Қазақ тіліндегі араб, парсы сөздерінің түсіндірме сөздігі

Кітап авторы: Мамырбекова Г
Кітап жайлы мәлімет: Алматы: Мемлекеттік тілді дамыту институты, 2017. -656 бет
ISBN: 978-601-7822-40-8
Бұл сөздікте қазақ тіліндегі араб, парсы сөздері жинақталып, мысалдар арқылы түсіндірмелері берілген. Сондай-ақ араб, парсы сөздерінің әртүрлі нұсқадағы бірнеше варианттық қатарлары да реестрде көрсетілді. Тілімізде жиі қолданылатын араб, парыс сөздерімен қатар, қазіргі тіл тұрғысынан алғанда бейтаныс, алайда ескі қазақ жазба тілінде еркін қолданыста болған бірліктер де қамтылды. Сөздікте 3562 сөз бен 1593 сөз тіркесі енгізілді. Сөздік ғалымдарға, тіл білімін зерттеушілерге, студенттерге және жалпы көпшілік қауымға арналады.