Ұлттық терминқорды жүйелеудің теориялық және ғылыми – тәжірибелік негіздері

Кітап авторы: Ш.Құрманбайұлы (бас редактор), С.Жұмағұлов (жауапты редактор), Г.М.Құбашева, С.Н.Кәрімов, С.К.Жайлауова.
Кітап жайлы мәлімет: ҰЛТТЫҚ ТЕРМИНҚОРДЫ ЖҮЙЕЛЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК НЕГІЗДЕРІ республикалық ғылыми-теориялық конференциясының материалдары
ISBN: 978-9965-23-441-5
Жинақта «Ұлттық терминқорды жүйелеудің теориялық және ғылыми-тәжірибелік негіздері» республикалық ғылыми-теориялық конференция баяндамалары топтастырылды. Бұл еңбектерде Алаш зиялыларының қазақ терминжасамды қалыптастырудағы ғылыми негіздері, қазіргі терминжасам үдерістері, терминқорды жүйелеу, терминдерді түгендеу мен реттеу, стандарттау қағидаттарының теориялық және ғылыми-практикалық мәселелері қозғалады. Еңбек тіл саласының мамандарына, докторанттар мен магистрлерге, студенттерге, ұлттық руханиятқа қызығушылық танытып жүрген көпшілік қауымға арналған.