Көркем аудармадағы жаңа атаулар: жасалуы мен қолданысы

Кітап авторы: Ш.Құрманбайұлы
Кітап жайлы мәлімет: Астана: Фолиант, 2017 жыл -560 бет
ISBN: 978-601-302-800-2

Бұл еңбекте әлем әдебиеті жауһарларын қазақ тіліне аудару кезінде жасалып, қалыптасқан және көркем аудармадағы ғылым тілі мен БАҚ тілінен енген жаңа таулар мен қолданыстар арнайы жиналып, тілдік тұрғыдан зерттеліп отыр. Көркем аударманың жаңа атаулар мен қолданыстардың әдеби тілге енуіне, нормалануына ықпалы, белгілі қаламгер мен кәсіби аудармашылардың сөз жасау, балама табу, сөз қолдану тәжірибесі жан –жақты талданды. Сондай-ақ кітаптың үшінші бөлімінде жаңа атаулар мен қолданыстардың орысша –қазақша, қазақша –орысша сөздігі мен лексикалық варианттардың жарыса жұмсалып жүрген нұсқаларының салыстармалы кестесі беріледі.

Бұл еңбекке енген атаулар Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, Ж.Аймауытов, М.Әуезов, Ә.Кекілбаев сынды көрнекті ұлт зиялылары мен белгілі аудармашылар тәржімелеген Э.Хемингуэй, А.Камю, Р.Тагор, Г.Маркес, Ф.Мориак, Г.Белль, У.Фолкнер, Дж.Стейнбек, И.Бунин сияқты, Нобель сыйлығының лауреаттарының, О.Бальзак, Г.Моппасан, В.Гюго, Дж.Лондон, О.Уайльд, П.Мериме, Л.Фейхтвангер, А.Кристи, Л.Толстой, А.Чехов, И.Тургенов тәрізді әлем және орыс классиктерінің еңбектерінен жинақталғанымен де құнды.

Ғылыми еңбек тіл-әдебиет мамандары мен оқытушыларға, аудармашылар мен журналистерге, филология факультеттерінің студенттері мен магистранттарына, сондай-ақ қазіргі қазақ тілі лексикасы дамуының жай-күйі, ерекшеліктері, бүгінгі сөзжасам, терминжасам үдерісі, аударма мәселелері қызықтыратын көпшілік қауымға арналған.

A PHP Error was encountered

Severity: Core Warning

Message: PHP Startup: Unable to load dynamic library '/usr/lib/php/20151012/phalcon.so' - /usr/lib/php/20151012/phalcon.so: undefined symbol: php_pdo_get_dbh_ce

Filename: Unknown

Line Number: 0

Backtrace: