Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.

Сарапшы мамандар

ТЕК ТЕРМИНКОМ МҮШЕЛЕРІ ҒАНА ДАУЫС БЕРЕ АЛАДЫ! РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТЕРМИНОЛОГИЯ КОМИССИЯСЫНЫҢ 2023 ЖЫЛҒЫ IV ОТЫРЫСЫНДА БЕКІТІЛЕТІН ТЕРМИНДЕРІ

САЛАСЫ ТЕРМИН САНЫ РЕТТІК САНЫ
1 2023 жылғы 3-отырыста пысықтауға жіберілген терминдер 72 1-72
2 ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі ұсынған терминдер 4 73-76
3 БҚО мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы ұсынған терминдер 39 77-115
4 Қоғамдық тамақтану саласының терминдері 116 116-231
5 Биология саласының терминдері (мектеп оқулықтары бойынша) 634 232-865
#Қазақша нұсқасыОрысша нұсқасыРейтинг
1.айс-крим сусыны, балмұздақ сусын айс-крим
айс-крим
айс-крим сусыны, балмұздақ сусын
Саласы
Этимологиясы
Дефинициясы1. Айс-крим, балмұздақты сусын – балмұздақ негізінде дайындалған сусын.
2. Этимологиясы: ағылшын ice cream – «мұз крем»
3. Әзербайжан: ays-krim
4. Қырғыз: айс-крим
5. Өзбек: ays-krim
6. Түрік: ıce creem
7. Ағылшын: ice cream
8. Испан: Ice Cream
9. Неміс: eis-Krim
10. Француз: Ice Cream
11. Бекітілген нұсқасы: –
12. Заңнамадағы қолданысы: –
13. Ұсыныстар: бекітілген терминдер қатарында жоқ. Заңнама мәтінінде қолданыс таппаған. Біздің ұсынысымыз: «балмұздақ сусын»
Рейтинг
+8
2.армирленген тікенекті таспа, егоза; тікенек сымармированная колючая лента, егоза; колючая проволока (лента) егоза
армированная колючая лента, егоза; колючая проволока (лента) егоза
армирленген тікенекті таспа, егоза; тікенек сым
Саласы
Этимологиясы
Дефинициясы1. Егоза - арқауланған тікенді таспа (АКЛ). Сыртқы жағынан, бұл өткір ілмектері бар қалың сымнан жасалған кенеп.
Егоза - беймаза, тым қозғалмалы адам, фиджет (әдетте балалар туралы).
2. Этимологиясы: укр. ягоза́, єгоза́ - «непоседа», лат. аггао - "қарулану, нығайту"
3. Әзербайжан: gücləndirilmiş tikanlı lent, egoza
4. Қырғыз: армирленген тикендүү лента, егоза
5. Өзбек: mustahkamlangan tikanli lenta, Egoza
6. Түрік: takviyeli dikenli kurdele, heroza
7. Ағылшын: reinforced barbed tape, egoza
8. Испан: cinta de púas reforzada, egoza
9. Неміс: verstärktes Stachelband, egoza
10. Француз: ruban barbelé renforcé, egoza
11. Бекітілген нұсқасы: таспа - лента (2021)
12. Заңнамадағы қолданысы: Сыртқы қоршаудың жоғарғы жиегіне сымнан қосымша «егоза» түріндегі «күнқағар» орнатылады.
(ҚР ЭМ 29.07.2021 ж. №247 бұйрығы)
13. Ұсыныстар: "армирленген тікенекті таспа" нұсқасы ұсынылады.
Рейтинг
-4
3.аспаптың бұрыштық ұлғайтуы, құралдың бұрыштық кеңеюіугловое увеличение инструмента
угловое увеличение инструмента
аспаптың бұрыштық ұлғайтуы, құралдың бұрыштық кеңеюі
Саласы
Этимологиясы
Дефинициясы1. Аспаптың бұрыштық үлкейтуі – нәрсені оптикалық аспап арқылы бақылаған кездегі көру бұрышының құралсыз көбен қараған кездегі көру бұрышына қатынасы.
2. Этимологиясы: –
3. Әзербайжан: alətin açısal böyüdülməsi
4. Қырғыз: куралды бурчтук чоңойтуу
5. Өзбек: asbobning burchak kattalashishi
6. Түрік: aletin açısal artışı
7. Ағылшын: angular magnification of the tool
8. Испан: ampliación angular de la herramienta
9. Неміс: winkelvergrößerung des Werkzeugs
10. Француз: agrandissement angulaire de l'outil
11. Бекітілген нұсқасы: бұрыштық орын ауыстыру - угловое перемещение (2023), ұсынысты молайту - увеличение предложения (2017)
12. Заңнамадағы қолданысы: -
13. Ұсыныстар: "құралдың бұрыштық кеңеюі" деген атауды ұсынамыз.
Рейтинг
-2
4.ауыспалы спред, айнымалы, ауыспалы айырмашылық, ауыспалы спред переменный спред
переменный спред
ауыспалы спред, айнымалы, ауыспалы айырмашылық, ауыспалы спред
Саласы
Этимологиясы
Дефинициясы1. Ауыспалы спред – кез-келген активті (акцияға, тауарға, валютаға, фьючерстерге, опционға) бір уақытта сату мен сатып алудағы ең жақсы бағалары арасындағы айырмашылық. Ал ауыспалы спрэд сауда көлемі сияқты экономикалық оқиғаларға байланысты өзгеріп отырады.
