ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТЕРМИНДЕРДІ ҚАБЫЛДАУ ЖӘНЕ АУДАРУ МӘСЕЛЕСІ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТЕРМИНДЕРДІ ҚАБЫЛДАУ ЖӘНЕ АУДАРУ МӘСЕЛЕСІ
Бүгінгі әдістемелік онлайн семинарының тақырыбынан терминологиядағы аударма мәселесiнiң өзектi болып отырғандығын байқау қиын емес. Бұл бағытта қазiргi таңда терминдерді аудару-аудармауға байланысты екi түрлi көзқарастың қалыптасып отырғаны баршаңызға мәлім. Термин мәселесімен айналысып жүрген ғалымдар, тілшілер, сала мамандарының бiр тобы терминдердiң аударылуын қолдаса, екiншi тобы терминдердi аударуға қарсылық бiлдiруде. Бұл – жеке адамдардың емес, дұрыс аударылмаған терминдердiң салдарынан туындаған қоғамдық көзқарас деп түсінген жөн. Расын айтқанда, осы екі бағытты қолдаушылардың пiкiрi мен аударма теориясын байланыста қарастырып көрейiк.

Бүгінгі әдістемелік онлайн семинарының тақырыбынан терминологиядағы аударма мәселесiнiң өзектi болып отырғандығын байқау қиын емес. Бұл бағытта қазiргi таңда терминдерді аудару-аудармауға байланысты екi түрлi көзқарастың қалыптасып отырғаны баршаңызға мәлім. Термин мәселесімен айналысып жүрген ғалымдар, тілшілер, сала мамандарының бiр тобы терминдердiң аударылуын қолдаса, екiншi тобы терминдердi аударуға қарсылық бiлдiруде. Бұл – жеке адамдардың емес, дұрыс аударылмаған терминдердiң салдарынан туындаған қоғамдық көзқарас деп түсінген жөн. Расын айтқанда, осы екі бағытты қолдаушылардың пiкiрi мен аударма теориясын байланыста қарастырып көрейiк.

<!-- [if !supportLists]-->1. Терминдердi аударуға қарсы топтың пікірі бойынша, тiлдердiң арасындағы мәдени, ғылыми-техникалық байланыстың болуы үшiн ортақ ғылыми ұғымдардың, атаулардың тiлдерде өмiр сүруi қажет болып табылады екен. Яғни ғылыми түсiнiстiк үшiн де осы бағыттағы терминдердiң болғаны жөн деген уәж келтіреді.

Ең алдымен терминдердiң арасындағы байланыстың болуы керектiгiн, барлық тiлдердегi ғылыми атаулардың ортақтығы жөнiндегi пiкiрлердi сараптай келсек, ғылым саласында түсiнiстiктiң болуы мiндеттi, ортақ атаулар болу керек деген тiл заңдылығы еш жерде жоқ. Онымен бiрге «ортақ» деп айдар тағып, термин деп қалыптастырып жүрген сөздердiң барлығын дерлiк термин жасаушы тiлдер өз тiлiнiң негiзiнде немесе өз тiлдерiне жақын тiлдердiң сөзi негiзiнде жасайды. Бiздiңше, ғылыми ұғымды ойлап тапқаннан кейiн сол сөздi өз тiлiнiң негiзiнде атау сол тiлдiң құқығы. Бiрақ сол ұғым мiндеттi түрде барлық тiлдерде қалыптасқан түрде, сол тұлғада қалсын деген заң жоқ. Олай болса, ол сөздердi аударып не басқа тұлғада атап термин жасауға болады деген сөз. Мысалы, музей сөзін қытай тілінде воугуан, араб тілінде алмутахафу, агылшын тілінде музеэм, француз тілінде мүйзей, поляк тілінде музеум, жапон тілінде хакыбутскан деп дыбысталады. Қазақ тілінде мұражай деп аударсақ, «музей-квартира» сөзінің мағынасын береді. Мұражай деп қайраткер тұлғаның тұрған үйін музейге айналдырған кезде айтуға болады. Халықаралық «музей» термині біздің қазақ тіліндегі сөз қолданысына еніп кеткен. Енді оны аударудың қажеті жоқ деген сияқты негізсіз уәждер айтып, жасалынған қазақша терминді қолданыстан ығыстыру жағын ойлайтын зиялы қауымның бар екені қынжылтады.

