Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.

Сарапшы мамандар

ТЕК ТЕРМИНКОМ МҮШЕЛЕРІ ҒАНА ДАУЫС БЕРЕ АЛАДЫ! Республикалық терминология комиссиясының 2024 жылғы 2-отырысында бекітілетін терминдері (қоғамдық-гуманитарлық бағыт)

САЛАСЫ ТЕРМИН САНЫ РЕТТІК САНЫ
1 ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі ұсынған терминдер 274 1-274
2 ҚР Ұлттық экономика министрлігі ұсынған терминдер 35 275-309
3 Экономика, қаржы, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау салаларында қолданылатын терминдер 9 310-318
#Орысша нұсқасыҚазақша нұсқасыРейтинг
1.абляция ледникамұздықтың семуі
абляция ледника
мұздықтың семуі
Саласы
Этимологиясы
Дефинициясы1. Мұздықтың семуі – еру және булану нәтижесінде мұздықтың немесе қар жамылғысы массасының төмендеуі.
2. Этимологиясы: лат. ablatio – алып тастау, кему, жою
3. Өзбек: muzlik ablasyonu
4. Түрік: buzul ablasyonu
5. Ағылшын: glacier ablation
6. Неміс: gletscherablation
7. Бекітілген нұсқасы: ледник - мұздық (2005), бассейн ледника - мұздық алабы (2022), истeканиe зeрна - дәннің семуі (2022)
8. Заңнамадағы қолданысы: –
9. Ұсыныстар: бекітілген терминдерді ескере отырып, "мұздықтың семуі" терминін бекіту ұсынылады.
Рейтинг
+5
2.аварийная работаавариялық жұмыс
аварийная работа
авариялық жұмыс
Саласы
Этимологиясы
Дефинициясы1. Авариялық жұмыс – авариялардың алдын алу немесе олардың зардаптарын жою үшін қажетті алдын ала болжанбаған шұғыл жұмыс түрі.
2. Этимологиясы: авария (итальян.avaria, франц. avarie) - "зақым".
3. Өзбек: –
4. Түрік: afet çalışması
5. Ағылшын: emergency operation
6. Неміс: Katastropheneinsatz
7. Бекітілген нұсқасы: вероятные аварии - ықтимал авариялар (2022), аварийный ремонт - авариялық жөндеу (2022)
8. Заңнамадағы қолданысы: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 29 тамыздағы № 727 қаулысы.
...Астана қаласы төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары ...
Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 274 Жарлығы. Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары.
9. Ұсыныстар: заңнама құжаттарында "авариялық жұмыстар" термин тіркесі кездеспеді. Бекітілген терминдерді, басқа тілдегі аудармасын ескере отырып, "авариялық жұмыстар" терминін бекіту ұсынылады.
Рейтинг
+5
3.аварийная средаавариялық орта
аварийная среда
авариялық орта
Саласы
Этимологиясы
Дефинициясы1. Авариялық орта – ТЖ аймағындағы объектілерге деструктивті күштердің (факторлардың) әсерінен пайда болған орта, апат немесе басқа да төтенше жағдай салдарынан адам өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға немесе мүлікке қауіп төнген жағдай.
2. Этимологиясы: авария (итальян.avaria, франц. avarie) - "зақым".
3. Өзбек: favqulodda muhit
4. Түрік: acil durum ortamı
5. Ағылшын: emergency environment
6. Неміс: notfall-Umgebung
7. Бекітілген нұсқасы: авария экологическая - экологиялық авария (2022), нейтральная среда - бейтарап орта (2023)
8. Заңнамадағы қолданысы: –
9. Ұсыныстар: "авариялық орта" терминін бекіту ұсынылады.
Рейтинг
+5
4.аварийный взрывавариялық жарылыс
аварийный взрыв
авариялық жарылыс
Саласы
Этимологиясы
Дефинициясы1. Авариялық жарылыс – өндіріс технологиясының бұзылуы, қызмет көрсету персоналының қателіктері немесе жобалау кезінде жіберілген қателіктер нәтижесінде пайда болған жарылыс.
2. Этимологиясы: авария (итальян.avaria, франц. avarie) – "зақым".
3. Өзбек: –
4. Түрік: acil patlama
5. Ағылшын: emergency explosion
6. Неміс: notexplosion
7. Бекітілген нұсқасы: авария - авария (2015)
8. Заңнамадағы қолданысы: –
9. Ұсыныстар: "авариялық жарылыс" нұсқасы ұсынылады
Рейтинг
+5
5.аварийный выбросавариялық шығарынды
аварийный выброс
