A PHP Error was encountered

Severity: Notice

Message: Undefined index: post_data_count

Filename: controllers/Alan.php

Line Number: 344

Backtrace:

File: /var/www/admin/data/www/termincom.kz/application/controllers/Alan.php
Line: 344
Function: _error_handler

File: /var/www/admin/data/www/termincom.kz/application/controllers/Alan.php
Line: 1070
Function: get_post_items

File: /var/www/admin/data/www/termincom.kz/index.php
Line: 319
Function: require_once

Termincom.kz - Алаң "
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің тапсырмасымен Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы «Атаулардың тілдік мәні және ұлттық мазмұны» атты республикалық семинар өткізді.

Семинардың модераторы – Қазақстан Толығырақ ...Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің төрағасы Ғалымжан Сәрсенбайұлы Мелдешов. А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты Ономастика бөлімінің меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор Қыздархан Құрмашқызы Рысберген Латынграфикалы әліпби негізінде әзірленген ономастикалық ережелердің міндеттеріне тоқталып, жобаның жаңалықтарымен бөлісті. Ал жобаны орындаушылардың бірі А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы, профессор Құралай Бимолдақызы Күдеринова «Қазақ тіліндегі ономастикалық атаулардың латынграфикалы әліпби негізінде жазылуындағы қиындықтар» тақырыбында баяндама дайындап, ономастикалық атаулардың, оның ішінде антропонимдердің жаңа әліпби негізінде жазылу емлесінің «Қазақ тілі емлесінің негізгі ережелерінің» талаптарынан өзгеше болуының тілдік, лингвомәдени себептерін ашты. Назарбаев Университетінің профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Жазира Ағабекқызы Ағабекова ономастикалық кеңістіктің ұлттық мазмұны мен графикалық трансформациясына тоқталды.Сонымен қатар семинарда Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының мүшесі, филология ғылымдарының докторы, профессор Сәуле Құрманбайқызы Иманбердиева латын қарпі негізінде географиялық объектілерді дұрыс рәсімдеу мәселелеріне тоқталды.
Bakhytzhamal Esimseit, Анар Хасенова, Меруерт Шіменбай
Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.

Барлық қатысушылар

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.