2. Терминдердi аударуға қарсы болушылар қазақ тiлiндегi термин сөздердiң, әсiресе, соңғы уақыттарда аударылып жатқан терминдердiң қолайсыз, қолдануға ыңғайсыз екендiгiн және оны ешкiмнiң түсiне бермейтiндiгiн алға тартады. Бұның да арғы жағында шындық бар.

Бiздiңше, кейбiр терминдердiң аудармасы сәтсiз жасалып жатқандығы жасырын емес. Расында да, қолайсыздау терминдердiң қолданыс тауып жататындығы шындық. Алайда тiл заңдылығы бойынша кез келген жаңадан жасалған сөз не термин қалыптасу процесiнен өтуi керек. Екiншi жағынан, сұрыпталуы қажет. Бұл терминжасам шығармашылығында орын алатын құбылыс. Сондықтан тiлдердегi мұндай қолайсыздықтың бастапқы сатыда болатыны анық. Бiрақ сондай кемшiлiктерi мен қалыптасуды қажет ететiн уақыт өлшемiн күтпестен, тiлдi бiрден термин жасауға қолайсыз тiл деп айыптауға болмайтындығын ескеру қажет.

Тiлдегi жаңа жасалған сөздердiң, сол сияқты терминдердiң уақыт ағымымен, қолданыс дағдысымен қалыптасатындығы –терминологиялық дағдарысты басынан кешiрiп отырған қазақ тiлi үшiн ғана емес, барлық тiл атаулыға тән құбылыс.

Тiл жүйелi құбылыс ретiнде реттеудi, тiптi оның дамуын жоспарлауды қажет ететiн құбылыс. Сондықтан термин қалыптастыру iсi де бiр күнде бола салмайтын, бiр күнде аударыла салмайтын iс. Ол жоспарлы, саналы түрде жүзеге асатын құбылыс. Бiр кезде тiл-тiлдердi (соның iшiнде ТМД елдерiнiң тiлдерiн айтуға болады) жаулап алған кiрме терминдер де жоспарлы түрде енгiзiлгенi белгiлi. Олай болса, қазақ тiлiнде де термин жасап, оны қалыптастыруға, аударуға, жоспарлы түрде ретке келтiруге болады. Бұған дәлел ретінде алаш зиялыларының терминжасау тәжірибесін айтуымызға болады. Мысалы, А.Байтұрсынұлы жасаған бастауыш, баяндауыш, анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыш, жұрнақ, жалғау, есімше, көсемше т.б., Х.Досмұхамедұлының  жүйке жүйесі, жүйке түйіні, жүйке тұтқасы, қозғалғыш жүйке, қозу, сезім жүйке т.б. терминдерінің өміршеңдігі дәлел болады.

3. Терминдердiң аударылмауын көздейтiн көзқарастағылар «халықаралық» термин ұғымын алға тартады. Халықаралық терминдер барлық тілдерде бар, олар ортақ, сондықтан аударуға болмайды, аударсақ, ғылым мен техникадан кенде қаламыз, әлемдік өркениетке ене алмаймыз деген негізсіз уәж айтады. Бұл пікірдің негізсіз екенін дәлелдеп көрелік.

