«БЕШПАРМАК« ТУРАСЫНДА
Құрметті әріптестер! «Бешпармакқа« қатысты мәселе маңызды болып тұр. Осыған қатысты ұсыныс: талдай келе »бешпармакты» ығыстыратын тек жаңа сөз - неолог екен. Басқа амалы жоқ. Осыған қатысты нақты ұсыныс бар. Толығырақ ...Соны қолдасаңыздар, қарсы болсаңыз - қарсы аргумент ұсынып көріңіз.
Балама сөз ретінде »АСАМЫҚ» сөзін ұсынып отырмыз. Бұл турасында арнайы файлға материал салынды - танысуға болады.
Аса+мық сөзі үш бірдей түбір сөзден тұрады: ас=аса=асам; мық - жұрнақ.
Сөзжасам үлгісі: Была+мық.
Аталмыш тағам атауына түрлі сөздер ұсынылуда, алайда, олар төмендегі критерийлерді қанағаттандыруы шарт:
бас тағамның бастапқы қалпын білдіретін «ас» сөзіне қатысы болуы;
тағамның басты ерекшелігін ашатын мазмұны болуы – «асап жейтін ас» секілді;
қазақ тілінің сөзжасам қабылетіне сәйкес болуы;
айтылуы жеңіл әрі қабылдауға сіңімді болуы;
басқа қосалқы ұғымды қабаттастырмайтындай, семантикалық анық мазмұнның болуы.
Асамықты рестораторлар мен аспаздарға шығып одан әрі енгізуді қолға аламыз. Әуелгі шаруа - тілшілер мен лингвистердің мақұлдауы керек.
Бас тағамды зерделеу мақаласы мына сілтемеде:
Бас тағамды дәріптеу неге қиын?!
https://abai.kz/post/176766" target="_blank">https://abai.kz/post/176766
Дауыс беріңіз, өз нұсқаңызды ұсынып көріңіз