Орта білім беруде информатика терминологиясын жетілдіру жолдары

Орта білім беруде информатика терминологиясын жетілдіру жолдары

Ақпараттық технологияның екпінді өрлеуі қазіргі таңда көпшіліктің компьютермен тілдесуінің күнделікті қажеттілігіне айналып отыр. Тіліміз мемлекеттік мәртебеге ие болған кезден бастап, мүмкіндігінше барлық салалар бойынша терминдердің қазақша баламаларын қолдану дәстүрге айналды. Осы жақсы дәстүр аясында күнделікті шығып отыратын мерзімдік басылым беттерінде, теледидар, радио хабарларында, сондай-ақ, көпшілікке арналған ғылыми еңбектер мен арнаулы сөздіктерде қазақша жаңа терминдер мен атаулар жиі ұшырасатын болды. Өткен жүзжылдықтың екінші жартысындағы негізгі құбылыс, ғаламдық деңгейде компьютерік техника және технологияның таралуы болды. Дәл сондай қарқынмен, бұл пәндік салаға қызмет көрсететін арнайы тілдермен ұлттық терминология дамып келеді.

Компьютерлік технология компьютерлік тілдің лексикасының арнайы бөлшегі ретінде кибернетика, робототехника, бионика және т.c.c пәндік салаларда қолданылады. Барлық әлеуметтік топтардың, әртүрлі жас арасында жылдам қарқынмен таралуына байланысты компьютерлік терминология басқа салалардың арнайы лексикалары іспеттес жаңа сөздермен толықтырылып келеді.

Қазіргі уақытта барлық әлемде есептеу техникасының және компьютерлік технологияның дамуына үлкен назар аударылуда. Осыған байланысты дәл қазіргі кезде бірінші шығатын жаңа сөздер компьютерлік технология саласына тиесілі. Компьютерлік техника бағдарламалаушыларының және бағдарлама жасақтаушылардың жаңа терминдері, жабық лексикондарынан жалпы қолданысқа ауыса бастады. Себебі компьютер қолданушылары күрт өсіп отырды және осы оқиғамен қатарлас лингвистика көзқарасынан заңдылық болып табылатын өзіне тән компьютерлік сленгі пайда болды. Дегенмен арнайы мамандардың жеткіліксіз болуы, компьютерлік терминдерді сапалы аудару мәселесі әлі де жетілдіруді қажет етеді. Көп адамдардың компьютерлік және инновациялық технологиялардың тікелей қатысты болуына орай, аталған мәселе бүгінгі күнде де өзекті болып табылады.

Қоғам дамуының қазіргі кезеңінде ғылыми-техникалық прогрестің арқасында тілдегі тек мамандарға ғана қолжетімді арнайы терминдердің күрт өсуін байқауға болады. Мысалы, медициналық терминдердің сөздіктері 50-60 мың терминнен, информатика сөздіктері – 10 мыңнан немесе одан да көп және т.б [1].

Қазіргі таңда Қазақстанда әлемдік ақпараттық-білім беру кеңістігіне енуге бағытталған жаңа білім беру жүйесі қалыптасып келеді. «Ақпараттық коммуникациялық технология» (АКТ) сияқты танымал ұғым компьютерден басқа да технологияларды да қарастырады. Мысалы, барлық адамдар қолданатын теледидар, ұялы байланыс, заманауи түрлі техникалар.

Міне, осылай күнделікті өмірімізде мықтап орын алған ақпараттық коммуникациялық технологияның ішінде компьютерлік технологияны оқыту қазір аса өзекті. Осыған байланысты компьютерлік терминдер жүйесін сабақ барысында қолдануда мұғалім терминологиялық жұмысты кездейсоқ сипатта емес, белгілі мақсат қойып жүргізуі тиіс. Себебі теориялық материалды меңгеруде немесе оның практикалық қолданылуында оқушылар білімінде кемшіліктер кездеседі. Себебі, алғашқы компьютерлер мен компьютерлік технологиялар АҚШ-та пайда болғандықтан, терминдердің басым көпшілігі шетел тілінен бастау алған. Информатика пәнін оқытуда терминдердің ағылшын, орыс, қазақ тіліндегі нұсқаларын қолдануға тура келеді. Атап айтқанда, процессор, флэш, драйвер, коммутатор, транслятор, т.б. Сондай-ақ, терминдердер мен түсініктердің қазақ тіліндегі аудармаларының нақты болмауы да оқушылардың түсінікті дұрыс қабылдай алмауына әсерін тигізеді. Мысалы, Software термині 9 сынып оқулықтарында бірнеше нұсқадағы аудармада берілген.