авариялық шығарынды
Саласы
Этимологиясы
Дефинициясы1. Авариялық шығарынды – техникалық жүйелердегі, тазарту қондырғыларындағы және т. б. авария нәтижесінде қоршаған ортаға (су, топырақ, атмосфера) ластаушы заттардың байқаусызда шығарылуы.
2. Этимологиясы: итал. avaria не франц. avarie - "зақым"
3. Өзбек: favqulodda chiqish
4. Түрік: acil vaka emisyon
5. Ағылшын: emergency emission
6. Неміс: notfall-Emission
7. Бекітілген нұсқасы: выброс - шығарынды (2021)
8. Заңнамадағы қолданысы: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 11 қарашадағы № 998 қаулысы ..ластағыш заттардың шығарындылары...
9. Ұсыныстар: "авариялық шығарынды" нұсқасын ұсынамыз.
Рейтинг
+5
6.аварийный выходавариялық шығу, авариялық шығужол
аварийный выход
авариялық шығу, авариялық шығужол
Саласы
Этимологиясы
Дефинициясы1. Авариялық шығу – эвакуация жолына, тікелей сыртқа немесе қауіпсіз аймаққа апаратын есік, люк немесе басқа шығу жолы.
2. Этимологиясы: "авария" итал. avaria, франц. avarie - "зақым"
3. Өзбек: favqulodda chiqish
4. Түрік: acil çıkış
5. Ағылшын: emergency exit
6. Неміс: notausgang
7. Бекітілген нұсқасы: аварийный выход - авариялық шығар жер (2016)
8. Заңнамадағы қолданысы: Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 27 ақпандағы №243/2 қаулысы. ... автобустан авариялық шығулардың және оларды қимылға келтiретiн құрылғылардың ...
9. Ұсыныстар: өзбек, түрік тіліндегі аудармаларын басшылыққа ала отырып, "авариялық шығужол", яғни "шығужолды" біріктіріп термин ретінде ұсынуға болады.
Рейтинг
+4
7.аварийный сертификатавариялық сертификат, авария сертификаты
аварийный сертификат
авариялық сертификат, авария сертификаты
Саласы
Этимологиясы
Дефинициясы1. Авариялық сертификат - сақтандырылған мүлікте келтірілген залалдың сипатын, мөлшерін және себептерін растайтын құжат.
2. Этимологиясы: авария (итальян. avaria, франц. avarie) - "зақым"; сертификат (ортағасырлық лат. certifico, франц. sertificat) - "куәландыру".
3. Өзбек: favqulodda vaziyatlar sertifikati
4. Түрік: acil durum sertifikası
5. Ағылшын: emergency certificate
6. Неміс: notfallzertifikat
7. Бекітілген нұсқасы: сертификат - сертификат (2016), корневой сертификат - түбір сертификат (2023)
8. Заңнамадағы қолданысы: –
9. Ұсыныстар: "авариялық сертификат" калька аударма болғандықтан, "авария сертификаты" терминін ұсынамыз.
Рейтинг
+3
8.авария и ее последствияавария және оның салдары
авария и ее последствия
авария және оның салдары
Саласы
Этимологиясы
Дефинициясы1. Авария және оның салдары - қауіпті өндірістік объектіде қолданылатын құрылыстарды және (немесе) техникалық құрылғыларды бұзу, жабдықтардың немесе механизмдердің күтпеген жерден істен шығуы, одан әрі жұмыс істеуі мүмкін болмайтын ғимараттарды немесе инфрақұрылымды бұзу.
2. Этимологиясы: "авария" итал. avaria, франц. avarie - "зақым"
3. Өзбек: baxtsiz hodisa va uning oqibatlari
4. Түрік: kaza ve sonuçları
5. Ағылшын: accident and its consequences
6. Неміс: der Unfall und seine Folgen
7. Бекітілген нұсқасы: следствие - салдар (2021)
8. Заңнамадағы қолданысы: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 шiлдедегi № 622 қаулысы. "Дүлей зілзалалар мен авариялар салдарынан ...
9. Ұсыныстар: "авария және оның салдары" терминдік мәнге ие емес сөз тіркесі болғандықтан, күн тәртібінен алынып тастау керек.
Рейтинг
+5
9.авария морского (речного) объектатеңіз (өзен) объектісінің авариясы
авария морского (речного) объекта
теңіз (өзен) объектісінің авариясы
Саласы
Этимологиясы
