"
Тілдің өз мүмкіндігін пайдаланып,дамыту керек
Қазырғы грамматика қазақ тілінің тиімді сөзжасамын айналып өтіп жүр. Әсіресе сөз тіркесімен айшықталатын ұғымдар екіұдай сипат беруде.
1.Мысалы: қуырылған бекіре - жаренный осетр алсақ, бұл кәлкі/калька Толығырақ ...технологиясымен жасалған, алайда бұның қазақы тап-тұйнақтай форманты бар: бекіре қуырмаш. «Қуырмаш" сөзі кез келген шикізаттан қуырылған тағам. Алдыңғы "бекіре" сөзі анықтауыш. Осылайша талай "жаренныйды" қалыпқа салуға болады. сазан қуырмаш, тауық қуырмаш...
2. Чечевичный суп - жасымық көжесі, овсяная каша - сұлы ботқасы дегендей тәуелділік жалғауының үшінші жағының сипаты барлық жерді жаулап алған. Былай қарағанда "жасымық көжесі" - суп чечевички болып кетеді, біржақты қабылдау қиын, сол секілді "сұлының ботқасы» да сұлыдан пісірлгеннен гөрі ботқаның сұлыныкы екенін ғана білдіреді. Бұны түзеуді тілдің өз ырқына беру керек: жасымық көже, сұлы көже. Болды! Жасымық, сұлы сөздері анықтауыш рөлінде. Осылайша талай көженің атауы жып-жинақы қалыпқа түседі. Сүт көже, тары көже деген бұрыннан бар формантты қалпына келтіріп дамытатын боламыз.
Мендигереев Азамат, Сәрсенбай Қуантайұлы Құлманов
  • Серік аға, өте дұрыс айтасыз. Бұрын солай болған. Қазіргі кезде жасымық көже, сұлы көже, сүт көже және т.б. қолданыстар көбейіп келеді.

  • Серік Ерғали 4 ай бұрын

    Әрине, Сәке! Осыларды жинақтап сөздік етіп, оны электрондап бермесе, біржақты сынағанмен ештеңе өнбейді

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.

Барлық қатысушылар

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.