 

Баспа атауы

Software / Программное обеспечение

1

Алматы мектеп

Бағдарламалық жасақтама

2

Атамұра

Бағдарламалық қамтамасыз ету

3

Арман ПВ

Программалық жасақтама

4

Алматы кітап

Программалық жабдықтау

Осындай мәселелердің алдын алуда мұғалім терминнің мағынасын тереңірек түсіндіріп, меңгерту мәселелерін білгені жөн. Ол үшін терминнің мағынасын мұғалімнің өзі жете білуі қажет, яғни:

<!-- [if !supportLists]-->· терминнің айтылуы мен жазылуын;

· термин мен терминделіп отырған ұғым арасындағы байланысты;

<!-- [if !supportLists]-->· үйренушінің жас деңгейіне орай термин өкілдік ететін ұғым анықтамасын;

<!-- [if !supportLists]-->· пайдаланып отырған терминнің тұрмыстық мағынасының информатикалық мағынасынан айырмашылығын;

<!-- [if !supportLists]-->· терминнің не оның буынының шығу тарихын;

<!-- [if !supportLists]-->· терминнің даму және оның белгілі мазмұнда теорияны дамытудағы рөлін;

<!-- [if !supportLists]-->· термин өкілдік ететін ұғымның таңбасын білу деген сөз.

Компьютерлік технологияларды қолданудың мақсаты – ақпаратты сақтау, өңдеу және жіберудің техникалық және бағдарламалық құралдарының жиынтығын қамтитын оқу-ақпараттық ортаны ұйымдастыру. Мектептегі ақпараттық білім беру ортасы ақпараттандырудың әр түрлі формаларын қамтиды: ақпараттық қамтамасыз ету (оқу жоспары, сабақ кестесі, сыныптардың жүктемесі); оқу-әдістемелік кешендер (пәндер және тақырыптар бойынша терминологиялық сөздік қор ресурстарын, зертханалық және практикалық сабақтарын, бақылау сұрақтарын және т.б. жасау); ақпараттық білім беру ортасы (тест, телесеминар (онлайн), телеконференция (оффлайн), хабарландырулар тақтасы, тапсырмалар мен жауаптар алуға қолдау көрсету және т.с.с) [4]. Пәннің оқу-әдістемелік кешенін құрастыруда тақырыптардағы терминологиялық сөздік қор ресурстарын міндетті түрде тілдік мақсаттарды жүзеге асыру үшін назарға алынады.  Қазіргі таңда, пәндер, тақырыптар және сабақтар бойынша терминологиялық сөздіктер құруға байланысты үлкен тәжірибелер жинақталды. Атап айтсақ, А. М. Джумагалиева, А. Ж. Нургазинова, Л. Қ. Смаилова, А. Ш. Күлмұратова, Информатика (Ақпараттық жүйелер) оқулық, Республикалық терминология комиссиясымен бекітілетін терминдері https://termincom.kz/ информатика пәні бойынша салалық сөздіктер [5].

Білім беру үрдісін тиімді ұйымдастыру барысында терминологиялық сөздік маңызды рөл атқарады. Оқулық ретінде қолданылатын қағаз басылымдар сияқты электронды сөздіктердің де артықшылықтары мен ерекшеліктері бар. Оларға тоқтала кетсек: компьютер жадысы немесе дискіде ықшам түрде сақтау, гипермәтіндік мүмкіндіктері, ұтқырлығы, өзгерістер мен қосымшаларды жылдам енгізе алу мүмкіндігі, электронды пошта арқылы алмасу мүмкіндігі. Бұл - оқу пәні бойынша дидактикалық, әдістемелік және ақпараттық-анықтамалық материалдардан тұратын автоматтандырылған оқыту жүйесі, сондай-ақ оларды кешенді түрде өз бетіне үйреніп және алған білімді бақылауға мүмкіндік беретін бағдарламалық жасақтамалардан тұрады [2].