Дефинициясы1. Теңіз (өзен) объектісінің авариясы - теңіз (өзен) объектісінде адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін, теңіз (өзен) объектісі корпусының немесе оның жабдықтарының зақымдалуына, теңіз жарамдылығының жоғалуына не жағалау құрылысының теңіз (өзен) объектісінің зақымдануына және қоршаған ортаның ластануына әкеп соғатын қауіпті оқиға.
2. Этимологиясы: объект (лат.objectum) - "алға лақтыру","қарсы алу".
3. Өзбек: dengiz (Daryo) ob'ektining avariyasi
4. Түрік: deniz (nehir) nesnesinin kazası
5. Ағылшын: accident of a marine (river) facility
6. Неміс: unfall eines Meeres- (Fluss-) Objekts
7. Бекітілген нұсқасы: морская вода - теңіз суы (2023), объект - нысан (әдеб.) (2003), информационный объект - ақпараттық объект (2023)
8. Заңнамадағы қолданысы: –
9. Ұсыныстар: басқа тілдердегі аударманы басшылыққа ала отырып, "теңіз (өзен) объектісінің авариясы" нұсқасын қолдаймыз.
Рейтинг
+5
10.авария на АЭСАЭС-тағы авария
авария на АЭС
АЭС-тағы авария
Саласы
Этимологиясы
Дефинициясы1. АЭС-тағы авария – радиоактивті заттардың шығарылуына әкелуі мүмкін, адамдардың өмірі мен денсаулығына, сондай-ақ қоршаған ортаға қауіп төндіретін атом электр станциясындағы авария.
2. Этимологиясы: атом (грек. ἄτομος) - "бөлінбейтін, кесілмейтін"; электр (грек. λλεκτρον, 'электрон') - "кәріптас"; станция (поляк. stancja) - "тұру; келу орны"; авария (итальян. avaria, франц. avarie) - "зақым".
3. Өзбек: atom elektr stantsiyasida avariya
4. Түрік: nükleer santral kazası
5. Ағылшын: accident at a nuclear power plant
6. Неміс: unfall in einem Atomkraftwerk
7. Бекітілген нұсқасы: атомная электростанция (АЭС) - атом электр стансасы (АЭС) (2023)
8. Заңнамадағы қолданысы: –
9. Ұсыныстар: "АЭС-тағы авария" терминін бекіту ұсынылады.
Рейтинг
+4
11.авария на магистральном трубопроводемагистральды құбырдағы авария, магистрал құбырдағы авария
авария на магистральном трубопроводе
магистральды құбырдағы авария, магистрал құбырдағы авария
Саласы
Этимологиясы
Дефинициясы1. Магистральды құбырдағы авария - техногендік төтенше жағдайдың туындауына әкеп соғатын химиялық немесе өрт-жарылыс қауіпті заттардың жоғары қысыммен шығарылуымен және төгілуімен байланысты құбырдағы авария.
2. Этимологиясы: магистраль (нем. Magistrale; лат. magistralis) - "үлкен", "негізгі".
3. Өзбек: magistral quvurda avariya
4. Түрік: ana boru hattında kaza
5. Ағылшын: accident on the main pipeline
6. Неміс: unfall an der Hauptleitung
7. Бекітілген нұсқасы: магистраль - магистраль (2018), магистральный трубопровод - магистралдық құбыржелі (2020)
8. Заңнамадағы қолданысы: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 1202 қаулысы. ... Магистральдық мұнай құбырлары...
9. Ұсыныстар: "магистральды құбырдағы авария" терминін қазақ тілі заңдылығына сәйкес "магистрал құбырдағы авария" бекіту ұсынылады.
Рейтинг
+4
12.авария на подземном сооружениижер асты құрылысындағы авария, жерасты құрылысындағы авария
авария на подземном сооружении
жер асты құрылысындағы авария, жерасты құрылысындағы авария
Саласы
Этимологиясы
Дефинициясы1. Жер асты құрылысындағы авария - жерасты шахтасында, тау-кен қазбасында, жерасты қоймасында, көлік туннелінде немесе рекреациялық үңгірде құрылыстардың кенеттен толық немесе ішінара бұзылуымен байланысты, олардағы адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп тудыратын және (немесе) материалдық залалға әкеп соқтыратын қауіпті оқиға.
2. Этимологиясы: авария (итальян.avaria, франц. avarie) - "зақым".
3. Өзбек: er osti inshootidagi avariya
4. Түрік: yeraltı yapısında kaza
5. Ағылшын: an accident at an underground facility
6. Неміс: unfall auf unterirdischer Baustelle
7. Бекітілген нұсқасы: подземные воды - жерасты суы (2022), рубеж инженерных сооружений и заграждений - инженерлік құрылыстар мен бөгеттер шебі (2022)