2. Этимологиясы: ағыл. spread - «жағу, созу»
3. Әзербайжан: dəyişən yayılma
4. Қырғыз: өзгөрүлмө жайылуу
5. Өзбек: o'zgaruvchan tarqalish
6. Түрік: değişken yayılma
7. Ағылшын: variable spread
8. Испан: spread variable
9. Неміс: floating Spread
10. Француз: propagation flottante
11. Бекітілген нұсқасы: –
12. Заңнамадағы қолданысы: Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімге (Жай операциялар) (ОАӨЭЫ 1 көлік дәлізі [Жамбыл облысындағы жол учаскесі] [Батыс Еуропа – Батыс Қытай халықаралық транзит дәлізі] Инвестициялық бағдарлама – 4-жоба) қол қою туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 4 маусымдағы №92 Жарлығы және төмендегімен ауыстырылды: (а) Жаңа қарыздарға қолданылатын тіркелген спредтің төмендетілетіні туралы АДБ-ның әрбір хабарламасынан кейін...
13. Ұсыныстар: жоғарыда берілген талдауларды басшылыққа ала отырып, орыс тіліндегі "переменный спред" деген сөзді "ауыспалы спред" деп алып, термин сөз жасау табиғатына сәйкестендіріп (переменный-ауыспалы, айнымалы, өзгермелі «ауыспалы» нұсқасы сөз қолданыста мағынаны тура беріп тұрғандықтан алынды) бір ғана нұсқада ұсынамыз.
Рейтинг
-6
5.ащы асқатық горькая заправка
горькая заправка
ащы асқатық
Саласы
Этимологиясы
Дефинициясы1. Ащы асқатық – тағамның дәмін келтіруге қажетті өткір дәмді дәмдеуіштер.
2. Этимологиясы: –
3. Әзербайжан: acı sousu
4. Қырғыз: ачуу аскаттык
5. Өзбек: Slayd yonilg'i quyish
6. Түрік: acı sosu
7. Ағылшын: bitter dressings
8. Испан: amargo aderezos
9. Неміс: bittere soße
10. Француз: amer sauce
11. Бекітілген нұсқасы: –
12. Заңнамадағы қолданысы: –
13. Ұсыныстар: бекітілген терминдер қатарында жоқ. Заңнама мәтінінде қолданыс таппаған. Біздің ұсынысымыз: «ащы асқатық»
Рейтинг
+15
6.ащы тұздық, өткір тұздықострый соус
острый соус
ащы тұздық, өткір тұздық
Саласы
Этимологиясы
Дефинициясы1. Ащы тұздық – тұздық, оның негізі қызыл бұрыш немесе әдетте капсаициндер тудыратын ащы дәмі бар бұрыштың басқа сорттары.
2. Этимологиясы: лат. salsa – «тұзды тағамдар»
3. Әзербайжан: isti sous
4. Қырғыз: ысык соус
5. Өзбек: issiq sous
6. Түрік: acı sos
7. Ағылшын: hot sauce
8. Испан: picante
9. Неміс: scharfe Soße
10. Француз: sauce piquante
11. Бекітілген нұсқасы: –
12. Заңнамадағы қолданысы: –
13. Ұсыныстар: «Тамақ өнеркәсібі және тұрмыстық қызмет» сөздігінде «ащы соус, өткір соус» нұсқаларында қолданылған. «Ащы тұздық» нұсқасын қолдаймыз.
Рейтинг
+13
7.бастапқы нұсқа бойынша цифрландыру цифровизация по умолчанию
цифровизация по умолчанию
бастапқы нұсқа бойынша цифрландыру
Саласы
Этимологиясы
Дефинициясы1. Бастапқы нұсқа бойынша цифрландыру – мемлекеттік органдардың азаматтармен, бизнеспен және бір-бірімен цифрлық форматта жан-жақты өзара іс-қимыл жасауының басымдығы.
2. Этимологиясы: лат. cifra, ар. صفر [ṣifr] – «бос, нөл».
3. Әзербайжан: varsayılan rəqəmsallaşdırma
4. Қырғыз: демейки санариптештирүү
5. Өзбек: sukut bo'yicha raqamlashtirish
6. Түрік: varsayılan sayısallaştırma
7. Ағылшын: digitalization by default
8. Испан: digitalización por defecto
9. Неміс: standard-Digitalisierung
10. Француз: numérisation par défaut
11. Бекітілген нұсқасы: цифровизация – цифрландыру (2018), использовать по умолчанию - әдепкілік қолдану (ақпараттық технология) (2006)
12. Заңнамадағы қолданысы: цифровизация по умолчанию - бастапқы бойынша цифрландыру; цифровизация по умолчанию - әдепкі қалпы бойынша цифрландыру.
