"
«Қазақша мәзір» республикалық конкурсы аясында

«Мәңгілік аспан» тойханасының мәзіріндегі кейбір тағамдардың атауларына қатысты мынадай ұсыныстар берілді:

1. Ұтымсыз (сәтсіз) балама:
Тіл мен көкшөптен әзірленген салат (салат с языком и зеленью);

Ұсынылатын балама:
Тіл мен Толығырақ ...өсімдік көгінен әзірленген салат;

Негіздеме:
Оның мынадай баламалары кездеседі:
1) терминком.кз алаңында: көкшөп - трава зеленая;
өсімдік көгі, көк - зелень;
2) сөздікқор.кз: көк - көк шөп, өсімдік. Бұл «көкшөп» деген баламасының қате екенін көрсетеді.

2. Ұтымсыз (сәтсіз) балама:
Балапан етінен әзірленген салат (салат из филе цыпленка);

Ұсынылатын балама:
Балапан сүбесінен әзірленген салат;

Негіздеме:
Оның мынадай баламалары кездеседі:
1) терминком.кз: филе - сүбе;
2) сөздікқор.кз: сүбе - мал қабырғаларының етегіне біткен, майлы, қалың етті, қыртысты, кейінгі бөлігі. Бұл «ет» деген баламасының қате екенін көрсетеді.

3. Ұтымсыз (сәтсіз) балама:
Нәзік сиыр етінен әзірленген салат (салат из нежной говядины);

Ұсынылатын баламалар:
Сиырдың жылы-жұмсағынан әзірленген салат
немесе

Сиырдың уылжыған етінен әзірленген салат;

Негіздеме:
«Мәңгілік аспан» тойханасының мәзіріндегі осы тағамның атауында «нежной» сөзі «нәзік» деп аударылған. Ол мағынасы бойынша үйлеспейтін аударма. Оның мынадай баламалары кездеседі:
1) терминком.кз: уылжыған ет - нежное мясо;
2) сөздікқор.кз: жылы-жұмсақ - еттің майлы, дәмді жері;
3) Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі:
Уылжу - еттің жұмсақ болып бабымен пісуі; былбырау.

4. Ұтымсыз (сәтсіз) балама:
Бесбармақ (бешбармак), қазақша ет;

Ұсынылатын балама:
Ет (қазақтың ұлттық тағамы)
Орыс тілінде: Ет (национальное блюдо казахов);

Негіздеме:
1) «Лингвистически неприемлемый бешбармак» мақаласынан: ел арасында «ет» тағамының «қазақша ет» не «бесбармақ» деген баламалары кездеседі. Дегенмен бұлар ұлттық тағамымыздың атауын бұрмалап, қате ұғымға алып келеді. Өйткені, біріншіден, «қазақша ет» шетелдіктердің «мясо по казахски» деген тіркестің аудармасы ғана. Қазақтар етті осылай әзірлейді деген мағынаны береді. Екіншіден, екінші баламасы башқұрт-татардың «бишбармак» немесе қырғыздың «бесбармак» деп аталатын ұқсас тағамының атауына байланысты кірігуі. Кез келген әдебиет туындысынан «ет асып, табақ тартып» деген тіркестердің кездесері айдан анық. Ел арасында тараған «ет» атауын толық ашып жазсақ ол «ет асы» болады;
2) уикипедия: ет (тағам) – қазақ халқының еттен дайындалатын ұлттық тағамы.

5. Ұтымсыз (сәтсіз) балама:
Сүйек миы (костный мозг);

Ұсынылатын балама:
Жілік майы;

Негіздеме:
Аталған мәзірдегі осы тағам атауында «мозг» сөзін «ми» деп тікелей аударып қате жіберілген. Оның мынадай аудармалары кездеседі:
1) терминком.кз: жілік майы, сүйек кемігі, жілікмай - костный мозг;
2) сөздікқор.кз: омыртқалылардың сүйектерінің қуысын алып жататын ұлпа;
3) сөздікқор.кз: сүйек кемігі - сүйек сынықтарының бір-біріне қосылған жерінде регенерация нәтижесінде пайда болған өзгерістер.
  • Abdikarim 5 ай бұрын

    Конкурсқа қатысып, ұтымды пікір білдіріп жатқаныңызға алғыс білдіреміз.

  • Abdikarim 5 ай бұрын

    3 (Сиырдың уылжыған етінен әзірленген салат); 4 және 5 ұсынысыңыз ұнады. Ал 1-ұсыныстағы "Тіл мен көкшөп..." тіркесінің жалғаулығын "және" деп ауыстырған жөн.

  • Бақытгүл Ысқақова 5 ай бұрын

    Жақсы талдау жасалған. Шынымен де "нәзік сиыр еті" тіркесі қазақ танымына сәйкес келмейді.

Басқа пікірлерді көрсету

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.

Барлық қатысушылар

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.