Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.

Сарапшы мамандар

ТЕК ТЕРМИНКОМ МҮШЕЛЕРІ ҒАНА ДАУЫС БЕРЕ АЛАДЫ! Республикалық терминология комиссиясының 2024 жылғы 2-отырысында бекітілетін терминдері (қоғамдық-гуманитарлық бағыт)

САЛАСЫ ТЕРМИН САНЫ РЕТТІК САНЫ
1 ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі ұсынған терминдер 274 1-274
2 ҚР Ұлттық экономика министрлігі ұсынған терминдер 35 275-309
3 Экономика, қаржы, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау салаларында қолданылатын терминдер 9 310-318
#Орысша нұсқасыҚазақша нұсқасыРейтинг
1.абляция ледникамұздықтың семуі
абляция ледника
мұздықтың семуі
Саласы
Этимологиясы
Дефинициясы1. Мұздықтың семуі – еру және булану нәтижесінде мұздықтың немесе қар жамылғысы массасының төмендеуі.
2. Этимологиясы: лат. ablatio – алып тастау, кему, жою
3. Өзбек: muzlik ablasyonu
4. Түрік: buzul ablasyonu
5. Ағылшын: glacier ablation
6. Неміс: gletscherablation
7. Бекітілген нұсқасы: ледник - мұздық (2005), бассейн ледника - мұздық алабы (2022), истeканиe зeрна - дәннің семуі (2022)
8. Заңнамадағы қолданысы: –
9. Ұсыныстар: бекітілген терминдерді ескере отырып, "мұздықтың семуі" терминін бекіту ұсынылады.
Рейтинг
+5
2.аварийная работаавариялық жұмыс
аварийная работа
авариялық жұмыс
Саласы
Этимологиясы
Дефинициясы1. Авариялық жұмыс – авариялардың алдын алу немесе олардың зардаптарын жою үшін қажетті алдын ала болжанбаған шұғыл жұмыс түрі.
2. Этимологиясы: авария (итальян.avaria, франц. avarie) - "зақым".
3. Өзбек: –
4. Түрік: afet çalışması
5. Ағылшын: emergency operation
6. Неміс: Katastropheneinsatz
7. Бекітілген нұсқасы: вероятные аварии - ықтимал авариялар (2022), аварийный ремонт - авариялық жөндеу (2022)
8. Заңнамадағы қолданысы: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 29 тамыздағы № 727 қаулысы.
...Астана қаласы төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары ...
Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 274 Жарлығы. Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары.
9. Ұсыныстар: заңнама құжаттарында "авариялық жұмыстар" термин тіркесі кездеспеді. Бекітілген терминдерді, басқа тілдегі аудармасын ескере отырып, "авариялық жұмыстар" терминін бекіту ұсынылады.
Рейтинг
+5
3.аварийная средаавариялық орта
аварийная среда
авариялық орта
Саласы
Этимологиясы
Дефинициясы1. Авариялық орта – ТЖ аймағындағы объектілерге деструктивті күштердің (факторлардың) әсерінен пайда болған орта, апат немесе басқа да төтенше жағдай салдарынан адам өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға немесе мүлікке қауіп төнген жағдай.
2. Этимологиясы: авария (итальян.avaria, франц. avarie) - "зақым".
3. Өзбек: favqulodda muhit
4. Түрік: acil durum ortamı
5. Ағылшын: emergency environment
6. Неміс: notfall-Umgebung
7. Бекітілген нұсқасы: авария экологическая - экологиялық авария (2022), нейтральная среда - бейтарап орта (2023)
8. Заңнамадағы қолданысы: –
9. Ұсыныстар: "авариялық орта" терминін бекіту ұсынылады.
Рейтинг
+5
4.аварийный взрывавариялық жарылыс
аварийный взрыв
авариялық жарылыс
Саласы
Этимологиясы
Дефинициясы1. Авариялық жарылыс – өндіріс технологиясының бұзылуы, қызмет көрсету персоналының қателіктері немесе жобалау кезінде жіберілген қателіктер нәтижесінде пайда болған жарылыс.
2. Этимологиясы: авария (итальян.avaria, франц. avarie) – "зақым".
3. Өзбек: –
4. Түрік: acil patlama
5. Ағылшын: emergency explosion
6. Неміс: notexplosion
7. Бекітілген нұсқасы: авария - авария (2015)
8. Заңнамадағы қолданысы: –
9. Ұсыныстар: "авариялық жарылыс" нұсқасы ұсынылады
Рейтинг
+5
5.аварийный выбросавариялық шығарынды
аварийный выброс
авариялық шығарынды
Саласы
Этимологиясы
