"
Тауықтың балапаны (қақтамада піскен) – цыпленок запеченный (на гриле) деген аудармаға өз нұсқамды ұсынамын.
Ас мәзірінің суретінде тауықтың балапанының еті екені көрініп тұр,
тауықтың балапаны деген аудармада тауықтың қасында балапаны тұрған сияқты Толығырақ ...әсер беріп тұр. Қате деп есептеймін.
Мен Қақтамада піскен БАЛАПАННЫҢ ЕТІ (ЦЫПЛЕНОК ЗАПЕЧЕННЫЙ на гриле) деп аударма жасадым. Сіздің пікіріңіз қандай? Құрметті оқырман!
Ерболат Ғалымжанұлы Асылбеков
  • Abdikarim 5 ай бұрын

    Дұрыс аңғарғансыз, бұл - қате тіркес. Меніңше, "Балапанның қақталған еті" десе дұрыс болатын сияқты.

  • Амреева Кымбат 5 ай бұрын

    "Балапанның қақталған еті" десе де болады.

  • Балапанның қақталған еті, көмбештелген балапан еті.
    Көмештелген құс еті өнімдері – Изделие из мяса птицы запеченное (Тамақ өнеркәсібі және тұрмыстық қызмет)
    Көмбештелген теңіз алабұғасы – Запеченный морской окунь (Тамақ өнеркәсібі және тұрмыстық Толығырақ ...қызмет)

    Көмбеш
    1. (Алм., Жам.; Жамб., Шу) нан пісіретін таба.
    Көрші нан пісіремін деп көмбешті алып еді, әлі әкеп берген жоқ (Алм., Жам.).
    Қамыр көп болса, екі көмбешпен бір пәсте пісіріп аласың (Жамб., Шу).
    2. (Рес., Орын.) шойын, қаңылтыр ыдысқа салып, пешке пісірген бөлке нан.
    Сорпаңа көмбеш бермесең, мына наның қатты екен (Рес., Орын.). Қазақ тілінің аймақтық сөздігі /Құраст. Ғ.Қалиев, О.Нақысбеков, Ш.Сарыбаев, А.Үдербаев және т.б. – Алматы: «Арыс» баспасы, 2005. - 824 б.

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.

Барлық қатысушылар

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.