Тілші ғалымдар арасында сөз немесе термин "халықаралық" мәртебеге ие болуы үшін неше тілде қолданылуы керек, қандай тілдердің сөздері "халықаралық" сөздер қатарына ене алады? деген сұрақтар пікірталас тудырып жүр. Бірақ оған әлі күнге нақтылы жауап берілген жоқ. Орыс тілінде интернационализмдерге  «әр түрлі тілдерде бірдей мағына беретін, бірақ әр тілдің заңдылығына сай рәсімделетін халықаралық лексикалық қор» [3, 131] деген анықтама берілген. Қазақ тіліндегі халықаралық терминдер деп жүрген лексикалық бірліктеріміз жоғарғы анықтамаға сәйкес келмейді.

Қазақ тіліне шеттен енген сөздерге қазақша балама іздей бастасақ, «жоқ, бұл халықаралық термин, оны қазақшаға аударуға болмайды» деп шыға келеміз. Ал шындығында, «халықаралық терминдер дегеніміз қандай сөздер»? – дегенге Республикамыздағы белгілі терминолог Байынқол Қалиұлы былай дейді: «Халықаралық терминдер дегеніміз – арғы тегі латын, грек сөздері негізінде пайда болған еуропа тілдерінің сөздері. Ол сөздер орыс тіліне еніп, орыс тілінің тілдік заңдары бойынша азды-көпті өзгерістерге түсіп, қалыптасқан. Бұл сөздер қазақ тіліне (түркі тілдеріне де) енген жағдайда, «олар ешқандай өзгерістерге түспей, орыс тілінде қалай айтылса, солай айтылуы, қалай жазылса солай жазылуы керек» деген талап қойылады. Сондағы дәлелі: бұлар – дүниежүзі халықтарына ортақ сөздер».

Ал шындыққа келсек, «халықаралық терминдер» деген термин жоқ. Болса, оладың ішінде ең құрығанда қытай, жапон, араб, парсы тәрізді шығыс халықтарының немесе түркі халықтарының бір-екі сөзі жүретін еді ғой, - дей келіп, ғалым: «Термин дегеніміз – бар болғаны кез келген тілдегі ғылыми ұғымдардың атаулары ғана. Әр халық ғылыми терминдерді өздерінің ұлттық тілдері негізінде өздері жасап алулары керек» деп түйіндейді [4].

 Орыс ғалымы М.М. Маковский халықаралық терминдердің бар екеніне күмән келтіреді [5,168]. Француз ғалымы Марион Казула: халықаралық терминдер деп жүргеніміз экономикасы, ғылымы мен білімі басым елдің тілінің үстемдік етуі нәтижесінде пайда болған кірме сөздер; халықаралық термин  немесе сөздер дегеніміз шартты атау, - дейді.

 Келтірілген пікірлерден шығатын қорытынды біреу ғана: ол - халықаралық терминдер деген атаудың шартты екендігі. Халықаралық терминдерге төркіні тек грек-латын тілдерінен шыққан сөздер ғана жатқызылады екен.

Еуропа тілдеріндегі кірме терминдерді қабылдау қағидаттары

Енді кірме терминдерді еуропа тілдері қалай қабылдап жүр деген мәселеге нақтырақ тоқталайық. Ең алдымен, осы тақырып аясында француз тілшілерінің L.Deroy, M.Pergnier, Maurais Jacques, Touratier Christian, Marion Casula, чех ғалымдары Г.Чермак, П.Хаузер еңбектерін атап өткеніміз жөн болар.

Француз тіліндегі шет тілінен енген кірме сөздердің  төменде берілген кестесіне назар салайық (Petit Robert et Larousse сөздіктері бойынша алынған мәлімет, H.Walter (1997).

Кестеде француз тіліне енген кірме терминдердің саны және олардың 25-тен аса тілдерден енгені туралы мәлімет беріліп тұр. Біз бұл жерде француз тіліне енген кірме терминдердің санына емес, олардың қабылдану қағидаттарына назар салғымыз келеді. Бұл туралы Christiane Loubier "Politique de l’emprunt linguistique" (2017) (Кірме сөздерді қабылдау саясаты, "De l’usage de l’emprunt linguistique" (Кірме сөздердің қолданысы туралы" (2011) деген еңбектерінің мәні ерекше.