8. Заңнамадағы қолданысы: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 желтоқсандағы N 1296 Қаулысы. ... 10) жағалау жиегі - су объектісі жағалауының судың барынша көтерілуі (лық толуы) нәтижесінде пайда болатын жиегі; 11) жер асты ...
9. Ұсыныстар: "жерасты құрылысындағы авария" терминдік тіркес түрінде бекіту ұсынылады.
Рейтинг
+4
13.авария на промышленных объектахөнеркәсіп объектілеріндегі авария
авария на промышленных объектах
өнеркәсіп объектілеріндегі авария
Саласы
Этимологиясы
Дефинициясы1. Өнеркәсіп объектілеріндегі авария - өндірістік нысанда, техникалық жүйеде немесе өндірістік қондырғыда жұмыстың реттелген орындалуын тоқтататын кенеттен және күтпеген оқиға.
2. Этимологиясы: объект (лат.objectum) - "алға лақтыру","қарсы алу"; авария (итальян.avaria, франц. avarie) - "зақым".
3. Өзбек: sanoat ob'ektlarida avariya
4. Түрік: endüstriyel tesislerde kaza
5. Ағылшын: accident at industrial facilities
6. Неміс: unfall in Industriestandorten
7. Бекітілген нұсқасы: промышленная вода - өнеркәсіптік су (2022)
8. Заңнамадағы қолданысы: Қостанай облысы Қарасу ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 28 сәуірдегі № 75 қаулысы. ... объектілеріндегі елді мекендер шекараларының шегіндегі бақылау субъектілеріне қатысты мемлекеттік бақылау, сондай-ақ өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ...
9. Ұсыныстар: "өнеркәсіп объектілеріндегі авария" терминін бекіту ұсынылады.
Рейтинг
+4
14.авиасанитарный отрядавиасанитарлық жасақ
авиасанитарный отряд
авиасанитарлық жасақ
Саласы
Этимологиясы
Дефинициясы1. Авиасанитарлық жасақ – санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге бағытталған тактикалық міндеттерді орындауға арналған авиациялық бөлімше.
2. Этимологиясы: Авиа (латын. avis) - "құс", санитар (латын. sanitas) - "денсаулық"; отряд (орыс. отряжать) - "жасақтау, жасақ құру".
3. Өзбек: aviasanitariya otryadi
4. Түрік: hava sağlığı müfrezesi
5. Ағылшын: aviation sanitary unit
6. Неміс: luftwaffentruppe
7. Бекітілген нұсқасы: отряд пограничников - шекарашылар жасағы (2020), отряд - отряд (2020)
8. Заңнамадағы қолданысы: –
9. Ұсыныстар: жоғарыда берілген аудармаларды басшылыққа ала отырып, сондай-ақ бұрын бекітілген терминдерді ескере келе, "авиасанитарлық жасақ" нұсқасын қолдаймыз.
Рейтинг
+4
15.авиационная катастрофаавиациялық апат
авиационная катастрофа
авиациялық апат
Саласы
Этимологиясы
Дефинициясы1. Авиациялық апат - адамдардың қаза болуына немесе хабар-ошарсыз кетуіне, зардап шеккендерге дене жарақатын келтіруге, кеменің және онда тасымалданатын материалдық құндылықтардың бұзылуына немесе бүлінуіне әкеп соққан әуе кемесіндегі, ұшудағы немесе эвакуациялау процесіндегі қауіпті оқиға.
2. Этимологиясы: авиация (еж. үндіеур. awi; лат. avi; фр. aviation) - "құс".
3. Өзбек: aviatsiya halokati
4. Түрік: havacılık kazası
5. Ағылшын: aviation disaster
6. Неміс: Flugzeugabsturz
7. Бекітілген нұсқасы: авиационная поддержка - авиациялық қолдау (2020)
8. Заңнамадағы қолданысы: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 25 мамырдағы № 334 қаулысы. ... авиациялық іздестіру-құтқару қызметтері ... ... апатқа ұшырау жағдайындағы адамдар үшін ...
9. Ұсыныстар: "авиациялық апат" терминдік тіркесі заңнамалық құжатта кездеспеді, жеке термин ретінде қолданыста бар. Басқа тілдегі қолданысты ескере отырып, "авиациялық апат" терминін бекіту ұсынылады.
Рейтинг
+4
Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.
Удаленный доступ (Remote access) – желіні, интернетті қолдана отыра, бір құрылғы арқылы басқа құрылғыны басқаруға мүмкіндік беретін технологиялар мен қолданбалар.

