"
Жаңа әкімілік рәсімдік процестік кодексте «әкімшілік қалау" деген сөз тіркесі көрсетілген. Бұл - "административное усмотрение" дегеннің аудармасы.

Орысша:

6) административное усмотрение – полномочие административного Толығырақ ...органа, должностного лица принимать в установленных законодательством Республики Казахстан целях и пределах одно из возможных решений на основании оценки их законности;

Қазақша:

6) әкімшілік қалау – әкімшілік органның, лауазымды адамның Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мақсаттарда және шектерде заңдылығын бағалау негізінде ықтимал шешімдердің бірін қабылдау өкілеттігі;

"Қалау" деген сөз өте орынсыз, ерсі көрінеді.
Аудармашы "по-своему усмотрению" дегеннен "өз қалауы бойынша" дегеннен "қалау"-ды шығарып алғаны түсінікті.

Қаншалықты дұрыс?

Менің ойымша "дискреция" сөзін қолдану керек. Ағылшын тілінде "discretion».

административное усмотрение

әкімшілік қалау - қала берсін0 %әкімшілік дискреция33 %басқа сөз іздеу керек66 %3 дауыс
Қарлығаш Жастілекқызы Тункинова, Сәрсенбай Қуантайұлы Құлманов
  • "Административное усмотрение" сөз тіркесінің "әкімшілік қалау" сөз тіркесімен аударылуын қолдау қиын. Біріншіден, қазақ тілінде -лық/-лік тұлғалы сын есім мен -у тұлғалы қимыл есімінің қосымшасы жалғанған сөз тіркеспейді ("әкімшілік негізде (тұрғыда, Толығырақ ...сипатта) қалау" деген сияқты болмаса); екіншіден, орыс тілінен "калька" түрінде аударылған. Сондықтан басқа сәтті балама іздеу керек деп ойлаймын.

  • "Әкімшілік қалау" нұсқасын қолдаймын (Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы № 350-VI ҚРЗ Кодексі).

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.

Барлық қатысушылар

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.