Еңбекте кірме терминдерді қабылдау қағидаттары нормативті және негізгі болып екіге бөлінеді:

1. Нормативті қағидат. Кірме терминдерді қабылдауда, өзгертуде француз тілінің нормасы басшылыққа алынады.

2. Негізгі қағидаттар.
            1. Тіл сөйлермендерінің тілдік құзіреттілігін жақсарту. Тіл сөйлермендерінің қоғамдық өмірдің барлық саласында  француз тілі сөздерін, сөз тіркестерін, терминдерін кеңінен қолдануына жағдай жасау, ол сөздер кірме сөздерге балама болуы тиіс.
            2. Француз тілінде жаңа сөз жасауға ынталандыру. Жаңа сөз жасау тілдік жоспарлаудағы маңызды тәсіл болып саналады. Француз тілі өзінің тілдік жүйесінің өміршеңдігін үнемі дәлелдеп отыруы тиіс.
            3. Кірме сөздерді тілді байыту құралы  ретінде мойындау. Кірме сөздерді тиімді пайдалану тілдегі термин мәселесін шешуге ықпал етеді. Сол себепті де кірме сөздерді қабылау саясаты жасалынған және заңдастырылған терминдерді пайдалануға мүмкіндік беретінін мойындауымыз керек. Сонымен бірге кірме терминдердің тілдік жүйені байытуға, кеңейтуге ықпал ететіндей әлеуеті болуын ескеру қажет. Мұның барлығы кірме сөз тілге енбес бұрын анықталуы шарт.
            4. Кірме сөздердің тілге бейімделуі. Француз тіліне енген кірме сөздердің барлығы графикалық, морфологиялық, лексикалық және т.б. тілдік бейімделулерден өтуі тиіс. Мысалы:

- кірме сөздердің жазылуын француз әліпбиіне бейімдеп, шет тілінің таңбаларын алып тастап, жеңілдетіп қабылдау (canyon, pina colada) немесе француз тіліне тән емес дыбыс қатарларын қысқарту (naan емес, nan...), кірме графемаларды ауыстыру арқылы (cheikh емес, cheik; malström, maelström емес, malstrom, banca емес banque...) дауысты е дыбысының ашық не жабық айтылуын білдіретін è (ассеnt grave), é (accent aigu) диакритикалық таңбаларды қосу (allégro, anthropocène, pérestroïka), екпінді өзгерту (autographe, soprano);

- кірме сөздердің жекеше және көпше түрлерін француз тілінің нормасына сай өзгерту (soprani емес, sopranos);

- француз тілінің деривациялық үлгісіне салып, кірме сөздерден туынды тіл бірліктерін жасау: кірме сөздің соңы -er аяқталған жағдайда, оған -eur; -euse (footballeur, globe-trotteur, rockeur) жалғау, кірме сөздің соңы -ing аяқталған жағдайда, оған -age немесе er (aquaplanage, couponnage, jogger) қосымшасын жалғау;

- шет тілінен енген сөз бөлек жазылса, оны біріктіріп жазу (chiche taouk емес chichetaouk) т.б.