13. Ұсыныстар: орыс тілінен енген цифровизация по умолчанию сөз тіркесінің қазақ тіліндегі баламасы бекітілмеген. Тек цифровизация және использовать по умолчанию сөз тіркесі цифрландыру және әдепкілік қолдану деп жеке-жеке бекітілген. Заңнамада бұл сөз тіркесінің мынадай аудармалары қолданылуда: бастапқы бойынша цифрландыру, әдепкі қалпы бойынша цифрландыру. Бекітілген терминдер сөздігіндегі жеке нұсқаларын, заңнамадағы қолданысын және терминологиялық сөздіктердегі аудармаларын және осы терминнің анықтамасын негізге алсақ, цифровизация по умолчанию сөз тіркесінің әзірше қазақ тілінде "бастапқы нұсқа бойынша цифрландыру" деп қолданылғанын дұрыс деп ойлаймыз.
Рейтинг
-3
8.бейнесигнал видеосигнал
видеосигнал
бейнесигнал
Саласы
Этимологиясы
Дефинициясы1. Бейнесигнал – теледидарда радиолокацияда факсимилді байланыста бейнені құру үшін пайдаланылатын ауқымды спектрі бар (әдетте, бірнеше Гц-тен бірнеше МГц-ке дейін) электр сигналы.
2. Этимологиясы: лат. signale – “белгі”
3. Әзербайжан: video siqnal
4. Қырғыз: видео сигнал
5. Өзбек: video signal
6. Түрік: video sinyali
7. Ағылшын: video signal
8. Испан: señal de vídeo
9. Неміс: videosignal
10. Француз: signal vidéo
11. Бекітілген нұсқасы: видеокард - видеокарта (2023), аналогті сигнал - аналоговый сигнал (2022)
12. Заңнамадағы қолданысы: -
13. Ұсыныстар: "белгібейне" немесе "бейнебелгі" деген атауларды ұсынамыз.
Рейтинг
+7
9.біржақты шектер односторонние пределы
односторонние пределы
біржақты шектер
Саласы
Этимологиясы
Дефинициясы1. Біржақты шектер – функцияның оңжақты шегі мен солжақты шегінің жалпы атауы.
2. Этимологиясы: –
3. Әзербайжан: birtərəfli məhdudiyyətlər
4. Қырғыз: бир тараптуу чектөөлөр
5. Өзбек: bir tomonlama chegaralar
6. Түрік: tek taraflı limitler
7. Ағылшын: unilateral limits
8. Испан: límites unilaterales
9. Неміс: einseitige Grenzen
10. Француз: limites unilatérales
11. Бекітілген нұсқасы: –
12. Заңнамадағы қолданысы: –
13. Ұсыныстар: жоғарыда берілген аудармаларды басшылыққа ала отырып, «біржақты шектер» нұсқасын қолдаймыз.
Рейтинг
+12
10.Галвани элементі гальванический элемент
гальванический элемент
Галвани элементі
Саласы
Этимологиясы
Дефинициясы1. Гальваникалық элемент – электролиттегі екі металдың немесе олардың тотықтарының өзара әсерлесуіне негізделген электр тогының химиялық көзі.
2. Этимологиясы: Итальян ғалымы Л.Гальванидің құрметіне аталған.
3. Әзербайжан: qalvanik element
4. Қырғыз: гальваникалык элемент
5. Өзбек: galvanik element
6. Түрік: galvanik eleman
7. Ағылшын: galvanic element
8. Испан: elemento galvánico
9. Неміс: galvanisches element
10. Француз: élément galvanique
11. Бекітілген нұсқасы: ағын элементі - элемент потока (2023)
12. Заңнамадағы қолданысы: "Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім деңгейлерінің таңдау курстарының үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 16 қыркүйектегі № 399 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 21 қарашадағы №467 бұйрығы. Мысалы: гальваникалық элементтер.
13. Ұсыныстар: "Гальваний элементі" деген атауды ұсынамыз.
Рейтинг
+13
11.голубцы голубцы
голубцы
голубцы
Саласы
Этимологиясы
Дефинициясы1. Голубцы – көбінесе күріш қосылған фарш және қырыққабат жапырағынан дайындалатын тағам түрі.
2. Этимологиясы: сербхорв. голу̀биħ – «тұшпара»
3. Әзербайжан: kələm rulonları
4. Қырғыз: капуста түрмөктөрү
5. Өзбек: hammayoqni rulonlari
6. Түрік: lahana ruloları
7. Ағылшын: cabbage rolls, golubtsy,
8. Испан: golubtsí,rollos de col
9. Неміс: Kohlrouladen
10. Француз: goloubtsy, rouleaux de chou
11. Бекітілген нұсқасы: –
12. Заңнамадағы қолданысы: Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының жекелеген санаттағы қызметкерлерін қызметті өткеру ерекшеліктерін ескере отырып, азық-түлікпен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 26 мамырдағы № 40 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 26 маусымда №11442 болып тіркелді.
... Ет қосылған екiншi тағамдар (голубцы, iшiне фарш салынған бұрыш, тефтели, құймақтар)...