Дефинициясы1. Авариялық шығарынды – техникалық жүйелердегі, тазарту қондырғыларындағы және т. б. авария нәтижесінде қоршаған ортаға (су, топырақ, атмосфера) ластаушы заттардың байқаусызда шығарылуы.
2. Этимологиясы: итал. avaria не франц. avarie - "зақым"
3. Өзбек: favqulodda chiqish
4. Түрік: acil vaka emisyon
5. Ағылшын: emergency emission
6. Неміс: notfall-Emission
7. Бекітілген нұсқасы: выброс - шығарынды (2021)
8. Заңнамадағы қолданысы: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 11 қарашадағы № 998 қаулысы ..ластағыш заттардың шығарындылары...
9. Ұсыныстар: "авариялық шығарынды" нұсқасын ұсынамыз.
Рейтинг
+5
6.аварийный выходавариялық шығу, авариялық шығужол
аварийный выход
авариялық шығу, авариялық шығужол
Саласы
Этимологиясы
Дефинициясы1. Авариялық шығу – эвакуация жолына, тікелей сыртқа немесе қауіпсіз аймаққа апаратын есік, люк немесе басқа шығу жолы.
2. Этимологиясы: "авария" итал. avaria, франц. avarie - "зақым"
3. Өзбек: favqulodda chiqish
4. Түрік: acil çıkış
5. Ағылшын: emergency exit
6. Неміс: notausgang
7. Бекітілген нұсқасы: аварийный выход - авариялық шығар жер (2016)
8. Заңнамадағы қолданысы: Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 27 ақпандағы №243/2 қаулысы. ... автобустан авариялық шығулардың және оларды қимылға келтiретiн құрылғылардың ...
9. Ұсыныстар: өзбек, түрік тіліндегі аудармаларын басшылыққа ала отырып, "авариялық шығужол", яғни "шығужолды" біріктіріп термин ретінде ұсынуға болады.
Рейтинг
+4
7.аварийный сертификатавариялық сертификат, авария сертификаты
аварийный сертификат
авариялық сертификат, авария сертификаты
Саласы
Этимологиясы
Дефинициясы1. Авариялық сертификат - сақтандырылған мүлікте келтірілген залалдың сипатын, мөлшерін және себептерін растайтын құжат.
2. Этимологиясы: авария (итальян. avaria, франц. avarie) - "зақым"; сертификат (ортағасырлық лат. certifico, франц. sertificat) - "куәландыру".
3. Өзбек: favqulodda vaziyatlar sertifikati
4. Түрік: acil durum sertifikası
5. Ағылшын: emergency certificate
6. Неміс: notfallzertifikat
7. Бекітілген нұсқасы: сертификат - сертификат (2016), корневой сертификат - түбір сертификат (2023)
8. Заңнамадағы қолданысы: –
9. Ұсыныстар: "авариялық сертификат" калька аударма болғандықтан, "авария сертификаты" терминін ұсынамыз.
Рейтинг
+3
8.авария и ее последствияавария және оның салдары
авария и ее последствия
авария және оның салдары
Саласы
Этимологиясы
Дефинициясы1. Авария және оның салдары - қауіпті өндірістік объектіде қолданылатын құрылыстарды және (немесе) техникалық құрылғыларды бұзу, жабдықтардың немесе механизмдердің күтпеген жерден істен шығуы, одан әрі жұмыс істеуі мүмкін болмайтын ғимараттарды немесе инфрақұрылымды бұзу.
2. Этимологиясы: "авария" итал. avaria, франц. avarie - "зақым"
3. Өзбек: baxtsiz hodisa va uning oqibatlari
4. Түрік: kaza ve sonuçları
5. Ағылшын: accident and its consequences
6. Неміс: der Unfall und seine Folgen
7. Бекітілген нұсқасы: следствие - салдар (2021)
8. Заңнамадағы қолданысы: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 шiлдедегi № 622 қаулысы. "Дүлей зілзалалар мен авариялар салдарынан ...
9. Ұсыныстар: "авария және оның салдары" терминдік мәнге ие емес сөз тіркесі болғандықтан, күн тәртібінен алынып тастау керек.
Рейтинг
+5
9.авария морского (речного) объектатеңіз (өзен) объектісінің авариясы
авария морского (речного) объекта
теңіз (өзен) объектісінің авариясы
Саласы
Этимологиясы
Дефинициясы1. Теңіз (өзен) объектісінің авариясы - теңіз (өзен) объектісінде адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін, теңіз (өзен) объектісі корпусының немесе оның жабдықтарының зақымдалуына, теңіз жарамдылығының жоғалуына не жағалау құрылысының теңіз (өзен) объектісінің зақымдануына және қоршаған ортаның ластануына әкеп соғатын қауіпті оқиға.