         Жоғарыда берілген мысалдардан қандай тіл болмасын, кірме терминдерді қабылдау қағидаттары ең алдымен ұлттық тілдің мүддесін көздейтіндігі анық байқалады. Осы тұрғыдан алғанда, қазақ тіліндегі сияқты кірме терминдердің, сол терминдер енген тілдердің мүддесін бірінші орынға қоятын тілді кездестіру мүмкін емес. Бұлай дейтін себебіміз, біз кірме терминдерді орыс тілінде қалай дыбысталса, солай дыбыстап, қалай жазылса, дәл солай етіп жазу үшін латын графикасына негізделген жаңа әліпбиімізге тілімізде жоқ дыбыстарды енгіздік. Ол аз болғандай, халықаралық терминдерді аударып, тілімізге бейімдейтін болсақ, «өркениеттен кеш қаламыз, ғылым мен техникамыз дамымайды, қазақ тілін ешкім үйренгісі келмейді» деген жаңсақ пікірлерді көлденең тартатын болдық.
           Халықтар арасындағы мәдени-экономикалық байланыстар тілдегі сөз алмасу үдерістеріне ықпал ететіні сөзсіз. Ол дыбыстық, морфологиялық, семантикалық деңгейде көрінуі мүмкін. Бірақ бұл ықпалдың шегі болуы керек. Әрбір тілдің өзіндік тарихи даму жолы және сол жолмен байланысты қалыптасқан нақты тілдік формалары бар. Оны бұзу, сақтамау тілдің жойылуына әкелері сөзсіз. Дүниежүзіндегі ең кең тараған тілдердің мақсаты да сол, аз ұлттар тілдерін жойып, ортақ тіл жасау.

Сондықтан біз үшін тіліміздің қазақи табиғатын сақтап қалу мәселесі – бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі.

4. Терминдердiң аударылуына қарсы болушылар, сонымен қатар аударма сөздер арқылы жаңа сөздер қалыптастыру, жаңа терминдер жасау тiлдi шұбарлайды, тiлдi бүлдiрудiң нағыз өнiмдi тәсiлi деп атайды. Яғни, олардың пiкiрiнше, тiлде жаңа сөз жасау тiл заңдылықтарын бұза отырып, тiлдегi бейберекет сөздердiң қолданысын қалыптастырады деп көрсетедi.

Бiрақ тiлдiң даму механизмi бойынша тiлдердiң қайсысы болса да уақыт ағымында жаңа ұғымдарға сай жаңа сөздер, атаулар қалыптастырып отыруға икемдi. Сондықтан өзге тiлден дайын күйiнде сөз алып қоя салмай, өз тiлiмiздiң негiзiнде сөз жасау әрi тiлдiң мүмкiндiгiн кеңейтедi, әрi сөздiк қордың молаюына әсер етедi. Сондықтан мұндай пiкiрлердi тiлдiң даму механизмiн түсiне алмаудан, не санаға сiңген өзге тiлдiң ықпалынан шыға алмаудың нәтижесi деп түсiнуге тура келедi. Әйтпесе, аталған ойларға дәлел ретiнде соңғы кезеңде қалыптасқан  оқырман, әсірелеу, кішірейту, қаржы, құқық, заңгер, қорғаушы, айыптаушы, үнем, үнемшілдік, ем, емхана, мағыналас сөздер, несие, қор, сазгер сияқты әр салаға қатысты толып жатқан терминдердi, олардың терминологиялық өрiстердегi қолданысын мысалға келтiруге болады.

5. Бекітілген терминдердің варианттылығы туралы мәселе.

Қазақша атауы

Орысша атауы

Категория

1

гимн; әнұран (саясат)

гимн

2014 жылы бекітілген термин

2

Әнұран (саясат)

Гимн

1993 жылы бекітілген термин

3

Гимн; әнұран

Гимн

Терминдер 2012-2015

4

Әнұран

Гимн

Бекітілген терминдер жинағы

5

Әнұран

Гимн

Әскери іс

6

Әнұран, гимн

Гимн

Философия және саясаттану

7

Мемлекеттiк әнұран, мемлекеттік гимн

Гимн государственный

Философия және саясаттану

8

Гимн; әнұран

Гимн

Тарих

9

Мемлекеттік әнұран

Гимн государственный

Тарих

10

Ұлттық әнұран, гимн

Гимн национальный

Мәдениет және өнер

11

Әнұран, гимн

Гимн

Мәдениет және өнер

12

Әнұран, гимн

Гимн

Әдебиет және лингвистика

13

мемлекеттік гимн, әнұран

государственный гимн

Іс жүргізу және мұрағат ісі

14

Мемлекеттік әнұран

Гимн государственный

Дене тәрбиесі және спорт

15

Олимпиялық әнұран

Олимпийский гимн

Дене тәрбиесі және спорт

 

Қазақша атауы

Орысша атауы

Категория

1

бәссауда (эконом.)