13. Ұсыныстар: «Тамақ өнеркәсібі және тұрмыстық қызмет» сөздігінде «голубцы» деп алынған, осы нұсқаны бекіту ұсынылады.
Рейтинг
+10
12.дененің энергетикалық жарқырауы энергетическое сияние тела
энергетическое сияние тела
дененің энергетикалық жарқырауы
Саласы
Этимологиясы
Дефинициясы1. Дененің энергетикалық жарқырауы – температурасы Т дене бетінің бірлік ауданы арқылы барлық бағытта барлық жиіліктер диапазонында таралатын энергияның сәулелену уақытына қатынасына тең физикалық шама.
2. Этимологиясы: еж. грек ἐνέργεια - «әрекет, қызмет, қуат», ἐν (нұсқалары ἐγ-, ἐλ, ἐμ-) «в» + ἔργον «іс, жұмыс».
3. Әзербайжан: bədənin enerji parıltısı
4. Қырғыз: дененин энергетикалык жарыгы
5. Өзбек: tananing energiya porlashi
6. Түрік: vücudun enerjik ışıltısı
7. Ағылшын: energy radiance of the body
8. Испан: resplandor energético del cuerpo
9. Неміс: die energetische ausstrahlung des körpers
10. Француз: éclat énergétique du corps
11. Бекітілген нұсқасы: полюстік шұғыла - полярное сияние (2018)
12. Заңнамадағы қолданысы: -
13. Ұсыныстар: "дененің энергетикалық нұры" деген атауды ұсынамыз.
Рейтинг
+4
13.дифференциалдық есептеу дифференциальное исчисление
дифференциальное исчисление
дифференциалдық есептеу
Саласы
Этимологиясы
Дефинициясы1. Дифференциалдық есептеу – зерттеу үшін туындыны қолданатын математикалық талдау.
2. Этимологиясы: Дифференциа́л (от лат. differentia) – әрқилы, әртүрлі мағынада қолданылады.
3. Әзербайжан: diferensial hesab
4. Қырғыз: дифференциалдык эсептөө
5. Өзбек: differensial hisob
6. Түрік: diferansiyel hesap
7. Ағылшын: differential calculus
8. Испан: calculo diferencial
9. Неміс: Differentialrechnung
10. Француз: calculs différentiels
11. Бекітілген нұсқасы: дифференциал (2022), есептеу (қаржы.) (2010)
12. Заңнамадағы қолданысы: –
13. Ұсыныстар: темин бекітілмегендіктен, жоғарыда берілген аудармаларды басшылыққа ала отырып, "дифференциалдық есептеу" нұсқасын ұсынамыз.
Рейтинг
+10
14.жазықтық нормалының векторывектор нормали плоскости
вектор нормали плоскости
жазықтық нормалының векторы
Саласы
Этимологиясы
Дефинициясы1. Жазықтықтың нормал векторы – берілген жазықтыққа перпендикуляр жатқан вектор.
2. Этимологиясы: normal: кейінгі лат. normalis "ережеге сәйкес, қалыпты", классикалық латын тілінде "ағаш ұстасы шаршысына сәйкес жасалған", norma "ереже, үлгі", vector: лат. vector "тасымалдаушы немесе көлік" (сонымен қатар "жүргінші адам"), зат есім-өткен шақ vehere "тасымалдау, тасу "(*wegh түбірінен - "көлікте жүру, тасымалдау") арқылы жасалған, plane: лат. planum "тегіс бет, еден, жазық".
3. Әзербайжан: təyyarə normal vektoru
4. Қырғыз: тегиздиктин нормалдуу вектору
5. Өзбек: tekislik normal vektori
6. Түрік: düzlemin normal vektörü
7. Ағылшын: normal vector of a plane
8. Испан: vector plano normal
9. Неміс: flugzeug normal vektor
10. Француз: vecteur normal du plan
11. Бекітілген нұсқасы: вектор – вектор (2018), векторлы талдау (математика) – анализ векторный (2015)
12. Заңнамадағы қолданысы: "Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 1 сәуірдегі № 123 бұйрығы. Мысалы, Жазықтықтағы векторды екі коллинеар емес векторлар бойынша жіктеу.
13. Ұсыныстар: "жазықтықтың нормал векторы" деген атауды қалдыруды ұсынамыз.
Рейтинг
-3
15.жаппай қамтуышы өсу, жаппай қамтушы өсім, барлығын қамтитын өсу всеохватный рост
всеохватный рост
жаппай қамтуышы өсу, жаппай қамтушы өсім, барлығын қамтитын өсу
Саласы
Этимологиясы
Дефинициясы1. Барлығын қамтитын өсу – бұл адамдарға экономикалық өсуге көмектесуге және оның артықшылықтарын пайдалануға мүмкіндік беретін, оның әл-ауқатын көтеру үшін қоғамда материалдық және материалдық емес игіліктер әділ бөлінетін экономикалық өсу» ретінде айқындалады.
2. Этимологиясы: –
3. Әзербайжан: hərtərəfli böyümə
4. Қырғыз: ар тараптуу өсүш