2. Этимологиясы: объект (лат.objectum) - "алға лақтыру","қарсы алу".
3. Өзбек: dengiz (Daryo) ob'ektining avariyasi
4. Түрік: deniz (nehir) nesnesinin kazası
5. Ағылшын: accident of a marine (river) facility
6. Неміс: unfall eines Meeres- (Fluss-) Objekts
7. Бекітілген нұсқасы: морская вода - теңіз суы (2023), объект - нысан (әдеб.) (2003), информационный объект - ақпараттық объект (2023)
8. Заңнамадағы қолданысы: –
9. Ұсыныстар: басқа тілдердегі аударманы басшылыққа ала отырып, "теңіз (өзен) объектісінің авариясы" нұсқасын қолдаймыз.
Рейтинг
+5
10.авария на АЭСАЭС-тағы авария
авария на АЭС
АЭС-тағы авария
Саласы
Этимологиясы
Дефинициясы1. АЭС-тағы авария – радиоактивті заттардың шығарылуына әкелуі мүмкін, адамдардың өмірі мен денсаулығына, сондай-ақ қоршаған ортаға қауіп төндіретін атом электр станциясындағы авария.
2. Этимологиясы: атом (грек. ἄτομος) - "бөлінбейтін, кесілмейтін"; электр (грек. λλεκτρον, 'электрон') - "кәріптас"; станция (поляк. stancja) - "тұру; келу орны"; авария (итальян. avaria, франц. avarie) - "зақым".
3. Өзбек: atom elektr stantsiyasida avariya
4. Түрік: nükleer santral kazası
5. Ағылшын: accident at a nuclear power plant
6. Неміс: unfall in einem Atomkraftwerk
7. Бекітілген нұсқасы: атомная электростанция (АЭС) - атом электр стансасы (АЭС) (2023)
8. Заңнамадағы қолданысы: –
9. Ұсыныстар: "АЭС-тағы авария" терминін бекіту ұсынылады.
Рейтинг
+4
11.авария на магистральном трубопроводемагистральды құбырдағы авария, магистрал құбырдағы авария
авария на магистральном трубопроводе
магистральды құбырдағы авария, магистрал құбырдағы авария
Саласы
Этимологиясы
Дефинициясы1. Магистральды құбырдағы авария - техногендік төтенше жағдайдың туындауына әкеп соғатын химиялық немесе өрт-жарылыс қауіпті заттардың жоғары қысыммен шығарылуымен және төгілуімен байланысты құбырдағы авария.
2. Этимологиясы: магистраль (нем. Magistrale; лат. magistralis) - "үлкен", "негізгі".
3. Өзбек: magistral quvurda avariya
4. Түрік: ana boru hattında kaza
5. Ағылшын: accident on the main pipeline
6. Неміс: unfall an der Hauptleitung
7. Бекітілген нұсқасы: магистраль - магистраль (2018), магистральный трубопровод - магистралдық құбыржелі (2020)
8. Заңнамадағы қолданысы: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 1202 қаулысы. ... Магистральдық мұнай құбырлары...
9. Ұсыныстар: "магистральды құбырдағы авария" терминін қазақ тілі заңдылығына сәйкес "магистрал құбырдағы авария" бекіту ұсынылады.
Рейтинг
+4
12.авария на подземном сооружениижер асты құрылысындағы авария, жерасты құрылысындағы авария
авария на подземном сооружении
жер асты құрылысындағы авария, жерасты құрылысындағы авария
Саласы
Этимологиясы
Дефинициясы1. Жер асты құрылысындағы авария - жерасты шахтасында, тау-кен қазбасында, жерасты қоймасында, көлік туннелінде немесе рекреациялық үңгірде құрылыстардың кенеттен толық немесе ішінара бұзылуымен байланысты, олардағы адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп тудыратын және (немесе) материалдық залалға әкеп соқтыратын қауіпті оқиға.
2. Этимологиясы: авария (итальян.avaria, франц. avarie) - "зақым".
3. Өзбек: er osti inshootidagi avariya
4. Түрік: yeraltı yapısında kaza
5. Ағылшын: an accident at an underground facility
6. Неміс: unfall auf unterirdischer Baustelle
7. Бекітілген нұсқасы: подземные воды - жерасты суы (2022), рубеж инженерных сооружений и заграждений - инженерлік құрылыстар мен бөгеттер шебі (2022)
8. Заңнамадағы қолданысы: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 желтоқсандағы N 1296 Қаулысы. ... 10) жағалау жиегі - су объектісі жағалауының судың барынша көтерілуі (лық толуы) нәтижесінде пайда болатын жиегі; 11) жер асты ...
9. Ұсыныстар: "жерасты құрылысындағы авария" терминдік тіркес түрінде бекіту ұсынылады.
