"
Сәлеметсіздер ме!
Язык программирования -бағдарламалау тілі ме, әлде программалау тілі ме?
Нақты бекітілген заңнама бар ма? Әр жерде әртүрлі жазылып жүр. Бағдарлама сөзі мысалы, телеарналардағы бағдарлама да, ал, Информатикадағы тілге байланысты программалау Толығырақ ...сөзі қалған, осы дұрыс па? Алдын ала рақмет!
  • Сәлеметсіз бе, бекітілген нұсқасын қолдануға болады.
    1. Бағдарламалау тілі – язык программирования (2022 жылы бекітілген термин)
    2. Бағдарламалау – программирование (2021 жылы бекітілген термин)
    3. Бағдарламалау тілі. "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінің әзірленген бағдарламалық Толығырақ ... қамтылымын, бастапқы бағдарламалық кодтарын (болған кезде), лицензиялық бағдарламалық қамтылымын баптау кешенін есепке алу және сақтау қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 29 маусымдағы № 146/НҚ бұйрығы
    4. Бағдарламалау тілі. "Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 17 қазандағы № 576 бұйрығы
    5. Бағдарламалау тілі. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2021 жылғы 11 маусымдағы № 494 бұйрығы
    6. Бағдарламалау тілі. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығы

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.

Барлық қатысушылар

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.