"
Рогатка - мүйізатар
  • Рогатканың бірнеше мағынасы бар. Сөздіктерде кездесетін нұсқалары:
    Мүйізатар – рогатка. Б.Қалиев. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. Алматы, 2014. - 728 б.
    Айырсадақ – рогатка. Қазақша-орысша сөздік. Қ. Бектаев.
    Керме ағаш – рогатка. Қазақша-орысша сөздік. Толығырақ ...Қ. Бектаев.
    Айырсадақ (рогатка). Екі жақ жоғарғы ұшына резинка тартылған, таспен ату үшін жасалған кішкентай аша таяқ. Қазақ лексикасындағы жеке қолданыстар: Толықтырылған екінші басылымы – Алматы: Ғылым. 1990.– 136 б. «Ғылым» баспасы. А.Алдашева, Ғ.Әнесов, Ш.Сарыбаев, Р.Сыздықова, Н.Уәлиев
    Рогатка – балалардың бұтақтың ашасына резеңке тағып, құс атып ойнайтын құралы. Бірде рогаткамен шымшық атамын деп көрші үйдің терезесін қиратып алдым (Ауызекі). Қазақ әдеби тілінің сөздігі. Он бес томдық. 12-том / Құраст. А.Үдербаев, О.Нақысбеков, Ж.Қоңыратбаева және т.б. - Алматы, 2011. - 752 б.
    https://termincom.kz алаңында:
    1. Кереге қорғаныс (әскери іс) – Рогатка (1971-1981 жж. бекітілген термин)
    2. Кереге қорғаныс – Рогатка (Бекітілген терминдер жинағы)
    3. Арқар мүйіз – Рогатка (Әскерлік атаулар)
    4. Мүйізгектер (зоол.) – Рогатки (Биология)

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.

Барлық қатысушылар

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.