5. Өзбек: to'liq o'sish
6. Түрік: kapsamlı ekonomik artış
7. Ағылшын: comprehensive growth
8. Испан: crecimiento integral
9. Неміс: umfassendes wachstum
10. Француз: croissance intégrée
11. Бекітілген нұсқасы: духовный рост - рухани өсу (2018)
12. Заңнамадағы қолданысы: 2015 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Еуропалық инвестициялық банк арасындағы Қазақстан Республикасының орнықты экономикалық дамуына жәрдемдесу мақсатындағы өзара түсіністік туралы меморандумның қолданылу мерзімін ұзарту туралы хаттамаға қол қою туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 15 желтоқсандағы №845 қаулысы. Мысалы: экономикалық әртараптандыру, тұрақты даму және барлығын қамтитын өсу мәселелері бойынша ынтымақтастықты жалғастыру мақсатында мыналар туралы келісті.
13. Ұсыныстар: жоғарыда берілген талдауларды басшылыққа ала отырып, «жаппай қамтуышы өсу, жаппай қамтушы өсім» нұсқаларындағы өсім сөзінің екінші бір мағынасы процент - пайыздық үстемақы деген мағынада қолданылады, сондықтан бұл нұсқаның орнына «барлығын қамтитын өсу» нұсқасын ұсынамыз.
Рейтинг
-2
Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.
«БЕШПАРМАК« ТУРАСЫНДА
Құрметті әріптестер! «Бешпармакқа" қатысты мәселе маңызды болып тұр. Осыған қатысты ұсыныс: талдай келе "бешпармакты» ығыстыратын тек жаңа сөз - неолог екен. Басқа амалы жоқ. Осыған қатысты нақты ұсыныс бар. Толығырақ ...Соны қолдасаңыздар, қарсы болсаңыз - қарсы аргумент ұсынып көріңіз.
Балама сөз ретінде »АСАМЫҚ» сөзін ұсынып отырмыз. Бұл турасында арнайы файлға материал салынды - танысуға болады.
Аталмыш тағам атауына түрлі сөздер ұсынылуда, алайда, олар төмендегі критерийлерді қанағаттандыруы шарт:
 бас тағамның бастапқы қалпын білдіретін «ас» сөзіне қатысы болуы;
 тағамның басты ерекшелігін ашатын мазмұны болуы – «асап жейтін ас» секілді;
 қазақ тілінің сөзжасам қабылетіне сәйкес болуы;
 айтылуы жеңіл әрі қабылдауға сіңімді болуы;
 басқа қосалқы ұғымды қабаттастырмайтындай, семантикалық анық мазмұнның болуы.
Асамықты рестораторлар мен аспаздарға шығып одан әрі енгізуді қолға аламыз. Әуелгі шаруа - тілшілер мен лингвистердің мақұлдауы керек
  • «Бешпармақ» қазақтың бас тағамының орыс тілінен ауысып қалыптасқан атауы. ХІХ ғ. қазақ арасына орыстарға тілмаш боп келген татар- башқұрттардың қамыр қосып тартқан етті қолмен алып қабылдауын білдіретін «беш бармак» деген Толығырақ ...атаумен байланысты қалыптасса керек. Шынтуайтында, қазақ даласындағы патшалық әкімшіліктің жергілікті шенеуніктерінің ет тағамын кемсітіп атауы. Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. 1-том. – Алматы: DPS, 2011. – 738 б.
    Осы тағамның атауын қайта қарауды қолдаймын. Термин ретінде бекітілгенімен, оның халық арасында қолданысқа енгізу жолы туралы ойыңызбен келісемін. Кейбір жағдайда терминдер бекітіліп, журнал бетінде шаң басып қала береді. Сіздің «рестораторлар мен аспаздарға шығып одан әрі енгізуді қолға аламыз» деген ойыңыз дұрыс.
    Бірақ «асам» деп алсақ, закуска сияқты қабылдануы мүмкін. Мәселен, Тағамтану сөздігінде (Алматы: «Ой-сана» баспасы, 2013. – 216 бет., Рахимбердиева Б.М.) осыған ұқсас термин берілген. Закуска – бірасам, асам, асарлық.
    Мынадай нұсқаларды қарастырсақ: «Жайма ет», «Турама», «Қамыртабақ», «Жайма тамақ».
    Жайма – етке салатын нан. Қазақ тілінің аймақтық сөздігі /Құраст. Ғ.Қалиев, О.Нақысбеков, Ш.Сарыбаев, А.Үдербаев және т.б. – Алматы: «Арыс» баспасы, 2005. - 824 б.
    Турама – туралған ет, бесбармақ. Қазақ әдеби тілінің сөздігі. Он бес томдық. 14-том. / Құраст.: М.Малмақов, Қ.Есенова, Б.Хинаят және т.б. – Алматы, 2011. - 800 б.
    Қамыр – суға, сүтке илеген ұн, шикі нан. Қазақ дәстүрлі мәдениетінің энциклопедиялық сөздігі. - Алматы: "Сөздік-Словарь". 1997.- 368 б.