Рейтинг
+4
13.авария на промышленных объектахөнеркәсіп объектілеріндегі авария
авария на промышленных объектах
өнеркәсіп объектілеріндегі авария
Саласы
Этимологиясы
Дефинициясы1. Өнеркәсіп объектілеріндегі авария - өндірістік нысанда, техникалық жүйеде немесе өндірістік қондырғыда жұмыстың реттелген орындалуын тоқтататын кенеттен және күтпеген оқиға.
2. Этимологиясы: объект (лат.objectum) - "алға лақтыру","қарсы алу"; авария (итальян.avaria, франц. avarie) - "зақым".
3. Өзбек: sanoat ob'ektlarida avariya
4. Түрік: endüstriyel tesislerde kaza
5. Ағылшын: accident at industrial facilities
6. Неміс: unfall in Industriestandorten
7. Бекітілген нұсқасы: промышленная вода - өнеркәсіптік су (2022)
8. Заңнамадағы қолданысы: Қостанай облысы Қарасу ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 28 сәуірдегі № 75 қаулысы. ... объектілеріндегі елді мекендер шекараларының шегіндегі бақылау субъектілеріне қатысты мемлекеттік бақылау, сондай-ақ өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ...
9. Ұсыныстар: "өнеркәсіп объектілеріндегі авария" терминін бекіту ұсынылады.
Рейтинг
+4
14.авиасанитарный отрядавиасанитарлық жасақ
авиасанитарный отряд
авиасанитарлық жасақ
Саласы
Этимологиясы
Дефинициясы1. Авиасанитарлық жасақ – санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге бағытталған тактикалық міндеттерді орындауға арналған авиациялық бөлімше.
2. Этимологиясы: Авиа (латын. avis) - "құс", санитар (латын. sanitas) - "денсаулық"; отряд (орыс. отряжать) - "жасақтау, жасақ құру".
3. Өзбек: aviasanitariya otryadi
4. Түрік: hava sağlığı müfrezesi
5. Ағылшын: aviation sanitary unit
6. Неміс: luftwaffentruppe
7. Бекітілген нұсқасы: отряд пограничников - шекарашылар жасағы (2020), отряд - отряд (2020)
8. Заңнамадағы қолданысы: –
9. Ұсыныстар: жоғарыда берілген аудармаларды басшылыққа ала отырып, сондай-ақ бұрын бекітілген терминдерді ескере келе, "авиасанитарлық жасақ" нұсқасын қолдаймыз.
Рейтинг
+4
15.авиационная катастрофаавиациялық апат
авиационная катастрофа
авиациялық апат
Саласы
Этимологиясы
Дефинициясы1. Авиациялық апат - адамдардың қаза болуына немесе хабар-ошарсыз кетуіне, зардап шеккендерге дене жарақатын келтіруге, кеменің және онда тасымалданатын материалдық құндылықтардың бұзылуына немесе бүлінуіне әкеп соққан әуе кемесіндегі, ұшудағы немесе эвакуациялау процесіндегі қауіпті оқиға.
2. Этимологиясы: авиация (еж. үндіеур. awi; лат. avi; фр. aviation) - "құс".
3. Өзбек: aviatsiya halokati
4. Түрік: havacılık kazası
5. Ағылшын: aviation disaster
6. Неміс: Flugzeugabsturz
7. Бекітілген нұсқасы: авиационная поддержка - авиациялық қолдау (2020)
8. Заңнамадағы қолданысы: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 25 мамырдағы № 334 қаулысы. ... авиациялық іздестіру-құтқару қызметтері ... ... апатқа ұшырау жағдайындағы адамдар үшін ...
9. Ұсыныстар: "авиациялық апат" терминдік тіркесі заңнамалық құжатта кездеспеді, жеке термин ретінде қолданыста бар. Басқа тілдегі қолданысты ескере отырып, "авиациялық апат" терминін бекіту ұсынылады.
Рейтинг
+4
Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.
Қызмет көрсету саласында жарнамалық мандайшалардағы қателер мен сәтсіз аудармалар туралы сөз қозғасақ. Соңғы уақытта автокөліктерді жуу саласында бизнес иелері орыс тілінен «Помой сам" тікелей аударып "Өзің жу" деп жарыса Толығырақ ...жазуда. Дәл осындай мәселе кофе дайындаушы кәсіпкерлер арасынан да көрініс табуда. "Возьми кофе с собой"- ды "Өзіңмен бірге алып кет" деген көрнекілік ақпараттар сәтті деп айтуға қиын. Тағы бір мысал: "Авто с пробегом" - "Жүрісі бар автокөліктер» деп жазғандар бар. Бұл қазақ тілдің бай қорына кері әсерін тигізетіні анық. (Сурет ғаламтор желісінен алынған)
  • Maqsat Mälik 1 апта бұрын

