Этносаяси сөздік

Кітап авторы: Ұжымдық сөздік
Кітап жайлы мәлімет: - Астана: Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы. 2014 - 400 б.
ISBN: 978-601-7504-05-2

Қазақ және орыс тілдерінде ұсынылып отырған бұл сөздікте этносаясат саласында ғылыми
жарияланымдарда. бұқаралық ақпарат құралдарында. интернетте. сондай-ақ этностану. саясаттану. әлеуметтану курстарын. тарихи және мәдениеттану пәндерін оқытуда жиі қолданылатын терминдердің
мәні мен мағынасын анағұрлым толық ашатын 400-ден астам сөз қамтылған. Сөздікке Қазақстан
этносаясатынын негізгі қағидаттарын түсіндіретін және Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Назарбаев ұсынған қоғамдық келісім мен этносаралық толеранттылық үлгісімен таныстыратын
көптеген терминдер енгізілген.

С өздіқ этносаясат саласында қызмет ететін мемлекеттік қызметкерлерге. гуманитарлық ғылымдардын мамандарына және Қазақстандағы заманауи этностық үдерістер туралы білгісі келетін оқырман қауымға арналған.