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.
Күнделікті өмірде терминдердің қазақша нұсқасы көңіл көншітерлік жағдайда емес екенін көрудеміз. Бірқатар сөздерге өз ұсынысымды қалдырып, бұл нұсқаны не себепті таңдағанымды сөздіктерден дәлел келтіріп, жазып өттім.
Ерболат Ғалымжанұлы Асылбеков
Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.
Күнделікті өмірде терминдердің қазақша нұсқасы көңіл көншітерлік жағдайда емес екенін көрудеміз. Бірқатар сөздерге өз ұсынысымды қалдырып, бұл нұсқаны не себепті таңдағанымды сөздіктерден дәлел келтіріп, жазып өттім.
Ерболат Ғалымжанұлы Асылбеков
Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.
Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы жариялаған «Қазақы терминдерді халық жасайды» атты республикалық байқауының 2-турына ұсынған Серік Ерғалидың 10 терминге қатысты баламалары
Bakhytzhamal Esimseit, Akan Altynay, Дидар Турабекова және 3
Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің тапсырмасымен «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы жариялаған «Қазақы терминдерді халық жасайды» атты республикалық байқауына ұсынған терминдер:
Класс (пед.,тар., тех.) – жікше, проблема – Толығырақ ...түйткіл, проблемный вопрос – түйткіл мәселе, мотивация – түрткіжай, специфика – төлсипат, прессинг –тықсырыс (тықсырым), база - орынжай, гантель – батпантас, ядро – зілшар, экскурсия – топсеруен, бомбардир – сұрмерген, коньки – сырғы, клюшка – сырғытпатаяқ, палатка – шатыржай, фанат – әсірежанкүйер, каната – кермеарқан, гетры – сираққап.

