"
Көженің атын да көршіден көшіреміз бе?
Көп елдің мәдениетін тоғыстырған Қазақстанда тамақтың түр-түрі табылады. Шағын кафелерден бастап ірі ресторандарға дейін сан түрлі тамақтың тізімін самсатып тізіп тастаған. Қалтаң көтерсе, қалағаныңды жеп, Толығырақ ...тәбетің тартқанды ішуге мүмкіндік бар. Дейтұрғанмен, Қазақстанның көп өңірінде сол тамақтардың тізімі ылғи орысша немесе қай елдің азаматы ашқан асхана болса, сол елдің атауы бойынша жазылатыны қынжылтады. Қазақша атауы жоқ болса бір сәрі, қазақшасын қайырып қойып, палауды – плов, ботқаны – каша, күрішті – рис, ірімшікті – сыр, тоқашты – лепёшка, сорпа мен сұйық тағамды суп деп соға беру қазір үрдіске айналған.
Мәселен, мәнпәр(манпар) деген тамақты мысалға алайық.
Мәнпәр – қытай тілінен келген. Алдымен көже-қатығын қуырып, одан соң оның үстіне су құйып, оған жалпақтап созылған қамырды үзіп салатын тамақты қытайлар таңфан, мәнпәр деп атаса, қазақ оны жұлма көже деп атаған. Енді неге сол «жұлма көже» деп атай салмай, қытайша айтып қиналып жүрміз?
Қазақта жұлма көже, кеспе көже, бидай көже, тары көже, қойыртпақ көже, ұн көже, сүт көже, күріш көже сынды 10 ашақты түрлі көже бар екенін қазіргі жастар біле ме?
Abdikarim, Ерболат Ғалымжанұлы Асылбеков
  • Ас мәзіріндегі сөздерді, терминді қазақшаға аударма жасағанда түпнұсқа сөзді қалдыра бермей, шынында қазақ тілінде айтуға жеңіл, қолданыста бар баламаларын қолданғанымыз дұрыс. Неғұрлым өз тілімізге қарай икемді сөздерді қолданғанымыз жөн.

  • Abdikarim 5 ай бұрын

    Өте орынды ұсыныс!

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.

Барлық қатысушылар

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.