Барлығы 4241 термин табылды
Термин Дефиниция Пәні Класы
1 EV3 модулі роботтарды қозғалтуға арналған басқару блогы Информатика 1
2 LEGO Mindstroms роботты программалайтын құрастырушы Информатика 1
3 LEGO Mindstroms Education EV3 білім беру орындарына арнайы әзірленген жетекші платформа Информатика 1
4 азайту «–» (минус) таңбасымен белгіленетін математикалық амал Математика 1
5 азайтқыш азайту амалындағы азайғыштан шегерілетін сан Математика 1
6 азайғыш азайту амалын орындау кезінде шамасы кемітілетін сан Математика 1
7 айырма (айырманың мәні) азайту амалының нәтижесі Математика 1
8 Алгоритм белгілі бір ретпен орындалатын әрекеттер Информатика 1
9 Алгоритм белгілі бір ретпен орындалатын әрекеттер Информатика 1
10 алдыңғы сан бұл тікелей берілген санның алдында тұратын сан Математика 1
11 арамшөп мәдени өсімдіктердің өсуіне кедергі келтіретін жабайы өсімдік Жаратылыстану 1
12 Арқар Орталық Азияның таулы аймақтарында мекендейтін жабайы жануар Дүниетану 1
13 Ас мәзірі тамақтануға арналған тағамдар мен сусындардың тізімі Дүниетану 1
14 астроном аспан әлемін зерттейтін ғалым Жаратылыстану 1
15 Астрономия аспан денелері, олардың құрылысы, қозғалысы туралы ежелгі ғылым Жаратылыстану 1
16 астрономия аспан денелерін, құрылысын, қозғалысын зерттейтін ғылым Жаратылыстану 1
17 Ауыл шағын елді мекен Дүниетану 1
18 ағаш діңі, бұтағы, жапырағы бар көпжылдық өсімдік Жаратылыстану 1
19 ақиқат пікір, дұрыс пікір Математика 1
20 Ақпарат қоршаған ортадағы түрлі мәліметтер, құбылыстар Информатика 1