Шуленбаев Нурлан, Алматы
Мадина Шагирова, Гүлзейнеп Тулегенова, Дәрмен Марияш және 7
  • Ai-kerim Qojahmet 4 жыл бұрын

    Экскурсияны топ болмай-ақ жасайтындар бар ғой. Оларды не дейміз сонда?

  • Бақытгүл Ысқақова 4 жыл бұрын

    төлсипат, батпантас қазақы терминдер қатарынан орын алып қалар. Басқа да ұсынылған терминдер туралы ойлануға болады екен. Шығармашылық табыс тілеймін!

  • Anar Fazylzhan 4 жыл бұрын

    Конькиді сырғы деген ұнап тұр. Ал мотивация -уәждеме, түрткіжайт - фактор, осылай болғалы қашан.... бұларды шатастырмайық. Сонымен бірге төлсипатты атрибуттың баламасы ретінде ғылыми мәтіндерде қолданып жүргенін көзім көрді.

Басқа пікірлерді көрсету

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.
Өзекті 7 балама

Коллекция.
Коллекционер.
Мына сөздердің баламасын бірнеше жылдан бері қолданамын. Бұлардың бірқатары тілімізде бар сөз, тек қолданысы тарылып, шығып қалған. Мысалы: жыйда, жыйдашы сөздерін анамнан талай естігем, бұлар диалект емес, қазақ Толығырақ ...тілінің ортақ сөзжасамына негізделген лексемалар.
Набор.
Ал енді осы тұрғымен «жыйма" сөзі өзінен өзі "набор" сөзінің баламасы бола алады. Бұны қазақы сөзжасамға сәйкестігін дәлелдеп қажет те емес.
Қолданыстағы "топтама", "жиынтық" сөздері бұлардың дефинициясын бере алмайды. Олар мүлдем басқа мағынадағы сөздер, тіпті "топтама" барынша жасанды сөз.
Конкурс.
Байқау.
Байқаушы.
"Конкурс" сөзінің баламасын "байқау" деп сіңіргелі ондаған жыл болды, бірақ бұл тілге сондай обал. Байқау: наблюдать сөзінің баламасы, наблюдатель - байқаушы. Бірақ совет дәуірінде бұған "осмотр" деген мағына жүктелді. Медосмотр, тезосмотр сықылды. Алайда бұл сөздерге "байқау" сөзі балама бола алмайды, дефиницияны ашпайды. Бұл «конкурстың» дефинициясын ашатын ЕКШЕМ сөзін алуға болады: екше+м. Конкурс байқау үдерісі емес, екшеу, іріктеу үдерісі.
Покупка.
"Покупка" сөзінің әлі күнге баламасы жоқ, бірақ ол тілімізде бұрыннан бар. Ол – САТЫҚ деген сөз! "Сауда-сатық" деген қос сөздегі сауда - торговля, продажа, болса, сатық /"саттық" емес/ - "покупканы» береді. Бұл да кәдімгі қазақы сөзжасаммен жасалған өз лексемамыз, ешкім қолдан жасаған емес: сат+ық, жат+ық, көр+ік, жар+ық...

