"
Заңнама мәтіндерінде «тұрақсыздық айыбы» немесе «тұрақсыздық айыппұлы» деген түсініксіздеу термин көптен бері орын алып келеді. Мұның орысша нұсқасы - «неустойка», ал құқықтық-нормалық анықтамасы: «штраф - айыппұл, пеня - өсімақы» екен. Толығырақ ...Қазақша мағынасы жолма-жол аударманың тәсілімен – «тұрақсыздық айыбы» деп алына салған. Қандай «тұрақсыздық», ненің «тұрақсыздығы» және неге «айыбы» (былайша айтқанда, «кінәсі»). Құқықтық та, лексикалық-семантикалық та мағына бермейтін жәй бір тіркес демеске лаж жоқ. Жоғарыда айтылған құқықтық-нормалық түсіндірмесіне, анықтамасына орай, бұл термин жалғыз ауыз-ақ сөзбен айтылатын «айыпақы» деген атауға әбден сұранып тұр, «айыпақымен» де, «өсімақымен» де шатастырмайсыз – осы сипаттағы норманы беретін термин – «айыпақы» («неустойка»)
Bakhytzhamal Esimseit, Rymbek Izgali
  • Бақытгүл Ысқақова 4 жыл бұрын

    Өте дұрыс. Терминжасамның талаптарына сай айтуға да, жазуға да ықшамды термин.

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.

Барлық қатысушылар

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.