамы, жасалу тәсілдері, прагматикалық қызметі қарастырылады. Жалпы тіл біліміндегі және қазақ тіл біліміндегі термин зерттеудің жайы, терминологиялық лексика, әдеби тіл, жалпыхалықтық тіл мәселелері сөз болады. Қазақ тіл біліміндегі термин туралы жазылған ой-піріклерге талдау жасалынады. Қазақ терминологиясының даму кезеңдері, термин жасау қағидаттары қарастырылады. Терминнің танымдық табиғаты, оның басқа функционалдық стилдерде қолдану ерекшеліктері туралы дәлелді пікірлер келтірілген. Еңбекті салалық ғылымдар терминдерін зерттеушілерге, тіл мамандарына, жоғары оқу орындарының филология факультеттерінің студенттеріне пайдалануға ұсынылады. Ол «Қазіргі қазақ тілінің терминологиясы», «Терминтаным» және «Қазақ тілінің лексикологиясы» атты негізгі курстарға қосымша ретінде пайдалануға болады.