Білім беру үдерісінің әлсіз жері, олардың білім беру үдерісіне енуі, себебі техникалық бағытта оқу материалдары жеткіліксіз (электронды түрдегі), ал қолда бар оқулықтар жоғары біліктілікті қажет етеді. Осылайша, электронды ақпарат көздерінің жинақталуы және оларға оңай қол жеткізу мәселесі өте өзекті болып отыр. Бұл ретте мұғалім, тек оқытылатын оқу материалдары үшін оптималды оқыту құралдарын таңдап қана қоймай, сонымен бірге оларды әр түрлі электронды ресурстарды пайдалана отырып өзі құруы тиіс. Алайда, сабақ барысында тақырып бойынша толық ақпарат алу үшін сандық білім көздерін пайдалануға болады. Мысалы:

<!-- [if !supportLists]-->· электрондық кітапхана – әр түрлі электронды құжаттардың жиынтығын (әдебиет туындыларын, анықтамалар және тағы басқалардан тұратын электронды басылымдар) өнімді түрде сақтау және тиімді түрде пайдалануға мүмкіндік беретін үлестірілген ақпараттық жүйе;

<!-- [if !supportLists]-->· электронды көрнекілікті оқулықтар кітапханасы – мазмұны берілген пәндік облыстағы объектілер, үдерістер, құбылыстарды сипаттайтын мультимедиялық компоненттер жиынтығының көмегімен берілетін оқулықтар;

<!-- [if !supportLists]-->· электрондық энциклопедия – белгілі бір білім облысын қамтитын, әртүрлі бағыттар бойынша ақпараттың үлкен көлемінен тұратын оқулық. Мұндай басылым иллюстративті, бейне және аудио- бөліктер, анимация және үш өлшемді модельдермен жабдықталған;

<!-- [if !supportLists]-->· мультимедиялық оқулықтар – бұл өз бетінше немесе мұғалімнің қатысуымен оқу, не болмаса оның үлкен бөлімін компьютер арқылы меңгеруге мүмкіндік беретін бағдарламалық-әдістемелік кешен болып табылады (мысалы, https://quizlet.com ) [3].

    Қазіргі таңда, мектеп мұғалімдері тәжірибесінде билигуалды білім беру, сонымен қатар кіріктіре оқыту әдіс-тәсілдері кең қолданысқа ие. Үштілді білім беру саясатын қазір қолдаушылар да, қарсылық білдірушілер де жетерлік. Ал біздің салада терминнің үш тілдегі нұсқасын білу үшін үш тілді білу артық етпейді. Оның себебі терминнің көпшілігі бізге ағылшын тілінен не басқа шеттілдік терминдер орыс тілі арқылы келіп жатыр. Қазақ тіліндегі аудармасын түсіну үшін біз түпнұсқа тіліндегі терминнің аталуын білуіміз қажет.

    Жоғарыда айтып өткен сөздердің аудармасын қолданылу бойынша нұсқаларын қаншалықты қолданылатынын анықтау үшін, бірнеше сөздерден тұратын сауалнама жүргізіп, нәтижесінде Software, Database терминдерінің барлық нұсқасы қолданылатынын байқадым (1 сурет). Бұған себеп, бекітілген салалық сөздіктерде де әртүрлі берілгендігі деп ойлаймын. Яғни, информатика пәні бойынша салалық сөздіктерде бірізділікті сақтау қажеттігі ұсынылады.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Монахова Л.Ю., Монахова А.А. Терминологический аспект проблемы информатизации образования// Человек и образование. – 2008 №3 – С.68

2. Никитина Г.В. Терминология педагогической информатики // Г.Р.Державина атындағы АРСИИ екінші конференция еңбектері жинағы. СПб, 2007-38б

3. Романенко В.Н. Динамика развития научно-технических терминов. Возникновение новых терминов // Вестник СПбГУ.-2010.-№3-С.82

4. Джумагалиева А. М., Нургазинова А. Ж., Смаилова Л. Қ., Күлмұратова А. Ш. Информатика (ақпараттық жүйелер) оқулық, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011

5. https://termincom.kz/school_terminology

6. https://quizlet.com