    Қалай аударған дұрысырақ онда?

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.
«Аварийное завершение задачи" ағылшыншасы crash немесе system crash. Осы түпнұсқаға сүйеніп аударған дұрысырақ деп алсақ, онда "апаттық жабылу", "жүйелік апат", "жүйелік күйреу" деп қысқаша екі сөзбен келтірген дұрыс.

Мысалы, system crash occured – "жүйелік апат болды».
  • Жүйе тоқырасы – Отказ системы (Информатика және есептеуіш техника)
    Программа тоқырасы – Отказ программы (Информатика және есептеуіш техника)

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.
«БЕШПАРМАК« ТУРАСЫНДА
Құрметті әріптестер! «Бешпармакқа« қатысты мәселе маңызды болып тұр. Осыған қатысты ұсыныс: талдай келе »бешпармакты» ығыстыратын тек жаңа сөз - неолог екен. Басқа амалы жоқ. Осыған қатысты нақты ұсыныс бар. Толығырақ ...Соны қолдасаңыздар, қарсы болсаңыз - қарсы аргумент ұсынып көріңіз.
Балама сөз ретінде »АСАМЫҚ» сөзін ұсынып отырмыз. Бұл турасында арнайы файлға материал салынды - танысуға болады.
Аса+мық сөзі үш бірдей түбір сөзден тұрады: ас=аса=асам; мық - жұрнақ.
Сөзжасам үлгісі: Была+мық.
Аталмыш тағам атауына түрлі сөздер ұсынылуда, алайда, олар төмендегі критерийлерді қанағаттандыруы шарт:
 бас тағамның бастапқы қалпын білдіретін «ас» сөзіне қатысы болуы;
 тағамның басты ерекшелігін ашатын мазмұны болуы – «асап жейтін ас» секілді;
 қазақ тілінің сөзжасам қабылетіне сәйкес болуы;
 айтылуы жеңіл әрі қабылдауға сіңімді болуы;
 басқа қосалқы ұғымды қабаттастырмайтындай, семантикалық анық мазмұнның болуы.
Асамықты рестораторлар мен аспаздарға шығып одан әрі енгізуді қолға аламыз. Әуелгі шаруа - тілшілер мен лингвистердің мақұлдауы керек.
Бас тағамды зерделеу мақаласы мына сілтемеде:
Бас тағамды дәріптеу неге қиын?!
https://abai.kz/post/176766" target="_blank">https://abai.kz/post/176766

Дауыс беріңіз, өз нұсқаңызды ұсынып көріңіз
Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.
Армысыздар!

«Ден қою" сөз тіркесінің қандай себептер/негіздер бойынша "реагировать" және "реагирование" сөзінің аудармасы болып кеткенін кім түсіндіріп бере алады екен?

Қазақша құқықтық жазба мәтіндерінде жиі кездесетін тіркестер: "принять меры реагирования", "оперативно Толығырақ ...реагировать", "незамедлительно реагировать". Барлығына "ден қою" деу мағынасын ашпай жатыр.


Одан бөлек, мектепке дейн және мектеп оқу бағдарламаларының бекітілген үлгілері бар. Міне сілтемелері:

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 12 тамыздағы №499 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 14 қыркүйекте № 14235 болып тіркелді. https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1600014235#z14" target="_blank">https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1600014235#z14

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім деңгейлерінің жалпы білім беретін пәндері мен таңдау курстары бойынша үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» 2022 жылғы 16 қыркүйектегі №399 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 23 қыркүйекте № 29767 болып тіркелді. https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2200029767#z157" target="_blank">https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2200029767#z157

Бұл құжаттар "реагировать" және "реагирование" баланың оқу нәтижесінде істей алатын әрекеттері екен.

Қарасаңыз, партада отырған балаға ден қойып тыңда десең, сосын сол ден қойып тыңдағынның нәтижесі "ден қою» болса, логикаға жанспайтын орынсыз полисемияға, коммуникациялық жаңылысқа алып келетінін көрінуге болады.

  • Қайырлы күн. Бұл бекітілген термин ғой.
    1. Ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына ден қою қызметі – служба реагирования на инциденты информационной безопасности (2022 жылы бекітілген термин)
    2. Ден қою шаралары – меры Толығырақ ...реагирования (2016 жылы бекітілген термин)
    3. Жедел ден қою шаралары – меры оперативного реагирования (2016 жылы бекітілген термин)
    4. Ден қою (индустрия) – реагирование (2015 жылы бекітілген термин)
    5. Жедел ден қою (мед) – оперативное реагирование (2014 жылы бекітілген термин)
    6. Ден қою – реагирование (Терминдер 2012-2015)
    7. Жедел ден қою – Оперативное реагирование (Терминдер 2012-2015)

    Ден қоюдың мағынасы мынадай :

    Ден қойды – көңіл бөлді, назар аударды, ықылас салды. Қасболат бұл сөздің мәніне д е н қ о я д ы, бірақ толық қанағат таппайды (Т.Ахтанов, Боран). Еліктеу түрінде емес, классик ақынның стиліне д е н қ о й ы п, соның дәстүрін меңгерді (М.Әуезов, Әр жыл.). Жоқ, онысына мен сенбеймін, олар сендік десе де анық, ақиқат көзі жеңіп д е н қ о й ы п, ұйып сенбейді (Абай, Таңд. шығ.). Қазақ әдеби тілінің сөздігі. Он бес томдық. 4-том. / Құраст.: Н.Әшімбаева, Қ.Рысбергенова, Ж.Манкеева және т.б. – Алматы, 2011. 752 б.