аукцион

2009 жылы бекітілген термин

2

бәссауда

аукцион

Бекітілген терминдер жинағы

3

Бәссауда, аукцион,

Аукцион

Философия және саясаттану

Сынып, класс                       класс          2018 ж бекітілген

Ғаламтор, интернет

Осы гимн сөзін қазақша әнұран деген сөзге балама етіп бекітіп отыруымыздың басты себебі, жоғарыда айтқан бұл сөз халықаралық сөз, ол барлық тілге ортақ деген уәж. Осыны керісінше дәлелдеп көрелік. Гимн ағылшын тілінде hymn хәм деп дыбысталады, француз тілінде hymne имнэ деп дыбысталады, неміс тілінде Hymne әмнә деп дыбысталады, испан тілінде himno имно деп, итальян тілінде inno инно деп, чех тілінде hymna имнә деп, түрік тілінде marş марс деп, қытай тілі санмейши деп алады, қарап отырсаңыздар дүние жүзі тілдерінің бәрінде, қазақ тілінен басқа гимн сөзі әр тілдің өзінің тілдік заңдылығына икемделіп алынған, барлығы да гимн сөзін не көне грек, не латын тілінен алып отыр, бірақ тілге қабылдау заңдылықтары әр түрлі, өйткені әр тілдің өзінің ішкі заңдылығы бар, қазақ тілі сияқты бұл халықаралық термин, бәріне түсінікті, сондықтан әнұран  сөзін ғана бекітсек, ол түсініксіз болып, ұғымды толықтай ашпайды, гимн сөзін қасына қосып бекіту керек деген негізсіз, қажет емес ұстанымды ұстанбайтындығын анық көруге болады.

Жинақтай келгенде, аударма – терминжасам шығармашылығында қазақ тiлiнiң мүмкiндiктерiнiң, термин жасаушы тәсiлдерiнiң бiрi. Бұл терминжасам тәсiлi осы уақытқа дейiн де тiлдiң сөзжасам жүйесiнде белсендi түрде болмаса да қолданыс тауып, көптеген терминдердiң жасалуына ұйтқы болып келдi. Тәуелсiздiк алып, ел еңсесiн түзеген соңғы онжылдықтың өзiнде де бiршама терминдер мен жаңа сөздер қалыптасып, аударманың нәтижесiнде қолданысқа түсiп, мағынасы көпшiлiкке түсiнiктi тiлдiк бiрлiктерге айналды. Олардың iшiнде сәтсiздерi де болғандығын жоққа шығара алмаймыз. Бiрақ, тiл – ұзақ уақыт қалыптасуды қажет ететiн құбылыс. Оның тiлдiк бiрлiктерiнiң де қалыптасып, тiлдiк айналымға енуi де сол заңдылыққа бағынады. Осы заңдылық тұрғысынан аударма тәсiлi арқылы пайда болған терминдер мен жаңа сөздер бiрден орнығып кете алмайтындығы да заңды. Сол тұрғыдан келгенде, сәтсiз аудармалар үшiн аударма тәсiлiнiң мүмкiндiгiн жоққа шығаруға болмайды. Оның үстiне, бiршама ұғымдардың аударма арқылы орныққанын ескерсек, тiлдiк қордың аз да болса байығандығына көз жеткiземiз. Екiншi жағынан, тiл атаулының барлығында тiршiлiктегi жаңа немесе ескi ұғымдар түгелiмен көрiнiс таба салмайды. Демек, бiр тiлдегi ұғымды екiншi тiлде сөйлету үшiн аударма қажет.

Қорыта айтқанда, аударма терминжасам iсiндегi өнiмдi тәсiлдердiң бiрi екендiгiне көз жеткiзуге және осы бағытта көптеген iстердi қолға алу керектiгiн айтып өтуге болады.