"
Өзекті 7 балама

Коллекция.
Коллекционер.
Мына сөздердің баламасын бірнеше жылдан бері қолданамын. Бұлардың бірқатары тілімізде бар сөз, тек қолданысы тарылып, шығып қалған. Мысалы: жыйда, жыйдашы сөздерін анамнан талай естігем, бұлар диалект емес, қазақ Толығырақ ...тілінің ортақ сөзжасамына негізделген лексемалар.
Набор.
Ал енді осы тұрғымен «жыйма" сөзі өзінен өзі "набор" сөзінің баламасы бола алады. Бұны қазақы сөзжасамға сәйкестігін дәлелдеп қажет те емес.
Қолданыстағы "топтама", "жиынтық" сөздері бұлардың дефинициясын бере алмайды. Олар мүлдем басқа мағынадағы сөздер, тіпті "топтама" барынша жасанды сөз.
Конкурс.
Байқау.
Байқаушы.
"Конкурс" сөзінің баламасын "байқау" деп сіңіргелі ондаған жыл болды, бірақ бұл тілге сондай обал. Байқау: наблюдать сөзінің баламасы, наблюдатель - байқаушы. Бірақ совет дәуірінде бұған "осмотр" деген мағына жүктелді. Медосмотр, тезосмотр сықылды. Алайда бұл сөздерге "байқау" сөзі балама бола алмайды, дефиницияны ашпайды. Бұл «конкурстың» дефинициясын ашатын ЕКШЕМ сөзін алуға болады: екше+м. Конкурс байқау үдерісі емес, екшеу, іріктеу үдерісі.
Покупка.
"Покупка" сөзінің әлі күнге баламасы жоқ, бірақ ол тілімізде бұрыннан бар. Ол – САТЫҚ деген сөз! "Сауда-сатық" деген қос сөздегі сауда - торговля, продажа, болса, сатық /"саттық" емес/ - "покупканы» береді. Бұл да кәдімгі қазақы сөзжасаммен жасалған өз лексемамыз, ешкім қолдан жасаған емес: сат+ық, жат+ық, көр+ік, жар+ық...

Серік Ерғали. Астана
Bakhytzhamal Esimseit, Almazhan Kadirxan, Akan Altynay және 6
  • Бақытгүл Ысқақова 4 жыл бұрын

    ІЕкшем сөз қолданысында айтуға жеңіл, мағынасына сәйкес келеді. Өкінішке қарай, екше сөзінің өзін қазір көп қолданбайды, жастар мағынасын мүлде түсінбейтін де шығар

  • Anar Fazylzhan 4 жыл бұрын

    Сатық пен екшем қандай тамаша баламалар! Ал жиманы ережеге лайық төрт әріппен жазсаңыз, қолдар едім. Рақмет!

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.

Барлық қатысушылар

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.