    Ден қойды, көңіл қойды, ықылас салды. Сәтбаев Тониннің сөзін ден қойып тыңдады (Қ. Жұмалиев). М.Белбаева. Қазақ тілінің омонимдер сөздігі: – Алматы: «Мектеп» баспасы, 1988. - 193 б.

    Ден қойды – назар аударды, ықылас қойды; ілтипат көрсетті, көңіл бөлді; бойұрды. Көпшілік Сармолланың сөзін үлкен ықыласпен, аса ден қойып тыңдағандай болды (М. Әуезов). Кеңесбаев І. Фразеологиялық сөздік. - Алматы: "Арыс" баспасы, 2007. - 800 б.

    Ден [зейін, ынта] қойды – назар аударды, көңіл бөлді, ықылас салды. Еліктеу түрінде емес, классик ақынның стиліне д е н қ о й ы п, соның дәстүрін меңгерді (М.Әуезов, Әр жыл.). Жоқ, онысына мен сенбеймін, олар сендік десе де анық, ақиқат көзі жеңіп д е н қ о й ы п, ұйып сенбейді (Абай, Тол. жин.). Соның ішінде ол әдебиетке көбірек з е й і н қ о й ы п, көп жазады (М.Қаратаев, Туған әдеб.). Шал әңгімесінің тұсында, құмарта қызыға ы н т а қ о й ы п отырып сергіп, тынығып қалыпты (Р.Әутәліпов, Алтын жеміс.). Қазақ әдеби тілінің сөздігі. Он бес томдық. 9-том. / Құраст.: Ә.Ыбырайым, А.Жаңабекова, Қ.Рысбергенова және т.б. – Алматы, 2011. -744 б.

    Ден қойысты
    а) Жұмыла кірісті, бәрі жабылды. Дайын пісіп тұрған ас қой, ыдыс-аяқ қамдап, стол дайындауға д е н қ о й ы с т ы (А.Байтанаев, Қансонар). ә) Ықылас қойып, тыңдасты. Қазақ әдеби тілінің сөздігі. Он бес томдық. 9-том. / Құраст.: Ә.Ыбырайым, А.Жаңабекова, Қ.Рысбергенова және т.б. – Алматы, 2011. -744 б.

  • Бақытгүл Ысқақова 1 ай бұрын

    "Ден" деген сөздің өзі адамның он екі мүшесін білдіреді. Ішкі сезіммен де, ақыл-оймен де, іс-әрекетпен де адам баласы бірдеңеге назар аударады, көңіл қояды, ден қояды, Сондықтан барлық жерде "ден қою" Толығырақ ...сөз тіркесін қолдану шарт емес. "Реагирование" -"ден қою" деп бекітілгенмен, контекске қарай басқа синониммен ауыстыруға болады деп ойлаймын.

  • Ерболат Ғалымжанұлы, өзіңіз берген мысалдарда "ден қою" белгілі бір құбылысқа, әрекетке, оқиғаға лезде жауап беру немесе тоқтату, әсерін баялату мағынасын ашпай тұрғаның көріп тұрсыз ғой.

Басқа пікірлерді көрсету

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.
«Сырник" сөзін қалай аударған жөн?

termincom.kz сайтында "сырша" деп ұсынылған екен. Өнімнің құрамы мен технологиялық процестерін ескере отырып "сүзбелі құймақ» деп атауды ұсынамын.
  • Сырник – сырник (ірімшік салып пісірілген нан) Рахимбердиева Б.М. Р 24 Тағамтану сөздігі. – Алматы: «Ой-сана» баспасы, 2013. –216 бет. Орысша-қазақша-ағылшынша. Сөздікте қазақша атауы берілмеген. Әлі де пысықтау қажет.

    «Сырша» терминінің Толығырақ ...басқа да мағынасы бар. Сырша – үй төбесіндегі жіңішке ағаштар, салма ағаш. Жылы үйдің төбесіне сырша тауып алу керек еді (Қост., Жанг.). Қазақ тілінің аймақтық сөздігі /Құраст. Ғ.Қалиев, О.Нақысбеков, Ш.Сарыбаев, А.Үдербаев және т.б. – Алматы: «Арыс» баспасы, 2005. - 824 бет

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.
Осы ұсынылып отырған ас мәзіріндегі «тауық төс етімен қаймақ тұздығында" деген сөйлемді "қаймақ тұздығындағы тауықтың төс еті" деп айтсақ;
"қоспа:бытырап пісірген қарақұмық" дегенді "гарнир-бытырап пісірілген қарақұмық" десек, гарнир сөзін аударса "қоспа" Толығырақ ...деп онда ол смесь деп шығады. Бұлай дұрыс емес.
Келесі "ет котлеті (сиыр еті)" дегенді "сиыр етінен котлет" десек, өйткені "ет» сөзі жалғаусыз аяқталмай қалған.
  • Салма, гарнир – гарнир (Тамақ өнеркәсібі және тұрмыстық қызмет)

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.
«Терияки тұздығындағы күріш қосылған тауық етінің филесі" атауында көрсетілген филе сөзі сүйексіз ет, яғни сүбе ет деп алуды ұсынамын.