Серік Ерғали. Астана
Bakhytzhamal Esimseit, Almazhan Kadirxan, Akan Altynay және 6
  • Бақытгүл Ысқақова 4 жыл бұрын

    ІЕкшем сөз қолданысында айтуға жеңіл, мағынасына сәйкес келеді. Өкінішке қарай, екше сөзінің өзін қазір көп қолданбайды, жастар мағынасын мүлде түсінбейтін де шығар

  • Anar Fazylzhan 4 жыл бұрын

    Сатық пен екшем қандай тамаша баламалар! Ал жиманы ережеге лайық төрт әріппен жазсаңыз, қолдар едім. Рақмет!

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.
Кісі есімдерінің жаңа әліпбиде жазылуы талқыланды
Bakhytzhamal Esimseit
Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.
«Тіл-Қазына» орталығы директорының кеңесшісі, қоғам қайраткері Оразгүл Асанғазының "СӘТТІ БАЛАМА ТІЛ ҒҰМЫРЫН ҰЗАРТАДЫ. ТАЛДАЙЫҚ! ТАЛҚЫЛАЙЫҚ!" мақаласын назарларыңызға ұсынамыз.
Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.
"ОРАЛМАН" ТЕРМИНІ БҮГІНГІ КҮНІ ҮЛКЕН МӘСЕЛЕГЕ АЙНАЛЫП ОТЫР. СОҒАН ОРАЙ ҒЫЛЫМИ-ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ САРАПТАМА ҚОРЫТЫНДЫСЫН ТАЛҚЫҒА ҰСЫНЫП ОТЫРМЫЗ. САРАПТАМАНЫ ОҚИ ОТЫРЫП, ЖЕКЕ ПІКІР ҚАЛДЫРА АЛАСЫЗДАР
  • Ахметов Мұхамбедия 4 жыл бұрын

    ОРАЛМАН атауы термин ретінде тілдік айналымға сіңіп кетті. Ешқандай кемсіту мәні жоқ. ҚАЛСЫН !!!

  • Ахметов Мұхамбедия 4 жыл бұрын

    Осы ФБ-да біреулер бөркін аспанға атып, "бүгіннен бастап "оралман" демей "Бауырлас" дейтін боламыз" депті.
    .... "Оралман" деген атау терминдік деңгейдегі ұғымның жүгін көтеріп тұр. Ал басқа сөздер, мысалы, "бауырлас" , "қандас", Толығырақ ..."ағайын" дегендер, әрқайсысының өзінің көтеріп тұрған ұғымдық жүгі бар. Мысалы, ОРАЛМАН атауы ұнамайды деп оның орнына "туысқандар", "жұрағаттар", "аталастар", "тамырластар", деген сияқты сөз іздеп бастарыңызды неге шатасыздар. ОРАЛМАН атауы еш бір басқа ұғыммен шатасып тұрған жоқ. Terminus талабына сай сөз. Термин деген бір ғана ұғымды белгілеп тұруы керек. ОРАЛМАН боғауыз сөз емес. Тілдеріңіз қышып болмай жүрсе "ОРАЛ+ҒАН+ДАР" деңіздер, кәңкіретній анықтауыш шығады.

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.
Терминология саласы бойынша ақпарат
Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.

Барлық қатысушылар

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.