Мысалы, Team Viwer деген бағдарлама компьютеріңізді қашықтан басқаруға арналған.

Удаленный доступ (Remote access)

Шалғайдағы қолжетім (терминкомдағы нұсқа)0 %Қашықтан басқару (жаңа ұсыныс)0 %0 дауыс
Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.
«Адаптивное" сөзінің қазақша нұсқасына "бейімді» сөзі лайықты деп ойлаймын

Ал сіз қалай ойлайсыз?

Икемді0 %Бейміді100 %Оңтайлы0 %1 дауыс
  • 1. Бейімді басқару – адаптивное управление (2021 жылы бекітілген термин)
    2. Бейімделгіш қанат – адаптивное крыло (2021 жылы бекітілген термин)
    3. Бейімділік – адаптивность (2019 жылы бекітілген термин)
    4. Бейімдік оптика – адаптивная Толығырақ ...оптика (2018 жылы бекітілген термин)
    5. Бейiмдi мәдениет – культура адаптивная (2018 жылы бекітілген термин)
    6. Бейімдеп бағдарлау – Адаптивная маршрутизация (Информатика және есептеуіш техника)
    7. Бейімді оқыту – Адаптивное обучение (Информатика және есептеуіш техника)
    8. Бейімді үлестірілім – Адаптивное распределение (Информатика және есептеуіш техника)
    9. Бейімделгіш жүйе – Адаптивная система (Информатика және есептеуіш техника)
    10. Бейімді басқару – Адаптивное управление ( Информатика және есептеуіш техника)
    11. Бейімді оқыту жүйесі – Адаптивная система обучения (Информатика және есептеуіш техника)