Мәзірде "Терияки тұздығындағы күріш қосылған тауықтың сүбе еті» деген атаумен жазылғаны дұрыс деп есептеймін
Усенов Нурлан
  • Дұрыс. Филені «сүбе» деп жазған жөн.
    Сүбе, жон ет – филе (Тамақ өнеркәсібі және тұрмыстық қызмет)
    Құс ұшасының сүбесі – Филе тушки птицы (Тамақ өнеркәсібі және тұрмыстық қызмет)

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.
Төмендегі мәзірде көрсетілген әр атаудан кемінде бір қате табуға болады.«Күріш ботқасы кремде цитруспен майлы бояу" тікелей аударма арқылы бұл атауды "Цитрус майы қосылған кілегейлі күріш ботқасы" деп ауыстыруды ұсынамын. Себебі Толығырақ ..."сливочный" сөзін "кремді" деп аударатын мейрамхана иелері, мәзір құрастырушылар аз емес. "Сливочный" сөзінің түбірі "сливки", демек кілейгейлі деп атағанымыз жөн.

"Манна сүтте" ойға қонымсыз атау деп түсінемін. "Манная каша" тіркесін "Сүтті жарма ботқасы" деп алуды ұсынамын.

"Жидектер қосылған кремді сұлы ботқасы" бұл атауда да жоғарыдағы қате жіберілген, сондықтан "жидекті-кілейгейлі сұлы ботқасы" немесе »жидектер қосылған кілегейлі сұлы ботқасы атауын қолдануды дұрыс деп санаймын.
  • Ұнтақ жарма – Крупа манная (Тамақ өнеркәсібі және тұрмыстық қызмет)
    Ұнтақ жарма ботқасы – Каша манная (Тамақ өнеркәсібі және тұрмыстық қызмет)
    Ұнтақ жарма, майда жарма – Манная крупа (Тамақ өнеркәсібі және тұрмыстық қызмет)

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.
«Қазақша мәзір» республикалық конкурсы аясында

«Мәңгілік аспан» тойханасының мәзіріндегі кейбір тағамдардың атауларына қатысты мынадай ұсыныстар берілді:

1. Ұтымсыз (сәтсіз) балама:
Тіл мен көкшөптен әзірленген салат (салат с языком и зеленью);

Ұсынылатын балама:
Тіл мен Толығырақ ...өсімдік көгінен әзірленген салат;

Негіздеме:
Оның мынадай баламалары кездеседі:
1) терминком.кз алаңында: көкшөп - трава зеленая;
өсімдік көгі, көк - зелень;
2) сөздікқор.кз: көк - көк шөп, өсімдік. Бұл «көкшөп» деген баламасының қате екенін көрсетеді.

2. Ұтымсыз (сәтсіз) балама:
Балапан етінен әзірленген салат (салат из филе цыпленка);

Ұсынылатын балама:
Балапан сүбесінен әзірленген салат;

Негіздеме:
Оның мынадай баламалары кездеседі:
1) терминком.кз: филе - сүбе;
2) сөздікқор.кз: сүбе - мал қабырғаларының етегіне біткен, майлы, қалың етті, қыртысты, кейінгі бөлігі. Бұл «ет» деген баламасының қате екенін көрсетеді.

3. Ұтымсыз (сәтсіз) балама:
Нәзік сиыр етінен әзірленген салат (салат из нежной говядины);

Ұсынылатын баламалар:
Сиырдың жылы-жұмсағынан әзірленген салат
немесе

Сиырдың уылжыған етінен әзірленген салат;

Негіздеме:
«Мәңгілік аспан» тойханасының мәзіріндегі осы тағамның атауында «нежной» сөзі «нәзік» деп аударылған. Ол мағынасы бойынша үйлеспейтін аударма. Оның мынадай баламалары кездеседі:
1) терминком.кз: уылжыған ет - нежное мясо;
2) сөздікқор.кз: жылы-жұмсақ - еттің майлы, дәмді жері;
3) Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі:
Уылжу - еттің жұмсақ болып бабымен пісуі; былбырау.