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.
«Бегущая волна" ағылшын тілінде "progressive wave" деп те аударылады. Қазақша баламасына "ілгері қозғалмалы толқын» деп аударылғаны қаншалықты дұрыс

«Бегущая волна»

«ілгері қозғалмалы толқын»100 %1 дауыс
  • 1. Қума толқын – бегущая волна (2018 жылы бекітілген термин)
    2. Қума толқын (физ.) – бегущая волна (1995 жылы бекітілген термин)
    3. Қума толқын – бегущая волна (Бекітілген терминдер жинағы)
    4. Қума толқын Толығырақ ...– бегущая волна (Физика және астрономия)
    5. Қума толқын – бегущая волна (Физика және астрономия)
    6. Қума толқын – бегущая волна (Электроника, радиотехника және байланыс)
    7. Қума толқын – бегущая волна (Әскери іс)

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.
Қай ас мәзірін ашсаңыз да «десертті" байқамау мүмкін емес."Тағамтану" сөздігінде "басытқы» аударма нұсқасы бар.Сіз қандай нұсқа ұсынасыз?

Десерт-

Тіскебасар25 %Басытқы50 %Өз нұсқаңыз25 %4 дауыс
Сәрсенбай Қуантайұлы Құлманов

Басқа пікірлерді көрсету

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.
Санза(馓子)- Дұнғандардың, ұйғырлардың және Қытайдағы қазақтардың майға пісірген бауырсақтың бір түрі. Кейінгі кезде Қазақстанға да кеңінен таралды.
Ұнға май, жұмыртқа қосып илеп, тындырып күлшелеп, онан соң ширатып созып, шумақтап орап, қазандағы Толығырақ ...қайнап тұрған ыстық майға екі ағашқа іліп тұрып пісіреді.
Енді осы тағамды қалай атаған дұрыс? Санза дей береміз бе? әлде шибауырсақ дейміз бе?
Ал мен Шумақбауырсақ деп атар едім. Сіз не дейсіз?
Қай ат ыңғайлы?

Қай ат ыңғайлы?

Санза0 %Ширатпа0 %Шумақбауырсақ66 %Шибауырсақ33 %3 дауыс
Ерболат Ғалымжанұлы Асылбеков
  • Амреева Кымбат 6 ай бұрын

    "Шумақбауырсақ" деген дұрыс болар.

  • «Ши бауырсақ» термині келмейді. «Санза» дайындалуы жағынан басқа тағам.

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.
Қазақсандағы ас мәзірлеріндегі атаудың дені ала-құла. Тамақ аттарында бір ізділік жоқ. Әр кім өз қалағанынша алады. Кейде тіпті орысша атауы бойынша қолданғанды құп көреді. Мәселен, қазір дәмханаларда пелеьмен деп алынып Толығырақ ...жүрген бір тамақ бар. Сол тағамның қазақша атауы қалай?
Сипаты: Жайылған қамырдың арасына тартылған ет, ірімшік салып бүріп, суға пісіретін тамақтың түрі

4 атаудың қайсы дұрыс?

Пельмен0 %Шөшіре25 %Тұшпара75 %шүшпара0 %4 дауыс
Abdikarim
  • пельмен - аудармасы- тұшпара емес пе?

  • Abdikarim 6 ай бұрын

    "Шөшіре" деген атауды неге ұсынып отырсыз?

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.
Объектив пен линзаға қатысты

«Физика саласындағы линзаның объектив болуы жөнінде» жарияланған материалды тұжырымдау үшін сауалнамаға пікір білдіріп, ой қоса отырыңыздар. Толық мәлімет осы тақырып материалында ұсынылды.

Объектив пен линзаны ажырату үшін «объектив» сөзінің аудармасы:

1) объектив;0 %2) линза;33 %3) сәулекөздік;66 %4) басқа жауап (пікір бөлігінде көрсетуді сұраймыз)0 %3 дауыс
Шынтасова Гульзат Бурабаевна
  • Илмира 7 ай бұрын

    үлкейтіргіш деп айтуға болады деп ойлаймын, себебі объектив кішкентай нәрселерді үлкейтіріп анық көрсетеді

  • Қалиакбар Үсемхан 7 ай бұрын

    Әлі де ойлану керек сияқты

  • "объектив" деу дұрыс, "үлкейткіш" десе, лупамен шатастыруы мүмкін

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.
Осі әлде өсі?

«Физика саласындағы линзаның объектив болуы жөнінде» жарияланған материалды тұжырымдау үшін сауалнамаға пікір білдіріп, ой қоса отырыңыздар. Толық мәлімет осы тақырып материалында ұсынылды.

«Главная оптическая ось линзы» терминінің қазақшасы:

1) линзаның бас оптикалық осі;22 %2) линзаның бас оптикалық өсі;66 %3) линзаның басты оптикалық өсі;11 %4) басқа жауап (пікір бөлігінде көрсетуді сұраймыз)0 %9 дауыс
Исенбай Мәдина, Илмира, Шынтасова Гульзат Бурабаевна
  • Ось (математика) - ось (2015 жылы бекітілген термин);тербелістер осі (механика және машинатану) - ось колебаний (2015 жылы бекітілген термин); жер осi - земная ось (2018 жылы бекітілген термин).

  • Линзаның бас оптикалық осі (Физика. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік / Жалпы ред. Басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: Павлодар: «Кереку» баспасы, 2011. – 449 б)

    Айналу осі (Физика. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік Толығырақ .../ Жалпы ред. Басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: Павлодар: «Кереку» баспасы, 2011. – 449 б.)

  • Қалиакбар Үсемхан 7 ай бұрын

    "Линзаның негізгі оптикалық өсі" десе қалай?

Басқа пікірлерді көрсету

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.
Физика саласындағы линзаның объектив болуы жөнінде

«Физика саласындағы линзаның объектив болуы жөнінде» жарияланған материалды тұжырымдау үшін сауалнамаға пікір білдіріп, ой қоса отырыңыздар.

«Линзаның бас оптикалық өсі» терминінің орысшасы:

1) оптический прицел головки объектива;0 %2) главная оптическая ось линзы;75 %3) главная оптическая ось объектива;0 %4) басқа жауап (пікір бөлігінде көрсетуді сұраймыз)25 %4 дауыс
Исенбай Мәдина, Шынтасова Гульзат Бурабаевна
  • Главная оптическая ось линзы (Решебник по физике за 8 класс, А.В. Перышкин, 2011 год)

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.
«Медицинский жгут" сөзінің аудармасын "ширақ", "бұрау", "бумақ", кейбір аудармаларда "флагелла» деп кездеседі. Бұл терминнің қазақшасын пайдаланушылар саны аз болғандықтан медициналық жгут деп қолданыста болуын ұсынамын. Сіздердің ойларыңыз қалай?

«Медицинский жгут» сөзінің аудармасы

Медициналық жгут62 %Медициналық ширақ0 %Медициналық бұрау12 %Медициналық бумақ25 %8 дауыс
Исенбай Мәдина, Илмира, Abdikarim және 1
  • Медициналық жгут (Орта білім беру ұйымдарында медициналық көмек көрсету стандартын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2023 жылғы 14 наурыздағы № 37 бұйрығы)

    Қан тоқтатқыш жгут (Автомобильдегі алғашқы медициналық Толығырақ ...көмек қобдишасының дәрілік заттары мен медициналық мақсаттағы бұйымдарының тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 368 бұйрығы)

    Резіңке жгут – жгут резиновый (2019 жылы бекітілген термин)

    Медициналық жгут нұсқасын қолдаймын.

  • Исенбай Мәдина 7 ай бұрын

    “Медициналық бумақ” нұсқасы сәтті термин болар еді. Түсінікті, әрі қызметін дәл атайды.

  • Медициналық қыспа деген де нұсқа бар

Басқа пікірлерді көрсету

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.

Барлық қатысушылар

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.