4. Ұтымсыз (сәтсіз) балама:
Бесбармақ (бешбармак), қазақша ет;

Ұсынылатын балама:
Ет (қазақтың ұлттық тағамы)
Орыс тілінде: Ет (национальное блюдо казахов);

Негіздеме:
1) «Лингвистически неприемлемый бешбармак» мақаласынан: ел арасында «ет» тағамының «қазақша ет» не «бесбармақ» деген баламалары кездеседі. Дегенмен бұлар ұлттық тағамымыздың атауын бұрмалап, қате ұғымға алып келеді. Өйткені, біріншіден, «қазақша ет» шетелдіктердің «мясо по казахски» деген тіркестің аудармасы ғана. Қазақтар етті осылай әзірлейді деген мағынаны береді. Екіншіден, екінші баламасы башқұрт-татардың «бишбармак» немесе қырғыздың «бесбармак» деп аталатын ұқсас тағамының атауына байланысты кірігуі. Кез келген әдебиет туындысынан «ет асып, табақ тартып» деген тіркестердің кездесері айдан анық. Ел арасында тараған «ет» атауын толық ашып жазсақ ол «ет асы» болады;
2) уикипедия: ет (тағам) – қазақ халқының еттен дайындалатын ұлттық тағамы.

5. Ұтымсыз (сәтсіз) балама:
Сүйек миы (костный мозг);

Ұсынылатын балама:
Жілік майы;

Негіздеме:
Аталған мәзірдегі осы тағам атауында «мозг» сөзін «ми» деп тікелей аударып қате жіберілген. Оның мынадай аудармалары кездеседі:
1) терминком.кз: жілік майы, сүйек кемігі, жілікмай - костный мозг;
2) сөздікқор.кз: омыртқалылардың сүйектерінің қуысын алып жататын ұлпа;
3) сөздікқор.кз: сүйек кемігі - сүйек сынықтарының бір-біріне қосылған жерінде регенерация нәтижесінде пайда болған өзгерістер.
  • Abdikarim 6 ай бұрын

    Конкурсқа қатысып, ұтымды пікір білдіріп жатқаныңызға алғыс білдіреміз.

  • Abdikarim 6 ай бұрын

    3 (Сиырдың уылжыған етінен әзірленген салат); 4 және 5 ұсынысыңыз ұнады. Ал 1-ұсыныстағы "Тіл мен көкшөп..." тіркесінің жалғаулығын "және" деп ауыстырған жөн.

  • Бақытгүл Ысқақова 6 ай бұрын

    Жақсы талдау жасалған. Шынымен де "нәзік сиыр еті" тіркесі қазақ танымына сәйкес келмейді.

Басқа пікірлерді көрсету

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.
Алматыдағы “Сандық" мейрамханасында гарнир (гәрнір) бөлімінде "жас картоп" қатесі көзге түсті.

Бұл атау “молодой картофель” сөзінен калькаланған. Қазақ танымында жас картоп, жас сәбіз, жас Толығырақ ... бұрыш т.б. қолданысы жоқ. Жас сөзі (молодой мағынасында) тек жанды табиғатпен тіркеседі: жас бала, жас шебер, жасөспірім, жас төлдер, жас ағаш, жас қайың және т.б. Тағам атауларымен тіркесіп келіп тағамның жаңа дайындалғанын(свежий мағынасында) көрсетеді: Жақсылап пісірген жас балыққа аңсары ауып кетті (Ә. Нұрпейісов. Қан мен тер) (Қазақ әдеби тілінің сөздігі: Он бес томдық. 6-том - Алматы, 2011. - 752 б.) Демек, мұндағы жас картоп орыс тіліндегі атауының уәжділігін ашып көрсете алмайды. Сондықтан "картоп” атауы ұсынамыз.
  • Abdikarim 6 ай бұрын

    Орыс тіліндегі "свежий" сөзіне тікелей балама жоқ. Ол тіркестерде әртүрлі аударылады: свежий хлеб - ыстық нан, свежий воздух - таза ауа, свежая газета - жаңа газет, свежое мясо - жас Толығырақ ...ет т.б. Соңғы тіркесті және өзіңіз көрсеткен "жас балық" тіркесін негізге ала отырып, "жас картоп" ретінде қолдануға болады деген ойдамын.

  • Исенбай Мәдина 6 ай бұрын

    “Молодым считается картофель, собираемый, как правило, через две недели после окончания его цветения и до полного созревания” ғаламтордан алынған ақпарат. Орыс тіліндегі уәжділігі осындай, “жас балық” ұғымында оның жаңа піскенін Толығырақ ...меңзеп тұрса, орыс танымында картоптың егістікте піскен уақытымен “молодой” саналған.

  • Амреева Кымбат 6 ай бұрын

    "свежий" сөзін балғын деп айтып жүрміз. Мысалы: балғын жеміс.

Басқа пікірлерді көрсету

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.

Барлық қатысушылар

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.